Мұстафа Ататүрік Өмірбаяны | Скачать Материал

0
144
Advertisement


I тарау. Мұстафа Ататүрік Өмірбаяны
Мұстафа Кемал Ататүрік, Ғази Мұстафа Кемал-паша (түр. Mustafa Kemal Atatürk; 1881 — 10 қараша 1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.
Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып, олардан басым түседі.
Мұстафа Кемал Османлы империясындағы Сәләник қаласында дүниеге келген. Туған кездегі толық есімі — Әли Ризаұлы Мұстафа. Әкесі — Әли Риза Ефенді ұлты албан, анасы — Зүбейде ханым. Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кемалдың нақты қай күні туғаны белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған: һиджри және руми. Оның туған жылы 1296 жыл деп тіркелді де, қай күнтізбе бойынша екендігі айтылмады. 1296 жыл қазіргі жалпы қолданыстағы күнтізбенің 1880-1881 жылдарына сәйкес келеді. Мұстафа Кемалдың өзінің айтуынша, анасы оған көктемде туғансың деп айтқан, ал қарындасы Макбуле Атаданның айтуынша, аналары Мұстафа қыстыгүні боран тұрған кезде түнде туғансың деп хабарлаған. Тарихшы Решит Саффет Атабиненнің ұсынысынан кейін Ататүріктің өзі туған күні ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни мамырдың 19-ын қабылдады.
Сәләнік пен Манастырдағы әскери мектептерде оқыған. 1895-ші жылы Манастырдағы Османлы әскери академиясына оқуға түсті. Мұстафа Кемал Латифа Ұшақлыгілге үйленген. Ол 3 жыл отауласқаннан кейін ажырасты. Ататүрік жеті қыз бен бір ұл асырап алған. Бос уақытында кітап оқуды, атқа мінуді, шахмат ойнауды және суда жүзуді ұнатқан. Биге әсіресе құмар болған; вальс пен халықтық Зейбек би мәнеріне әуес болған. Мұстафа Кемал көптеген кітап жазып, жеке күнделік те жүргізген.

1.1 Әскери қызметі
Мұстафа Кемал әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап, Дамаскіде орналасқан 5-ші армияға жолданды. Ол сонда Vatan ve Hürriyet (Отан және азаттық) деген реформашыл офицерлердің құпия революциялық қоғамына мүше болып, османлы сұлтаны ІІ-ші Абдулхамидтың автократиялық билігінің қарсыласына айналды. 1907 жылы ол капитан шенін алып, Манастырдағы 3-ші армияға жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас түріктер деген атпен де белгілі Бірлік және прогресс комитетіне (БПК) кірді. 1908 жылы Жас түріктер ІІ-ші Абдулхамид сұлтанды тақтан тайдырып, билік басына келді. Мұстафа Кемал жоғарғы әскери басшылардың біріне айналды. БПК-ның ең алғашқы мүшелерінің бірі ретінде ол да 1908 жылғы революцияға қатысты. Бірақ кейінгі жылдары БПК-ның жетекшілері жүргізген саясатқа қарсы бола бастап, кейде тіпті сынға алып та жүрді. Оның үстіне Мұстафа Кемалдың Енвер пашамен қатынастары да нашарлап кетті. Ақырында Енвер паша 1913 жылы ең жоғарғы әскери лауазымға ие болған соң Мұстафа Кемал биліктен шеттетілді.
1910 жылы Ататүрік Франциядағы Пикардия әскери маневрлеріне қатысты. 1911 жылы Ыстамбұлдағы Соғыс министрлігінде (Harbiye Nezareti) қызмет етті. Сол 1911 жылы ол Траблусгарб уәлаятына (қазіргі Либия мемлекетінің жерінде) италиян әскерлеріне қарсылық ұйымдастыруға жіберілді. Тобрук қаласын табысты қорғағаннан соң ол 1912 жылғы наурыздың 6-сында Дернедегі әскердің қолбасшысы болып тағайындалды.Мұстафа Кемал Ыстамбұлға 1912 жылғы қазан айында, Балқан соғыстары басталып кеткеннен кейін оралды. Бірінші Балқан соғысында ол Фракияның жағалауындағы Галлиполи мен Болайырда Бұлғарстан әскерімен соғысты. Екінші Балқан соғысының кезінде Едірне мен Дидимотейхоны қайтаруда маңызды рөл атқарды. 1913 жылы ол Софияға жіберіліп, сонда әскери атташе болып тағайындалды. Бұның себебі — Енвер паша Мұстафа Кемалды өзінің бақталасы ретінде қарастырып, оның Ыстамбұлдағы саяси ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген болатын. 1914 жылғы наурызда Софияда жүрген кезінде ол подполковник әскери атағын алды.Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа Кемал Түркияның соғысқа Германияның одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға ала бастады. 1914 жылғы шілденің 6сында ол Ыстамбұлдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы кірісу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды. Алайда соғыс министрі Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы ретінде енді.

1.2 Ататүрік революциялары
Түрік ұлтын, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне жеткізу жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың (Түркияда оларды Ататүрік революциялары деп атайды) негізі болған принциптердің жиынтығы ататүрікшілдік, немесе кемализм деп аталады. Бұл — жалаң теория емес, Ататүрік құрған Түркия республикасы мемлекетінің практикалық тұрғыдағы тұғырнамасы, идеологиялық арқауы.Олар мыналар:
1. республикашылдық (мемлекеттің және ұлттың тұрақты түрде республикалық құрылым жолымен басқарылуы);
2. халықшылдық (мемлекеттің халық үшін қызмет етуі және оның халық тарапынан басқарылып отыруы);
3. ұлтшылдық (ұлтжандылық, түрік ұлтының мүдделері мен мерейінің басты мақсат болып табылуы);
4. мемлекетшілдік (барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени шаралар Түркия мемлекетінің мәңгі өмір сүруін және нығаюын қамтамасыз етуі керек);
5. лаицизм (діни емес, зайырлы мемлекет жүйесі);
6. революцияшылдық (тоқырауға жол бермеу, үнемі даму, жаңару үстінде болу, әлемдік өркениеттен артта қалмау).
Бұл принциптер 1937 жылы ресми түрде Түркия республикасының конституциясына енгізілді. 1960, 1982 жылға конституцияларға енгізілген өзгерістер де бұл принциптерге нұқсан келтірген жоқ.Осы принциптердің негізінде Түркияда Ататүріктің басшылығымен мынадай реформалар жүзеге асырылды: саясат саласында — сұлтандық жойылып, Түркия республика болып жарияланды. Түркияның жаңа парламенті – Ұлы Ұлттық Мәжілісі ұйымдастырылды, … жалғасы

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз