Өлең: Абай Құнанбаев (Қорқытпа мені дауылдан)

0

Өлең: Абай Құнанбаев (Қорқытпа мені дауылдан) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Қорқытпа мені дауылдан) на казахском языке

Қорқытпа мені дауылдан,
Дүрілдеп тұрса тау мен сай.
Шатырлап тұрған жауыннан
Жарқылдап тұрса түскен жай.
Көк торғындай аспан-көк,
Білемін, жайнап ашылар.
Исі аңқыған бәйшешек
Түрленіп жерді жасырар.
Қорқытпайды қар мен мұз,
Өзге нәрсе қорқытты.
Ойсыз, доссыз, бақытсыз,
Жыбырлақпен өмір өтті.
Сондықтан қайғы қат-қабат,
Қарап тұрмын сендерге,
Атасы басқа, өзі жат,
Жалғыз жанша жат жерде

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!