Молярлық масса
Молярлық масса дегеніміз заттың бір молінің массасы. Бір моль дегеніміз NA Авогадро тұрақтысына (NA = 6,02·1023) тең молекулалар не атомдар саны. Молярлық массаның өлшем бірлігі грамм/моль және осы шаманы М деп белгілейді.
Молярлық массаны есептеу
M молярлық масса заттың Mr салыстырмалы молекулалық массасына тең:
M = Mr
Мысалы судын молярлық массасын есептейік. Судын химиялық формуласы H2O, осыдан Mr = 1*2 + 16 = 18.
Судын молярлық массасы 18 гр/моль.
Масса мен молярлық масса
M молярлық массаның аңықтамасына сәйкес:
M = m/v (ν-моль саны, m-масса),
осыдан заттың m массасы:
m = ν*M.
Есеп:
Оттегінің екі молінің массасы неге тең?
Шешуі:
Mr(O2) = 16*2 = 32
M = Mr = 32 гр/моль
m = 2 * 32 = 64 гр.
Жауабы: Судың екі молінің массасы 64 грамм.
Есептер:
1) Ас тұзының молярлық массасы неге тең?
2) Оттегі газының екі молінің массасы неге тең?
Пән: Химия