Алматыда 750-ден астам шетелдік жауапкершілікке тартылды

0
94

Сонымен қатар 225 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды.

Алматыда «Мигрант» республикалық жедел-профилактикалық шарасының барысында 755 шетелдік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша ПД Көші-қон қызмет басқармасы штабының басшысы Манас Әбуовтың айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзған 225 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылған.

Сонымен қатар, шетелдік азаматтардың еңбек күшін пайдалану ережесін бұзу бойынша 150 дерек анықталған. Шетелдіктердің ҚР аумағына келу заңдылығын сақтауды қамтамассыз етпеген 33 жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Сондай-ақ, Көші-қон қызметінің инспекторларымен соттың елден шығару үкімін орындамаған тоғыз қылмыстық әрекет анықталып, тіркелді. Оқшаулау орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 191 шетелдік жіберілген.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/