Өлең: Абай Құнанбаев (Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?)

0

Өлең: Абай Құнанбаев (Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?) на казахском языке

Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?
Жұрты сүйген нәрсені ол да сүймек.
Ішің берік боп, нәпсіге тыюлысып,
Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек.
Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір,
Сүйтсе де ірісімен кеңесіп жүр.
Кейбірін хауіптендір, мінін тауып,
Кейбірін жылы сөзбен көңілдендір.
Көрінбе ел көзіне әсте қорқақ,
Жанды жан демейтұғын жан шығып бақ,
Анда-санда құтырған жаман емес,
Оныңды жиі қылмай және бол сақ.
Кісімсі қайда жүрсең олжаға тоқ,
Шоқыма халық көзінше қарғаша боқ.
Жұрт — жас бала, ешнәрсесін тартып алма,
Білдіртпей ептеп алсаң залалы жоқ.
Жат елге жадағайда сөйле шәргез,
Тар жерде тайпалудан танба әр кез.
Жатты жау деп еліңді үрпитіп ап,
Жауға жабдық деп жиып, пайда қыл тез

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!