негізгі көріністер

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




негізгі көріністер

Автор: Нугманова Айза Едилболатовна

Бағыты: Сызу Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-17


Материал туралы қысқаша түсінік

Негізгі көріністерді орналастырып , басты көріністерді табу және көріністерді дұрыс орналастыруды үйренеді




Тақырыбы«Негізгі көріністер»Мақсаты. Негізгі көріністерді орналастыру туралы білім жүйесімен қаруландыру, басты көріністерді табу және көріністерді дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды тиянақтылыққа, ынталылыққа, ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгеруСабақтың әдісі: түсіндірмелі, ақпараттық технология, деңгейлік тапсырмаларКөрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, суреттер, оқулық, бағаланатын жетон                                        Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Өткен тақырыптарды қайталау1-слайд: Проекциялау деген не? /Проекциялау дегеніміз нәрсенің проекциясын салу процесі/

Проекциялау  қандай түрлерге бөлінеді? /Центрлік және параллель/ Суреттен мысал келтіру.2-слайд: Мысалы, краннан шелекке су аққанда шелектің ізі қандай болады?  / шелектің түбінің диаметрі үлкейеді /3-слайд: Мысалы, жерде тұрған шелекке жаңбыр жауса, ізінің көлемі қандай болады?/ бірдей /4-слайд: Егер проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, онда ол центрлік проекциялау деп атайды.5-слайд: Егер проекциялаушы сәулелер бір-біріне параллель болса, онда ол параллель проекциялау деп атайды. Соның ішінде параллель проекциялау қиғашбұрышты және тікбұрышты проекцияға бөлінеді.6-слайд: мысалы, жаңбыр желмен біыңғай жауып тұрса, ол жермен сүйір бұрыш жасайды, сондықтан оны қиғашбұрыш проекциялау деп атайдыЕгер жаңбырдың тамшылары жермен тік бұрыш жасаса, онда ол тікбұрышты проекциялау деп атайды.7-слайд: Екі нұсқамен берілген тапсырманы орындайсыңдар: сандармен белгіленген элементтерді атаңдар. Орындауға 4 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап берілген саны бойынша бағаланады.

І – нұсқа                                                                    ІІ — нұсқа8-слайд: Дұрыс жауабы – 1- фронталь проекция                 6 –Z осі2-куб                                                            7 – профиль проекция3- фронталь жазықтық                              8 – профиль жазықтық4 – Х осі                                                      9 —  У осі5 – горизонталь проекция                     10 – горизонталь жазықтықОқушылар бір-бірін бағалайды.ІІІ. Жаңа тақырып хабарланады: Негізгі көріністер /9-слайд/10-слайд: Көрініс – бұл бақылаушыға қараған нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескініМысал келтіріледі.11-слайд:  Сызбадағы кескіндер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына тік бұрыштап проекциялау нәтижесінде алынады. Текшенің алты жағы бар.12-слайд: 1- Алдыңғы(басты) көрініс,  2Үстіңгі көрініс,   3- Сол жақ көрініс,    4-Оң жақ көрініс,   5-Астыңғы көрініс,   6-Артқы көрініс. Бірақта, біздер еуропалық жүйесімен үш көріністі аламыз, оларалдыңғ, үстіңгі және сол жақ көріністер. Нәрсенің  алдыңғы көрінісі  туралы  толық мағлұмат беретіндей етіп орналастыру керек. Сондықтан оны басты көрініс деп атайды.13-слайд: Басты немесе алдыңғы көрініспроекциялардың  фронталь жазықтығында шығатын кескін14-15 слайд: Үстіңгі  көрініспроекциялардың горизонталь жазықтығындағы кескін16-17 слайд: Сол жақ көрініс –  проекциялардың профиль жазықтығындағы кескін18-слайд:Көріністерді сызбада орналастыруБасты немесе алдыңғы көрініс     Сол жақ көрініс  Үстіңгі  көрініс 19-слайд Кейде сызбадағы толық көріністің орнына бір бөлігін ғана қолданатын жағдайлар боладыЖергілікті көрініс дегенімізнәрсе бетінің жекелеген, шектеулі бөлігінің кескіні.20-слайд:Сызбадағы көріністер саны ең аз болуға тиіс, бірақ нәрсенің өлшемдері мен пішінін толық айқындауға жеткілікті болуы керек.21-слайд:Сызбада ось координаталар және көмекші сызықтар жүргізілмейді, бірақта көріністер стандарт бойынша дәл бір-бірінің бойында орналасуы тиіс.ІҮ. Бекіту.  22-слайд:Сызбаға қарап нәрсенің үш көрінісін табуЖауабы: 4,   3,  Б23-слайд:Сандармен белгіленген 6 тетікбөлшектің екі көріністері мен әріптерменБелгіленген көрнекі кескіндері берілген. Әр кескіннің көріністерін табыңдар.24-25 слайд: Блиц-сұрақтарДұрыснемесеҚате

Көрінісбұл бақылаушыға қараған нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескіні +
Алдыңғы көрініспроекциялардың профиль жазықтығындағы кескін
Үстіңгі  көрініспроекциялардың горизонталь жазықтығындағы кескін +
Сол жақ көрініс –  проекциялардың фронталь жазықтығындағы кескін
Алдыңғы көрінісол басты көрініс +
Сызбада көріністердің саны көп болу керек

Ү. Өзіндік жұмыс.26-слайд: Графикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.Нәрсенің үш көрінісін сызу:

  • Басты (алдыңғы), үстіңгі және сол жақ көріністерді анықтау.
  • Үш көрінісін сызу.

Сызбада проекциялық байланыс болсын!Стандарт бойынша сызық түрлерін орынды қолданыңыз!ҮІ. Бағалау.ҮІІ. Үй жұмысы: 4.12 сурет







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.