Microsoft құрылу тарихы слайд,презентация

0

Microsoft құрылу тарихы слайд,презентация

 

Microsoft

 

Компанияның тарихы 1975 жылы басталады.Гарварда Билл Гейтс және Пол Аллен атты дос-студенттер «Popular Electronics» журналындағы жаңа Altair 8800 дербес компьютер туралы мақаланы оқыған соң, оған Basic тілін ойлап табады. Бір айдан соң, 1-ақпан күні ДК-ді өндіріп шығарған Micro Instrumentation and Telemetry Systems (MITS) компаниясымен лицензиялық келісімшартқа отырады. Осы жылы Билл Гейтс Алленге жазған хатында компанияның атауын «MICROcomputer SOFTware» (микрокомпьютерлерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету) деп қою туралы ұсыныс жасайды.
1980 жылдың қыркүйек айында Microsoft компанисы IBM – мен MS-DOS операциялық жүйесіне келісім шарт жасалды.Бұл келісім Microsoft компанисына PC рыногында өзара қалуға мүмкіндік берді.
1980 жылдың басында компанияның негізін салушы Аллен мен Гейтстің жолдары екіге бөлінеді. Аллен өмірін Microsoft-қа арнағысы келмейді, ал Гейтс болса бар зейінін компанияның дамуына бұрады. 1983 жылы Аллен акциясының әрбір данасын $10-ға сатып, Microsoft компаниясынан біржолата кетіп, дүниежүзіндегі ең бай адамдардың біріне айналады. Ол 2011жылы «Forbes» журналының тізіміне $13 млрд капиталымен 57 орынды иеленеді.
MS-DOS жақсы сатылымда болды.Өйткені оған бәсекелес болмаған еді.Microsof t онымен миллиондаған доллар қаражат тапты.
1990 жылы Windows 3.0 операциялық жүйесінің шығуы үлкен жетістікке жетті.Бүкіл әлемді жаулап алды және де IBM,Apple өнімдерінен алдыңғы орында болды.
Windows пен қатар Microsoft компаниясы  көптеген приложенияларды өндірді:Office,Media Player,Internet Explorer және т.б.
Компания адам мүмкіндіктерінің қазіргі заманғы технологияларды пайдалану арқылы, кез-келген жерде, кез-келген уақытта, кез-келген құрылғыда пайдалану есебінен, іскерлік және жеке қызмет пен пайдаланудың кең көлемді бағдарламалық өнімдер тізімін ұсынады. Компанияның бір бөлімшесі Xbox ойын бағдарламаларын және дербес компьютерге арналған аксессуарлар (клавиатура, тышқан тетігі т.б) шығарумен айналысады. Microsoft өнімдері әлемнің 80-ге жуық елінде сатылады, бағдарламалары шамамен 45 тілге аударылған. Компанияның штаб-пәтері Редмонд қаласында орналасқан. Корпорацияға тұрақты жұмыс жасайтын қызметкерлер саны 89 000 адамды құрайды.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!