Облыстағы ауылшаруашылық азық — түлік секторының қазіргі ахуалы

0

Жамбыл облысы 1939 жылы құрылған. Облыс Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан және республика территориясының 144,3 мың шаршы шақырымын немесе 5,3% алып жатыр. Облыс құрылымында 10 ауылдық  аудан, облыс орталығы – Тараз қаласы және 3 аудандық шағын қалалар – Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары, 153 ауылдық және кенттік округтар, 381 ауылдар бар.

Облыста 1009 мың адам тұрады, ол Қазақстан Республикасы тұрғындарының 6,6% құрайды. Халық 100-ден аса ұлттардан құралған, олардың 65% — қазақтар, 55,% ауыл және  45,% қала тұрғындары.

Облыстың үштен бір бөлігі облыс орталығы Тараз қаласында (339,4 мың адам), 11% — Қордай ауданында (110,2 мың адам) тұрады. Халық ең аз тұратын жерлер  Мойынқұм (облыстың 3,2%) және Сарысу (4,4%).

Халық тығыздығы бойынша облыс елде республикалық көрсеткішті 23%-ға асыра үшінші орынды алады – 1 шаршы км-ге 6,9 адамды құрайды.

Облыстың ауа райының ерекшелігі – біршама құрғақ және қатты континентальды.

Облыс территориясында жалпы алаңы 22 мың га 3 қорық жұмыс істейді.

Аймақ тұщы жер асты суларымен қамтамасыз етілген – облыс республикада анықталған жер асты су қоры саны бойынша үшінші орынды алады.

Өнеркәсіптік қызығушылыққа Сарысу ауданындағы тұз кен орындары(қорлар – 10 млн. тонна) ие. Тұзды сумен тазарту жолымен йодпен байыту қажет етпейтін және ГОСТ талаптарына сәйкес келетін тамаққа қосатын тұзды алуға болады.

Облыс тәуекелді егін шаруашылығы аймағында орналасқан. Облыс территориясының 9,2 млн. га немесе 63,7%  шөлді аймаққа келеді – Бетпақдала шөлі, Мойынқұм құмы мен Балхаш маңы. Шөлді аймақтың 70%-ын жайылымдар алып жатыр, негізінен бұл отарлы мал шаруашылық аймағы. Құмдар 2,4 млн. га алып жатыр және нәрлі заттарға өте кедей.

Облыс территориясының 3,4 млн. га егістік жер сілемдері орналасқан шөлді-дала (17,4%) аймағы алып жатыр.   Бұл аймақта өсімдік және мал шаруашылығы дамыған.

Облыс территориясының 8%-на жуығын таулы-дала (теңіз деңгейінен 1200-2200 метржоғары) аймағы алып жатыр. Топырақты жамылғы қарашіріктің төмен мөлшерімен, тастақпен сипатталады, рельефтің жағдайы бойынша пайдаланатын жерлердің негізгі бөлігі жыртуға және оларды егін шаруашылығында пайдалану рентабелді емес.

Облыстың балық шаруашылық қоры 27,8 мың га құрайды. 81 суаттың 59 балық шаруашылығы қызметіне жарамды, ол жерде кәсіпшілік балықтың көптеген түрлері бар.

Облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 4189,0 мың га құрайды, олардың арасында орман алқабы – 2288,0 мың га. Облыс территориясының ормандалығы 15,8%-ды құрайды.

Өзінің бағыттылығы бойынша облыс индустриалды-аграрлы болып табылады. Облыстың экономикалық дамуы тұрақтылығымен және өсуге тұрақты тенденциясымен сипатталады.

Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында елдің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешудің басты кілті экономиканың ауылшаруашылық азық – түлік секторын дамытуда болып табылады.

АӨК басты бағытының бірі – ауыл шаруашылық салаларында өңдеу өнеркәсібінің дамуында маңызды орын алатын, ауыл шаруашылығы өнімдері болып табылады. Көптеген жылдар бойы өнім өндірісінде тиімді менеджмент тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасқан еді. Одан шығудың бірден – бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді.

Соңғы жылдарда республиканың ауыл шаруашылығында тенденциялар байқалуда. Біріншіден, экономиканың көп түрлілігі тұрақты сипат алды. Барлық аймақтарда шаруа қожалықтары мен кооперативтік түрдегі кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар арасында оңтайлы арақатынас қалыптасты. [20]

Екіншіден, ауылдық жерде біртіндеп аграрлық қызмет көрсету, өнімді өңдеу және сату саласы қалыптасуда, ондағылар негізінен фермерлермен өзара тиімді экономикалық  шартпен жұмыс атқаруда.

Үшіншіден, заңдылық – құқықтық база ауылдық жерде шаруашылық кәсіпті табысты атқаруға қолайлы жағдай жасауда. Адамдардың жер иелігіне, өнімді сататын базарларға еркін қолы жетуі жұмысқа ынталы фермерлер мен кәсіпорындар басшыларына ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді арттырып, табысты молайтуға мүмкіндік тудырады.

Ауыл шаруашылық салаларының рөлін, оның ұлттық табыстың жиынтық өнімінің жоғарылауынан көруге болады. Жалпы алғанда ауыл шаруашылық саласы екі ірі шаруашылықты біріктіреді. Ол шаруашылылықтарға төмендегілер жатады:

—       егін шаруашылығы;

—       мал шаруашылығы.

Егін шаруашылығы – ауыл шаруашылығында  егін шаруашылығының барлық бағытындағы қызметтерді (өндіру, жеткізу, тасымалдау) жүзеге асыратын АӨК маңызды бағытының бірі болып табылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының бір саласы болып табылатын егін шаруашылығы суармалы жерлерде негізгі, ал тәлімі жерлер мен шөл және шөлейт аймақтарда қосымша сала болып табылады. Егін шаруашылығының негізгі өнімдері – дәнді дақылдар, жүгері, қант қызлшасы, көкөніс, картоп, жеміс, жүзім, техникалық және бақша дақылдары.

Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығында халықты азық – түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған өнім түрлерін өндіруді жүзеге асыратын маңызды салаларының бірі. Мал шаруашылығының негізгі бағыттарына – ет, сүт, жүн, жұмыртқа және қаракөл елтірісін өндіру және тағы басқа өнімдері жатады.

Қазіргі кезде азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін қолайлы даму жағдайы деп үй шаруашылығы секторында өндірістің өсуін және оның ұсақ тауарлы шаруашылыққа айналуын айтуға болады. Мұның өзі – еліміздің көпшілік аймағында халықтың өзін – өзі қамтамасыз етуді жақсартады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бір мезгілде жаппай ұсақтау егін және мал шаруашылығында қалыптасқан дәстүрлі технологиялық процесстерге елеулі нұқсан келтірді.

Ауыл шаруашылығын өндірушілерінің негізгі проблемасы – өз өнімін өткізетін нарықты табу. Оларға жерді қашан тыңайту қажет, қашан және нені ұрықтандыру керектігі туралы нұсқаулар беріп қажеті жоқ. Оларға потенциалды сатып алушылар қай жерде олардың қажеттіліктері мен төлеу жағдайлары қандай деген сияқты ақпараттар керек. Көптеген ауыл шаруашылығы өндірушілерінің басты проблемасы, олардың көзі жұмып жұмыс істеуінде, яғни өздері өсірген өнімді кейін қайда жіберерлерін білмеуінде болып келеді. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің сенімділігін және жұмыстарын алдын ала білулерін арттыру, олардың өнімді өткізуде перспективті нарықтарға шығуына көмек беру ауыл шаруашылық және азық – түлік департаментінің басты міндеті, міне осы. [21]

Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу шараларының ішінен міндетті болып әкімшілік әсер ету табылады. Бұл – негізінен өнім сапасы, өнім стандартизациясы, экологиялық қауіпсіздігі, өнімді тұрақты және тиімді айырбастауды қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды құру.

2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша республикадағы әрекет етуші ауылшаруашылық құрылымдарының — барлығы 175636 бірлік, оның ішінде Мемлекеттік кәсіпорындар саны 35 бірлік, шаруа        (фермерлік) қожалықтарының саны 170193 бірлік, тұрғындар шаруашылығы 2248 мың бірлік болды. Осы мәліметтерді алдыңғы жылдармен салыстыра отырып келесі 3-кесте мәліметтерін талдап өтеміз.

 

Кесте 1

Шаруашылық жүргізудің барлық формаларының ауыл шаруашылығы

құрылымдарының саны. (Жамбыл облысы материалдары бойынша)

бірлік

Көрсеткіштер

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

Ауылшаруашылығы құрылымдары- ның барлығы

15148

15948

16080

16261

16734

Әрекет етуші ауылшаруашылық құрылымдарының — барлығы

12820

14313

14482

15090

15589

С. і: ауылшаруашылығы кәсіпорындары

171

190

206

188

245

Шаруа (фермерлік) қожалықтары

12649

14123

14276

14902

15344

 

1-кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай 2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін Ауылшаруашылығы құрылымда-рының барлығы барлық саны 1586 бірлікке немесе 110,5 %-ға  (100-42,7) артқан, Ал, әрекет етуші ауылшаруашылық құрылымдарының барлық саны 2005 жылғы 12820 бірліктен 2009 жылы 15589 бірлікке, яғни оның саны бес жылда 2769 бірлікке немесе 121,6 %-ға артты. Шаруа        (фермерлік) қожалықтарының саны 2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 2695 бірлікке немесе 121,3 %-ға артты. Сонымен қатар, ауылр шаруашылығы кәсіпорындарының саны да  74  бірлікке немесе 143,3 %-ға артты.

Ауылшаруашылық санағының нәтижелері бойынша бұрын санаққа кірмей әкімшілік көздер мен ауылшаруашылық тіркелімдерден қалып кеткен ауылшаруашылық өндірушілері анықталды. Осының нәтижесінде санақ объектілерінің саны шаруа        (фермерлік) қожалықтарының саны бойынша  4,0 %-ға, үй шаруашылығы бойынша — 7,4 %-ға, саяжай учаскелері бойынша 5,7%-ға артты. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша республикадағы әрекет етуші ауылшаруашылық құрылымдарының — барлығы 175636 бірлік, оның ішінде Мемлекеттік кәсіпорындар саны 35 бірлік, шаруа        (фермерлік) қожалықтарының саны 170193 бірлік, тұрғындар шаруашылығы 2248 мың бірлік болды.

Республика халқының 47 пайы­зы ауылда тұрса, 30 пайызы ауылда жұмыс істейді. Ауыл ша­руа­­шы­лығымен айналысатын 201 890 агроқұрылым бар. Олардан басқа, ауылда шағын және орта бизнес­пен айналысатын кәсіпкерлер, бюджет саласының мекемелері мен қызметкерлері қаншама.

Қазақстандағы 5,5 миллион гектар тыңайған жер бар, біз олардың 2,0-2,5 млн гектарын немесе 36 %-ын айналымға қосуды қарастырып отырмыз. Қазір пайдаланылып жатқан 19,8 млн гектар егіс алқабымен қосып есептегенде бұл жер пайдаланудың ең тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Қазақстанда 4,087 мың ауылшаруашылық кәсіпорындары 12,4 млн. га егістік жермен жұмыс атқарады; 169,5 мың шаруа        (фермерлік) қожалықтары 8,4 млн. га жерде жұмыс атқарады; 1,6 млн. үй шаруашылықтары және 364,4 мың саяжай учаскелері 79,7 млн. га жерде жұмыс атқарады.

Жекелей ауылшаруашылық құрылымдарының қызметтерін талдай отырып барлық ауылшаруашылық құрылымдарының санының жылдан жылға артып келе жатқандығын байқаймыз. Болашақта да осылай болары анық. Өйткені   Алдағы үш жылда тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде агросектордың дамуына 1 млрд АҚШ доллары бөлінеді. Бұл қаржы ең алдымен астық секторы, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу, жеміс-көкөніс өсіру сияқты экспортқа бағытталған салаларға беріледі. Дамыған экспорттық инфрақұрылым бар жылыжай (теплица), жеміс-жидек қоймасы, құс фабрикасы, сүт тауарлары фермасы, мал бордақылайтын және соятын кешендердің желісі құрылады. Азық-түлік нарығының молығуы тамақ өнімдерінің бағасының арзандауына әсер етеді. Ауыл шаруашылығы саласы дамыса, аймақтардың ахуалы жақсарып, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Елбасының биылғы Жолдауын­да ауылды қолдау тек ауыл ша­руа­шылығын қолдау емес, ол ауыл­дың инфрақұрылымын қолдау, ауыл тұрғындарына өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасау екені баса айтылды. Ол үшін ауыл жол­дарын, су, жылу, кәріздік жүйелер, мектептер, ауруханалар мен мә­де­ниет үйлерін жөндеу керектігіне тоқталды. Бұл шаралар дағдарыс кезінде ауыл тұрғындарын жұмыс­пен қамтумен бірге, олардың мәде­ни-тұрмыстық жағдайын жақсарта­ды. [22]

Елдің жоғары жағдайы мен экономикалық тәуелсіздігінің басты сипаттамаларының бірі облыстағы ауылшаруашылық өнімдері өндірісінің деңгейі болып табылады. Оны келесі 4-кесте мәліметтеріне сүйене отырып талдап өтеміз.

 

Кесте 2

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2005 – 2009 жж.

(қолданыстағы нақты бағаларда, млн.теңге)

Көрсеткіштер

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

1

2

3

4

5

6

Барлық  санаттағы шаруашылықтар

Ауыл шаруашылығы

45737,4

45832,3

60331,9

63202,0

68463,1

Өсімдік шаруашылығы

26188,3

23193,4

34154,2

30013,4

34925,5

Мал шаруашылығы

19549,1

22638,9

26177,7

33188,6

33537,6

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

Ауыл шаруашылығы

4346,5

3012,7

3363,5

2863,0

4936,1

Өсімдік шаруашылығы

3890,2

2580,2

2997,1

2273,3

2485,5

Мал шаруашылығы

456,3

432,5

366,4

589,7

713,2

Жұртшылық шаруашылықтары

Ауыл шаруашылығы

24236,7

26301,7

31972,9

39114,5

38191,7

Өсімдік шаруашылығы

7083,5

6423,0

9163,0

10236,2

9228,7

Мал шаруашылығы

17153,2

19878,7

22809,9

28878,3

28963,0

Шаруа  (фермерлік) қожалықтары

Ауыл шаруашылығы

17154,2

16517,9

24995,5

21224,5

25335,2

Өсімдік шаруашылығы

15214,6

14190,2

21994,1

17503,9

21473,8

Мал шаруашылығы

1939,6

2327,7

3001,4

3720,6

3861,5

 

Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемі жұртшылық шаруашылықтарына қарағанда  ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа  (фермерлік) қожалықтарында жоғары екендігі байқалады.  Ал, мал шаруашылықтарының жалпы өнім көлемі басқа шаруашылықтарға қарағанда жұртшылық шаруашылықтарында жоғары.

Талдаулар көрсетіп отырғандай барлық санаттағы кәсіпорындардың жалпы өнім көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы әжептеуір жоғарылағандығын байқаймыз. Бұл, өз кезегінде елдің азық – түлік қауіпсіздігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етудің  басты көзі болып табылады.

Осыған байланысты облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру­шілері алдына  агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті 2014 жылға қарай кем дегенде 2 есеге арттыру жөнінде міндет қойылып отыр. Ол үшін ауыл шаруашылығы мен мал өнімдерін мол өндіріп, оны қайта өңдеуді, қайта өңдеу кәсіпорын­дарын жаңа құрал-жабдықтармен жабдықтауды, өндіріске жаңа тех­нологиялар енгізуді, қолға алынған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды алғашқы міндеттер қата­рына шығарып, осы бағыттарда бү­гіннен бастап жұмыс жүргізуде.

Қазіргі кезде азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін қолайлы даму жағдайы деп үй шаруашылығы секторында өндірістің өсуін және оның ұсақ тауарлы шаруашылыққа айналуын айтуға болады. Мұның өзі – еліміздің көпшілік аймағында халықтың өзін – өзі қамтамасыз етуді жақсартады.

Төмендегі 5- кесте мәліметтері негізінде барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру бойынша өзгерістерді қарастырып өтеміз.

 

Кесте 5

Барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша ауыл шаруашылығы

өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру 2005-2009 жж.

                                                                                                             (мың тонна)

Көрсеткіштер

Жылдар

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

1

2

3

4

5

6

Дән:

655,1

431,1

425,9

152,5

553,3

Оның ішінде:

Күздік және жаздық бидай

416,2

233,3

227,4

63,3

216,9

Дәндік жүгері

82,4

69,9

65,2

45,2

49,5

Күздік және жаздық арпа

155,9

127,3

132,7

43,4

47,2

Картоп

107,0

94,1

103,4

104,8

108,8

Майлы дақылдар тұқымы

19,9

13,0

14,5

13,6

13,8

Соның ішінде күнбағыстың

5,3

5,3

4,8

5,4

5,0

Қант қызылшасы (фабрикалық)

13,7

3,7

0,2

9,0

9,8

Көкөніс

356,2

324,6

359,5

362,5

367,4

Бақша дақылдары

143,9

121,7

127,0

147,0

148,3

Жемістер мен жидектер

8,6

7,4

9,3

5,7

17,2

 

Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен байқағанымыздай жалпы дәнді дақылдар өндірісі бойынша 2005 жылдан 2008 жылға дейін бірқалыпты төмендеп отырған, яғни 2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 23,3%-ға дейін төмендеп 20137,8 мың теңгені құраған, ал 2008 жылы қайтадан 77%-ға дейін төмендеп 502,6 мың тоннаны құраған. Күздік және жаздық бидай өндірісі де 2005 жылдан 2008 жылға дейін дәл осылай бірқалыпты азайып отырған, яғни 2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 15,2%-ға дейін төмендеген, ал 2008 жылы қайта жоғарылаған, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 3,4 есе жоғарылап 216,9  мың тоннаны құраған. Басқа дәнді дақылдардың өнімділігінің барлығы осы шамада өзгеріп отырған.

Біздің ойымыз бойынша дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуі жер көлемінің қысқаруы мен оның түсімділігінің төмендеуінен ғана болып отырған жоқ, сонымен қатар жергілікті халықты нанмен қамтамасыз ететін шағын өңдеу зауыттардың пайда болуымен байланысты әлеуметтік – экономикалық факторларға ( облыс және аудан орталықтарынан оларды тасымалдаудың қымбаттығы) да тәуелді.

Құрылымдағы жалпы алқап бидайға тиесiлi, оның үлесi 48 пайыздан 65 пайызға дейiн, ал дәндi дақылдардың құрылымында тиiсiнше 71 пайыздан 82 пайызға дейiн ұлғайды. Дәндi дақылдардың құрылымында бидайдың үлес салмағы өсуiне байланысты бұршақ тұқымдас, жарма, жемдiк дән және жемшөптiк дақылдардың егiс алқаптары азайды. Әсіресе қант қызылшасын өндiрудiң көлемi 2005 жылғы 13,7 мың тоннадан 2009 жылы 9,8 мың тоннаға дейін, яғни 68%-ға дейін төмендеп 32%-ды құрады. Сондықтан қант қызылшасын өндiрудiң көлемi бүгiнде республикада жұмыс iстеп тұрған қант зауыттарын шикiзатпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермей отыр, оның үстiне халықтың бұл өнiмге деген қажеттерiн өтей алмайды.

Жоғарыдағы кестені талдаулардан байқағанымыз аймақтардың топырақ-климат жағдайының ерекшелiктерiн және рыноктың конъюнктурасын есепке алмай дәндi дақылдарды түрлерi бойынша орналастыру ауыл шаруашылығы өндiрiсiн тұрақты және бәсекеге қабiлеттi етiп жүргiзудi қамтамасыз ете алмайды. Рентабельдiлiгi жоғары дақылдардың (мақсыр, қытайбұршақ, дәндi бұршақ тұқымдастар) өндiрiске енгiзiлуi жеткiлiксiз;ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құнарлылығы төмендеп бара жатыр; көпжылдық, екпе ағаштар мен жүзімдіктерді қалпына келтiру мен ұлғайту жөнiндегi жұмыстар жеткiлiксiз жүргiзiлуде, осы орайда қайта өңдеушi кәсiпорындар үшiн шикiзат тапшылығы сезiлуде.

Мысалы, егін шаруашылығы саласында  әртараптандыру жүйесін сақтай отырып, күздік бидайды тек қана облыстың ішкі қажеттілігіне жететін көлемде ғана өндіріп, оның есесіне, алдағы уақытта ауыспалы егістік талабына сай, жоғары рентабельді, рыноктағы сұранысы жоғары – майлы дақылдар, қант қызылшасы, бұршақ тұқымдас өнімдер, жеміс-көкөніс және мал азығы дақылдарына басымдық беріліп отыр. Үстіміздегі жылы облыс бойынша ауыл шаруашы­лығы дақылдары себілген алқаптар көлемі 505,8 мың гектарды құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 34,8 мың гектарға немесе 7 пайызға арт­ты. Биыл облыс бойынша масақты дәнді дақылдар 230,2 мың гектар алқаптан  жиналып, әр гектардың орташа түсімділігі 15,9 центнерден айналып, барлық алынған өнім 366,0 мың тоннаны құрады. Оның ішінде 215,5 мың тоннасы – күздік бидай, 151,0 мың тоннасы – жаз­дық арпа болды. Биылғы алынған астықтың жалпы түсімі (215,5 мың тонна) облыстың азықтық бидайға деген ішкі сұранысы (178,9 мың тн.) мен қажетті тұқым көлемін (30,0 мың тонна) толық қамтамасыз етеді. Енді алдағы 2011 жылы облыстың азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және ішкі қажеттілігімізді азықтық би­даймен қамтамасыз ету үшін барлық аудандарға тиісті тапсырма-жоспарлар беріле отырып, облыс бойынша күздік бидайды 151,6 мың га көлемінде егу тапсырылды.

Көп жылдардан бері облыста алғаш рет қант қызылшасын өсіру қолға алынып, биыл оның көлемі 5,0 мың гектарға жеткізілсе, алдағы жылы қант қызылшасы дақылын 7,0 мың гектарға егу көзделуде. Сараптаушылардың мәліметтеріне сәйкес, қазіргі кезде республика бойынша шығарылатын ақ қанттың 95 пайызы импорттық шикізат – қант құрағынан (тростниктен), ал қалған 5,0 пайызы ғана отандық қант қызылшасынан өндіріледі. Осы себепті, ақ қанттың әлемдік рыноктағы бағасы да, Қазақ­стан­дағы бағасы да негізінен осы им­порттық шикізат – қант құрағына (тростникке) байланысты болып отыр. Қазір еліміздің кейбір өңір­лерінде1 кгқант бағасы 170-180 тең­геге жетіп отыр. Оның біздің об­лыстағы бағасы да осыған шамалас.

Бұдан шығатын қорытынды – біз өз қант зауыттарымызды қант қызылшасымен жұмыс істеуге көшіру үшін,  оларды қант қызыл­шасы шикізатымен жеткілікті кө­лемде қамтамасыз ету шараларын жасап, облыста егілетін қант қы­зылшасы алқаптарын жылдан-жылға ұлғайта түсуіміз қажет. Бұл үшін мемлекет тарапынан тиісті қолдау шаралары қарастырылған. Мәселен, үстіміздегі жылы Үкі­меттің тиісті қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес, қант қызылшасын өсірушілерге қант қызылшасының әрбір гектары үшін – 24500 тең­геден, ал қант зауытына өткізілген қант қызылшасы шикізатының әр­бір тоннасына – 400 теңгеден, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген қант қызылшасының әрбір гектарына – 50 мың теңгеден субсидия төлеу белгіленді. Егер субсидия мөлшерлері көбейе түссе, шаруаларға көп көмек болар еді.

Қазіргі кезде облыста қант қызылшасын өсірушілер мен қант зауыттары арасында өзара тиімді ықпалдастықпен жұмыс істейтін әріптестік қатынас орнатылып, ол жөнінде тиісті меморандумға қол қойылып, сол бойынша нақты жұ­мыс­тар жүргізілуде. Аудандардағы сер­вистік-дайындау орталық­та­ры­мен қатар, қант зауыттары жа­нынан да шаруашылықтарға жыл аяғында өткізілетін өнім есебінен техни­ка­мен, тұқыммен, минералдық тың­айт­­қыштармен көмектер көр­се­те­тін сервистік орталықтар ашылуда.

Облыста қант қызылшасын өсі­руге қажетті техникаларды “Тараз” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпора­циясының аудандарда жұмыс істеп жатқан сервистік-дайындау орта­лық­тары арқылы алу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылып отыр. Өйт­кені, көптеген шаруашылық субъек­­тілері өздеріне жеке– техникалар алуға, әзірге қауқарсыз. [23]

Қазіргі кезде рынокта сұранысқа ие дақылдардың қатарына майлы дақылдар: мақсары, соя, рапс өнімдері де жатады. Алдағы жылы облыс бойынша аталған майлы дақылдардың егу көлемін облыс бойынша 62,0 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр. Ал үстіміздегі жылы облыс бойынша майлы дақылдар 57,8 мың гектардан жиналады. Облыста майлы дақылдарды жинау жұмыстары енді ғана басталды. Бұл өнім жиналып біткен соң, оны қайта өңдеу өндірістеріне сатып, өткізу міндеті тұр.

Облыста көкөніс, бақша өнім­дері облыс тұрғындарының сұра­ныс­тарын толық қанағаттандыру­мен бірге, еліміздің басқа өңірлеріне шығарып сатуға да жеткілікті өн­діріледі. Облыс шаруашылықтары жалпы республика бойынша өнді­рілетін көкөніс өнімдерінің 30 пай­ызға жуығын өндіреді. Үстіміздегі жылы облыс бойынша көкөніс өн­ім­д­ері барлығы 17,9 мың га алқап­тан жиналатын болса, бүгінгі күнге оның ішінде, қызанақ өнімдері 3,0 мың гектардан, қияр – 2,5 мың гектардан, қырыққабат – 0,8 мың гектардан, баклажан, бұрыш және басқа да дақылдар 1,1 мың гектар­дан жиналып, олардың әр гектары­нан әзірге орта есеппен 200-220 центнерден өнім алынуда.

Облыста алма бақтары мен жү­зім­діктерді қалпына келтіру мақ­са­тында жеміс-жидек және жүзім ша­руашылығын сауықтырып, өркен­де­ту жұмыстары қолға алынып отыр. Бірақ жеміс-жидек және жүзім өнімдерін тұтынуда импортқа тәуел­ділік әлі де бар. Бұл тәуелділікті жою мақсатында  бұрнағы жылы облыс бойынша1138 гаалма және23,1 гажүзім көшеттері, өткен жы­лы 1013,8 мың гектарға алма, 22,2 гектарға жүзімдіктер  отырғызылды. Үстіміздегі жылы бұл дақылдар егіл­ген алқаптар тағы да едәуір ұлғай­тылды. Бұл бағытта жеміс дақыл­да­рының өнімділігін арттыру үшін үстіміздегі жылы жеміс бақтарына тамшылап суару технологиясын ен­діру арқылы, оларды үдемелі тех­но­­логиямен егу қолға алына бастады.

Облыста жаңа егілетін жеміс бақ­тарын сапалы көшеттермен қам­тамасыз ету мақсатында 4 оригина­тор-шаруашылық жұмыс істейді. Ол шаруашылықтардың екеуіне көшеттер өсіріп, дайындау үшін жаңа, голландиялық интенсивті технологиялар енгізілуде. Бұл – өз кезегінде, осы көшеттердің, егілген соң, екінші жылдың өзінде өнім бере бастауына мүмкіндік береді.

Облыста маусымаралық кезең­дерде көкөніс тапшылығы сезілмей қалмайды. Өйткені, бұл кездері тек қана жылыжайларда піскен жас өнімдер тұтынылатыны белгілі. Облыста бұл тапшылықты жою мақсатында бұрнағы жылы көкөніс өнімдерін өсіретін жалпы көлемі2,86 га65 жылыжай іске қосылса, өткен жылы 5,7 гақұрайтын 100 жылыжай салынды. Қазіргі кезде облыста жалпы көлемі16,0 гақұ­рай­тын 200 жылыжай жұмыс істеу­де. Бұлардан үстіміздегі жыл басы­нан бері 680 тонна көкөніс өнімдері жиналды, жыл аяғына дейін тағы да 1000 тонна өнім жинау күтілуде.

Аграрлық дағдарыс облыстағы мал шаруашылығының нәтижелеріне де өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал мен құс саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда мүлдем азайып кеткен. Оны келесі 6-кесте мәліметтерінен байқауға болады.

 

                                                                                        жыл соңына, мың бас

Көрсеткіштер

Жылдар

 

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

Ірі қара мал

 

293,0

307,9

317,2

320,8

326,1

Оның ішінде:

сиыр

120,5

132,0

127,5

128,8

130,4

Қой мен ешкі

1979,5

2108,3

2162,8

2192,5

2231,0

Шошқа

41,8

41,4

40,8

38,4

35,3

Жылқы

73,5

78,1

80,9

82,7

84,3

Түйе

4,3

4,6

4,9

5,1

5,2

Құс, (млн. бас)

1375,2

1451,3

1492,7

1491,8

1504,8

 

 

                                                                                                              мың тонна

Көрсеткіштер

Жылдар

2005 ж

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2008/ ж

1

2

3

4

5

6

7

Ет (сойыс салмағында)

42

43

45

46,6

47,3

 

Сүт, барлығы

245,0

253,0

260,8

266,9

269,2

 

Жұмыртқа, млн.дана

92

94

96,0

99,7

109,6

 

Дән (тазаланғаннан кейінгі салмағы)

657

429

420

148

553,3

 

 

Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, өнiм өндiру 2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2009 жылы табын санының өсiмi, өз төлiнен өсiрудi жақсарту және сақтау есебiнен ұлғайтылуының салдарынан:

— ет (сойыс салмағында) өндірісі бойынша 20 %-ға (42 және47,3 килограмм);

— сүт өндірісі бойынша 20 %-ға (245,0 және 269,2 килограмм);

— жұмыртқа бойынша 31 %-ға (92 және 109,6 мың дана);

— дән керімінше 26 %-ға (657 және 553,3 килограмм) азайған;

басқаларының жоғарылағандығын байқаймыз. Бірақ, бұл көрсеткіштер бұрынғы жылдардағы көрсеткіштерден әлдеқайда төмен.

Ауыл шаруашылығы өндірісін одан әрі дамытып, жақсарту мақ­сатында облыста біраз жылдан бері озық үлгідегі ресурс сақтау техноло­гиялары, оның ішінде ылғал сақтау технологиялары қолданыла бастады. Облыс өңірлерінде бұл бағытта жүйелі түрде тамшылатып суару технологиясын ендіру жұмыстары жүргізілуде. Егер, облыс бойынша 2008 жылы тамшылатып суару тех­нологиясы303 гаалқапқа енгізілсе, 2009 жылы ол 900 гектарға енгізілді. Алдағы жылдары облыс бойынша тамшылатып суарумен қамтылған алқаптарды 2 мың гектарға жеткізу жөнінде міндеттер қойылып отыр.

Облыста мал шаруашылығының дамуында да едәуір ілгерілеушілік­тер бар. Облыста 2000 жылы өн­дірілген мал өнімдерінің жалпы кө­лемі небәрі 5,6  млрд. теңгені құ­раса, өткен 2009 жылы мал өнімдері 36,9 млрд. теңгеге өндіріліп,  6,6 есе­ге ұлғайды. Өткен  жылмен са­лыстырғанда, биыл да ет, сүт, жүн және жұмыртқа өндіру – 1-10 пайызға дейін өсіп отыр. Түлік саны, оның ішінде мүйізді ірі қараның, қой-ешкінің, жылқының, түйенің және құстың саны тиісінше 2-3 пайызға  ұлғайды. Соның нәти­же­сінде, облысымызда бүгінгі күнге 364 068 бас мүйізді ірі қара, 2 млн. 714 мың 910 қой-ешкі, 91 872  жыл­қы, 5398  түйе, 51 689 бас шошқа және  1 млн. 793 мың 375 құс бар.

Облыста асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға баса көңіл бөлінуде. 2001 жылы облыс бойын­ша 17 ғана асыл тұқымды мал ша­руа­шылығы жұмыс атқарса, 2009 жылы Үкімет тарапынан көрсетіліп отыр­ған қол­даулардың нәтижесінде қазіргі таңда олардың саны 89-ға жетті. Облыс­тағы барлық санаттағы малдың ішінде асыл тұқымды малдың үлесі – мүйізді ірі қарадан – 6,2 пайызға ( республика бойын­­ша -5,2),  қойдан – 10,5 пайызға (рес­публикалық көрсеткіш 9,3),  жыл­қыдан -11,0 пайызға (республи­ка бойынша -4,5)  түйеден – 34,6 пай­ызға (республика бойынша -10,0) және  шошқадан -17,4 пайызға (республика бойынша -10,4) жетті. Осы көрсеткіштер бойынша басқа облыстармен са­лыстырғанда, асыл тұқымды мал саны жөнінен респуб­­лика бойынша түйеден -1-ші, басқа мал түрлерінен 2– ші орында тұрмыз.

Ауыл тұрғындарының қолын­дағы өнімділігі төмен, қарабайыр малды асылдандыру мақсатында ауылдық жерлерден сиыр-таналар­ды қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу шаралары да жүргізілуде. Облыста 2001 жылы бар болғаны 57 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істесе, бүгінгі күнге олардың саны 170-ке жетті. Өнімділігі жоғары табындар қалыптастыру үшін ол пункттерге отандық жоғары өнімді етті, сүтті мүйізді ірі қара малдардың ұрықтары әкелінуде.

Мал шаруашылығы саласында­­ғы мұндай ілгерінді жұмыстарға Үкімет тарапынан мал тұқымдарын асылдандыруды жүзеге асыруға 2001 жылдан бастап, қомақты  қаржылай көмек беріле бастағаны өз үлесін қосуда. Мәселен, облыс бойынша тек қана 2009 жылы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал санын көбейтуге 270 млн. теңге жә­не өнім өндіру мен оның сапасын жақсартуға 163 млн. теңге бөлініп, игерілді. Осы мақсатқа үстіміздегі жылға бөлінген 230 млн. теңгеден аса қаржылай қолдаулар да игі мақсаттарға жұмсалуда.

Тараз қаласындағы жүнді ал­ғашқы өңдеу фабрикасында шүйке өндірудің жолға қойылуымен бірге, биязы жүнге деген сұраныс арта түсті. Өйткені, аталмыш фабрикада тоқыма өнеркәсібі үшін жылына 800 тонна шүйке (топс) өндіру көзделіп отыр. Ол дегеніңіз – осы мақсат үшін фабрикаға жылына 2 мың тоннадан аса биязы жүн қажет деген сөз. Ал, үстіміздегі жылы об­лыстағы биязы жүнді қой өсіретін 5 шаруашылық фабрикаға небәрі 186 тонна биязы жүн өткізді. Фаб­рика, олармен қатар, көршілес облыстардан қосымша түрде, тағы да 114 тонна биязы жүн дайындады, яғни, бүгінгі күнге барлық дайын­далған биязы жүн 300 тонна. Ал­дағы уақытта аталған фабриканың қажеттілігі үшін биязы жүнді сырт­тан іздемес үшін, облыстағы қазіргі қол­да бар 5 биязы жүнді қой шаруа­шылығын одан әрі дамыту, сондай-ақ,  облыс көлемінде асыл тұқымды биязы жүнді қой шаруашылықтары  санын  көбейту шаралары қолға алынуда.

Жамбыл облысында 1990 жылы 2 млн. 428 мың бас биязы жүнді оңтүстік қазақ меринос қойы болса, қазіргі кезде бар болғаны – 87069 бас қалыпты. Яғни, биязы жүнді қой саны соңғы жиырма жылда 97 пайызға төмендеп кеткен. Сондық­тан, біз қазіргі таңда биязы жүнді оңтүстік қазақ мериносы қойларын көбейтудің бірден-бір жолы ретінде, “Мал өнімдері корпорациясы” мен “Аграрлық несие корпорациясы” акционерлік қоғамдарының осы тұрғыдағы  жобаларын нысанаға алып, облыстағы биязы жүнді қой өсіретін 5 асыл тұқымды мал ша­руа­шылығына несие беруді нақты шешіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы Австралиядан, Жаңа Зеландиядан, Қытайдан және Ресейден  биязы жүнді қойлар  са­тып алуды жоспарлап отырмыз. Сонда ғана, облыста оңтүстік қазақ меринос қойларының саны күрт өсетін болады.

Қылшықты жүнді қой жүнін қайта өңдеп, іске жарату бағытында да бірнеше жоба пысықталу үстінде. Жылқы және түйе шаруашылығын дамыту ісіне де көңіл бөлінуде.

Облысты құс етімен және оның жұмыртқасымен қамтамасыз етуде импорт үлесі, өкінішке қарай, әлі де басым. Осы тәуелділікті жою мақ­сатында облыстағы “Жамбылқұс” ЖШС германиялық жеке кәсіпкер Ханц Пфланцпен бірігіп, “Қазақ-герман” бірлескен кәсіпорнын құра отырып, жалпы құны 6 млрд. теңгені құрайтын құс өсіру, құс етін және жұмыртқа өндіру жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба қуатты­лығы жөнінен жылына 10 мың тонна құс етін және 130 млн. дана жұмыртқа беруге лайықталған.

 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету кешенді іс-шаралардың жүйелі, дәйекті атқарылуын талап етеді. Бұларды таратып ортаға сал­ғанда бұл тұрғыдағы мемлекеттік саясатты басшылыққа алу, мақ­сатты бағдарламалар жасап, ұстану, өндірілетін және өткізілетін өнім­дердің сапасы халықаралық стан­дарт­тарға сәйкес келу, дағдарысты немесе төтенше жағдайларда тұр­ғындарды азық-түлікпен іркіліссіз қамтамасыз ету, нан, қант, өсімдік майы бағасы тұрақтылығын сақтау сияқты міндеттер анықтап, белгі­ле­нуі керек деп ойлаймыз. Президент Жолдауында айтылғандай, ауыл шаруашылығына және тамақ өнер­кәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту мәселе түйінін шешуге үлкен қолдау болатындығы сөзсіз. [24]

Елбасының Қазақстанды оза дамыған елу елдің қатарына қосуды көздеген мерейлі мақсаты аграрлық секторға зор жауапкершілік жүк­тей­ді. Осыған байланысты Жол­дау­да бұл сала алдына қойылған тап­сыр­малар өте маңызды. Біз сөз ет­кен жәйт олардың оңтайлы орын­далуына мүмкіндікті кеңейтпек. Халықтың әл-ауқатының артуы азық-түліктің молдығынан арқау алады.

#Облыстағы #ауылшаруашылық #азық #түлік #секторының #қазіргі #ахуалы #TopReferatcomkz #Қазақша #рефераттар #курстық #дипломдық #презентация

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз