«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тәрбие сағаты
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тәрбие сағаты
Автор: Молдашева Айгуль Ануарбековна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-19
Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып оқушыларына арналған
- Екі топтан бір-бірден оқушы шығады. Олар отырып жүріп жарысады.
- Екі топтан бір-бірден оқушы шығады. Олар оң аяқтарымен секіріп жарысады.
- Секіртпемен секіру.
- Теннис добымен жүгіру. Допты түсіріп алмау керек.
- Допты таяқпен соғу арқылы апару.
- Матраста баспен айналу арқылы жарысу.
- Көпір жасап жүріп жарысу.
- Шарды аяқтарына қыстырып жүру.
- Екі қатысушы тобындағы бір адамды межеге көтеріп апару арқылы жарысу.
- Әр топтан екі адам шарды арқаларымен түйістіріп апарады. Шарды межеге жеткеннен кейін жарып, ішіндегі сұраққа жауап береді.
1 — топ. «Тапқырлар» тобына арналған сұрақтар1.Бір жылда неше ай бар? ( 12 ай)2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)6. 6 санының кубы (216)7. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366)8. Есту мүшесі не? (құлақ)9. Өз есіміңді септеп бер 10. Иіс сезу мүшесі? (мұрын)11. Дәм сезу мүшесі. (тіл)12. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)13. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз? (Ғылым таппай мақтанба? Жазғытұры.)14. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)15. Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әрқайсысының алдында үш мысықтан отыр.Бөлмеде неше мысық отыр? (4)16. Бір жылда неше күн бар? ()17. Ұлыстың ұлы күні. (22 – наурыз)18. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)19. 12 – сәуір қандай мейрам? (ұшқыштар күні)2 — топ. «Алғырлар» тобына арналған сұрақтар 1. Заттың сынын білдіретін сөз табы. (Сын есім)2. Тау жыныстары дегеніміз не? (Жер қыртысын толтырып жатқан денелер жер қыр — ы деп аталады3. Көптік жалғауларын ата. (- лар, — лер, — дар, — дер, — тар, — тер)4. 720 – ны 9 есе кеміт. (80)5. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)6. Бос тау жыныстарын ата. (құм, саз)7. Сөз құрамы неден тұрады? (түбір мен қосымшадан)8. Көлемнің өлшем бірлігі және неше өлшемі бар? (куб см, үш өлшемі бар. Ұзындық, ені, биіктік)9. Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (Жерден қазып алып, қажетіне жұмсалатын тау жыныстары п/қ д. а.10. Судың неше күйі бар? Ата (бу, сұйық, мұз)11. Кез келген сан мен 0 – дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0 — ге)12. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз. (туынды сөз)13. Кез келген санды нөлге бөлгенде неше шығады? (сол санның өзі)14. Сөйлем түрлерін ата. (сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем)15. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)16. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады.Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)17. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді? (тазы)18. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? ата. (жанғыш, кенді, кенге жатпайтын)19. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (газ, мұнай)Қорытындылау.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.