Lesson Study – сабақты зерттеу әдісі.

0
326

ТақырыбыLesson Study –сабақты зерттеу әдісі МақсатыМұғалімдерге оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсіл туралы түсінік беру. Мұғалімдерді болашақта мектебімізде Lesson Study-сабақтарын ұйымдастырып, өткізуге ықпал ету.Оқу нәтижесі «Lesson Study» әдісі туралы түсінік қалыптасады, • Шығу тарихы, таралу елдері туралы мағлұмат алады. • Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен танысады. • Өз тәжірибелерінде қолдануға бағыт- бағдар алады, сыни ойлаулары дамиды.Түйінді идеяларLesson study — сабақты зерттеу, зерделеу, білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсілСабақта қолданылатын материалдарСлайд-презентация, видеожазба, тренингтер, маркерлер, үлестірме материалдарҰйымдастыру формасыТоптық жұмыс. Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісіДерек көздеріӘдістемелік нұсқау. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.Түрткі сұрақтар
  • Берілген материалды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба? 2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны қамтып, бақылау жасауға мүмкіндік бола ма? 3. Берілген материал бойынша сұрақтарға барлық оқушы өз пікірлерін білдіріп, жауап беру үшін не істейсіз? 4. Мұғалімге өз сабағында барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік бар ма? 5. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты зерттеп, бақылауда басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасайсыз ба?
  • 6. Сабақ барысындағы оқушының іс-әрекетін зерттеу сапалы білім берудің -кепілі деген пікірмен келісесіз бе? Неге?Тапсырмалар Топтық талдау, салыстыру, зерттеу, сыни ойлау.Коучинг барысыКоуч әрекетіМұғалімдердің әрекетіҰйымдастыру бөлімі5 мин.Топқа бөлуТренинг « «Қара жорға» биін билейді

    Мұғалімдерге сұрақтар жазылған қағаздар жапсырылған төрт түрлі конфеттер ұсынылады.

    Мұғалімдер тренингке қатыса отырып, жағымды әсер алады.Қатысушылар конфеттердің түрлеріне қарай топтарға бөлінеді.Түрткі сұрақтар 5 минут Мұғалімдерге әртүрлі түрткі сұрақтары беріледі және олардың ой-пікірлері тыңдалады.

  • Берілген материалды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба? 2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны қамтып, бақылау жасауға мүмкіндік бола ма? 3. Берілген материал бойынша сұрақтарға барлық оқушы өз пікірлерін білдіріп, жауап беру үшін не істейсіз? 4. Мұғалімге өз сабағында барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік бар ма? 5. Қабілет дағдысы орташа немесе әлсіз оқушыларға көмек, қолдау көрсетуде қандай әдіс-тәсілдер қолданар едіңіз? 6. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты зерттеп, бақылауда басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасайсыз ба?
  • Мұғалімдер конфеттерге жапсырылған қағаздардағы сұрақтарды оқып, өз ойларын білдіреді.Мағынаны тану Видеоролик көрсету10 мин

    Презентация арқылы таныстырылым

    Видеороликті көріп болған соң мұғалімдерге сұрақтар беру арқылы олардың ой –пікірлерін тыңдаймын.1.Сіздер бұл видеороликтен қандай іс –әрекеттерді байқадыңыздар?

    Олай болса, әріптестер, біз оқытудағы мұндай әдісті Lesson study әдісі деп атайды екенбіз. Арнайы дайындалған презентация арқылы «Lesson study» әдісі туралы қысқаша түсінік беремін.

    Әріптестер бейнефильмге өздерінің пікірлерін, көзқарастарын білдіреді.

    Презентацияны көріп, тыңдау барысында Lesson study әдісі туралы түсініктері қалыптасады.

    Ой толғанысТоптық тапсырма 15 минМұғалімдерге үлестірме материалдар беріледі. 1-топ: LS-дың мақсаты және оны жүргізу2-топ: 1-ші LS-ды жоспарлау, «бақылаудағы» оқушыларды анықтау және өткізу3- топ: 1-ші LS-ды талқылау, оқушылардың пікірін білу4-топ: Әріптестерді нәтижелермен таныстыру және оны мектеп бағдарламасына енгізу Мұғалімдер материалдармен оқып, танысып, өз түсініктерін постерге түсіріп,оны топтың бар мүшесі таныстырады, Бағалау5 мин

    Видеоролик көрсету

    Ұнаған топтың постеріне қолдарындағы стикерьлерді жапсыру арқылы бағалайды.

    LS – өткізіп жатқан мектептің іс-тәжірибесінен видеоролик көрсету Мұғалімдерге мынадай үлгідегі бағалау парағы ұсынылады

    Ең көп жұлдызша жинаған топтың пікірі нақтырақ және көңілге қонымды.

    Мұғалімдер бағалау парағын толтырады.

    Рефлексия

    5 мин

    « Мен бәрін түсіндім, өзгеге көмек көрсете аламын»«Мен тақырыпты түсіндім. LS –ды өткізуге қарсы емеспін»«Мен тақырыпты түсінген сияқтымын, бірақ маған көмек қажет»Мұғалімдер қолдарындағы стикерлерге аттарын жазып, өз қалаулары бойынша жапсырады«Анаға сәлем» әнін видеоролик арқылы айту Мұғалімдер көңіл-күйін ән айту арқылы көтеру