Мен ғажайыппын — Психология — Bilim

0

Мен ғажайыппын

Тараз қаласы

№15 мектеп гимназиясының педагог-психологі

Керимбекова Назира Асилбеккызы

Тренингтің мақсаты: Оқушыларды қиын жағдайдан шыға білуге үйрету, Оқушылардың эмоционалды көңіл–күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта (презентациялар), түрлі түсті бояулар, журналдар, қима-қағаздар, күннің суреті, релаксацияға арналаған әуендер, жүрекше, ватман,

Тренингтің болжамданған нәтижесі: Оқушылардың өздерін қайталанбас жеке тұлға екенін ұғындыру, топпен бірге жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2. Комплименттер

3. «Мен» жаттығуы

4. «Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.

ІІ. Негізгі кезең:

1.«Мен кіммін?» жаттығуы.

2. «Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы.

3. Аутотренинг

4. «Ұжымдық сурет»

5. «Кірпі» жаттығуы.

ІІІ. Қорытынды:

1. «Өмір коллажы»

2. Рефлексия

Жүргізу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. «Сәлемдесу»

Мақсаты: топта психологиялық ахуал орнату, балалардың көңіл-күйін көтеру.

Оқушылар жұптасып, бір–бірінің алдына тұрып, амандасу рәсімін орындайды. Оқушыларға қимылдарды орындау арқылы амандасу ұсынылады. Балалар қисылдарды тез орындау қажет. Сонымен, көзбен, оң қолмен, сол қолмен, өкшемен,бірінші иықпен, екінші иықпен, оң құлақпен, сол құлақпен, оң тіземен, сол тіземен, бірінші шынтақпен, екінші шынтақпен, арқамен.

2. Комплименттер айту.

Мақсаты: оқушылардың көңіл – көтеруіне арналған жаттығу.

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, бір – біріне кезекпен – кезек қолдарына шеңберлі көңілді күннің суретін беріп, жағымды сөздерді айтады. Мысалы: Жанар, сенің күлкің өте әдемі, өзіңе жарасымды.

3. «Мен» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылар өздерінің сыныптастары жайлы қосымша ақпарат алу.

Балалар кезекпен кезек орындарынан тұрып, «Ал сендер білесіңдер ме, мен…» сөйлемін аяқтауға ұсынылады. Әрине айтылған сөйлем шындық болуы шарт. Мысалы: Ал сендер білесіңдер ме, мен жазда Тайланд еліне бардым. Ал сендер білесіңдер ме, мен шоколадты балмұздақты жақсы көремін.

4. «Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.

Мақсаты: иық, мойын, омыртқалардағы бұлшықет түйсінуінен арылту,босаңсыту

Нұсқау: Қанекей бір біріңе тығыз тұрыңыздар.Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер.Ауа-райы алдыме н керемет еді, күн ыстық, ашық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды,алдыңызда тұрған адамның арқасынан қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаймыз.Жел күшейіп қол қимылы жылдам бола түсті.Дауыл басталды,қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді.Сосын  жауын жауды (Жұбыңыздың арқасына жеңіл түрде қағасыз, нөер басталды.Саусақтарымен қимылдар жасап, алақан жоғары төмен жүргізесіз.) Нөсер үдей түсті саусақтарыңызбен қатты қағасыз.Қайта қатты нөсерлетті,ақ жауын жауды,дауыл тұрды,қатты жел тұрды, ол қайта басылды. Сосын табиғат тынышталды. Қайта күн шықты.

ІІ. Негізгі кезең.

1.«Мен кіммін?» жаттығуы.

Нұсқау: Оқушыларға түрлі түсті түсті қағаздар ұсынылады. Оқушылардың әрқайсысы өздерінің көңіл – күйлеріне байланысты түсті таңдап, парақтың ортасына шеңберге өздерінің көңіл күйлеріне байланысты эмоцияны салады. Оның астына Мен… деген сөйлемін аяқтайды. Мысалы: «Мен лидермін, мен спортсменмін, мен әншімін, мен ақылдымын, т.с.с.»

2. «Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың қиын жағдайдан шыға білуге үйрету, бір – бірімен пікірлесу.

Нұсқау: Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», өзенде жүзіп жүрген жағдаяттары бар үлестірмелі балықтарды алады да, жағдаяттарды шешеді, балалар бір – бірін тыңдап, өз пікірлерін ортаға салады.

3. Аутотренинг. Ең бірінші өз бойындағы эмоциялық қобалжуын, қорқынышы мен үрейінен тазарту. Бүкіл сана, бүкіл ой тек тыныс алумен тыныс шығаруға көңіл бөлу қажет. Мұрынмен терең дем алып, 2-3 секунд іште ұстап, ауызбен сыртқа шығару.(3 рет). Әр оқушы өз ішінен бекіту сөздерін айтады.

— Менің қолымнан бәрі келеді,

— Мен – күштімін,

— Мен өзіме сенемін,

— Менің қолымнан келмейтін нәрсе жоқ,

— Мен өмірге келгеніме өзімді бақытты санаймын.

Топпен бірге «Ризамыз бұл өмірге, ризамыз!», «Біз бақытты жандармыз!», «Бәрі жақсы болады!»

4. «Ұжымдық сурет»

Мақсаты: оқушыларды топта бірлесіп істеуге үйрету.

Қатысушыларға таза парақ таратылып беріледі. Сол берілген парақтың бірінші бетіне салғысы келетін суреті жайлы жазады. Ал екінші бетіне сол суретін салады да, екінші көршісіне береді. Көршісі сол суретті ары қарай жалғастырады. Яғни соңында автордан басқалары суретке қарап суретке тақырып қояды. Аталған тақырып автордың тақырыбымен салыстырылады.

5. «Кірпі» жаттығуы.

Мақсаты: Түрлі қарым-қатынас ситуацияларында байланыс орнату мүмкіндігін кеңейту.

Нұсқау: Топтың бір мүшесі кірпіні бейнелейді. Ол орындыққа отырады да, «Оралып» алады. Мысалы : Басын тізесіне тығып, көздерін жұмады, өзін құшақтап алады, осылайша топпен сөйлескісі келмейтін бейнені келтіреді. Әрі ол психологиялық тұрғыдан «Өзіммен-өзі» тереңге кетеді. Қалған мүшелер кезекпен оралған кірпіні ашуға тырысады. Түрлі әдістер қолданылады яғни, құлаққа сыбырлаудан бастап, түрлі әрекеттерге дейін.

Нәтижелерді талқылау: Егер сіз өзіңізге белгілі барлық, бірақ кірпі солай жазылмаған күйінде қалса, сіз қарым-қатынаста өзге адамның күйін нәзік сезе қоймайсыз. Егер де «Кірпі» жазылып, сізбен сөйлескісі келсе, онда қарым-қатынаста өте талантты адамсыз. Сізде эмпатия бар / яғни, өзгені интуитивті сезіну / және өзгелерге деген ұқыпты жылы қатынас бар.

ІІІ. Қорытынды.

1. «Өмір коллажы»

Оқушылар екі топқа бөлініп, баяу әуен қойып, оқушыларға өмір коллажын жасау ұсынылады. Қатысушылар өдерінің өмірге деген позитивті көзқарастарын білдіреді. Оқушыларға ұсынылатын заттар: түрлі түсті бояулар, карандаштар, маркерлер, позитивті смайликтер, журналдардың кескіндер, түрлі түсті қағаздар. Әр топ өздерінің жұмысын қорғау қажет.

2. Рефлексия

Қатысушылар шеңбер құрып, бір–бірінің иығына сол қолды қойып бірігіп жұмыс істегендеріне алғыстарын білдіреді, жылы тілектерін айтады.




Дереккөз: Bilim All