Жемсауыттағы құстар

0
256



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім саласы:Шығармашылық.
Бөлімі:Жапсыру.
Тақырыбы:Жемсауыттағы құстар.
Мақсаты: Әтеш, тауық, балапандар, торғай, сауысқан қарлығаш, қаз,қарға сияқты құстардың атауларын сөздік қорға енгізу. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Жапсыру маторикасын үйрету.
Билингвизм: торғай-воробей-sparrow, сауысқан-грач-rook.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы
Балалар, шеңбер болып тұрайық. Барлығымыз бірге сергіту сәтін жасаймыз. Доп безек қағады,
Секіріп еденде,
Біресе жоғары,
Біресе төменде.
Тәрбиешімен бірге қайталап, көрсеткен қимылдарды жасайды.

Ұйымдастыру кезеңдері
Әтеш, тауық, балапандар, торғай, сауысқан қарлығаш, қаз,қарғаның суреттерін көрсетіп, қандай құстар екенін сұрайды.
Балалар, мынау қандай құстар? Барлығымыз бірге қайталайық және қандай құс екенін дұрыстап қарап алыңдар. Әтеш, тауық, балапандар, торғай, сауысқан қарлығаш, қаз, қарға.
Осы аталған құстарды екіге бөлуге болады: үй құстары және дала құстары.
Әтеш, тауық, қаз бұлар үй құстарына жатады, себебі оларды үйде асырайды. Ал торғай, сауысқан қарлығаш, қарғаны дала құстары деп атайды, себебі олар далада мекен етеді.
Балалар, дала құстарын ешкім бағып-баптамайда,сондықтан дала құстары-на жем шашып , қамқор болуымыз керек.
Енді осы құс атауларының орысшасын және ағылшыншасын жаттайық: торғай-воробей-sparrow, сауысқан-грач-rook,
Енді бәріміз шығармашылық орталығына барып,құстардың суретін жапсырайық.Жапсыру әдістерін үйрете отырып,балалардың
еңбектерін бағалау.
Суреттерге назар аударып қарайды.

Құстардың атауларын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Үй құстары мен дала құстарын қайталап есте сақтайды.

Құстардың атауларын үш тілде жаттайды.

Құстардың суреттерін желімді тегістеп жағып жапсырады.

Рефлексивті коррекциялаушы
Дидактикалық ойын ойнату. Біз құстарға қалай көмектесеміз? ойынын ойнату.

Құстарға қалай көмектесетінін суреттерді таңдай отырып көрсетеді.

Күтілетін нәтиже: Құстардың атауларын, оларды бір-бірінен ажырата біледі.
Бала игеру керек: Үй құстары мен дала құстарын ажырата білуі.
Бала жасай білу керек:Құстардың суреттерін жапсырады.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.