Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қапырық бәрі)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қапырық бәрі) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қапырық бәрі) на казахском языке

Қапырық бәрі;
Көңілім де менің қапырық,
Емендер анау,
Жапырақтары шашылып,
Қайындар әне
Бөксесін жерге батырып,
Ақ ұрып бәрі
Аңсайды нөсер шақырып.
Автобустар да,
Трамвайлар да тұр жанып,
Самалға шөлдеп,
Саяны қуып жүр халық.
Үп еткен желді тұтқындап алып дәу үйлер,
Демімен ыстық
Тротуарларды тұр қарып.
Қапырық бәрі:
Аспан да, жер де қапырық,
Ауыр бір тозаң
Әлемді тұр-ау жапырып.
…Оңаша кетіп,
Айнабұлақта отырып,
Сыра ішсем бе екен,
Жұмекендерді шақырып

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!