Курстық жұмыс: Жер салығы | Жер салыгы мен катынастары

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………… 3
1 Бөлiм. Жер салығының түсiнiгi………………………………………… 4
1.1 Жер салығының экономикалық мәні және мазмұны………………….. 4
1.2 Жер салығының есептелу тәртібі және алыну механизмі……………. 9
2 Бөлiм. Жер ќатынастарын реттеудегi ролi…………………………. 18
2.1 Жер ќатынастарыныњ дамуы…………………………………………… 18
2.2 Жер салығы бойынша шетелдік тәжірибе. (Германия, Италия)…….. 20
Қорытынды…………………………………………………………………. 23
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………… 24

Кіріспе.
Жер салығы – бұл жер рентасын шеттету нысандарының бірі. VIII ғасырдың соңында және ХІХ ғасыр бойы дамушы саяси экономиканы ұсынушылар, жер меншігі негізгі байлық болып табылады, мемлекетті басқару үшін қажетті мемлекеттік кірістер, осы байлықтың бірінші қайнар көзі сияқты салық салу жолына шығарылуы керек деп бекітті, яғни жерге салық салу керек деген.
Бұл салық жер учаскесін нақты қолдану есебімен кіріске негізделеді. Өткен және қазіргі жүзжылдықта олармен Г. Джордж, С. Корд, Н. Тидеман және көптеген басқа зерттеушілер айналысқан. Соңғы уақытта біздің шарттарда бұл мәселелерді М.Л. Бронштейн, А.А. Калныньш, А.Э. Сагайдан, Б.И. Пошкус айналысқан. Н. Суханованың жиырмасыншы жылдар басындағы маңызды және теориялық өңдеулері сақталған. Рентаның салық салу маңыздылығын сипаттағанда, ол былай деген: “Бұл жұмыс екі бөлікке бөлінеді: біріншіден, жер рентасын салық ретінде қалай алуға болатынын анықтау, және екіншіден қалай рентаны қоғамдық қажеттілікке аударуды шешу керектігін, яғни оны қалай бөлу керек”.
1991 жылы елімізде көптеген өзгерістер болды және экономиканың дамуына көптеген құбылыстар, атап айтқанда, меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және тағы басқа құбылыстар іске аса бастады.
Салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында жерге белгіленген базалық ставкасы анықталған. Негізінен Салық Кодексінде топырақ бонитеттеріне сәйкес, яғни жақсы дақылды шығымдылығының мөлшеріне сәйкес балл.
Жалпы қабылданған ережелер топырақтың құнарлылығына және толығымен жыртылған жерге 100 бал қолданылады.
Бұл курстық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде жер салығының жалпы түсінігі және де оның Қазақстан Республикасындағы орны қарастырылған.
Екінші бөлімде жер қатынастарын реттеудегi ролi мен шет мемлекеттерiнiң тәжiрибесi туралы айтылған.
Осы курстық жұмысты жазу барысында көптеген мәліметтер жинадық, жер салығының есептелу тәртібін және бюджетке төлену жолын жетік білдік, көптеген әдебиеттерді қолдандық.
1. Жер салығының түсiнiгi
1.1 Жер салығының экономикалық мәні және мазмұны.
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
– біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
– екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Қазақстан Республикасында салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:
– фискалдық қызметі;
– реттеушілік қызметі;
– бақылаушылық қызметі.
Фискалдық қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыруы қажет. әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.
Салықтардың келесі негізгі қызметі ол бақылаушылық қызметі, яғни салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады.
Салық механизмінің қызметі белгілі қағидаларға сүйеніп іске асырылады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық ісін мынадай қағидаларға негізделіп жүргізілуін талап етеді:
– міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетін толық және белгіленген мерзімде орындауы тиіс;
– нақтылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке төленетін төлемдер мен салықтар нақты болуы тиіс;
– әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болады, жеке түрдегі жеңілдік жасауға рұқсат етілмейді;
– біртұтастылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады;
– жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.
Салық ісін тиімді ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгілі топтарға бөліп жіктейміз.
Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:
1. салық салу объектісіне байланысты;
2. қолдануына қарай;
3. салық салу органына байланысты;
4. экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5. салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мынадай салықтар жатады:
– корпорациялық табыс салығы;
– жеке табыс салығы;
– жер салығы;
– көлік құралдарына салынатын салық және тағы басқа.
Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама салықтарға мыналар жатады:
– қосылған құнға салынатын салық;
– акциздер.
Салық Кодексінде Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.
Осы 9 салықтың ішінен жер салығын қарастырайық.
Дамыған елдерде жер салығының екі түрі қарастырылған:
1. құрылыстан алынатын жер салығы;
2. жер салығы.
Құрылыстан алынатын жер салығы елдің аумағында жатқан барлық құрылыстардан алынады. Салық қоғамдық меншіктегі ғимараттардан алынбайды. Құрылыстан алынатын жер салығының ставкасы меншікті, сақтандыруды, амортизацияны, күтім және жөндеуді басқару шығындарының есебімен кадастарлық құн негізінде орнатылады.
Ал жер салығы мемлекеттің аумағында жатқан және құрылыстан алынатын жер салығын салуға жатпайтын меншіктің барлық түрлерінен жыл сайын алынады. Жер салығынан дамыған елдердің бюджет кірісінің түсімдер мөлшері біршама төмен. Қазақстан Республикасына келетін болсақ, біздің елде жер салығы 1992 жылы енгізілген. Жер салығының енгізілуінің негізгі мақсаты жерді оңтайландырылған экономикалық әдістерді және жер құрылғылары бойынша шараларды жүзеге асыру үшін бюджет кірістерін қалыптастыруды, жердің құнарлылығының жоғарылауын, олардың қорғаныстарын, сонамен қатар аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету.
Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөніндегі заңдарында, Жер Кодексінде бейнеленеді. Қазақстанның Жер Кодексінде жер Республиканың айрықша меншігі деп айтылған. Жерді иелену және пайдалану үшін төленетін ақы жер салығы ретінде қарастырылады. Бұл салықтың мақсаты – жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру, жергілікті аймақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құру. Жер салығы толығымен жергілікті бюджетке түседі, сондықтан бұл жергілікті өкімет органдарының аталған салықты жинауға мүдделерін арттырады.
Дамыған елдерде және ТМД елдерінде қолданылатын жер салығын зеттеу негізінде, Н.Зенец нақты әлеуметтік-экономикалық шарттар есебіменолардың элементтерінің келесідей жеке жіктемесін ұсынған:
– жер салығының қызметтері – кәсіпорынға, фермер шаруашылығына жер салығының әсер етуінің нақты нысандары (фискалдық, реттеушілік);
– салықты төлеудің қайнар көзі – салық төленетін шаруашылықтың сол немесе басқа кірістер бөлігі;
– салық мөлшерінің орнатылуы – салық салудың ауыртпалығын анықтау тәсілі;
– салық салу объектісі – салық салуға жататын жердің құрамы;
– салықтың ставкасын анықтау үшін база – мысалы, баға, рентаның мөлшері, жерді бағалау балы;
– салықты алушылар – қай бюджетке (республикалық, жергілікті) бұл салық келіп түседі;
– басқа салықтармен қарым-қатынас;
– жалпы салық салу жүйесінде жер және басқа салықтар арасындағы қызметтерді бөлу;
– жер салығын төлеушілердің санаттары – кәсіпорындық кооператив, акционерлік қоғам және тағы басқалары.
Жер салығын төлеушілер – меншігінде немесе тұрақты пайдалануында жер учаскесі бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және жерге иелік етуші жеке тұлғалар.
Жер салығының мөлшері жер учаскесінің саласында, құнарлығына, орналасу аймағына және сумен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарай анықталады және жер иесі мен жерді пайдаланушының шаруашылық нәтижесіне байланысты болмайды. Жер салығы жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелген төлем түрінде белгіленеді. Ал басқа мемлекеттерге берілген жер учаскесін пайдаланғаны үшін салық салудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шарттарымен анықталады.
Жер салығының салық салу объектісі – жерге иелік ететін немесе пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы жер учаскелері. Олардың түрлерін атап өтетін болсақ, олар мыналар:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерлер;
2. Елді мекендік жерлер;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де мақсаттағы жерлер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер;
5. Орман қоры жерлері;
6. Су қоры жерлері;
7. Қордағы (запастағы) жерлер.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлеріне, орман қоры жерлеріне, су қоры жерлеріне, қордағы (запастағы) жерлеріне қандай да бір нысаналы мақсатта қолданылса ғана жер салығы салынады.
Жер салығы бойынша жеңілдіктер беріліп, салықтан босатылатын төлеушілер:
– біртұтас жер салығын төлеушілер;
– діни бірлестіктер;
– мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын ұйымдар;
– уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеті мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
– салық салу режимінің екінші үлгісі бойынша (шикі мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға салынатын акциз, үстеме пайдаға салынатын салық, жер салығы бойынша, ал мүлік салығы қосылмайды) жұмыс жасайтын жер қойнауын пайдаланушылар;
– құрылыс пен құрылғыларды қоса алғандағы, тұрғын үй қорындағы және үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Батыр ана” атағын алған, “Алтын алқамен” марапатталған көп балалы аналар;
– құрылыс пен құрылғыларды қоса алғандағы, тұрғын үй қорындағы және үй жанындағы жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғалар, бала кезінен мүгедек тұлғаның ата-анасының біреуі:
– тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері;
– үй маңындағы жер учаскелері;
– жеке үй шаруашылығын жүргізуі, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
– гаражға арналған жер учаскелері бойынша.
Бірақ мемлекеттік бюджет есебінен ғана қамтылған ұйымдар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары, діни бірлестіктер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.
Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін анықтау:
1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, заңдарда белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігі ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады.
2. Электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесі ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
4. Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуә, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдар үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
Орман қоры жерлерінен салық салуға жататындар:
– ауыл шаруашылығы мақсаты үшін пайдаланылатын жерлер;
– орман шаруашылығы органдарының үйлері тұрған жерлер;
– ағаш дайындаушы кәсіпорындардың пайдалануына берілген жерлер.
Мына тұлғалар жер салығын сәйкес ставкаға 0,1 коэффициентін қолдану арқылы есептейді және төлейді:
– балаларды сауықтыру мекемелері, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен ботаникалық бақтар, мемлекеттік табиғи және зоологиялық бақтар;
– балық өндірісі мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
– жүйке аурулар және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік мекемелер;
– ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестациялау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
– табиғи биологиялық ресурстарды ұлғайту, ормандардың табиғи әлеуметін көтеру, өртпен күрес тәрізді жұмыстар негізгі қызмет түрлері болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
– діни бірлестіктерден басқа коммерциялық емес ұйымдар;
– жұмысшыларының 51 пайызы мүгедектер және оларға жұмсалатын шығындар жалпы еңбек ақы қорының 51 пайызынан кем болмайтын ұйымдар.
Бірақ бұл тұлғалар жерді коммерциялық мақсатта пайдаланса, жер салығын жалпыға ортақ тәртіппен төлейді.
1-кесте
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бюджетінің кірісіндегі салықтық түсімдердің ішіндегі жер салығының үлесі
Көрсеткіштер 2000ж. 2001ж. 2002ж.
Сомасы
млн.тг Үлесі
(%) Сомасы
млн.тг Үлесі
(%) Сомасы
млн.тг Үлесі
(%)
Түсімдер 1048116 100 1271584 100
Салықтық
Түсімдер
Оның ішінде: 524058 50 635792 50
Жер салығы 5506 0,5 5454 0,4
Басқа салықтар 518552 49,5 630338 49,6
Бұл кестеде мемлекеттік бюджеттінің кірісіндегі жер салығының үлесі қарастырылған.
Осы кестенің мәліметтері бойынша, 2000 жылы салықтық түсімдер 524058 млн. теңге болды, яғни жалпы түсімдердің 50%-ын құрады. Ал оның ішіндегі жер салығының үлесі 0,5% болды. 2001 жылы түсімдер 1271584 млн. ………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз