Қазақстанда шағын кредит беру тәртібі өзгерді

0
686
Advertisement

Бұдан былай микроқаржы ұйымы екі апта ішінде қарыз алушының өтінішін қарап, қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлауы тиіс

Қазақстанда шағын несиелерді рәсімдеу және қарызды қайтару тәртібіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік басқармасының қаулысына сәйкес, жеке тұлғалардың микрокредиттер бойынша берешегін сотқа дейін реттеу рәсімі белгіленіп отыр.

«Ал микроқаржы ұйымы шағын кредит бойынша төлеу мерзімінің кешігуі туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей, қарыз алушыға ол туралы хабар беруге міндетті. Қарыз алушы төлеу мерзімінің кешігуі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен микроқаржы ұйымына жүгінуге құқылы», – делінген ресми хабарламада.

Микроқаржы ұйымы екі аптаның ішінде қарыз алушының өтінішін қарап, қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлайды. Қарыз алушыдан өтініш болмаған жағдайда немесе онымен келісім жасалмаса, берешекті нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алуға болады.

Бұдан бөлек, микрокредит беру туралы келісімді ресімдеу шаралары мен оның мазмұнын оңтайландыруға шешім қабылданды. Атап айтқанда, микрокредитті өтеу кестесіне қосымша мәліметтерді енгізуге ұсыныс жасалды. Мысалы, микрокредитті қайта құрылымдау кезінде төлеу мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер өтеу кестесінде көрсетілуі тиіс.

Жаңа қағидаларға сәйкес шарттың жасалған күні, микрокредит сомасы, пайыздық мөлшерлеме, шарт талаптарын орындау мерзімдері және басқа да міндетті шарттар туралы ақпаратты шарттың титулдық парағына жазу талап етіледі.

sputnik.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз