Құн өлшемі – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0

 

Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.

Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады, Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.

Металл айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдың салмақтық көлемі деп аталады, ол кез келген елде ақша бірлігі ретінде және басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша ретінде алтын есептелетін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола бастады. Алтынның фунтқа және унцияға бөліну қасиеті бар. Алғашқы ақшалардың аты ақшалай металл (алтын,күміс) ақшаның салмақтық құрамымен сәйкес келді, ал салмақтық масштабтың аты бағалар масштабы ден аталады. Күмістің фунты фунт стерлинг деген атауды туындатты.

Бағалар масштабының рөлі мынада, яғни ол өз ретінде ұлттық ақша бірлігі салмағын тұрақтандырушы ретінде әрекет етеді. Бұрын мемлекет ақшаның алтындық құрамын оқтын-оқтын белгілеп отырған. Бірақ та 1976-1978 жылы енгізілген алтынның ресми бағасын Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысушы елдердің ақша бірліктерінің алтындық құрамын Ямайка валюта жүйесі алып тастады. Қазіргі таңда бағалар масштабы баға көмегімен тауар құнын салыстыру арқылы нарықтық үрдісте стихиялық түрде қалыптасып жатыр.

Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әр түрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі болып айқындалады, бағалар масштабы – металдың тұрақты салмағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар, және керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі көлемі өлшенеді.

Қазіргі жағдайда алтын ақшаның міндетін атқарудан қалды, яғни ол ақша қызметін, соның ішінде құн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын кредиттік ақшалармен алмастырылды.

Әрбір мемлекет өз құн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн өлшемі ретінде теңге, Ресейде – рубль, АҚШ-та – доллар, Еуропалық Одақта – евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөл ойнайды. Айрықша қажетті жағдайда үкімет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді. Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы – бұл құнның бір өлшемінен басқасына ету, ол ақшаның жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.

Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады.

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз