Азық — түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері

0

Тамақ өнімдерінің өндірісі әрбір адамның және бүкіл адамзаттың өмір сүру жағдайының басты шарты болып табылады. Азық-түлік өнімдерінің тапшылығы адам өмірінің сапасы мен қоғам дамуының деңгейін анықтайтын, барлық басқа экономикалық және әлеуметтік категорияларды құнсыз және мән-мағынасыз етеді. Адамзат XXI ғасырға азық-түлік мәселелерінің өткірлене түсуімен бірге енді. 1950 – 1980 жылдары жоғары қарқынмен дамыған азық-түлік өндірісі 90-жылдары тоқырап тоқтап қалды. Оның кейбір түрлері бойынша өндірістің толығымен тоқтап қалуы, тіпті планетадағы бір адам басына шаққанда одан да жоғары деңгейде қысқаруы байқалған. Көптеген ғалымдар мен қоғамдастықтар өз шығарылымдарында ашаршылықтың жайлап келе жатқандығы жөнінде және де оны мүмкіндігінше тоқтатуды, болмаса ашаршылыққа ұшыраушылар санының өсу процесін төмендетуді ескертеді. 

Көптеген елдердің басшылары аграрлық өндірісті сақтау мен дамытудың  мемлекеттік бағдарламаларын жасап жүзеге асыруда: қосымша ауылшаруашылық жерлерін игеруді қалпына келтіру мен қорғау, оларды пайдалану тиімділігін арттыру. Барлық мемлекеттердің дамыған елдерінде аграрлық өнім мен азық-түлік өндірісінің өсуіне қолдау жасайды және ішкі нарықты қажетсіз азық-түлік импортынан тиімді қорғайды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көптеген елдер мен мемлекетаралық одақтастардың ерекше саясаттарына айналды. 68 елде ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеу туралы заңдар қабылданды.

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу барлық елдердің экономикалық саясатының ажырамас бөлігі болып табылады, бірақ оған жасалынып жатқан қадамдар әр елде әртүрлі. Мемлекеттіктің бүкіл тарихында халықтарды тұрақты азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, оған ұлттық қауіпсіздік тәуелді болғандықтан маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

70-жылдары «Үлкен жетілік» деп аталатын елдер арасында ауылшаруашылығы өндірісінің деңгейінің координациясы бойынша арнайы шешім қабылданды. Ол шешіммен байланысты әрекеттің мәні агроөнімдер өндірісі мен оның импортының деңгейін оптимизациялауға байланысты. Бірақ бұл мәселе бойынша соңғы келісімге әлі қол жеткен жоқ. Сонымен, Еуропалық одақ, АҚШ және Жапония мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қолдана отырып өзін -өзі азық-түлікпен жеткілікті қамтамасыз етуді қарастыратын ұттық- азық-түлік қауіпсіздігі концепциясын ұстанады.

Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін дамыған елдер агроөнеркәсіптік өндіріске үкімет және Федералдық бюджет деңгейінде орталықтандырылған түрде, құрылымдық өзгеріс кезеңінде қолдау көрсетеді. Еуропа елдері өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайтын тауарлардың импортын реттеу үшін компенсациялық алымдарды кең қолданады. Мемлекет ішкі аграрлық нарықта импорты аса күшті бәсекеқабілеттілік тудырмайтын тауарлардың кедендік баж салықтарын сақтайды.

Азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселесі кез-келген ел үшін маңызды болып табылады. Дамыған елдер тәжірибелері көрсетіп отырғанындай, осы мақсатқа жету жолында экономиканың аграрлық секторын реформалау, оның тиімділігін арттыру бойынша әртүрлі қадамдар мен талпыныстар жасалынды.  [14]

Агроөнеркәсіптік сатылым саясаты Еуропалық Қауымдастықтың әрекет етуінің маңызды аспектісі болып табылады. Халықтың жоғары тығыздығы және сәйкесінше – оның ауылшаруашылық жерлерімен аз қамтамасыз етілуі, аграрлық өндірістің дамуының шығын мен күшті көп қажет ететін  және жасаған аграрлық өнімін АҚШ, Жаңа Зеландия, Канада, Австралия елдерінің ауылшаруашылық өнімдерімен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз ететін жоғарыинтенсивті жолын анықтап берді. Сондықтан да аграрлық өндірісті мемлекетік қолдау, сыртқыэкономикалық қызметтердегі протекционистік іс-шаралар    еуропалық мемлекеттер үшін объективті шарттастырылған болды.

Еуропалық Қауымдастық мемлекеттерінде аграрлық өндірісті реттеу ұлттық деңгейден де жоғары бүтіндей бірлестік деңгейінде жүзеге асырылады. Еуропалық Қауымдастық елдерінде осы мақсаттар үшін ауылшаруашылық ЕФОГ- ы құрылған. ЕФОГ арқылы Қауымдастықтың консолидацияланған бюджет қаржысының үлкен бөлігі — 65-75% бөлістіріледі. ЕФОГ бюджеті жыл өткен сайын артып келе жатыр. 1974 жылы ол 3,4 млрд. экю-ге, 1988 жылы 28,2 млрд. экю-ге, 2000 жылы 40,9 млрд. еуроға, 2008 жылы 56,8  млрд. еуроға тең болды және ол ЕҚ-тың барлық бюджетінің 50 %-ға жуығын құрады. ЕФОГ бюджетінің өсу қарқыны Қауымдастық мемлекеттердің аграрлық өнім өндірісінің көлемінен анағұрлым артып кетті. ЕФОГ екі секциядан тұрады: кепілдік беру және бағдарлану қорлары. Кепілдік беру қоры экспортты, ішкі бағаларды қолдауға, фермерлер табыстарын тікелей қаржыландыруға, компенсациялық төлемдер жасауға ЕФОГ қаржысының 98%-на жуығын бөлістіреді. Бағдарлану қорының қаржылары құрылымдық саясаттарды жүзеге асыру үшін жұмсалынады.

Экспорттық қаржыландыруға кепілдік беру қорының қаржысының  40%-ы жұмсалынады. Бұл оның бағытының мәнділігі бойынша  бірінші қолданылуы. Қаржы көлемі әлем нарығының конъюктурасымен анықталады. Экспорттық қаржыландырулар бойынша астық, сүт, ет және қант өндірістері ынталандырылады.

Экспортты қаржыландыру үшін жұмсалатын қаржылар әлемдік бағаларға қарағанда анағұрлым жоғары бағалар бойынша фермерлік өнімдерді сатып алу үшін сауда саттық ұйымдары арқылы бөлістіріледі.

Бағаны қолдауға тиісті қаржылар құрылымындағы экспорттық субсидиялар 50%-ға дейінгі мөлшерді құрайды. Экспорттық үстеме мөлшері өте жоғары — 70%-дан жоғары болуы мүмкін.

ЕФОГ-тың кепілдендіру қорының шығын бағытының мәнділігі бойынша екінші қолданылуы фермерлік табыстарды кепілдендіру болып табылады. Ол ауылшаруашылық өнімдері артық нарықтарда оны сақтау, компенсация төлеу үшін сауда ұйымдарының өнімін өткізу кезінде олардың қорынан алу жолымен жүзеге асырылады. 1987 жылы астық бағасын қолдауға 3,7 млрд экю (шамамен 16%) жұмсалынды, сүт өнімдеріне — 6,2 млрд экю (шамамен 27%), ет өнімдеріне — 2,4 млрд экю (шамамен 10%), қантқа — 1,6 млрд экю (шамамен 7,1%), көкөністер мен жемістерге — 1 млрд экю (шамамен 4%) жұмсалынды. ЕФОГ бюджетінен өсімдік шаруашылығының өнімдерін қолдауға 2008 жылы — 25,9 млрд евро, мал шаруашылығына — 9,67 млрд евро жұмсалынды.

ЕФОГ-тың кепілдендіру қорының шығындарының үшінші бағыты өзара сауда-саттық кезінде Қауымдастық ішіндегі әртүрлі валюта курстарынан болған қаржылық жоғалуларды төмендету үшін арналған «Компенсациялық валюталық төлемдер» болып табылады. Бұл мақсатқа кепілдендіру қорының қаржысынан 7%-ға дейін жұмсалынады. Біріңғай валютаға (еуро) көшкелі бері бұл шығын статъясы қажетсіз болып қалды. [15]

ЕФОГ-тың кепілдендіру қорының шығындарының төртінші бағыты  фермерлерге төленетін тікелей төлемдер жатады. Бұлар бағаларға қойылатын үстемелер немесе астық өсіру мәдениетін кеңейту үшін1 гаегіндікке төленетін төлем. Осы мақсаттарға бағдарлану қорынан да жұмсалынады.

Бағдарлану қорының қаржылары ауылдық жерлерде және фермерлік шаруашылықтарда әлеуметтік-мәдениетті қалыптастыруда біріңғай саясат жүргізу үшін қолданылады. Сонымен қатар бағдарлану қорының қаржылары ауыл инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын қаржыландыруға, аграрлық өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жүйесін жетілдіруге, жасы келген фермерлерді зейнетке ерте шығаруды ынталандыруға, жағдайы нашар аудандарда аграрлық өндірісті сақтау мен дамытуға жұмсалынады.

Бағдарлану қорынан қаржыландыру реті реттелген. Сонымен, ферманың өндірістік құрылымын жетілдіру бойынша жобаны қаржыландырудың 20%-дан кем емес бөлігін фермер өз күшімен төлеуі керек; 15%-ы бағдарлану қорынан қаржыландырылуы мүмкін; ұлттық бюджеттің үстеме ақылары жетіспейтін соманы жабуға кетеді. Сақтау жүйесін дамыту кезінде бағдарлану қорының қаржыландыру мөлшері 25%-ға дейін, жағдайы нашар аудандарда 45% капиталдық салымға дейін арттырылуы мүмкін. Аграрлық өндіріске қосымша қаржылық салымдарды тарту үшін несие бойынша пайыздарды төлеуді қаржыландыру қарастырылған. Жағдайы нашар аудандарда халықтарды және мәдени ортаны сақтау үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуын қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылған.

Кепілдік беру және бағдарлану қорларының қаржылары фермерлерге зиянын тигізген табиғи апат кездерінде, табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде де қолданылуы мүмкін.

Еуропалық Қауымдастық мемлекеттерінде аграрлық өндірісті мемлекеттік реттеудің ұлттық саясатының қатарында құрылымдық саясатқа шығындарды жұмсауға ұлттық саясаттың әртүрлі формалары қолданылады. «Зерттеу және дамыту» бюджеттік бағдарламасына ЕҚ бойынша бюджеттің шамамен 10%-ына жуығы бағытталады. Сонымен қатар өндірістік шығындарға, бағаларды қолдауға, аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруға, салықтан босату және басқа да мемлекеттік реттеу формаларына тікелей үстеме ақылар, компенсациялар төленеді.

Еуропалық Қауымдастықтағы ұлттық аграрлық саясаттың мысалы ретінде Францияны алайық. Мұнда Еуроодақ желісі бойынша төленетін жалпы үстемелер мен субсидиялардан басқа келесі мемлекеттік көмек түрлері де жүзеге асырылады:

2. Қауіпті таулы аймақтардағы және жағдайы нашар аудандардағы фермерлерге компенсациялық көмек беріледі. Бұл белгілі бір аймақтарда орналасқан (шамамен 364 мың фермерлік шаруашылықтар), мал өсіру фермалары үшін, ауыл және орман шаруашылығы Министрі бекіткен арнайы көмек. Субсидиялар бір мал басына 166-933 франк мөлшерінде беріледі, бірақ 50 бастан артық емес. Жылына 4 шартты мал басын өсіру 1,6 млрд. франк сомасына дотацияланады. Өсімдік шаруашылығын дамытуға1 га764 франк есебімен есептеліп төленеді.

3. Субсидиялар ауылшаруашылығы өндірісінің жерлерінің құнарлылығын арттыру үшін1 га1,5-3,5 мың франк есебінде есептеліп төленеді.

4. Фермерлердің жағдайын жақсарту мен өндіріс тиімділігін арттыруға субсидиялар мен қарыздар беру. Бұл бірден үшеуге дейін жалдамалы жұмысшысы бар, жоғары білікті 58 жасқа дейінгі фермерге беріледі. Бұл субсидия мен қарыздың төтеу шарты фермердің жылдық табысын екі есеге дейін арттыру міндеттемесі. 2008 жылы мұмндай субсидия мен қарыз алған фермерлер саны 12,5 мың адамды және 115 мың франкті құрады, ал орташа қарыз 6 жылға 460 мың франкті құрайды

5. Табиғи апаттар бойынша ұлттық кепілдік қорынан бөлінетін ауылшаруашылық өндірісінің дотациялары. 2002 жылы құрғақшылықтан жапа шеккен 42 департаментке 900 млн. франк төленді.

6. Сүт өндірісінің тоқтап қалуына төлемдер. ЕҚ сүтке квота белгіленген. Сүт өндірісінің қысқарып кету және жылына 60 тонна ғана сүт өндірушілер бағдарламасына қатысушыларға1 литрсүтке 2,91 франк есебімен фермерлерге берілетін дотациялар.

7. Қалыптасатын экономикалық жағдайларға байланысты жыл сайын бекітілетін арнайы дотациялар. 2003 жылы мемлекеттік қолдаудың осы статъясы бойынша фермерлердің әлеуметтік қамсыздандыру қорына төлемдері 400 млн. франкқа, жер салығы – 490 млн. франкқа, жемшөптік дән сатып алуға кеткен шығынға компенсация – 500 млн. франкқа қысқарды, ЕҚ-тың сиырларды сүттендіруге бір басқа 280 франкқа дейін сыйақы көлемі арттырылды. /31/

8. Фермердің ауылшаруашылық табысын көтеруге бағытталған субсидиялары талдамалық мамандандырылған фермалар бойынша өз шаруашылықтарының деңгейі мен тиімділігін орташаға дейін көтергісі келетін фермерлерге беріледі. Субсидия сомасы 6 жылда жылына  25 мың франк.

Аталған субсидияландыру түрлерінен басқа қоршаған ортаны сақтаумен және мелиоративтік жүйелерді құрумен және т.б. байланысты төлемдер де кездеседі.

1929-1933 жылдардағы экономикалық кризис кезеңінде ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы мен фермерлердің табысын тұрақтандыруды кепілдендіретін заңдар қатарын қабылдаған АҚШ-тың ұлттық аграрлық өндірісті қолдау сферасындағы тәжірибесі көңіл аударуға тұрарлық. Қазіргі кезде жоғарыда айтылған кепілдікті сақтайтын «Фермерлік қауіпсіздік және ауылшаруашылық инвестициялары туралы акт» әрекет етеді.

Эксперттердің болжамы бойынша басталған ғасырдың алғашқы он жылдығында елдегі ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының саны 100 мың бірлікке дейін артады, ал олардың ауылшаруашылық өнімдерін өндірудегі үлес салмағы 80 %-ға дейін көтеріледі. Бұл АҚШ-та жермен айналысу өте жоғары қарқын алып отырғандығының айғағы. Елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі АҚШ-тың ірі шаруашылықтарының ерекшеліктерін ресей зерттеушілері де қарастырды.

Дамыған елдердің аграрлық секторында өндірісті кооперациялау мен интеграциялау процестері жүруде. Ғылыми-техникалық прогресс, ауылшаруашылығын индустриализациялау капиталды еңбек ресурстары және энергия сақтау технологияларының негізінде өндірістің барлық факторлары анағұрлым  тиімді қолданылатын ірі кәсіпорындарға концентрациялауды талап етеді. [16]

АҚШ-та  50- жылдардың басында индустриалды технологияға қайта құрылуға, жаңа кешенді машиналар мен жабдықтарды, химияландыру құралдарын, сұрыпты тұқым мен табынды малдарды иемденуге қабілетсіз майда фермалардың жойылуы өте жоғары қарқынмен жүрді. Сонымен, 1950 -1995 жылдар аралығында фермерлік шаруашылықтардың саны 3 есеге дейін қысқарды, ал орташа фермерлердің жер учаскелерінің көлемі90 га.190 га. дейін өсті, яғни 2 еседен аса көлемге артты. Мұның себебін майда кәсіпорындарға қарағанда  ірі кәсіпорындарда  100 га. жерге 5 есе аз техника мен еңбек ресурстары кететіндігімен түсіндіруге болады. 1990 жылы АҚШ-тың  43 мың ірі фермасы (олардың жалпы санындағы 2 %-дан азы) елдің барлық тауарлық өнімінің 42 %-ын нарыққа шығарды. Мұнда бір жұмыскердің еңбек өнімділігі 212,0 мың долл. құрады. Американдық экономистер елдегі фермерлік шаруашылықтардың жалпы саны 1,2 млн. аспауы керек, бұл кезде 50 мың ірі құрылым (5 %-дан төмен) 75-80 % ауылшаруашылық өнімдерін өндіреді деп есептейді. Міне осылар елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып табылады.

ХХ ғ. басында АҚШ саясатында нарық механизмдерін жетілдіру бойынша бағдарламалар қатары жүргізілді. Атап айтқанда:

—  Табыстарды ұстап тұру бағдарламасы. Негізгі өнімдер (бидай, жемдік астық, мақта, күріш) үшін компенсациялық төлемдер бағдарламасы алынып тасталып, өндірістік келісімдерге икемді жаңа бағдарламалар жасалынды. Оның мәні фермерлерге төленетін субсидиялар мөлшері нарықтың ағымдағы бағасына тәуелсіз түрде және 7 жылға белгіленетіндігінен тұрады. Өнімнің жеке түрлерін өндірушілер арасында субсидия сомаларын бөлістіру қолдау бағдарламасы бойынша бұрын қалыптасқан төлем қатынастары негізінде жүргізіледі. Заңнама қолдау бағдарламасына қатысу үшін фермерде жердің консервация жоспары болу керек деген талапты қалдырды. Заңнама бір фермаға 40 мың долл. (1990 ж. заң бойынша бір фермаға 50 мың долл.) және «үш иелігі» бар фермерлерге ереже бойынша 80 мың долл. есебінде төлем мөлшерінің шегін қысқартты- бұрын фермердің екеуден артық иелігі бар болса 100 мың долл. берілетін. /33/

— Бағаны ұстап тұру бағдарламасы. Бағаны ұстап тұру құралы болып компенсациялық төлемдер несиесі мен маркетинг қарыздарымен толықтырылатын тауарға берілетін несие бағдарламасы қалып отыр.  Кепілдік ставкалары (бағаны ұстап тұратын) өзгеріссіз қалды. Жеке өнім түрлері үшін ұстап тұру бағаларын реттеу құқығы қалыптасқан жағдайларды ескере отырып ауылшаруашылық министрлігіне жүктелді. Заң, фермер тауарға берілетін несие бағдарламасына қатысу нәтижесінде алуына болатын (бір фермаға 75 мың долл.) қосымша қадам шегінен артып кетті. Берілетін ссуда бойынша корпорациядан алынатын тауарлық-несие пайызының ставкасы өзгерді. Фермердің кепілдік өнімін 9 айдан артық сақтағаны үшін компенсация алатын, фермердің өз қоры бағдарламасының әрекеті тоқтатылды.

—  Сүтті мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы келесілерді қарастырады:

1. сүтке ұстап тұрған минималды біртіндеп төмендету, 1999 жылы 228 долл./т-дан  2006 жылы 218 долл./т-на;

2. мемлекеттің қолдауындағы өндірістегі сүт сатудан (2,5 долл./т) арнайы салықты алып тастау;

3. 2000 ж. сүт өнімдерін тікелей сатып алу бағдарламасын 218 долл./т ставка бойынша тауарға берілетін несие бағдарламасымен ауыстыру.

— Қант өндірісін қолдау бағдарламасы. Қанттың фермерлік бағасын және және оны өндірушілердің табысын ұстап тұру тарифтік квота көмегімен арзан импорт ұсынуды шектеу нәтижесінде жүзеге асырылады. Олар бұрынғы мөлшерінде қалды. Тауарға несие беру бағдарламасында квота шамасына байланысты несиені қайтару реті өзгерді. Егер квота 1,6 млн. теңгеден аз болса, онда несиеге берілген өнімді несие мерзімі өткенге дейін қарызы мен пайызын төлеп қайтарып алуы керек. Егер квота 1,6 млн. жоғары болса, онда өндіруші несиені қайтармай-ақ өнімін мемлекетке қалдыруына болады. Бірақ бұл кезде мемлекет қарамағына берілген қантқа 22 долл./т. көлемінде айыппұл төленеді.

—  Сақтандыру бағдарламасы. Бүгінде бұл бағдарламаның маңызы артуда. 1996 ж. заңға сәйкес мәдениетті сақтандыру фермерлердің мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысуы үшін міндетті шарт болып табылмайды. Бірақ, бұл кезде фермер табиғи апаттар жағдайында мемлекеттік көмектен айырылады.

— Мемлекеттік экспорт бағдарламасы (шетелдерге азық-түлік көмек): әлем үшін азық-түлік; прогресс үшін азық-түлік; майда бағдарламалар қатары; экспорттық несиенің кепілдемелері; экспорттық субсидиялар; американың агроөнімдерінің қозғалысын шапшаңдату мақсатында шетелдік нарықтардың дамуы мен экспортын ынталандыру. [17]

— Сыртқы саудадағы анағұрлым маңызды өзгерістерімен сырқы сауда бағдарламалары келесілер болып табылады:

1. нашар дамыған елдерге азық-түлік көмегі үшін, мемлекеттік реттеу кезінде қалыптасқан мемлекеттік резерв (4 млн.т.) өнімдерінің тізімін кеңейту;

2. экспорттық несие шегін бекіту (жыл сайын 5,5 млрд. долл.) және экспорттағы қайта өңдеу деңгейі жоғары өнімдердің үлесін (1996-97 жж. — 25%, 1998 ж. — 30%, 1999 — 2002 жж. — 35%) кеңейту;

3. мақта және күнбағыс майын экспорттауды қолдау бағдарламасын жою; «экспортты арттыру» бағдарламасы бойынша шығындар реттелген.

Сонымен, АҚШ пен ЕҚ елдерінің азық-түлік саясатының Қазақстан үшін сабақ алатын жерлері, біздің ойымыз бойынша келесілер болып табылады:

Біріншіден, АҚШ-тың мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясат жүйесінде анық бөлініп көрсетілген:

— өндірістік саясат;

— құрылымдық саясат;

— фермерлер табыстарының саясат.

Екіншіден, реттеуші тетіктер ретінде баға, салық, несие және инвестициялық саясаттар қызмет атқарады, ал реттеу шаралары ретінде: заңдар, мемлекеттік бағдарламалар және өндірісті квоталандыру қызмет атқарады.

Үшіншіден, АҚШ-та ауылшаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеу нарықтық экономиканың қарама-қайшылықтарын жұмсарту және азық-түлік өндірісінің жиынтық тиімділігін көтеру үшін макро және микро деңгейлерде экономикалық басқарудың мақсаттарын келісу және өзара байланыс жиынтықтарын қамтамасыз ететін экономикалық және әкімшілік әдістемелермен жүзеге асырылады. Баға мен табысты ұстап тұру бойынша шаралар бағалар бекітілген «мақсатты» деңгейден түсіп кеткен жағдайда фермерлік өнімдердің жартысын сатып алу жолымен мемлекеттік қор құруға және егін алқаптарын реттеуге негізделген.

АҚШ-тың жекелей бағдарламаларындағы қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді жою үшін 2003 жылы 2012 жылға дейін МСХ дамытудың стратегиялық жоспарын жасауға талпыныс жасалынды.

Аграрлық өндірісті дамытудың стратегиялық жоспарының тәжірибесі сөз жоқ өз жалғасын табады. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу жүйесіне сәйкес нюанстарды енгізетін, стратегиялық мақсаттарды және мақсаттық жүйелерді заңнамалық құжаттаудың қажеттігі туындайды.

АҚШ-тың агроөнеркәсіптік саясатында аграрлық өндірісті концентрациялау мен мамндандыру, бюджетке түсетін жүкті төмендететін және тиімділігін арттыратын оның кооперациясы мен интеграциясы процестерінің бірге әрекет ету бағыттары қадағаланады. Мемлекеттік фермерлік бағдарламалар ауылшаруашылық өндірісін концентрациялау, ірі жоғары тиімділікті шаруашылықтарды қалыптастыру процесін ынталандырады.

«Бүкіл әлемді тойдыруға» қабілетті, Американың символы деп саналатын шаруашылық жүргізу формасы болып табылатын «жанұялық фермаға» АҚШ Үкіметінің қатынасы түбірімен өзгеріске ұшырады. 90-жылдардың ортасында АҚШ-тың ауылшаруашылығының витринасы қызметін атқаратын 6,5 млн. жанұялық фермадан 1,7 млн. ғана қалды. Бұл уақыт ішінде Американың статистикалық мәліметтері бойынша  иелігінде 12% жері бар және ауылшаруашылық өнімінің 27%-ын өндіретін, 73 мың ірі мамандандырылған акционерлік шаруашылықтар құрылды.

Жанұялық фермалар ірі капиталистік шаруашылықтар және кооперативтермен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болып қалды. АҚШ-тың барлық жанұялық фермаларының 75%-ы шығынды болып табылады және мемлекеттік дотациялар есебінен ғана өмір сүріп отыр. Бұл фирмаларға белсенді мемлекеттік қолдау көрсету тиімсіз екендігі АҚШ конгресінде мойындалды (АҚШ-тың 1985 жылғы азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңы).

АҚШ экономистерінің болжамы бойынша жақын болашақта 55 мыңға жуық ірі шаруашылықтар барлық ішкі және сыртқы аграрлық өнімдерге қажеттіліктерді толығымен қамтамасыз етеді.

Экономикалық дамыған елдерде азық-түлік өндірісін мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары келесілер болып табылады:

1.         Өндірушілердің табыстарын қолдау. Ереже бойынша олар тікелей мемлекеттік төлемдерден тұрады, соның ішінде:

— компенсациялық төлемдер;

— табиғи апаттардан зиян шеккен кездегі төлемдер;

— өндірісті қайта ұйымдастырумен байланысты зияндарға төлемдер (егін алқаптарының қысқаруына, мал өліміне байланысты және т.б.).

2. Бағаға араласу:

— шаруашылық өнімінің ішкі бағаларын қолдау;

— квоталар мен тарифтер белгілеу;

— азық-түлік экспорты мен импортына салықтарды белгілеу.

3. Өндіріс қаржыларын пайдаланумен байланысты шығындарды компенсациялау:

— тыңайтқыштар мен химикаттарды алуға салықтық жеңілдіктер немесе субсидияландырулар;

— несие бойынша пайыздар төлемдерін субсидиялау;

— мүлікті сақтандыру бойынша төлемдерді субсидиялау.

4.  Нарықты дамытуға бірігіп әрекет етуге кіретіндер:

— нарықтық бағдарламаоарды жасау және жүзеге асыру;

— өнімді сақтауға субсидиялар;

— ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының орындалуына берілетін субсидиялар. [18]

5. Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға бірігіп әрекет етуге кіретін, келесі іс-шараларды мемлекет бюджетінен қаржыландырулар:

— шаруашылық орындардың құрылысы;

— ирригациялық жобаларды жүзеге асыру;

— жерлерді реконструкциялау;

— фермерлік бірлестіктерді құру.

— жеңілдігі бар салық саясатын жүргізу;

— ұлттыұ валютаны қолдау;

— сыртқы сауда қызметін реттеу.

80-жылдары АҚШ-та тікелей инвестиция үлесі субсидия сомасының 24%-ын құрады, Канадада-20%-ын, ЕҚ елдерінде небәрі 0,3%-ды құрады. Жекелей аграрлық өнім түрлерінің құнындағы тікелей болсын, жанама болсын субсидиялардың үлесі мемлекеттің азық-түлік саясатында сол өнімнің ролімен анықталады:  жеткілікті өнімдер құнындағы оның үлесі минималды ғана, ал мемлекет көлемін арттыру керек деп есептейтін өнімдер құнында оның үлесі өте жоғары.

Қазақстан үшін жоғары дамыған капиталистік елдер қатарына кірмейтін, өз экономикасын біртіндеп шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне ауыстыра отырып, социалистік бағытты сақтап отырған Қытай халық республикасының тәжірибесін қолдануға болады. Қытайдың экономиканы және аграрлық секторды реформалау тәжірибесі, онда нарықтық қатынастарды игеру ешқандай «есеңгірерлік» қиратулар және әлеуметтік жоғалуларсыз, өндірістік, әскери және ғылыми потенциалды бұзусыз, жеке меншікті жерге енгізбей-ақ, өнім өндірісі көлемін төмендетпей-ақ және халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайын төмендетусіз-ақ жүргізіліп отырғандықтан біз үшін құнды болып есептеледі. Керісінше , ҚХР экономиканы реформалау экономикалық және әлеуметтік мәселелерді, әсіресе азық-түлік мәселесін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қытай экономикасы шамамен 2/3-ке маркетизацияланған. Тиімді жоспар шеңберінде жүзеге асырылатын өнеркәсіптік өндіріс үлесі 5%-дан аспайды. Жеке меншік формасының құрылымы бойынша Қытай бүгінде мемлекеттік сектордағы ЖІӨ үлесін 40%-ға жеткізген аралас экономиканы көрсетеді.

Шетелдік инвестициялар жылына 40-50 млрд. долл. шамасында құйылады.

БСҰ-ға кіруімен және жаңа бесжылдыққа енуімен байланысты Қытай әлемдік экономикаға интеграциялану, ұлттық экономиканы либеризациялау және ішкі бәсекеге қабілеттілікті арттыру, белсенді қаржылық саясат жүргізу сияқты факторларға ставка жасады. Бұл реформалау барысындағы Қытайдың мемлекет ролі мен нарыққа қатынасының жаңа қадамын байқатады.

Қытай моделінің өмір сүру қабілеттілігі, ол балансталған және мемлекетті басқару, жеке бизнесті дамыту стратегиясының өзгерістері үшін ашық, шаруашылық жүргізудің әміршілдік-әкімшілік ағысымен емес, ақырындап трансформациялану процесінде  біртіндеп өсуге базаланғандығында.

Ауылшаруашылық өндірушілері мен мемлекет арасындағы өзара қатынас механизмі негізінен үшдеңгейлі жүйе түрінде көрініс табады:

1)  Егін үшін жанұялық өндірістік жауапкершіліктегі шаруа ауласы;

2)  кооператив (бригада, ферма или сельский совет), оказывающий помощь в материально-техническом, финансовом обеспечении и сбы­те продукции;

3)  мемлекет иілмелі (қатты, толқымалы, еркін) баға жүйесін сақтай отырып, өнімнің негізгі түрлеріне тапсырыс беруші және сатып алушы.

Қытай экономикалық реформасының негізгі принципі оның жоспарлы экономикасының нарықтық экономикамен үйлесімділігі. Қытай экономикасының модернизациясындағы  жоспар мен нарықтың арақатынасы туралы концептуалды жағдайды «реформа әкесі» болып табылатын Дэн Сяопин келесідегідей тұжырымдады: «Нарықтық экономиканы дамудың капиталистік бағытына ғана тән деп айту қате пікір. Жоспары көп немесе нарығы көп – бұл социализм мен капитализмнің бір бірінен айырмашылығына мүлдем жатпайды. Жоспарлы экономика социализмге тұғырнама емес, капитализмнің де өз жоспары бар; ал нарықтық экономика капитализмге тұғырнама емес, социализмде де нарық бар. Жоспар да, нарық та – экономиканы дамыту құралдары болып табылады».

Қытайлардың өздері «жұмсақ құралдар» деп атап кеткендей «социалистік жоспарлы тауарлық өндірісті» құра отырып, олар біздің елдің қалыптасуына тән, экономиканың құламалы либеризациясы, бағаның өте қатты қарқындап өсуі немесе гиперинфляция, халықтың материалдық жағдайының өте қатты нашарлауы сияқты  әртүрлі ірі әлеуметтік жоғалуларға жолыққан жоқ. Қытай экономикасы бұзылған жоқ, тек күшейді, елдің қорғаныс потенциалы халықтың тұрмыс деңгейін қайта – қайта көтерді.

Экономикадағы қайта құқруды ҚХР азық-түлік қауіпсіздігі мен халқының тұрмыс жағдайы даму деңгейінен байланысты болатын аграрлық секторды реформалаудан бастады. Аграрлық өнімдерді сатып алу бағасын өте қатты көтере отырып, кешендік шаралармен жанұялық мердігерлікті кеңінен енгізумен қайта құру басталды. Бұл алғашқы бес жылдың өзінде өндіріс өнімін 3 есе арттыруға, және шаруа табысын 3 есе кеңейтуге мүмкіндік берді. Бірақ, бұл кезде жер мемлекеттің меншігінде қалады. Жанұялық мердігерліктің жетістігі ауылшаруашылық саласынан түсінігі бар, елдегі ауыл тұрғындарын мердігерлікке тартумен қамтамасыз етілді. Қытайдың Қазақстаннан ерекшелігі осында., онда реформалау басында-ақ қайда халық көп болса, солар қалалық болып саналды. Қытай халқының 80%-ға жуығы ауылдық жерлерде тұрады.

Қытай мамандарының ойы бойынша аграрлық реформаның жетістігі келесілермен байланысты:

— реформалаудың бүкіл кезеңінде елдегі саяси тұрақтылық ел экономикасындағы ауылшаруашылығының жетекші ролін білдіреді;

— жаппай шаруалардың инициятивасымен басқару стилінің өзгерісі;

— өзін-өзі қаржыландырудың қажеттілігі мен реформалаудың міндеттерін шаруалардың қалтқысыз түсінуі;

— мемлекеттің таразыланған аграрлық саясаты;

Болашақта аграрлық сфераны нарықтық қатынастарға көшіру бойынша Қытай үкіметінің ерекше саяси әдістемелері келесілер болып есептеледі:

— ауылшаруашылығындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын тұрақтандыру;

— жаңа жерлерді игеру есебінен ауылшаруашылық егіс алқаптарының көлемін кеңейту;

— ауылдарда ирригациялық және инфрақұрылымдық құрылыстарды кеңейту;

— ел территориялары бойынша аграрлық өндірісті орналастыруды жетілдіру;

— АӨК-нің 1-ші және 3-ші сфераларын дамытуды жеделдету;

— ғылым мен аграрлық білімнің болашақтағы дамуы, ауыл кадрларын даярлау және біліктілігін көтеру жүйесін қалыптастыру;

— аграрлық өндірісте ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін тиімді игеру.

Қазақстанға өз елі үшін стратегиялық маңызды тауар ретінде күріш импортын барынша шектеу (мүлдем тыйым салу) мүмкіндігіне қол жеткізген, сыртқы сауда ұйымының «ерекше режим» принципіне негізделген Жапония тәжірибесін де қолдануға болады. Бұл жағдайда Қазақстанға астық импортын шектеуге болады. [19]

#Азық #түлік #қауіпсіздігімен #қамтамасыз #етудің #шетелдік #тәжірибелері #TopReferatcomkz #Қазақша #рефераттар #курстық #дипломдық #презентация

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз