Мейірімділік-асыл қасиет
Мейірімділік-асыл қасиет
Автор: Темірғалиева Гүлнара Мақсотқызы
Бағыты: Психология Бөлімі: Семинарлар Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-01-31
Материал туралы қысқаша түсінік
материалды сынып жетекшіліерге, тәрбиешілерге, педагог-психологтарға пайдалануға болады. психологиялық сабақта мейірімділік, қайырымдылық қасиетіне байланысты ертегі, тренинг жаттығулары жинақталған. осы тренингтер арқылы оқушыларды мейірімді болуға, эмпатиялық сапаларын дамытуға болады. бұл тренингтердің ерекшелігі кез-келген жастағы балаларға, ересектерге қолдануға болады.
Мақсаты: Оқушыларды мейірімділік сезіміне баулу.Біріне – бірі жақсылық жасауға , көмек беруге үйретуМейірімділік сезімін жақсы тілекпен, жақсы сөзбен жеткізуді үйрету, дағдыландыру
- Амандасу рәсімі:
Балалар шеңберге тұрып «Мен қандаймын?» сұрағына өз атының бірінші әріпінен басталатын сөзді атымен қосып айтады
- Кіріспе. “Ақылды сиқыршы” ертегісі
Ертеде өте алыс елде бір қала болыпты. Бұл өте мұңды қала еді, өйткені мұнда не күн жарқырамаған, бақшалары гүлдемеген, гүлдері бүршік атпаған. Адамдардың көңілі жабыраңқы болған. Балалары жылап жүреді екен, өйткені аналарды оларды еркелетіп, мейірімді сөз айтпайтын өмірлері қуанышсыз еді. Бір күндері бұл қалаға қолында сиқырлы қобдишасы бар бір ақылды сиқыршы ұшып келеді. Ол өте биязы, сыпайы еді және бұл қаладағылар білмейтін “сиқырлы” сөздер айтты және оны адамдарға үйретті. Ол сөздер: “айналайын”, “сіз”, “кешіріңіз”, “рахмет”, “оқасы жоқ” т.б. Оның сөздерінен адамдар күлімсірей бастайды. Адамдардың жүзіне жылылық үйіріліп, сыпайы, ізетті бола бастайды. Олар күннің мейірімді шуағын, бақшалардың гүлдегенін, гүлдердің бүршік атқанын көрді, аналардың балаларына айтқан жылы сөздері мен балалардың сыңғырлаған күміс күлкісін естіді. Адамдар бір-біріне жылы лебіздер білдіріп, жақсы-көңіл-күй сыйлап, тату-тәтті өмір сүре бастайды және жақсылық жасап, ізгі істерге ұмтылады. Осылайша бұл қала күн шуағын төккен, көрікті шаһарға айнала бастайды. Адамдары бақытты да, бақуатты ұзақ ғұмыр кешіпті.
- Негізгі бөлім: психологиялық тренингтер:
- “Мейірімді және қатыгез адамды бейнелеу” жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың актерлік қабілетін дамыту, эмоцияны ажырата білу, жақсы мен жаманды саралай білу.Нұсқау: Оқушыларға топшамаларды суыру арқылы өздеріне берілген ролдерді бейнелеу ұсынылады. Жүргізілуі: Ортаға 2-3 оқушы шығып, топшама суырады. Топшамадағы тапсырмаға байланысты, мейірімді, қатігез, ашушаң адамдардың бет-әлпетін бейнелейді. Содан кейін қатысушыларға “Қане, қай адам жағымды көрінеді?” деген сауал беріледі. Қатысушылар өз пікірлерімен бөліседі.
- “Ғажайып көзілдірік” тренингі
Мақсаты: Оқушылардың оптимистік көзқарасын дамыту, айналасына сүйіспеншілікпен қарауға үйрету, жағымды сөз айту арқылы келесі адамға қуаныш сезімін ұялату, өзара сыйластыққа тәрбиелеу, өзіне сенімділік тудыру.Жүргізілуі: Қатысушыларды дөңгелентіп отырғызып, жүргізуші: “Қазір барлығың көздеріңе (ойша) “ғажайып көзілдірік” кидіңдер. Енді тек бір-біріңнің жақсы қасиеттеріңді көресіңдер. Жаныңдағы көршіңнің өзі байқамайтын жақсы қасиеттері туралы айтыңдар” дейді. Қатысушылар бір-бірінің тек жақсы қасиеттері туралы айтады.
- “Импульс” тренингі
Мақсаты: жеке тұлғалық жағымды қарым-қатынас сезімін, тыныштық сезімін орнату, жан жылуын сыйлау.Жүргізілуі: Қатысушылыр дөңгеленіп тұрып, бір-бірінің қолын ұстайды.Бастаушы қатысушылардан сөйлемей тыныш тұруларын сұрайды. Бастаушы өзінің оң жағындағы көршісінің қолын қысып, өз импульсін береді. Көршісі келесі көршіге импульс береді. Осылай жалғаса береді. Бастаушы импульстің қай аралықта келе жатырғанын қатысушылармен бірге бағдарлайды. Импульс шеңбер соңына қарай жақындап қалғанда, тренер “тоқта” деген белгі береді. Сол кезде импуьс тоқтап қалады. Кейін қайта жалғасады. Тренинг соңында қатысушылардан алған әсерлері сұралады.
- “Күн астындағы мысық” тренингі
Мақсаты: Тыныштандыру, өзгелердің, қоршаған орта жылуын сезіне білу, өзгеге қамқор бола білуге үйрету.Жүргізілуі: қатысушылар екі топқа бөлініп, бірінші топ бір-біріне сүйеніп отырады, олар ұйықтап жатқан мысықтар болса, екінші топ оларға шуағын төгіп тұрған күн болады. Осылайша кейін екі топ орын ауысады. Оқушылардан алған әсерлері жөнінде сұралады.
- “Кішкентай жануар” тренингі
Мақсаты: өзгеге қамқор бола білу, елестете білу қабілеттерін дамытуЖүргізілуі: Қатысушылар қатар отырғызылып, жүргізуші оларға: “барлығың қолдарыңды сандарыңа қойып, көздеріңді жұмыңдар. Алақандарыңды бір-бірінің үстіне қойыңдар. Енді алақандарыңның арасында үлпілдеген, кіп-кішкетай, жұп-жұмсақ қорғансыз жануар жатыр. Ол сондай қорғансыз, әлсіз. Ол ұйықтап жатыр, сендер оны аялап ұстайсыңдар. Оның демімен бірге демалып отырсыңдар. Бәрін сезініп отырсыңдар. Оны оятып алмауға тырысыңдар. Ал, енді көздеріңді ашыңдар. Не сезіндіңдер?” деп сұралады. Оқушылар өз сезімдерімен көмектеседі.
- “Соқыр және жетекші” тренингі
Мақсаты: толеранттыққа, өзін-өзгенің орнына қоя білуге, эмпатия қабілетін дамыту, өзгеге қамқор бола білу, жауапкершілікті сезіну қасиеттерін дамыту.Жүргізілуі: топ ортасына екі адам шығып, біреуі “соқыр”, екіншісі “жетекші” болады. “Жетекші” соқырды жетектеп, бөлменің ішін аралатады. Қатысушыларорын алмасады. Кейін қай рөлде өзін қалай сезінгендігі жөнінде алған әсерлерімен бөліседі.
- “Сыйлық” тренингі
Мақсаты: жағымды көңіл-күй сыйлау, ізеттілікке бағдарлану қабілеттерін дамыту.Жүргізілуі: қатысушыларды жүргізуші екі қатарға бөліп, бір –біріне қарама қарсы отырғызады.Бірінші жұптан бастап, бір-бірінің туған күніне вербальды емес түрде сыйлықтар сыйлауы керек. Біріншісі өзінің не сыйлайтынын мимикалық түрде көрсетсе, екіншісі оны қабылдаушы ретінде көңіл білдіруі тиіс. Осылайша жұптар жалғаса береді. Соңынан кімнің не сыйлағаны талданып, ең жақсы өнер көрсеткен топ анықталады.
- «Мейірімділік» бейнеролигі көрсетіледі.
“Жақсы адам көңілі — күн” (Д. Әлімжанов)Жақсы адам көңілі – күн,Жанға сәуле түсірген.Нашар адам көңілі-түн,Кеудеден отты өшірген.Талпын жақсы болуға,Күндей сәуле шашатын.Білім іздеп, өнер тап,Түнді күндей ашатын.Толған айдай жан болсаң,Толсын ақыл ішіңе.Күн көзіңдей жан болсаң,Ел сүйсінсін ісіңе.Ақыл қуған адаспас,Ақылда, дос, бар тетік.Қапта жатпас таза алмас,Шығар бір күн жарқ етіп…
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.