Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Құмарлық жолы қаяусыз)

0

Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Құмарлық жолы қаяусыз) казакша Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Құмарлық жолы қаяусыз) на казахском языке

Құмарлық жолы қаяусыз,
Көңіл, бірақ, жерігіш.
Балдың да дәмі баянсыз,
Ауызға түссе, ерігіш…
Бөбегім — жырым, уа, саған
Тіледім өзге сәтті жол:
Аш жүріп келіп асаған
Қара нандай тәтті бол

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!