Малды жазда бағу гигиенасы | туралы қазақша
Мал үшін жазғы жайылымның қыста қолда ұстағаннан едәуір артықшылығы бар. Жазғы жайылымда мал бойына сіңімді, құнарлы және витаминдері мол көк шөпті еркін жейді. Малдың таза ауада, күн сәулесінде ұзақ уақыт болуы және үздіксіз қозғалуы оның табиғи өмір жағдайына өте жақын болады. Сондықтан мал жаюды жақсы ұйымдастыру малдың денсаулығын жақсартуға және оның өнімділігін арттыруға ең қолайлы шара болып табылады. Жайылымда бағу жас төлдің тез өсіп-марқаюына көмектеседі және оның сезімталдығына әсер етеді.
Шаруашылықтарда қой, жылқы жыл мезгілінің көпшілігін, яғни көктем, күз, жаз айларын жайылымда өткізеді. Малды жайылымда бағу оны азықтандыруды, бағуды арзандатады.
Дегенмен, мұндай тиімді жағдай малды бағып-күту, азықтандырып-суару зоогигиеналық талаптарға сай жүргізілгенде, сонымен қатар малдәрігерлік-санитарлық талаптарды дұрыс орындалғанда ғана тиімді бола ды. Малды жазғы жайылымда күту үшін мынадай зоотехникалық- малдәрігерлік шаралар жүзеге асырылуы тиіс: барлық жайылымдық жердің көлемі мен сапасын есепке алу керек, малдың түлігіне, жасына, т.б. ерекшеліктеріне қарап жайылым арнайы учаскелерге бөлінуге тиіс. Бөлінген әрбір учаскенің ерекшеліктерін ескере отырып, кезекпен мал жаю өpicтepiнe бөліп, оны малдың жеп болуына байланысты 8-10 күннен кейін айырбастап тұрады. Жайылымдық жердің сапасын нашарлатпау үшін барлық учаскелер мен өрістерде малдың шөпті үнеммен жеуіне назар аударып, желінбей қалған шөпті шауып алу керек.
Малды жайылымда бағуға көшу біртe-біртe жүргізілуі керек. Жыл сайын мал жайылымға шықпас бұрын жайылымдық жер мұқият бақылаудан өткізіледі. Өлген малдың сүйектері жиналып, тас, сүйек, тағы бақа қалдықтан, қоқыстардан тазартылады. Жолдар тәртіпке келтіріледі, көпірлер, құдықғар, мал су ішетін астаулар жөнделеді.
Малды жайылымға шығарар алдына зоотехникалық-малдәрігерлік бақылаудан өткiзу керек. Ауру және әлсіз малды жеке топқа бөліп, оларды жақсы жайылымдарға орналастырады. Малдәрігерлік-санитарлық талаптар орындалмай, қалай болса солай бағылған малдан ceміз ет те, көп сүт те алынбайды. Мал шөптің тәуірін таңдап жейді де, калғанын таптап өсірмей тастайды. Ал мал жемейтін арам шөптер қаулап өсіп, жайылымды басып кетеді. Көптеген жайылымдағы шөптер мал аяғымен тапталып, пайдасыз болып қалады. Сөйтіп малды бетiмен жаю көптеген жұқпалы және құрт аұруларының таралуына себепші болады.
Жайылымды дұрыс пайдалану үшін және құрт ауруларынан сақтану ұһүшін жерді бөліп пайдалану керек. Мұнда жердің көлемін әр отарға лайықтап бөліп, әр жайылымды пайдалануды реттеп отырады. Жайылымды бөліп пайдаланғанда онда шөп бiтiк, қалың өседі. Малдан алынатын өнім де артады. Барлық жазғы жайылымның шүйгін шөбі peтiмен пайдаланылады. Малды бөлектеп жаю құрт ауруларымен күрестi нәтижелі жүргізуге жағдай тудырады.
Малдың қиында болатын паразиттер жұмыртқалары мен балаңқұрттары басқа да малды 8-9 күнде қайтадан залалдап, ауыртады. Жайылымды 5-6 күн аралығында ауыстырса, паразит ұрықтары өсіп-жетіоіп үлгермейді, яғни малды залалдай алмайды. Балаңқұрттар өсіп-жетілмегенмен, сыртқы ортада ұзақ уақыт бойы сақталады. Сондықтан сол түлік малды осы мерзім ішінде қайтадан жаюға болмайды, бірaқ бұл жердің шөбін шауып алуға, басқа малды жаюға болады. Сонымен қатар, мал тұратын жерді ауыстыру керек. Жайылымды ауыстыру ipi қара мен жылқы ауруын таратушы кенелерге қарсы шара болып табылады .
Көктемде малды жайылымға шығарар алдында барлығын малдәрігерлік байқаудан өткiзу керек. Арық, нашар малға баса назар аударылып, малдәрігерлік жоспарға байланысты егулер жүргізіледі.
Ауру малға қарсы ем қолданылады. Туберкулез, бруцеллез бар малды етке өткізеді. Ауыруы ықтимал деген малды басқа малдан оцшаулап, бөлек ұстайды. Бұл малға мал дәрігерінің нұсқауы бойынша жайылымды, суды, жерді бөлек пайдаланады. Жайылымға шығарарда малды қарасан, топалаң ауруларына қарсы егеді.
#Малды #жазда #бағу #гигиенасы