Лирикалық әндер |

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қазақ халқының терең сүйіспеншілік сезімге құрылған лиикалық әндері өзінің көркемдік келбеті, әуездік құрылысы мен жырлаған тақырыбы жағынан аса қомақты. Олардың арғы дәуірлерден келе жатқан үлгілері де жоқ емес. Мұндай әндердің әуен-сазы әдетте қысқа. Соған орай  өлең шумағы да ықшам, қос жолдық болып отырады. Сонымен қатар қара  өлең өлшеуіне құрылған үлгілері де баршылық.

Лирикалық әндердің басты ерекшелігі, оның адамның жеке  басына байланысты  сүйіспеншілік сезімге негізделуі дер едік. Сол себепті олардың туған кезеңін дөп басып айту қиын. Әннің мазмұны бірде ашық та айқын, енді бірде астарлы ойға құрылады.

Япур-ай

Жас болса жарқыраған көлдің  беті,

Көгеріп толқындайды, япур-ай,  алыс  шеті.

Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын,

Шайқайды жас балдай, япур-ай,  желдің лебі, —  деп басталатын  ән жайма шуақ жаз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын аса бір нәзік сезіммен жырласа:

Алтын бу ақ көбіктің бетін жабар,

Судан бу көкке төніп, япур-ай,  маржан тағар.

Есіме  ақ еркемді алған кезде,

Ақ маржан жылт-жылт етіп, япур-ай, жерге тамар, —  деген келесі  шумағында сол сезім табиғат аясынан шығып, сүйген жанның ішкі жан-күйін, толғанысын білдіреді.

Ән бастан-ақ біркелкі созылмалы түрде орындалады.  Алғаш оның әсерлі әуені жоғары шарықтап, соңынан төмен түсіп, баяулап барып аяқталады. Бұл төменгі дыбыстың тұрақтылығына негізделген халық сазы.

Әннің осындай лирикалық мазмұнына сай оның әуен-сазы да барынша көркем, әсем әрі сырлы. Ол өлеңнің әр жолының ой-мазмұнымен тығыз байланыста көрінеді. Халық әндерінің көне үлгілері  сияқты “Япур-ай” сазы да ықшам, өлеңнің әрбір қос жолы сайын оның әуені қайталанып отырады. Алғаш баяу басталатын ән әуені бірте-бірте көтеріледі де, ұзамай қайта басылып, алғашқы сезім күйіне оралады. Әннің осы қарапайым құрылысы оның ел арасына  кең таралуына  себеп болған сияқты.  

Сусамыр – елдің жайлауы

Бұл соңғы жылдары ел арасына  көңінен тарап жүрген әндердің бірі.  Соған қарамастан әннің лирикалық әуен-сазы мен сөз саптауы оның нағыз халық туындысы  екенін байқатады.

Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,

Сала берме көзіңді әр жақсыға.

Сусамыр  бар ма байлауы, —  деген  жерде әннің негізгі шумағы да,  қайырмасы да екі жолдан құралып тұр. Бірі –11,  екіншісі – 8 буындық өлшеммен берілген. Қайырмасы ықшам, тұрақты.

Әннің  әуені мен мазмұны да назар аударады. Бұл әдеттегідей кең тынысты саздардың бірі емес. Мұнда  халықтың  көшпелі тұрмысына,  оның көркем ойлау жүйесіне тән бірқатар белгілер бар.  Ән жастарды  әсем сезімге  бөлей отырып, орныққан ел дәстүрінен, әдептен озбауға үндейді. Оның астарында ер жігіт қандай болу керек, сұлу қызға не жарасқан деген тәрбиелік мәні бар ұғымдар жатқаннын аңғарамыз. Мұның өзі халықтық тәлім-тәрбиенің ән өнеріндегі көрінісі болуға тиіс.  Әннің халық атынан айтылуының бір сыры осында.  

Қоғалы –ай

Соңғы кездері  жиі айтылып,  ел арасына кең тараған әндердің бірі – “Қоғалы-ай”.  Бұл жері шұрайлы, шөбі шүйгін, малға жайлы қонысты, қазақ халқының белгілі бір таррихы кезеңіндегі тыныс-тіршілігін суреттейтінән.  Әуені созылмалы, қайырмасы сазды, әсерлі.

Боз беткейлі, ендеше, боз беткейлі,

Боз беткейден, ендеше, мал кетпейді.

Шөбі жұмсақ, шаруаға жері шүйгін,

Бағаналы Мансарға жер жетпейді, —  деп басталатын әннің өлең кестесі шалыс ұйқасқа құрылған  қазақтың қара өлең үлгісін еске салады. Әрбір екі жолдан соң қайталанатын “қоғалы-ай, қоңыр салқын-ай малға жай” деген жолдар әнді толық аяқтап отырады. Мұны халық әндеріне  тән көркемдік тәсілдердің бірі деп ұғынғанымыз жөн. “Қоғалы-ай” әнінің осы сипаты оны ғасырлар қойнауынан біздің дәуірімізге дейін жеткізіп отыр.

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...