«Сары жилеттер» Францияда түрмеге басакөктеп кірді – Жаһан

0
208

Франция шығысында Дижон қаласында 50-ден аса ереуілге шыққан адамдар сенбіде түрменің аумағына басакөктеп кірген, олар өз серіктестерін босатуды талап еткен, – деп хабарлайды BFMTV телеарнасы.

Осыған дейін төрт адам жандармға күш қолданғаны үшін түрмеге жабылған еді, осыған орай ереуілшілер түрменің аумағына басакөктеп кіріп, өз серіктестерін босатуды талап еткен. Біршама уақыт өткенде олар қайтып кетті.

«Сары жилеттер» акциясы Францияда 17 қарашада басталды. Басында олар жанармай салығы мен бензин бағасын қымбаттатпауды талап еткен. Франция үкіметінің әлеуметтік саясатына көңілі толмаған адамдар әлі күнге дейін бүкіл ел аумағында шығып жатыр.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz