Мектептегі саяхат
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Мектептегі саяхат
Автор: Каиргазинова Алтынай Кокеновна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-23
Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар: мектепте қандай бөлмелердің болатынын, олардың неге арналғанын білy;
• Оқушылардың басым бөлігі: олардың орналасқан жерлерін өз бетінше табуға үйренy.
• Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Тірек сөздер: асхана – столовая – сafeteria; кітапхана – библиотека – library;
дәрігер бөлмесі – медицинский кабинет – medical office.
Ресурстар: Интерактивті тақта, оқушылардың санына қарай бөлмелердің атауы жазылған үлестірме парақшалар, мектеп сұлбасының көшірмесі,
фотоаппарат, ғаламшар немесе дүниежүзілік карта.
Сабақтың мақсаты: 1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
Сабақ тақырыбы: | Мектептегі саяхат | |
Күні : | 18.10.2018 ж. | |
СЫНЫП: 1 «В» сынып | ||
Оқу мақсаты: |
|
|
|
||
|
||
Тірек сөздер: | асхана – столовая – сafeteria; кітапхана – библиотека – library;дәрігер бөлмесі – медицинский кабинет – medical office. | |
Ресурстар: | Интерактивті тақта, оқушылардың санына қарай бөлмелердің атауы жазылған үлестірме парақшалар, мектеп сұлбасының көшірмесі,фотоаппарат, ғаламшар немесе дүниежүзілік карта. | |
Сабақтың мақсаты: | 1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар | Сабаққа қатысты ескертпелер | |
Өзінің орналасуы және сәулеті жағынан ерекше мектептер туралы ақпарат.Ашық кеңістіктегі мектеп (Дания) Мектептің ішінде бір де бір жеке кабинет және сынып бөлмесі жоқ. Есесіне мектептің ортасынан өтетін үлкен айналмалы баспалдақ бар. Мұнда барлық жерде сымсыз интернет бар, ал еденде ашық түсті жастықшалар жатыр.Террасет – жер астындағы мектеп (TerrasetElementarySchool PTA (АҚШ)Террасет мектебі Рестон қаласында орналасқан (Вирджиния штаты). Ол негізінен жер астында орналасқан. Оқу орыны 70-жылдардың ортасында салынған. Бұл кезеңде Америкада энергетикалық дағдарыс орын алды. Соған байланысты қала басшылары энергияны үнемдейтін жер астындағы мектепті ойлап тапты. Ол өзін-өзі жылытып тұрады.Камбоджадағы қалқымалы мектеп. Бұл оқу орны судың үстінде орналасқан. Бұл жерде мұндай құбылыс ешкімді таңғалдырмайды: Кампонг Луонг ауылындағы барлық ғимараттар тура мағынасында суда қалқып тұрады. Мектепте шамамен 60 оқушы оқиды. Балалар мектепке арнайы легендерге отырып барады.Тапсырма топтар бойынша беріледі. Мұғалім топтарға бөлуді былайша ұйымдастыра алады. Парақтарға тірек сөздерді (кітапхана, асхана, дәрігер бөлмесі) жазыңыз, оқушылар парақтарды таңдайды, оқиды және бөлмелерді атауы бойынша біріктіреді. «Кітапхана» тобы сұлбадан кітапхананы табады. Келесі топ – асхананы, ал үшінші топ дәрігер бөлмесін табады. Бұдан әрі мұғалім оқушыларға саяхат кезінде сұлбаны пайдалану тәсілдерін үйретеді. Бөлмелерге апаратын қысқа жолдарды табуға, ондағы адамдар мен заттарды анықтауға, оның неге арналғанын түсіндіруге тапсырма береді. Оқушылар мектеп сұлбасын алып, мұқият қарайды. Саяхат кезінде дәрігер бөлмесіне ерекше назар аударылады. Мұғаліммен бірге кабинеттен шығады. Саяхаттан кейін оқушылар жұмыс дәптерінде «Есіңе түсір және суретін сал» тапсырмасын орындайды. | Біздің мектепте қандай бөлмелер бар және олар неге арналған?» деген сұраққа жауап алудан бастасаңыз болады. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Содан кейін олардан 1-суретке қарауын және суретте қандай бөлмелер бейнеленгенін, неге арналғанын және қайда орналасқанын айтуын сұраңыз. Суреттеген кезде оқушылардың «сол жақта», «оң жақта», «ортасында», «төменгі жақта», «жоғары жақта», «бірінші/екінші/үшінші қабаттарда», «жанында» және т.б. сөздерін дұрыс қолданғаны өте маңызды. Тапсырма қызықты болуы үшін «Көз алдыңа елестет» ойынын өткізуге болады.Мектепте көптеген бөлмелер бар. Бұл – асхана, кітапхана, дәрігер бөлмесі. Әр бөлме белгілі бір қажетке арналған.Сен білесің бе? Бұл айдарды «Егер ………….. не болар еді?» ойынынан бастауға болады. «Егермектепте бөлмелер болмаса, не болар еді?» сұрағын қойыңыз. Оқушылар бұл жағдаятты көз алдыларына елестетіп, талқылай бастайды. Көпшілігі үшін бұл шындыққа жанаспайтындай көрінеді. | |
Сабақтың қорытындысы | Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру | |
Математика. 1-тапсырманы орындаған кезде оқушылар «бірінші/екінші/үшінші қабаттарда»ұғымдарын қайталайды.Жаратылыстану. Оқушылар нысандарды бақылап, тиісті тұжырым жасауға үйренеді.Өнер. Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Есіңе түсір және суретін сал» тапсырмасы орындауға беріледі. Бұл тапсырмада оқушылар мектептегі өзіне ұнайтан жерлердің суретін салады. | Бұл сабақта тірек сөздер әр оқушы үшін үш тілде үлестірме парақшаларға жазылады. Осы үлестірме парақшалар бойынша топтарға бөлінеді. Сонымен бірге «Жұбын тап» ойынын ұйымдастыруға болады. Бүкіл сынып бойынша әр жерде сынып бөлмелерінің суреттері және бұл бөлмелердің әр тілде жазылған атаулары ілінеді. Оқушылар суреттерге қатысты сөздерді табуы тиіс. Бұл тапсырманы сергіту жаттығуы ретінде қолдануға да болады, себебі бұл ойын кезінде оқушылар үнемі қозғалып жүреді. | |
Пәнаралық байланыс | Қосымша тапсырмалар | |
Математика. 1-тапсырманы орындаған кезде оқушылар «бірінші/екінші/үшінші қабаттарда»ұғымдарын қайталайды.Жаратылыстану. Оқушылар нысандарды бақылап, тиісті тұжырым жасауға үйренеді.Өнер. Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Есіңе түсір және суретін сал» тапсырмасы орындауға беріледі. Бұл тапсырмада оқушылар мектептегі өзіне ұнайтан жерлердің суретін салады. | Қосымша тапсырма ретінде жұмыс дәптеріндегі 1- «Лабиринт» тапсырмасы орындауға беріледі. Оқушылар лабиринтте қарындашпен сызық жүргізу арқылы барлық заттарды тиісті бөлмелерге апаруы тиіс. Бұл тапсырманы сыныпта да орындатуға болады. Себетке бірнеше заттар салынады. Оқушы олардың кез келгенін таңдайды, мысалы, градусник. Бұл заттың атауын айтып, оны «Дәрігер бөлмесі» деген жазуы бар үлестірме парақшалардың жанына қояды.Ботаға барлық заттарды жинауға және оларды қажетті бөлмеге апаруға көмектес | |
Бағалау | Оқушылар– асхананың, кітапхананың, дәрігер бөлмесінің мектептің қай жерінде орналасқанын;– бұл бөлмелер неге арналғанын;– дәрігер бөлмесінде қандай заттар бар екенін білді.Оқушылар– асхананың, кітапхананың, дәрігер бөлмесінің орналасқан жерін мектептің сұлбасынан анықтауды;– қарапайым бақылау жүргізуді;– бұл бөлмелерде өздерін дұрыс ұстай білуді үйренді.Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Суреттерді дұрыс таңда» тапсырмасын ұсынуға болады. Бірқатар заттардың суреттері (парта, тақта, кесе, қасық, дәрігер халаты, кітап сөресі және т.б.) және үш бөлменің (кітапхана, асхана, дәрігер бөлмесі) атаулары беріледі. Оқушылар суреттерді бөлмелердің атауларымен сәйкестендіруі және бұл бөлмелердің не үшін қажет екенін айтуы тиіс. | |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.