Өлең: Абай Құнанбаев (Сұрғылт тұман дым бүркіп)

0
203

Өлең: Абай Құнанбаев (Сұрғылт тұман дым бүркіп) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Сұрғылт тұман дым бүркіп) на казахском языке

Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды.
Жеңіменен көз сүртіп,
Сұрланып жігіт жылайды.
Әйелмісің, жылама,
Тәуекел қыл Құдаға!
Өлең айт,
Үйге қайт!
Атаңды анаң азғырып,
Тұрғызбаған бейішке.
Алласы оны жазғырып,
Әкелді бастап кейіске.
Әйелде ешбір опа жоқ,
Бүгін — жалын, ертең — шоқ.
Белді бу,
Бетті жу!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!