Лизингілік кредит — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Қазақстанда 2000 жылдан бері лизингілік кредит қолданылып келеді. Лизинг — бұл негізгі құрал-жабдық мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметтің түрі.

Қызметтің бұл түрі ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңымен, Азаматтық, Салықтық және Кедендік кодекстермен, «Инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» және «Инвестиция туралы» заңдарымен реттеледі.

Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын машина, құрал-жабдық, сайман, үй — ғимараты, құрылғы, көлік құралдары жатады.

Лизинг объектісі лизинг берушінің балансында болады және лизинг объектісінің амортизациясы жеделдетілген амортизация коэффициентіне сәйкес «қызмет көрсету» жұмысының өзіндік құнына қатысты болады, лизингтің әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен ұзақтық бойынша өлшемделуі керек.

Лизинг — бұл мүліктің меншік иесі (жалға беруші) мен жалдаушының арасындағы келісім. Бұл келісім — мүлікті делдал болып табылатын лизингілік компания арқылы келісілген мерзімге және төлемі үшін пайдалануға беру. Осылайша, лизингілік мәмілеге лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы (жабдықтаушы) қатысады.

Лизинг өзінің мазмұны бойынша кредит қатынасына сәйкес келеді және мәні бойынша қарызға ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынада лизинг берушінің лизинг алушыға мүлікті пайдалануға беру формасында берілетін (тауарлық кредит) кредитті білдіреді.

Лизингтің банк кредитінен артықшылықтары:

  • мүлік кепілге салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажеті болмайды;
  • бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;
  • лизингілік төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге жатқызылады, бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді;
  • жүз пайыздық кредиттеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді. 

Лизингілік кредитті Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілері комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.

Бүгінгі таңда лизинг кез келген өндірістің материалдық-техникалық базасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға мүмкіндік береді. Машиналар мен құрал-жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:

  • лизинг кәсіпкерге — жалдаушыға өндірісті аса ірі бір жолғы шығындарсыз ұлғайтылуына мүмкіндік береді;
  • өтімді қаражаттардың шектеліп қалу мәселесі жұмсарады;
  • негізгі құрал-жабдықты сатып алуға кеткен шығын келісімшарт әрекет ететін барлық мерзімге бірдей (біркелкі) бөлінеді;
  • қарыз капиталы тартылмайды және т.б.

Лизинг беруші — банктің лизингілік қызметінің артықшылығы:

  • лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;
  • қосымша құн салығынан босатылады;
  • лизингілік компанияның кредиттеуінен табыс және акциядан дивиденттер алады.

Осылайша лизинг — банктің қызметін көрсету аясын кеңейтудің келешегі зор бағыты.