«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында бастауыш сыныптарда құқықтық мәдениет пен сананы жетілдіру

0
403







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында бастауыш сыныптарда құқықтық мәдениет пен сананы жетілдіру

Автор: Молдашева Айгуль Ануарбековна

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-01-19


Материал туралы қысқаша түсінік

баяндама мәңгілік ел




«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында бастауыш сыныптарда құқықтық мәдениет пен сананы жетілдіру Молдашева Айгуль АнуарбековнаОрал қаласы, №20 орта жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру жүйесіне тікелей қатысты да маңызды. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа тұлғаны қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі-білім мен тәрбие беру мазмұнын ұлттық негізде жетілдіру. Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. «Мәңгілік Ел» мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген ұғымы болып табылады. Бұл – Қазақ елін дамытуға бағытталған құндылықтардың негізі және мақсатқа жетудің басты жолы.  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат мұр аттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті, бағдарлы болашағының баянды ету жолындағы ұлы мұраты.  Биылғы жаңартылған бағдарламамен оқу жылын бастаған сынып оқушыларына пән ретінде «Мен елімнің патриотымын» атты факультатив сабағы кіріктірілді.«Мен елімнің патриотымын» таңдау пәнінің бағдарламасы Мақсаты:– Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін,«Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;–  Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.–   Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.– Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. Міндеттері:– Туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру;– Елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;– Елжандылыққа тәрбиелеу; Оқушылардың тұлғалық қалыптасуы бағытындағы күтілетін нәтижелер: – Елін, жерін сүйетін азамат болып шығуға дағдыланады;–  Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуды үйренеді; – Туған жерге ,отанға деген сүйіспеншілігі қалыптасады; – Өз жұмысына сын көзбен қарап, талдау жасай алады; – Алған білімі мен дағдыларын барлық сабақтарда пайдаланады. – Өзін өз мемлекетінің азаматы ретінде сезінеді. – Мемлекеттік рәміздер мен дәстүрлерді қастерлейді. – Қазақ халқының тарихын білу қажеттілігін түсінеді. – Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін түсінуді үйренеді. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті. Өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – дәстүрін білуге үйрету кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймыз. Осы орайда тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Әдістемелік құралда бастауыш сынып оқушыларын ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға тәрбиелеуге бағытталған тапсырмалар берілген. Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім.Осының бәрін бастауыш сынып оқушысы мектеп қабырғасынан бойына сіңіріп өссе, болашақта ондай азаматтан зор үміт күтуге болады.

«Мәңгілік Ел» идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы арманы ғана емес, Президентіміздің жетекшілігімен Қазақстанның дамуына негізделген идея. Ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтардың, рухани-мәдени мұралардың сабактастығын сақтай отырып, ұлттық құңдылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеуге жан-жакты даярлау қажет. Бұл орайда оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, туған халқына құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, тарихи мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу, білім мен біліктерін шыңдау – басты міндет.   Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету – өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілерінен көруге болады. Оқушылардың кәсіби шеберліктерін жетілдіре отырып жаңа технологиялык әдістерді қолдану, жас ұрпаққа сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие . үрдісінде жоғары нәтижеге жету — біздің басты міндетіміз. Қолөнер-ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен,тұрмысымен бірге дамып,ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарына жиі қолданған.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің,әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына,тарихи ерекшелігіне және эстетиқалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді Халқымыздың салт –дәстүрі , мәдениеті мен өнерінің қоры сарқылмас мол. Қазіргі заманымыздың жастары мен жеткіншектерінің осы мол қазынадан қол үзіп бара жатқанын жасыра алмаймыз .Осыған байланысты еңбек, бейнелеу өнері пәндерінде қазақ халқының көне қолөнері мен оның ерекшеліктері, кейбір ұмыт болып бара жатқан ұлттық бұйымдарды, қазақтың қолөнеріндегі қолданылатын көне сайман, аспаптардың түрлері мен атаулары, оларды қолдану тәсілдері жайында мектеп оқушыларына ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміз жайлы мағлұмат берумен бірге, оларды әрі қарай еңбек сабағымда кеңейтіп, дамытуға қолдап жүремін. Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көруге болады. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі – мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.Сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқу үрдісін белсендіріп , дамыға оқыту идеясын іске асыруға, сабақтың қызықты өтуіне, оқушылардың өздерінің жұмыс атқару көмегін артырады. Инновация –оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу – оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту – оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.Оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану ,сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану.Еңбекке баулу пәнін оқытуда – еңбек етудің алғы шарттарын үйрету арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз–Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. «Мәңгілік ел» болу біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек. Білім – барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайам айтқандай: Сен жанбасаң лапылдап, Мен жанбасам лапылдап, Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, -оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз «Мәңгілік ел» боламыз.

Мектептерде құқықтық тәрбие жұмыстары шәкірттің өзіне-өзі қызмет ету құқығынан басталады. Құқықтың міндеттері сәлем беру, сәлемдесу, аялаған ананы, әлпештеген әкені сыйлау, ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу әдеппен сөйлеп әдептену арқылы орындалып, іс-әрекетте құқықтың сана болып қалыптасады.Құқық-жеке тұлғаның өз еркін –қайрат, жігерімен еркіндік ниетін іске асыруы, ол қоғам қабылдаған шешім, әлеуметтік өмірде қалыптасқан әдеп, ереже, нұсқау бойынша іске асатын әрекет еркіндігінің көрінісі. Әрбір ұстаз ата-аналарымен бірлікте, бірлесе жұмыс жасағанда ғана тәрбие өз жемісін бермек. Ұрпақ тәрбиесінде ата-ана, сынып жетекшінің, қоғамның атқарар қызметі жоғары. «Мәңгілік Ел» -ата бабаларымыздың сан жылдан бергі асыл арманы. Біз тәуелсіздігімізді мәңгілік көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.    «Қазақстан -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы, 2014 ж2.    Қазақстан Республикасының Президенті , Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы 3.   Бабаев С., Оңалбек Ж. «Жалпы педагогика», Алматы, 2005жыл4.   Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және  құқық теориясы», Алматы,2007ж5.«Мен елімнің патриотымын» Мухамбеткалиева Г, Жангалиева М.Курманбаева А.М, Қарағойшина Г.Ж







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.