Мәскеуліктер «Қазақстан» павильонында қонақтарды қазақ тілінде шақырды – видео

0

«Москва қазақша» видеоблогының ұйымдастырушылары Елизавета Осипова мен Анастасия Решетникова Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде видео түсіріп, қонақтарды Қазақстан павильонына шақырды

Бір минуттық видеода Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің түлектері Қазақстан павильонының тарихы туралы қазақ тілінде айтады.

Қыздар павильонның алғашқы ғимараты 1937 жылы салынғанын айтады. 1964 жылы павильон «Металлургия» деп аталды, біраз уақыттан кейін ол қайта құрылды.

«Қазақстан» павильоны Қазақ КСР халық шаруашылығының жетістіктерін көрсетті. 2011 жылы павильон Қазақстан үкіметіне тапсырылды. Сосын басқаша құрылды», — дейді мәскеуліктер қазақ тілінде.

«Москва қазақша» жобасы өткен жылдың соңында пайда болды. Идея авторлары студент Елизавета Осипова мен Анастасия Решетникова қазақ тілін үйренуге кірісті. Ауызша сөйлеу дағдысын жақсарту үшін қыздар қазақ тілінде видеоблог жүргізіп келеді.



sputniknews.kz