Мультимедиялық технологиялардың қолданылуы | Скачать Курстық жұмыс

0

Жоспар

Кіріспе

1 ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮСІНІГІ
1.1 Интерактивті құрылғыларды сабақ барысында пайдалану
1.2 Мультимедиялық технологиялардың қолданылуы
1.3 Жаңа ақпараттық технологияны қолдана өткізілетін сабақты ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар.

2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР АРҚЫЛЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
2.1 Интерактивті құралдардың көмегімен оқушының шығармашылығын дамыту
2.2 Интерактивті құралдардың ерекшеліктері
2.3 Оқу процесінде интерактивті тақтаны пайлана отырып,
оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары атты сабақ жоспары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Әлем ақпараттық қоғамға аяқ басқан қазіргі заманда ақпараттық мәдениет деңгейі кез-келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Біздің еліміз үшін де басты міндетердің бірі — білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев дәстүрлі 2007 жылғы 28-ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің болашақ мамандарын дайындау үдерісінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелерін атап көрсетті. Осы бағытта қазіргі кезде қол жеткен нәтижелер келешекте — Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру мамандары үшін жолдаудағы он сегізінші бағыттың маңызы ерекше, онда Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр, — деп көрсетті.
Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай, ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен қатар, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты дамуда. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты — білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру. Қазіргі уақытта іс-әрекетте жоғары сапаға жетуді, өз бетінше негізделген және ықпалды шешім қабылдай алуды ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар өндірісте, кәсіпорындарда, құжат өңдеу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданылуда, оның қамтитын іс-әрекет саласы зор қарқынмен өріс алуда. Өңделетін ақпараттың көлемі мен күрделілігінің тұрақты өсуіне орай қоғамда оны бейнелеудің жаңа түрлері талап етілуде.
Ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің барлық саласына ендіру білім беруге қойылатын жаңаша талаптарды айқындай түсті. Білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттер жетерлік. Бұл тақырыпты кеңінен зерттеп, еңбектерін арнаған көптеген ғалымдар бар. Атап айтсақ, П. Г. Захаров, А. А. Кузнецов, В. М. Монахов, В. И. Пугач, И. В. Роберт, Е. Ы. Бидайбеков, Т. О. Балықбаев, С. Кариев, Г. Т. Жангисина, М. Мәлібекова, К. С. Әбдиев, С. А. Исаев, К. М. Беркімбеков және т,б.
Зерттеу нысаны — бастауыш кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану үрдісі.
Курстық жұмыстың мақсаты — оқушылардың интерактивті құрылғылар арқылы құзіреттілігін дамыту.
Ақпараттық қоғам жағдайындағы білім беру жүйесінің басты талаптары мен жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінің нәтижелерін ескере отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде ақпараттық технологияларды қолдану бүгінгі күннің басты талабы, ал оның негізгі техникалық және педагогикалық мүмкіндіктерін дамыту маңызды болып саналады, сонымен қатар, одан ары зерттеуді қажет етеді.

1 ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮСІНІГІ

1.1 Интерактивті құрылғыларды сабақ барысында пайдалану

Мультимедиялық технологиялар білім беру процессін толықтыра отырып, оқыту ақпаратынын қабылдау процесінде білім алушының, яғни оқушының көптеген сезу компонентерін тару арқылы қабылдаған ақпараттың барлығын зердесінде сақтауды одан да тиімді етеді.
Қазіргі уақытта мультимедия-технологиялары — бұл білім беру процесін ақпараттандырудың ең бір жарқын болашағы бар бағытарының бірі. Қазіргі заман ақпараттық технологияларын білім беру саласында сәтті түрде қолана білудің бірден-бір тиімді жолдарының бағдарламалық және әдістемелік қаматамасыз етуді жоғарлатып, материалдық базаны толықтыру, сонымен қатар міндетті түрде ұстазадардың квалификациясын жоғарлату болып табылады. Мультимедия және гипермедия-технологиялар өз ішінде күшті оқыту ресурстарын интеграциялайды, олар ең алдымен ақпараттық және коммуникативтліктік компетенциялары туындайтын және қалыптасатын ортаны қамтамасыз ете алады. Мультимедия және телекоммуникациялық технологиялар жалпы білім беру ісіндегі бұрын шешім таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Мультимедия негізіндегі интерактивті технлогиялар Интернет-комуникациялар базасында, әлде интерактивті СD-курстары немесе мектептерде спутникті Интернетті қолдану арқылы ауыл мектепетрінің артта қалушылық проблемасын шешудің тиімді жолын ашты.
Мультимедиалық технологиялар — бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программапық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық күжаттарды дайындау тәсілдері.
Гипермедия — бұл мультимедиялық объектілердің арасында қатынауды қамтамасыз ететін сілтемелер арқылы біріккен компьютерлік файлдар.
Әрине мектептерде компьютерлік сыныптарды ұйымдастыруда Интернет-технологиялар назар аудартарлықтай, бірақ актуальды ақпаратты алу мүмкіндігінің артықшылығымен, барлық әлеммен дерлік сұхбаттасу мүмкіндігімен қамтамасыз еткенімен, оның да маңызды кемшіліктері артып жатыр: бұл нашар байланыс желілерінде үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс жасаудағы қиындықтары (ал бұндай аймақтар ҚР-ның шалғай аудандар мен ауылдық желерде көп) мен байланыс желісінсіз жұмыс істей алмау. Бұндай кемшіліктер CD ROM және DVD атты оптикалық компкт дискілерінің қолданылуымен жойылады. Қолда бар бағдарламалық қамсыздандырулар, соның ішінде дайын электронды оқулықтар және кітаптар, сонымен қатар жеке бағдарламалар мұғалімге ілім беру барсын тиімді етуге көмектеседі. Мұғалімнің ақпаратты іздеу мен алудағы көмекшісі, сонымен қатар өз әріптестерімен байланысу құралы Интернет болып табылады.
1.2 Мультимедиялық технологиялардың қолданылуы

Қазіргі уақытта мұғалімдер оқушылар бойында сабақ барсында оқуға деген қызығушылық деңгейінің төмендеуімен, өз бетінше жұмыс істеудеге салғырттық, тіпті оқуға деген қызығушылықтары болмаумен байланыста проблемаларға тап болуда. Балалардың оқуға деген қызығушылықтың жойылуының бірден-бір себептерінің бастысы, әсіресе, сабақтардың бірсарынды өтуі болып табылады. Күнделікті ұстаздың ізденіссіздігі сабақ беруде бірсарындыққа әкеп соғады, ал бұл бірқалыптылық өз кезегінде баланың бойындағы қызығушылықтың жойылуына басты себеп болады. Сабақты ұйымдастыруға тек шығармашылық тұрғыдан келу, оның қайталанбастығы, мысалдардың, әдістердің және ұйымдастыру формаларының әр алуандығы ғана сабақтың тартымдылығын, оқушылардың қызығушылығын арттыра алады. Оқушының танымдық деңгейін арттырудың көптеген тәсілдері бар. Олардың бірі бұл оқушылардың танымдық деңгейін арттыру мен олардың зейінін аудартуға көмектесетін видеофильмдер мен мультимедия технологияларды қолдану.
Білім беру орындарында практикалық жұмыстарына қарқынды түрде ақпаратты экрандық түрде ұсынудың жаңа бастауларының енуі видеоәдісті бір бөлек оқыту әдісі ретінде ерекшелеп алуға мүмкіндік береді. Видеоәдісті білімді ұсыну үшін, бақылауды, тұрақтандыруды, қайталауды, жалпылауды ұйымдастырда қодануға болады, ол барлық дидактикалық функцияларды орындайды. Бұл әдіс ақпаратты көрнекі түрде қабылдау негізіне сүйенеді. Берілген әдістің оқыту және тәрбиелеу функциясы көрнекі сұлбалардың жоғары тиімділіктігіне негізделеді. Қөрнекі түрде ұсынылған ақпарат қабылдауға жеңіл және бала зердесінде жақсы, әрі жылдам сақталады.
Білім беру процесінде видеоәдісті қолданы мынадай мүмкіндіктер береді:
* Оқушыларға зерттелетін құбылыс және процесс туралы толық, әрі ақиқат ақпарат беру;
* білім беру процесіндегі көрнкекіліктің маңыздылығын арттыру;
* оқушылардың сұраныстары мен қызығушылықтарын қанағаттандыру;
* мұғалімнің техникалық жұмысының білімді басқару мен коррекциялаумен байланысты бір бөлігінен босату;
* тиімді кері байланысты орнықтыру;
* толық, әрі жүйелі басқаруды, үлгірімді объективті түрде тіркеуді ұйымдастыру.
Видеоәдістің көмегімен көптеген дидактикалық және тәрбилеу алғышарттары шешіледі. Ол мына жағдайларда әсіресе тиімді:
1. жаңа материалды түсіндіруде;
2. күрделі механизмдердің, процестердің, графикалық моледьдердің әрекеттер принципінің динамикасын түсіндіруде;
3. ауқымды жұмыстық процестерді бақылауда;
4. видеоқұжаттарды ұсыну, өмірмен байланысты күшейтуде;
5. құрылғының ішкі бөлігінде іске асатын жасырын процестерді бақылауда;
6. оқу-жаттығушылық және зерттеу жұмыстары үшін мәліметтер қорын құруда;
7. білім беру процесін рационализациялау, оның өнімділігін арттыру, ғылыми ақпартатты тасымалдау және қабылдаудың оптималды көлемін педагогикалық басқару сапасын арттыру жолымен қамтамасыздандыруда.
Берілген әдістің тиімділігі видеоұсынымның сапасы мен қоланылған техникалық құралға тура тәуелді болады. Видеоәдіс оқыту процесін ұйымдастыруына үлкен талаптар қояды, ол өзінің айқындығымен, ойластырылғандығымен және мақсаттығымен ерекшеленуі тиіс. Видеоәдісті қолданушы ұстазадан зерттелетін проблема шеңберіне оқушыларды ендірудің, олардың әдекеттерін бағыттай отырып, жалпылама шешімдер алуының, жеке-дара көмек көрсетудің жоғары іскерлігін талап етіледі.
Заман талабына сай мультимедия-технологияларын информатиканы оқытуда қолдану зерттеліп жатқан бағдарламалық қамсыздандырудың мүмкндіктерін көрнекі түрде беруге мүмкіндік береді, сонымен қатар слайд-презентациялар оқытудың тиімділігі мен мотивациялығын арттыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта ақпараттық технологияларды қолдану білім беру мазмұнына, формасы мен әдістеріне үлкен ықпалын тигізіп жатқан фактісін ешкім жоққа шығара алмайды. Мектептегі білім беруде мультимедиялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдей алды. Оқыту ақпараттарын интерактивтілікпен үйлестіре әр түрлі көркем ұсыну мүмкіндігімен қоса, мультимедия жаңа сапалы білім беру деңгейімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар компьютерлердің техникалық құралдарының дамуымен бірге мултимедиялық ортаның визуальді ұйымдастырылуы да өзгере түседі. Үшдеңгейлі графиканы қолдану мүмкіндігі дәстүрлі кітап метафорасын жүзеге асыратын гипермәтінді беттерден тұратын электронды оқулықтардан жаңа әлем метафорасының негізінде ұйымдастырылған интерактивті білім беру ортасына көшу мүмкіндігін береді. Енді экран мониторы оқушы үшін жаңа үшдеңгейлі білім әлеміне терезе есебінде қабылданатын болады, ондағы нақты объектілердің сұлбалары виртуалды модельдермен қатар әрекет етеді. Оқушыларды оқытуда қазіргі заман ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі шарттары мыныалар: компьютерді заман талабына сай оқыту құралы есебінде пайдалану; компьютермен интерактивті сұхбатқа оқушылардың мұғаліммен әрекеттесуде мүшелік қосылу; ақпаратттық технологияларды қоладануда оқушылардың өзбетімен білім алу ролін арттыру. Білім беру процесін оптимизациялау қазіргі уақыт ақпараттық технологиялар шарттарында бағдарламалы-шығармашылық проектерін қолдануға негізделуі мүмкін.
Шығармашылық проектіні құру дегеніміз оқушылардың жаңа, тиімді, бәсекеге қабілетті, адамның ақпратқа деген қажетілігін қанағаттандыратын және сатып алушылар жағынан сұранысқа ие болатындай өзбетімен орындайтын жұмыс. Проектіні орындау танымдық және тәрбиелік функциялардың, шығармашылық мүмкіндіктерінің, логикалық ойлаудың артуына, политехникалық білім, білік пен дағдының тереңдетілуі мен пысықтауға өз ықпалын тигізеді. Оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптасытыру олардың бойында танымдық әрекетті дамыуға бағытталады. Бұған оқу материалын игерудегі мақсатын анықтау арқыла оқушылардың интеллектуалды активтілігін ұстап тұру және оқушыларды компьютердің интерактивті жүйелік ортасына енгізу; оқу мотивациясын оқытудың ішкі себептері мен бағалылығын анықтау арқылы жоғарылатыу; оқыту технологияларын қолану арқылы өзбетімен білім алу білігін дамыту көмектеседі.
Қазіргі оқушыға білім беруді ұйымдастырудың келесідегідей негізгі методикалық ерекшеліктерін ұсынуға болады:
1) компьютерлік сыныптарда мультимедиялық презентация-ларды қолданумен өтілетін сабақтар мультимедиялық проекторларды, резиденттік анықтамаларды, автоматтандырылған оқыту жүйелерін, бағдарламалар жұмысының барысы кескінделген видеожазбаларды қолданумен өткізіледі;
2) практикалық сабқтарда әр оқушыға жеке жұмыс жасйтын комьютер беріліп, оның сынып шифрі мен оқушының фамилиясы атымен аталатын өз бумасы болуы тиіс;
3) мұғалім әр білім алушыға берілетін ақпаратты жақсы қабылдауға көмектесетін жеке тұлғалық оқыту бағдарламалары мен көпдеңгейлі тапсырмалар (практикалық және лабораториялық жұмыстар) қорымен қамтамасыз ете алуы;
4) берілетін білімнің көп бөлігін түрлі іскерлік ойындар көмегімен ұсыну өте тиімді; тапсырмалар есебінде өмірдегі мектеп бітіруші алдына қойылатын көпнұсқалы, әрі таңдауды қажет ететін түрлі сауалдардарды алуға болады;
5) проект құру әдісі қолдану шеңберіндегі берілетін бір үлкен көлемді тапсырма келесі бір практикалық жұмыстарда және графикалық-есептегіш жұмыстарында одан әрі толықтырыла, кеңейтіле түсіп, үлкен көлемді тәмамдалған жүйелі құрылымға айналуы тиіс;
6) бағдарламалардың негізгі бөлімдерін зерттеудің параллелдік және негізделген мүмкіндіктері қарастырылуы тиіс; бұл білім алушының курсты қабылдау барысында әр бөлім бойынша терең білім ала отырып, барлық талданған материалдыр бойынша жалпы тұтастығын сақтауға көмектеседі;
7) танымның мақсаттығы, қабылдаудың жан-жақтығы сияқты өткір жүйелі-ақпараттық талдаудың өзара әрекеттесетін ұстанымдарына сүйену керек;
8) білім беру барсында қолдануға болатын оқушылардың маңызды бағдарламаларды (құжаттар, кестелер, мәліеттер қоры) құруды қарастыруға негізделетін оқытудың проблемелық әдісін кеңінен қолдану керек.
Білім беру саласында мультимедиялық технологияларды қолдану дәстүрлі технологияларға қарағанда төмендегідей артықшылықтарға ие:
* түрлі түсті графиканы, анимацияны, дыбыспен көркемдеу, гипермәтінді қолануға болады;
* тұрақты түрде жаңартулар енгізу мүмкіндігін береді;
* баспаға шығару мен көбейтуде аз мөлшердегі шығындарды қажет етеді;
* оның ішіне интерактивті веб-элементтерді, мысалы, мәтіндер немес жұмыс дәптерлерді орналастыру мүмкіндігін береді;
* көптеген гиперсілтемелер арқасында материалды сызықты түрде қарастырмауға болады;
* цитаталау мақсатында көшіру немесе орынауыстыру мүмкіндігін береді;
* электорнды кітарханалар мен оқыту сайттарындағы қосымша әдебиеттермен гипер байланыс орнату мүмкіндігін береді.
Мультимедия оқушының білім алудағы мақсаттылығын бағыттауға алғышарт болатын вербальді және көрнекі-сезімдік ақпаратты қатар ұсына алады. Мультимедия компьютерлік технологияларын қолану арқылы оқу материалын баяндау аудиториялық сабақтар әр оқушыға түсінікті болып қана қоймай, сонымен қатар уақытты үнемдеу мүмкіндігін береді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуды игертіп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарын қалыптастыруына жол ашуы керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушыларыдың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагоикалық технологиялардың тиімділігі жоғары. Қазіргі білім беру барысына мультимедиялық технологияларды енгізу бірқатар жақсы жақтарымен көрінуде, алайда бірнеше қиындықтар да кездесіп жатады. Бір жағынан алып қарасақ арнайы проектордың көмегімен мультимедия-технологиялыны қолдану арқылы өтілетін сабақатр зертеттелетін бағдарламалық қамсызданыдыру мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсетуде уақытты үнемдеп, сол арқылы оқу материалын мазмұндауды жеңілдетсе, келесі жағынан мультимедиялық материалдарды дайындауға және сабақты ұйымдастыруға қосымша талаптар жүктейді.
Ақпараттық мультимедиялық технологияларды ендіру оқыту процесінің технологиялық және нәтижелік жағын арттырады. Әрине бұнда да түрлі қиындықтар мен қаталіктер кездеседі және оларды болашақта да орығытып өту мүмкін емес. Бірақ ең басты жетістік бар — бұл оқушылардың қызығушылығы, олардың шығармашылыққа дайын болулары, жаңа білім алуға деген құлшыныстары мен өзбетіндікті сезінулері. Компьютер әр сабақты өзгеше ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осы тұрақты жаңашылықты сезу оқуға деген қызығушылықтың кепілі бола алады.
Сабақта мультимедиялық технология арқылы ақпараттың интерактивтілігі, құрылымдығы және визуализациялығының арқасында оқушының мотивациялығының күшеюі мен оның сезім және ішкі сана-сезім деңгейіндегі танымдық әрекеттігінің ұлғая түсуіне жол ашады.
Ақпараттық арналардың ішіндегі визуальділік — бұл ең күштісі, сондықтан оның оқыту саласында мультимедиялық құралдар арқылы қолдану одан әрі дамытылуда. Бірақ бұл басқа медиялардың маңыздылығы мен мәндігін жоққа шығара алмайды. Мысалы, оптимальды дыбыстық сүймелдеуді таңдау көмегімен әр мультимедиялық оқулық үшін өзіндік бір ырғақтық доминантты құру материалды қабылдаудың тиімділігін ауыз толтырып айтатындықтай деңгейдеге көтереді. Басқа медиялармен байланыса мультимедиялық оқулықтарда пернетақта мен тышқанның ойластырылған өзара әрекеттестігі берілген білім беру технологиясының артықшылығын көрсетеді. Ол мануальдық жаттығулар есте сақтауды еселей түсуіне негізделген. Контурлық карталарды салдырту кездейсоқтық емес — ол қолды жаттықтырады және жақсы есте сақтауға көмектеседі, мануалдық жаттығулар да осы ұстанымға негізделеді.
Авторлық сана-сезімнің индивидуальдық туындылары (мәтін, сурет, дыбыстық рет, видео) жаңа бір жүйе құрайды. Сценариді құру (өнімнің мақсаттық беталысына сәйкес одан күтілетін барлық функциональдық мүмкіндіктерін есептеу) барысында бір-бірімен әрекеттесуде олар дербестігін, өзбетінділігін жоғалтады. Мультимедиялық шығарма осы өзара әрекеттесуде бөлек-бөлек алынған шығармаларда кездеспейтін қасиеттерге ие болады. Себебі ғылымда (лингвистика, өнертану және т.б.) ақпараттың бейнеленуінің осы бір бөлек формалары бойынша мәліметтер жинақталған, ал мультимедиялық ортаның қасиеттері енді ғана зерттелуде. Яғни, мультимедияның қолданылуының тиімділігі оқытудың алдына қойылып отырған қандайда бір мақсатына байланысты — үйрету, жұмыс істеу білігін қалыптастыру.
Әрине, мультимедиялық технологиялар білім беру процесін қанықтыра түседі, оқушының көптеген сезімдік компонентерін қабылдау процесіне тарту арқылы оқытуды барынша тиімді етеді. Г.Кирмайердің зерттеулер бойынша оқыту процесінде интерактивті мультимедиялық технологияларды қолдануда меңгерілген материалдың бөлігі 75%-ды құрады. Мүмкін бұл тек оптимистік бағалау ғана шығар, бірақ қабылдау процесінде визуальды, әрі дыбыстық құраушыларының қатар жүруі оқу материалын меңгеруді арттырудағы тиімділігі компьютер пайда боламай тұрғанның өзінде-ақ белгілі болған. Мультимедиялық технолгиялар оқыту көрнекіліктерін статистикалықтан динамикалыққа түрлендірді, яғни зерттелетін процестерді уақыт өлшемінде анықтауға мүмкіндік туды. Уақыт өлшемінде дамитын процестерді модельдеу, осы процестердің өлшемдерін интерактивті түрде ауыстыру мультимудиялық оқыту жүйелерінің маңызды дидактикалық басымдылығы болып табылады.
Мультимедиялық технологияларды қолану тәжірижесі мынаны көрсетті:
* оқушылардың жұмысқа деген қызығушылығы мен олардың активтілігі бірден артатуы;
* алгоритмдік ойлау стилі дамиды, оптимальды шешім қабылдау білігі мен вариативті әрекет ету қалыптасады;
* мұғалім көптеген жұмыстардан босайды, алынған нәтижелер негізінде шығармашылықпен айналысу мүмкіндігі туады.

1.3 Жаңа ақпараттық технологияны қолдана өткізілетін сабақты ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар.

Мультимедиалық оқыту презентацияларын дайындауда бір жағынан оқыту курстарын құрудың жалпы дидактикалық ұстанымдарын, экраннан және баспа негізінен ақпаратты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерінің берілген талаптарын, эгрономикалық талаптарды қарастырып, келесі жағынан телекоммуникациялық желілердің бағдарламалылық құралдары мен қазіргі ақпараттық технологиялардың бізге ұсынатын мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз қажет. Мультимедиялық технологияларың тиімділігі қолданылатын материалдарының (оқыту курстарының) сапасы мен осы процеске қатысатын мұғлімнің шеберлігіне байланысты. Сондықтан мультимедиялық презентацияларды мазмұнды ұйымдастырылуы (презентацияны проектілеу және оны қолдану процесінде де) приоритетті болып табылады. Бұдан қазіргі мультимедиялық презентацияларды қолдану арқылы өтілетін сабақты ұйымдастырудың педагогикалық концептуальды ұсыныстардың маңыздылығы көрінеді.
Мультимедиялық презентацияларды құру барысында келесі талаптарды есте ұстау қажет:
Мотивация. Мотивация — сабақтың ағымының басынан бастап, аяғына дейін ұсталатын оқытудың қажетті құраушысы. Оқушы алдына нақты анықталған мақсаттың қойылуының мәні зор. Егер қойылған мақсат оқушының дайындық деңгейіне сәйкес келмесе, мотивация тез төмендейді.
Оқыту мақсатын қою. Оқушы компьютерде жұмыс жасауының басынан бастап одан не талап етілетіндігі туралы хабардар болуы керек. Оқыту мақсаты сабақ барысында нақты, әрі айқын түрде берілуі тиіс.
Оқыту материалын қабылдауға сипаттама құру. Оқыту материалын қабылдауға сипаттама құру үшін оқулық комплекісіне енетін немесе мұғалімнің өзі даярдаған көмекші материалдар пайдалы болады.
Оқу материалын ұсыну. Оқу материалын ұсынудың стартегиясы оқыту барысында шешілетін есептерге байланысты таңдалады. Дисплей экранына берілетін кадрлерді көрекмдеу ең басты проблемалардың бірі.
Бағалау. Компьютерде жұмыс істеу барысында оқушы берілген оқыту материалымен қандай деңгейде жұмыс істеп жатқандықтар жөнінде білулері керек.
Мультимедиялық презентацияларды құруда тек классикалық дидактиканың ұстанымдарына ғана негізделуге болмайды, сонымен қатар компьютерлік мультимедиялық презентацияларды қоланудың спецификалық ұстанымдарын да ескеру керек.
Мультимедиялық презетацияларды құрастырушы-ұстаздарға берілетін ұсыныстыр:
oo әр материалды белгілі бір деңгейде жене аяқталған кішігірім бөліктерге бөліктеңіз;
oo әрбір деңгейде келесі материалдың бөлек бөліктеріне нұсқаңыз, үлкен үзілістерсіз оқушының қызығушылығын тудыратын, бірақ толық қанағаттандырмайтындай етіп бөлек мәліметтер ұсыныңыз;
oo келесі деңгейде жаңа материалды зерттеуде қайта алдындағысы қайталанатындай етіп материалды ұйымдастырып, орналастыру керек.
Материал сізді қызықтыруы тиіс. Беделді ақпарат көзі, белгі және концепцияларды қолдану ұсынылып отырған материалға деген үлкен қызығушылықпен қарауды қамтамасыз етеді. Түрлі графика, анимация мен имитацияларды қолдану интерактивті курстардың тартымдылыған арттыра түеді.
Электрондық материалдарды дайындауда мультимедия-технологияларын қолдану өз заңдарын ұсынады және құру әдістері мен амалдарына нақты талаптар қояды.
Мультимедиылық оқыту презентациялары мұғалімге материалды ыңғайлы, әрі көрнекі түрде оқушылар назарына ұсынуға көмектеседі. Қарапайым графкалық құралдардың өзін пайдалану өте тиімді болып табылады.
Шебер құрылған презентация оқушының зейінінаудартуға және оқуға деген қызығушылығын тудыруға жәрдемдеседі. Алайда спецэффектілермен байланысты презентациялардың сыртқы жағымен құмартуға болмайды. Егер сіз шамадан тыс құбылтатын болсаңыз, онда презентацияның жалпы тиімділігі төмендейді. Беріліп жатқан материал мен оны тартымды ететін эффектер арасында оқушылар қызығатындай және жалықтырмайтындай баланс табу керек. Бұл ереже барлық презентациялар үшін ақиқат, әсіресе оқыту презентациялары үшін.
Егер сіз мұғалім болсаңыз, онда сіз оқушылар сізді тыңдай отырып, сонымен қатар түсінулерін және де алған білімдерін практика барысында қолдана алатындай жағдайда болуын қалайсыз. Интерактивті мультимедиялық оқыту презентациялары — осы амалды іске асырудың бір тәсілдерінің бірі. Оқу процесінде мультимедиялық презентациялар мен практикалдағы зерттеуді шығармашылықпен ұштастыру көбіне тамаша нәтижелерге қол жеткізеді.
Презентациялар типтері
* Сценарилі. Оқу аудиториясына ақпаратты ұсынудың ең ыңғайлы түрі. Мұнай презентациямен берілген материал жақсы ұйымдастырылған және оның одан әрі тартымды бола түсу деңгейін жоғарлату үшін өзгертулер енгізу өте оңай.
* Интерактивті. Мұндай презентациялар оқу материалын ұсыну мен материалды мазмұндайдың тереңдік деңгейін таңадау және де ақпаратты оқу аудиториясының қабылдауына қарай ақпаратты адаптациалау мүміндігін береді. Интерактивті презентациялардың көмегеімен әр оқушы өзбетімен пән туралы ақпаратпен танысуды жүзеге асыратын оқу материалдары бойынша индивидуальды экскурсиялар жасауына болады.
* Өзібетімен орындалатын. Аяқталған ақпараттық өнімдер. Мұндай презентацияларды сайтқа немесе дискета, компакт-диск, видеокасетаға орналастыру арқылы сабақ барысында немесе үйде өзбетінше оқу үшін аудиторияға ұсынуға болады.
* Оқыту презентациялары мұғалім мен білім алушыға оқу материалын ыңғайлы, әрі көрнекі түрде ұсынудағы таптырмас көмекші. Өте қарапайым графикалық эффектердің қолданылуының өзі өте тиімді болмақ.
Интерактивті презентация — бұл қажеттілік деңгейіне қарай өз әрекеті арқылы адамға керекті ақпаратты іздеп, табу мүмкіндігін беретін компьютер мен адам арасындағы сұхбат. Қолданушы өзі үшін қай материалдің маңыздырағына қарай шешім қабылдап, экран бетінде таңдау жүргізеді, яғни қажетті объектіге тышқан нұсқағышын апарып, шерту арқылы немесе пернетақта пернесін басу арқылы интерактивті презентацияны басқарады. Компьютер сұраныс жасалған ақпаратты ұсыну арқылы жауап қайтарады.
Барлық интерактивті бағдарламалардың ортақ қасиеті бар: олар оқиғалар арқылы басқарылады. Бұл дегеніміз қандайда бір оқиға орындалса, мысалы, перненің басылуы немесе нұсқағышты экран объектісіне позициялау, онда бағдарлама жауап ретінда сол оқиғаға сәйкес әрекет орындайды.
Қолданушы үшін интерактивті презентация — бұл перзентацияны құрушының қарастырған деңгейіне дейін ыңғайлы, әрі қызықты формада қажетті ақпаратты іздестіру жүзеге асатын мүмкіндік. Мысалы, қолданушы берілген тақырыпты зерттеуді экранда бейнеленген берілгенді оқып, ол туралы жалпы мағлұмат алып, сонан соң гипермәтіндік байланыста (асты сызылған немесе басқа түспен ерекшеленген сөз немесе сөйлем), батырма немесе пиктограммада шерту жүргізіп, берілген материалдың нақты сұрақтары бойынша толық ақпарат алады.
Сапалы интерактивті перзентацтияның белгісінің бірі — бұл ондағы қолданушыны еліктіретін және ұсынылып отырған материалға деген қызығушыдлығын ұстап тұратын қасиеті. Жақсы ойластырылған презентациялардан қоланушының алдағы зерттеулерге деген қызығушылығын арттыратын күтпеушілік элементтерін табуға болады. Мультимудияның интерактивті құраладары ақпарат алушылар аудиториясын кеңейту және әр қолданушыға индивидуальды қатынауды жүзеге асыуды қамтамасыз етеді.
Сценарилі перезентацияларды сабақ барсында қолдану
Мультимедиялық презентацияларды қолдану арқылы өте күрделі материалды түсіндірудің өзін еш қиындықсыз және қызығушылықпен ұғынуға болатындай етін оқушылар назарына ұсынуға болады.
Ұстаз материалды ұсыну барысын басқаратын сценарилі мультимедиялық презентациялар — бұл мектептегі сабақта ақпраатты ұсынудың ең бір тиімді түрі. Бұл методиканы оқытудың қай болмасын саласында қолдануға болады.
Шебер дайындалған оқыту мультимедиялық презентациясы білім алушыларға үлкен әсер етіп, қажетті нәтижелер алуға көмектеседі.
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР АРҚЫЛЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

2.1 Интерактивті құралдардың көмегімен оқушының шығармашылығын дамыту

Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр делінген, сондай — ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында Он — лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу — тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық — коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық — коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан — жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы — Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру — жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу — тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр — ақпараттандыру ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми — техникалық прогрестің негізгі белгісі — қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық — коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек — деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі — бағдарламалық — техникалық кешен болып саналатын Активті экран болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік — ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу — тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану — ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология — мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта — дегеніміз не?
Интерактивті тақта — бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) — ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам — дегеніміз не?
Aктивті қалам — бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwandуказкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard — интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол» сонмен бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз — ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады — бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz