ИП, ИТ, ЧИП, ДЖИП… |

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемдік өркениетте «Әулие халық» атанған қазақтың танымы да, тағылымы да өзгеше. Төбе билеріміз жер дауы мен жесір дауын екі-ақ ауыз сөзбен шешіп елдестірсе, ақсақалдарымыз әр ауыл, әр аймақтың телі менен тентектерін өз аулаларында-ақ жөнге салған. «Баланы – жастан» деп, тәлімге иланбағандарын үш өрім, «қатынды – бастан» деп, тізгінге көнбегендерін бес өрім қамшымен шықпыртып, есін жидырған. Ал, ел бетіне шіркеу салғандарын бұзаутіс қамшымен дүрелеп, иманына келтірсе, ел іргесін бұзғандардың қаншамасын он екі өрім қамшымен осып, жандарын жаһаннамға жібергеніне тарих куә. 85 жасқа толған қария – «Қазақ әдебиеті» қазақылыққа салып ұлт дәстүрін жаңғыртып, әдептен аттап, салтымызды таптап, «бетті бастырып, қатты састырғандар» мен темірді де, көмірді де, мұнайды да талғаусыз жұта беретін кеңөңештілерді бұзаутіс қамшымен жон арқаларынан таспа тіліп, жандарын «рахатқа батыруды» жөн көріп отыр. Тілімізге тіл тигізіп, бүйректен сирақ шығарғандар да, қоғамымызға, дінімізге қарсы жат қылық танытып, иманнан безгендер де «Бұзаутістің» жазасынан қашып, құтыла алмас-ау… Ендеше, әзіл-ысқақ, қалжың-қағытпаның майталмандары, қаламдарыңызға қуат бітсін, жазыңыздар! «Бұзаутіске» жолдаңыздар!


Самат СЛАМҒАЗИН,
әскери қызметкер

Берік қарияны үйіндегі телефон кейін­тінде жиі мазалайтын болып жүр. Әне, іші ауырған балаша шың­ғы­рады.
Ақсақал: Сәлемет пе балам, бұл кім екен?
Оператор: Салық инспекциясынанмын, Ата сіздің ИП-іңіз бар екен ғой, салығын төлемепсіз, так, аты қалай еді, қазір-қазір.
Ақсақал: Иә бар, аты Бөріба­сар, қайдағы салық?!
Оператор: (қарқылдап күліп) Ой ата, ИП-іңіздің аты «Гүлғайша» ғой, сіз итіңіздің атын айтып тұр­сыз.
Ақсақал: Ей, сен не, мазақ қы­лып тұрсың ба, Гүлғайша менің әйелімнің аты. Отасқаныма отыз жыл болса да мен оны итке теңеп көр­меппін, сен оны неге итке тең­еп тұрсың. Сотқа берем сені осы сө­зің үшін. Итімнің аты Бөрібасар де­дім ғой, сенбесең, бүкіл көрші куә.
Оператор: Ой ата, бүкіл қалаға әйгілі ИП-іңіз бар. Салығын төле­мегеніңізге бір жыл болды. Бір аптаның ішінде төлемесеңіз, мен сізді сотқа беремін.
Ақсақал: Қарағым, ол итімді асырағалы бес жыл болды, ондай ақша төлейтінін білмейді екенмін. Қайда, не төлеу керек, айтшы қа­зір барып төлеп тастайын. Теле­фон­ға, жарыққа, жылуға, газға зей­нетақымды алған күні төлеуді ұмытпаймын. Ит үшін ешқашан ақша төлеп көрмеппін.

……


(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

Қазақ әдебиеті

Загрузка...