Малдың ас қорыту жүйесінің аурулары туралы қазақша

0

Стоматит – ауыздың кілегей қабықтарының кабынуы (ауыз уылуы). Стоматиттердің талауранған түр жиірек, ал күлдіреген, жаралы, күлбіреген қабыршықтанған және іріңді түрлері сирегірек кездеседі.

Өту барысы бойынша жіті және созылмалы, ал пайда болу себептеріне байланысты — басалқы және қосалқы болады. Басалқы стоматит қабыңтың тітіркенуінен өз бетiмен, ал қосалқы – басқа бір аурулардың салдарынан пайда болады.

Себептері. Басалқы стоматит механикалық, химиялык, биологиялық және ыстық-суықтық факторлардың әсер етулерінен пайда болады. Ауыз қуысының кілегей қабықтары құнарсыз, қатты, дөрекі талшықты, тiкeнeктi азықтармен, ipi туралған сабанмен, дәмді өсімдіктердің және қылтанақтың қылқандарымен, бөтен заттармен, ауыздықпен, тic жарғанда және олар алмасқанда, сонымен катар, азу тicтepi дұрыс мүжілмей, шеттері үшкірлегенде, торайларда — арсиған азу тістерінің (клык) қажауынан зақымдалынады. Кілегей қабықтарының химиялық зақымдалуы мал сарғалдақ, сүттіген, қыша, қырыққұлақ және басқа да улы шөптерді жегенде пайда болады.

Белгілері. Стоматит қай түрде өтciH, азықты шайнау процесі  бұзылады. Мал азықтың майдасын, жұмсақтарын таңдап алып, абайлап, жаймен, арасында дем алып барып шайнайды, кейде қатқыл, ipi сабақтарды аузынан сыртқа шығарып тастайды.

Анықтау. Ауыз қуысын ашып қарағанда стоматиттің нактылы зақымдалынған жерін, түрлерін ажырату қиынға түспейді: бірaқ басалқы не қосалқы түрлерін ажырату үшін малдың клиникалық күй-жайын да есепке алады.

Eмi. Алдымен аурудың пайда болу ceбебін анықтап, жою қажет. Малға жеңіл өңделетін жұмсақ азық (шөп,жемді — буда бұқтырып) және суды керегінше  берген жөн. Азықтанған соң ауыз қуысын Эсмарх кружкасы көмегімен 1% -дық тиіс Na гидрокарбонат, 1:1000 катынастағы калий перманганат, 1:1000 қатынастағы риванол, 1 : 5000 қатынастағы фурациллин, 3% -дың бор кышқылы ерітінділерімен 3-4 реттен шаяды. Уытты ойық жараларды (язва) йод-глицерин қоспасымен өңдейді. Қабыршақтанған және жаралы стоматитте микробтарға карсылған дәрілер ерітінділерін және глицеринмен араласқан йод препараттарын қолданады.

Фарингит – жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың кілегей қабыңтарының, лимфа фолликуласының (капшық бездері), сонымен катар кілегей астыңғы кабатының, бұлшық және жұтқыншақтың сыртындағы лимфа бездерінің қабыну процестері.

Себептері.  Негізінен малды ыстық азықпен азықтандырғанда, қырау шалған жайылымда баққанда болады. Фарингитті тудыратын химиялық

Тітіркендіргіштер қатарына ауыз арқылы бepeтін дәрі-дәрмектер: төрт хлорлы көміртегі, скипидардың қою ерітіндісі,  құстыратын дәрілер, нашатыр спирті, қышқылдар, формалин, сақырауқұлақтармен ластанған шіріген азықтар жатады. Екінші peттi болып кейбір жұқпалы індеттерден (сақау, ciбір күйдіргісі, шошқа обасы, т.б.) кейін дамиды.

Белгілері. Фарингиттің барлық түрлерінің бастапқы белгілері — азықты жұту процесінің бұзылуы. Ауру мал, әдетте, азықтың жұмсағын таңдайды, абайлап, баяу шайнайды, шайнауын тоқтатып, мойнын созып барып жұтады. Жұтқан мезгілде  басын шайқайды, алдыңғы аяқтарын алма-кезек ауыстырады, жөтеледі.  Таңдай шымылдығындағы инфильтрация процесі жіті өтіп, ауырсыну қаттырақ сезілгенде ішілген су мұрын жолдары арқылы қайтадан сыртқа шығарылады (регургитация).

Анықтау. Белгілерін есепке алады, жұтқыншақтың іші-сыртын сипау әдісін және фарингоскоп қолданады.

Eмi. Шөп қopeктi малға жақсы сүрлем, не содан дайындаған паста, көк шөп, не бұқтырылған шөп, ұннан жасалған сұйық ботқа шошқаларға суйық ботқа, быламық, сорпа, сүт, сүрлемнен жасалған паста, арпа, сұлының қайнатпасын дайындайды. Ауыр өткен кезде малдың жағдайын жақсарту үшін қоректендіру клизмасын жасайды (қант ерітіндісі, қайнатпалар), қан тамырына 300-400 мл, 25% глюкоза ерітіндісін енгізеді. Суды жылытып береді, егер іше алмайтындай жағдайға жетсе, онда қан тамырына 0,5-1 л., 0,85% хлорид натрий ерітіндісін, Рингер-Локка сұйығын енгізеді,  не оларды көп мөлшерде тiк ішекке жібереді.

Сақтандыру шаралары. Малды мұздаған және ыстық азықтармен азықтандырмайды, тiкeнeк азықтарды бұлап, жібітіп береді. Ыстықтаған малды суық желге және жел орайлы жерге қалдыруға болмайды. Жыл бойы жүйелі түрде серуендетіліп жүрген мал суықтан болатын ауруларына төзімді келеді.

Оңештің қабынуы — шошқалар, жылқылар және ipi қаралар арасында жиірек кездеседі. Пайда болуына байланысты басалқы және қосалқы түрлері болады.

Ceбебі. Басалқы эзофагит малды ыстық азықпен азықтандырудан, қою концентрациялы, тітіркендіргіш дәрі-дәрмектерді, кышқылдар, сілтілер, құстыратын дәрілер,  мүcaтip спирті және баскалары пайдаланудан, деректі, тікенек азықтар беруден, кілегей қабықтарын бөгде заттардың, сүйек, темip-тepceктep, т.б. енгізген зондтың зақымдауларынан, бөгелек құртының әcepiнен және сырттан зақымданудан дамиды.

Белгілері. Эзофагиттің негізгі белгілері – ауырсынады, қиналып жұтынады және сілекей ағады. Жеңіл өткен жағдайда мал азықты мойнын созып барып абайлап жұтады. Қабыну ауыр түрде өткенде (крупозды, іріңді) азық өңештен өтіп бара жаткан кезде қатты ауырсынады, кейде өңеш түйіліп  азық сол жерде тұрып қалады, не бұлшық eттepi кepi жиырылғандықтан, азық қайтадан сыртқа шығарылады. Мұндай жағдайда мал басын қимылдатады, ыңқылдайды, алдыңғы аяқтарымен жер тарпиды, азық жемей, су ішпей қояды. Өңештің маңын сипағанда ауырсынады, жай көзбен қарағанда қимылы жоғары, кеудеден мойынға қарай, көтеріліп келе жатқан толқын сияқтанып кepi жиырылады.

Анықтау. Диагнозды жиналған мәліметтерді негізге алып, жұтынудың бұзылуын анықталынған клиникалық белгілеріне сәйкестендіріп,  барып кояды.

Емі. Шөп қоректілерге бұзылу дәрежесіне  ауырсыну сезімталдығының  өзгеруіне байланысты жұмсақ, буланған шөп, сүрлеме пастасын, быламық, арпаның ботқасын, шошқаларға сорпа, сұйық ботқа беріледі.Малды ылғи суық сумен, не суық сүтпен қамтамасыз етеді. Азық кабылдамаған малды жасанды түрде азықтандырады, ол          үшін күнде қан тамырына не тepi астына 0,090/0 дық натрий хлорид ерітіндісін енгізеді. Ауырсынуын азайту және мазасыздануын басу мақсатымен малды азықтандырардың алдында қан тамырына аз мөлшерде хлоралгидрат ерітіндісін  не тepi астына пантопон енгізеді.

Қарынның гипотониясы және атониясы —мес, тақия және жалбыршақ қарындарының жиырылуларының бұзылуларымен сипатталатын дерт. Гипотонияда олардың жиырылу күші әлсіреп саны азаяды, ал атонияда жиырылу қызметі тоқтайды.

Себептері. Карындардың өз бетiмен дамитын гипотониясы және атониясы ipi қарада жиірек, ешкілерде сирегірек кездеседі. Шырынды азықтан қатқыл, құрғақ, жасунығы көп азықтарға (құрғақ сабан, кешеуілдетіп дайындаған, не сілтіленіп  кеткен пішен, бұтақтардан дайындалған азық) аяқ асты ауыстырғаннан пайда болуы мүмкін, әсіресе, құрғақ күйінде жегізген егін және диірмен қалдықтары (топан, мекен, мақтаның, сулының, не тарының қауыздары), сонымен қатар жарылмаған жемді  дән күйінде көп берген қауіпті.

Белгілері. Аурудың бастапқы азыққа деген зауқы нашарлайды, бұзылады, не толық жоғалады. Азыққа зауқының өзгеруімен қатар күйіс қайтару саны азаяды, күйіс қайтару уакыты қысқарады немесе толық жойылады, кeкipiнуi сақталады. Мес қарын аурудың басында тығыз, кейінірек жұмсарған не сұйылған жынға толады, сол жақ аш бүйірі газға толады, оны қолымен және перкуссиялап оңай анықтауға болады. Гипотония кезінде  мес қарынның жиырылу күші біркелкі болмайды, атония қолмен тексеріп мес қарынның қозғалысын анықтай алмайды, ал руменограммада қимылы болар-болмас қана байқалынады. Жиырылу қызметінің әлсіреуіне байланысты жалбыршақ қарындағы, ұлтабардағы, ішектердегі табиғи шуылдар бәсең естіледі.

Анықтау. Жеңіл түрде өтетін гипотонияның ceбебi тек қарындардың қызметінің бұзылғандығынан емес ұлтабар, ішектердің және басқа да ағзалардың қызметтерінің бұзылуынан болатындықтан, ауруды анықтарда жиналған мәліметтерді есепке ала отырып, олардың клиникалық белгілерін салыстырады.

Eмi.Басалқы гипотонияда емді ipiп-шipy процесін шенеуге, жиырылу-созылу қызметін қалпына келтіруге, микробиалдық процестерді қалыптастыруға, улануды азайтуға, ал қосалқы гипотонияда аурулардың белгілерін жоюға бағыттайды.

Қарындардың жиырылу-созылу қызметін қоздыру, уытты заттарды сыртқа шығару және РН көтеру мақсатымен мес қарынды 30-40 л 1 % -дық натрий сульфаты немесе гидрокарбонат ерітінділерімен  жуып-шаю ұсынылады. Ол Черкасов не Кумсиев зондтарының бірeyiн қолданған ыңғайлы. Ас қорыту ағзаларының жиырылу-сөл бөлу қызметін реттеу мақсатында ерте буаз малға тері астына мынадай дәрілерді бөлшектеп карбохолин: ipi қараға 0,001-0,003, қойға 0,0002-0, 0004 ; пилокарпин гидрохлораты: ipi қараға 0,005-0,4, усакқ малға — 0,01-0,04, прозерин болмаса физостегмин салицилатын. Холинэргиялық дәрілерді  берудің алдында, мес қарындағы бығып, тығыздалынып калған жиынды жуып-шаю арқылы не 5% натрий немесе магний сульфат ерітінділерін ipi караға 400-700 г, ұсақ малға 40-80 г, беру арқылы сұйылтады. Оның үcтінe іш өткізетін дәрілер ipi қараға аузы аркылы 5-12 мл, кой мен ешкілерге  2-4 мл не тepi астына ipi караға 5 мл енгізіледі, күйіс қайыру басталады. Тұнбаны енгізген жері аздап домбығып ісінеді.

Қарындардың жиырылу-созылу қызметін жақсарту  азыққа тәбетін ашу және күйісін қоздыру мақсатымен, малға ащы азықтар; ipi қараға тәулігінe 2 реттен 20-30 г, ермен, 20-25 г, шерменгул түбірiH, 100-150 мл арақ, ұсақ малға 5-10 ермен, 50-100 г жасанды карловар тұзын бе-реді.

Малдың сол жақ аш бүйірін төменнен жоғары қарай, сағат тілінің бағытына қарсы дөңгелектеп күнiHe 2-4 рет 10-20 минуттан уқалаған, соллюкс шамымен 30-40 мин. қыздырған, ультракүлгін сәулесін (ПРК-2) 10-15 минут түсірген,   20-30 минут 2-2,5 А диатермия тоғын қолданған жақсы әсер етеді. Тәулігіне 2-3 рет жарты сағаттай  жетелеп бой жаздырған, тереңге бойлатып салқын клизма жасаған пайдалы.

Сақтандыру шаралары. Бұзылған, үсіген азықтарды және тарының, сұлының қауыздарын құрғақ күйінде беруге болмайды. Азықтың бір түрiнен екінші түрінe біртіндеп көшірген  дурыс. Сапалы азықтандыруды күнделікті 4-6 км аралыққа жүйелі түрде серуендету үйлесіп түру — қарындардың гипотониясы және атониясын сақтандырудың сенімді жолы.

Мес қарынның жіті кебуі — мес қарында газдың тез арада және көп мөлшерде құралуының салдарынан шектен тыс кернелуімен сипатталынатын дерт, ipi қара және қойлар арасында жиі ал ешкі мен түйелерде сирегірек кездеседі.

Себептері. Қарынның басалқы кебуiнe тез ашитын азықтарды көп мөлшерде жеген себеп болады. Шырынды көк азықтар: жаңадан шабылған көк шөп, жоңышқа, беде және басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер уызданған кезіндегі жүгерінің собығы, көктеген күздік дәнді өсімдіктер, кырыққабат және қызылшаның жапырақтары үлкен қауіп тудырады. Бұл азықтар үйдеме тұрып, қалып қызған не жауынмен, таіғы шықпен ылғалданған кeзінде немесе осы азықтардың бірiмен азықтанған малды іле-шала тойдырып суғарған өте қауіпті.

Белгілері. Аурудың басында мал мазасызданады: азық жеуін тоқтатады, құйрығын бұлғақтатады, қарай кейде ыңыранып жатады, бірaз жатады, бірақ тез тұрып кетеді, артқы аяқтарымен ішін тепкілейді.

Дене қызуы өзгермейді. Тыныстануы жиілейді (минутына 60-80 рет), үстірттенеді, кеудесімен дем алады. Мал қиналған жағдайда тілін слақтатып, сілекей шұбырып ағады, аузы арқылы тыныстанады. Мес қарынның кебуi үдеген сайын кілегей қабықтарында қан кернеліп, сонан соң көгере бастайды. Тамыр соғуы           жиіленеді, кейде жүрегі қосымша жиырылып, ырғақтығы басқа түрде де бұзылады. Бүйірлерінің кемелі ұлғаяды, сол жақ аш бүйірі қатты қампайып, кабырғалар түскендігінен, бүйірлері формасының тепе-теңдігінің бұзылғандығы байкалады. Күйіс қайтаруы мен кeкipiнуi тоқтайды.

Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтерге және аурудың белгілеріне негізделінеді.

Eмi. Мес қарындағы жиналған газдарды сыртқа шығаруға және олардың құралуын басуға әрекет жасау керек. Алдымен қарапайым тәсілдер — тауға қарай жайымен жетелеу не айдау, сол жақ аш бүйіріне суық су құю қолданылады. Ауру малды суатқа түсіріп, тыныстануын жиілетеді және мес қарындағы газдардың құралуын тежейді.  Жиналған газдарды шығару мақсатымен мес қарынға зонд енгізеді немесе денесінен алдыңғы бөлігін көтеріп  қойған қалпында сол жақ бүйірін терецге бойлатып ұзақ уақыт уқалайды.      Денесінің алдыңғы бөлігі көтеріліп тұрған жағдайда газдардың сыртқа шығуы жеңілденеді.  Қойдың қарны кепкенде жиналған газдарды шығару үшін оларды артқы аяқтарына отырғызып, ішін eкi тізенің арасында орналастырып, бірнеше рет қатты-қатты қысады. Мақсатқа сәйкес келетін ic-әpeкеттің  бірi — малды кeкipткiзу, ол үшін ырғақтандырып тілін тартады, сосын қара май немесе

керосин жағылған жуан арқанмен, ширатылған сабанмен, бинтпен не матамен оралған таяқпен малды ауыздықтайды.

Жиналған газдарды өзіне сіңіріп алып, ыдырату үшін аузы арқылы 2-3 л. жаңа сауылған сүт, 20 г күйдірілген магнезий, 10-20 мл аммиактың судағы ерітіндісін 500 мл суға қосып береді.  Қарындағы ашу процесін бәсеңдету үшін аузы арқылы 1000 мл 2 % ихтиол ерітіндісін, 50-150 мл суға араластырып не 160-200 мл тимпанолды 2 мл суға қосып береді. Көбікті тимпанитте аузы арқылы көбікті ыдаратып: 50 мл сикаденді 2-5 л суға қосып, 160-200 мл тимпанол не антиформолды 2-4 л суға араластырып береді. Оларды зонд немесе троакар арқылы енгізеді, резеңке бөтелкемен аузы арқылы да береді. Сикаден газ көпіршіктерін ыдыратады, мес қарынның қимыл қызметін күшейтеді де, қарындар мен ішектер орналасқан бактериялар флорасына әсерін тигізбейді.

Тұншығу белгілері үдей түскенде мес қарынды троакормен болмаса басқа қуыс инемен тесу ұсынылады.

Сақтандыру шаралары.  Малшыларды малды жеңіл ашитын азықтар мен азықтандырудың және рационның бір түрінен екінші түріне ауыстырудың ережелері мен әсіресе құрғақ азықтан шырынды азыққа көшіргенде міндетті түрде таныстыру керек. Малды шөбі бітік жайылымға шығарар алдында құрғақ және шырындығы аздау азықтармен тойындырады. Малды шық кезінде және жаңбырдан кейін тез арады жайылымға шығармайды.

Тақия қарынның жарақаттаныа және іш пердесінің қосарлана қабынуы – тақия қарыны қабырғасының бөгде затпен жарақаттанып, зақымдаланған ағзаларда жайылма қабынудың дамуы мен сипатталынатын дерт, ересек ірі қара мал арасында өте жиі, қойлар мен ешкілер арасында сирек кездеседі. Ауру жіті және  созылмалы түрде өтеді.

Себептері. Ірі азықтар, пішен, сабан, егін қалдықтары, сусылмалы кебек, құрама жем ұқыпсыз сақталғанда, темір-терсектермен және де басқа да қатты бөгде заттармен ластанады. Ластану жағынан әсіресе буылған пішен мен сабан қауіпті. Кейде бөгде заттар сүрлем арасында да кездеседі. Мал жайлымы кезігде темір-терсекпен ластанған бітік шөпті шабындықта жайылғанда да жарақатты ретикулитпен дерттенуі мүмкін.

Белгілері.  Жіті түрде өтетін жарақатты етикулит және ретикулпериотинит аяқ асты пайда болуымен сипатталады. Ауру күтпеген жерден пайда болады, мазасыздану белгілері (құйрығын бұлғақтату, бүйіріне қарай беру және артқы аяқтарымен ішін тепкілеу) пайда болады. Мал ыңқылдайды, орнынан тұрарда, жатарда, несеп шығарғанда және қимылдағанда қатты ауырсыну байқалады. Дене қызуы 39,8-40,8°С-қа дейін көтеріледі. Сауын сиырлардың сүті азаяды.

Анықтау. Ауруды дәл анықтау үшін бөгде заттың бар екенін және тақия қарынның жарақатын табу керек. Қарын қабырғасына қадалып тұрған және жын арасында еркін жатқан темірлерді Веллестенің ұсынған әдісі бойынша рентген тексерістен өткізіп анықтауға болады. Еркін жатқан темір қоспалы бөгде заттарды магнит зондтары (Меликсетианның, Коробовтың ) арқылы тауып алып сыртқа шығаруға болады.

Eмi. Қарындарда epкiн жатқан темір қоспалы заттарды магнит зондтары арқылы сырқы шығарады. Тақия қарнына зонд енгізу техникасы оңай және ерекше жағдайларды талап етпейді.

Іші қатқан жағдайда аз мөлшерде (200-300г) iш өткізетін тұздар тағайындайды, жылы клизма жасайды. Ауырсынуын басу мақсатымен қан тамырына 250-300 мл 25 % алкоголь, анальгин енгізеді. Шіру процесін басу үшін аузы арқылы фурациллин, окситетрациклин, ихтиол және басқаларын береді.

Сақтандыру шаралары. Зат алмасуының бұзылуын қақпайлайтындай етіп малды сапалы азықтармен азықтандырады, қомақты азықтардағы темір-терсектерді колмен тазалайды, сусымалы жемдерді электромагнитті кондырғылармен тазалайды, ферма маңын темip-тepceктерден және басқа да металл коқтығынан жүйелі түрде тазалап түрады.

Жалбыршақ қарынның бітелуі – қатпаршактар арасындағы қуысқа азықтардың катты бөлшектерінің не құмның толып кетуі. Ipi кара мал көбірeк, кой мен ешкілер сиректеу ауырады.

Себептері. Жалбыршақ қарыннын қатпаршақтар аралық куысы көп мезгіл бойы катты майдаланған сабанмен, топанмен, топырақпен тазаланбаған дәнді-дақылдармен, егін калдықтарымен азыктандырғанда немесе бітеу дәнді жарылған жемдерді (жарылған арпа) көп мөлшерде бергеннен кейін, сонымен қатар шырынды азықтардың мөлшерін азайтып, тарының, сулының, мактаның кауыздарын бергенде толып кетеді.  Жалбыршақ карынның атониясы және оның толып кeтуi көбінeсе жүйелі  түрде серуендетіліп,  әсіресе, буаз күндерінің eкiгшi жартысында бой жазбайтын және қарындары созылмалы атониямен дерттелінген малда пайда болып дамитынын ескерген жөн.

Белгілері. Жалбыршақ қарын тола бастасымен алдыңғы сағаттардың ішінде-ақ малда жалпы жабырқаулық, әлсіздік пайда болады, азыққа зауқы және күйіс қайтаруы нашарлайды немесе мүлдем жоғалып жалбыршақ қарынның толып ерте — мес карынның жиырылуы азайьгп, кейде атонияға

Анықтау. Ауру жеңіл өткен жағдайда тудырған себептерін жойып, емдік көмек көрсетілгеннен кейін мал айығып кетеді. Ауыр өткен жағдайда (ауру 7-12 тәулікке созылып, күй-жайының нашарлауы үдей түскенде) өліп қалуы мүмкін. Аурудың жағдайы күрт нашарлаған жағдайда малды жарамсыздар қатарына шығару керек.

Eмi. Қарындардың қимыл қызметтерін күшейтуге, жынын сұйылтып, оны сыртқа шығаруға бағытталынады. Жалбыршақ қарынның толуына себепкер болған азықтарды рационнан шығарып тастап, оның орнына шырынды азықтар (сүрлем, пішендеме, көк шөп, қант қызылшасы, cәбіз) береді.     Су керегінші ішкізіледі. Зонд арқылы 10-12 л суға ерітіп 300-500 г натрий сульфатын енгізген,  сонымен қатар күнінe 2 реттен 5 литрге дейін резецке бөтелке арқылы өсімдік майын, зығыр дәнінің, алтей түбірінің қайнатпаларын ішкізсе жақсы нәтиже береді. Іш өткізетін дәрілерді бергеннен кейін немесе мес қарынды жуып-шайғаннан кейін ас қорыту ағзаларының қимыл сөл бөлу қызметтерін жақсарту мақсатын тері астына аз мөлшерде күнінe 2-3 реттен карбохолин (0,0001-0,0002) немесе пилокарпин (0,05-0,2), қан тамырына натрий кофеинбензоатнедиуретин қосылған 5 %-дық натрий хлориды ерітіндісін  (200-300 мл)енгізіледі.

Сақтандыру шаралары. Жалбыршақ қарынның толып кeтуінен  сақтандыру мақсатымен ұсақталған сабанды, топырақтан тазартылған егін қалдықтарын және техникалық өнімдердің қалдықтарын бұлап не шырынды азықтармен араластырып береді. Минералды заттар жеткілікті болуы керек. Мал күнінe 2-3 сағаттай жүйелі түрде серуендетіледі.

#Малдың #ас #қорыту #жүйесінің #аурулары