Мору кенорындары | туралы қазақша

0

Мору кенорындары минералдар мен таужыныстарға атмосфераның жербеті мен жерасты суының, органикалық агенттердің ықпал етуі нәтижесінде жаралады. Олардың әрекетінен таужыныстар мен минералдар механикалық жолмен жекелеген құрамдас бөліктерге қирайды, содан кейін химиялық үдерістер ықпалынан ары қарай өзгеріске үшырайды. Бүрынғы минералдар экзогендік жағдайларға төзімді жаңа минералдармен алмасады. Бұл үдерістердің мору деп аталатыны белгілі. Олардың нәтижесінде мору қыртысы мен оларға байланысты мору кенорындары қалыптасады.

Мору қыртысы — дербес континенттік геологиялық формация. Ол жер бетіне шыққан түбірлік таужыныстарға атмосфералық және биогендік агенттер ықпал етуі нәтижесінде жаралып, осы таужыныстардың механикалық, химиялық және биохимиялық қирау өнімдерінен тұрады. Мору қыртысы барлық экзогендік кенорындар минералдық массаларының қуатты көзі болып табылады.

Мору кенорындарының қалыптасуы жер қыртысының жербеті бөлігіндегі термодинамикалық жағдайларда химиялық төзімсіз болатын тереңдік таужыныс массаларының қайта топтануымен байланысты болады. Мору қыртысы жер қойнауында грунт суы деңгейіне дейін, яғни жер бетінен 60-100 м, кейде 200 м тереңдікке дейін таралады. Морудың негізгі агенттеріне су, оттек, көмір қышқылы, организмдер және температураның ауытқуы жатады.

#Мору #кенорындары

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз