Оксидтер

0

Оттегі элементі барлық металдармен және бейметалдардың көбімен реакцияға түседі. Оттегі және өзге химиялық элементі бар қосылыстар оксидтер деп аталады.


Мысалы мына заттар оксидтерге жатады — CuO, Al2O3, Fe2O3. Себебі бірінші зат екі элементтен тұрады — мыс пен оттегінен, екіншісі алюминий мен оттегінен ал үшіншісі темір мен оттегінен.


Окисдтердің аталуы


Халықаралық жүйеге сай, оксидті түзетін оттегімен байланысқан элементтің валенттілігі айнымалы болса, онда осы элементті және жақшада осы элементтің валенттілігін (рим санымен) одан кейін оксид сөзін жазады.


Мысалы:


Al2O3 — алюминий (III) оксиді. CuO — мыс (II) оксиді.


Оксидтерді атаудың тағы бір тәртібі, бұл оксид құрамындағы заттардың атына грек еселеуіштерін қою. Мысалы Al2O3 — диалюминий триоксиді. Неге? Себебі бұл оксидтің формуласында екі алюминий және үш оттегі атомы бар. Ди екі, ал трио үш деп грек тілінен аударылады.


Грек еселеуіштері:


моно — бір, ди — екі, трио — үш, тетра — төрт, пента — бес, гекса — алты, гепта — жеті.


Және егер оттегімен қосылған элементтің саны біреу ғана болса, оның алдына ештене қоймайды. Мысалы CuO — мыс моноксиді, SO3 — күкірт триоксиді.

Пән: Химия


Тегтер:Оксидтер