Курстық жұмыс: Ветеринария | Жараның емдеу тәсілдерін игеру және шунгарин майының жараға әсер ету тиімділігін Вишневский майы мен салыстырып бағалау
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….
ІІ. Әдебиетке шолу…………………………………………………………………………………
ІІІ. Өзіндік зерттеулер
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері …………………………………………………….
3.2 Шаруашылыққа және Айболитке сипаттама ……………………………………….
3.3. Зерттеу нәтижелері………………………………………………………………………..
3.4 Экономикалық тиімділікті есептеу………………………………………………….
ІҮ. Еңбекті қорғау ……………………………………………………………………………….
Ү. Қорытынды…………………………………………………………………………………………..
ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………..
Кіріспе
Мал дәрігерлік саласындағы ветеринариялық хирургиялық маңызы зор. Ол ауруға алдын-ала шара қолдану және емдеу принциптеріне негізделген, ауруға алдын-алу шара қолдануды дұрыс ұйымдастыру және тамақтандыру технологиясын, оған жағдай жасау және дұрыс пайдалану ерекшеліктерін ескеру керек. Ветеринариялық хирургиялық аурулардың себептерін және дамуын жан-жақты зерттеп, оларға қарсы әрекетін жүзеге асырады.
Оларға алдын-алу ауруға шара қолдану жарақаттан сақтандыру әдістері, іріңді инфекцияға қарсы әрекеттер және керекті операция жасау, белсенді дәрі қолданып емдеу әдістері жатады.
Осы әрекеттерді іске асыру жолдарында төменгі шараларды қолданады.
Жылына екі рет көктемде, күзде малға жалпы клиникалық зерттеу тексеру.
— Экономикалық пайдалы операция және нәтижелі ем қолдану.
— Организмнің резистенттігін көтеру, жазылу процесін үдету.
Жаңа хирургиялық ауруларды зерттеу (Ғ.А. Ишмухамедов)
Отанымыздың ауыл шаруашылық және де оның ішіндегі мал шаруашылығын дамыту қазіргі кездегі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Нарықтық экономикада көшуге байланысты халқымыз ежелден келе жатқан дамыту әрі өркендету үшін жануарлардың әртүрлі жұқпалы емес және жұқпалы аурулардың алдын алған жөн. Атап айтқанда жұқпалы ауру емес ауруларға жарақаттық үлесі көп. (Ильясов Б.К. – 2001ж.)
Сондықтан жұмыстың мақсаты жараның емдеу тәсілдерін игеру және шунгарин майының жараға әсер ету тиімділігін Вишневский майы мен салыстырып бағалау.
ІІ. Әдебиетке шолу
Жарақаттар хирургиялық аурулардың ішіндегі ең жиі кездесдесетін кеселдің бірі К.И. Шакалов және т.б. ғалымдардың деректері бойынша шаруашылықтағы кездесетін аурулардың 94-97 пайызы жұқпалы емес ішкі аурулар болса, соның ішінде 40 пайыздан астамы хирургиялық аурулар екен. Көптеген ғалымдардың деректеріне жүгінсек жарақаттар үлесіне тиеді. Жарақаттар әсерінен мал уақытынан ерте есептеу шығарылады, өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, мал шығыны да болады. Бұған ауру малға көрсететін дәрігерлік көмек пен дәрі-дәрмекке кететін шығынды қоссақ жарақаттың мал шаруашылығына тигізетін экономикалық зияндығы орасан зор екендігін көреміз. (Белов А.Д., Плахотин М.В., Башкиров Б.А. және Вишневский А.В., Бережков Н.К. 1951)
Себептеріне қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді
1) Механикалық
2) Физикалық
3) Химиялық
4) Биологиялық
5) Жүйке-стрестік
1. Механикалық жарақат – организмге әсер еткен механикалық күшпен пайда болып, ұлпалар мен ағзалардың әр түрлі дәрежеде зақымдалуын тудырады. Жарақаттың пайда болуына себепкер факторларға организмге витаминдер мен минералдардық заттардың жетіспеушілігі, заттар алмасуының бұзылуы, малдың арықтап қалуы т.б. Осы сияқты жағдайлар жатады. Жарақаттың пайда болуы мал түлігінің жасына да байланысты, жас және кәрі малдардың терісі, ұлпалары сіңірі, тарамысы және сүйегі механикалық күштің әсеріне төзімділігі төмен болады. Жылқы мен иттің сіңірі тарамысы терісі және тарамысы ірі қара мал мен шошқаға қарағанда мықты болады. (И.И. Малда Б.З. Иткин, И.Н. Воронин 1979)
Механикалық күш организм ұлпаларына соғу, бұрау, қысу, жанасу, сияқты түрлерде әсер етеді. Ұлпалардың зақымдалу дәрежесі механикалық кұштің бағыты мен әсеріне, жағымдығына, әсер етуші заттың тығыздығына, көлеміне, ұлпалар мен ағзалардың физиологиялық жағдайына тікелей байланысты.
Мысалы: қуысы толы асқазан, қуық ішектерге оқ тисе олардың зақымдалуы қатты да көлемді болады. сол сияқты буаз малдарды остеомаляция дамығандықтан сүйектері сынған жағдай да көп жерден сынатыны байқалады.
Механикалық жарақат жабық және ашық, операциялық, кездейсоқ, тума және соғыс кезіндегі болып бөлінеді. Тері бүтіндігі бұзылмай пайда болған жарақаттар жабық жарақаттар дейміз. Бұған ұлпалар мен ағзалардың үзілуі, жарылыуы, созылуы, буынның шығуы, сүйектің сынуы жатады. Тері анатомо гистологиялық құрылысының ерекшелігіне байланысты өте созылғыш және мықты болады, сол себепті тарамыс – сіңірлер үзіліп, созылып жатқанда, сүйектер сынып жаншылып ұнтақталған жағдайларда терінің бүтінділігі сақталады. (К.И. Шакалов 1972, Л.И. Целишев 1965)
Егер тері немесе кілегей қабатының бүтіндігі бұылған жарақаттарды (кесілу тіліну) ашық механикалық жарақат дейміз. Оларға әр түрлі жаралар, ашық сынықтар мен буындардың ашық шығуы жатады. (И.Е. Паваженко, С.И. Братюха 1952)
Жарақаттар күш тікелей әсер еткен жерде одан алшақ жерде болуы мүмкін. Мысалы: күш малдың жілігіне тікелей әсер етсе, ол сүйек сол жерден шорт сынады. Ал егер мал биіктен алдыңғы аяғына салмақ түсіріп құласа, күш тіке тұяққа әсер етеді. Малдың тоқпан жілігі орнына тайып (шығып) кетуі мүмкін (Г.А. Ишмухамедов, 1995)
Кейде механикалық күштің әсерімен ұлпалармен ағзаларда молекулярлық өзгерістер пайда болса, оны шайқалу (сотресенние) немесе контузия дейді. (Белов А.Б, 1990)
Физикалық жарақат ыстық суықтық электрдің және сәуленің әсерінен пайда болады. Мысалы: малдың отқа күйгені, суыққа үсігені, электр тоғы немесе найзағайдың әсері жатады (Г.С. Кузнецов, 1980)
Химиялық жарақат мал организміне қышқыл, сілті, ауыр металдың тұздары соғыс, улану заттары және т.б.
Химиялық заттардың әсерінен пайда болады. Мысалы: малды химиялық заттарменен паразиттерге қарсы дәрілегенде кездеседі.
Химиялық заттар түрлеріне байланысты көбінесе тиген жерлеріне әсер етеді, не болмаса организмге тері, кілегей қабығы арқылы сіңіп бүкіл организмді уландырады (фосфор, СҰЗ)
Биологиялық жарақат организмде вирус, микроб, саңырау құлақ, паразиттер, мал және өсімдіктер әсерінен пайда болады (Шакалов К.И. 1961).
Жүйке – стрестік жарақаттар малға көру, есту анализатры жүйесі арқылы малдың психикасына стрестік жағдайларының әсер етуімен пайда болады. Стрестік жағдайлардың малды үйреншікті қалпынан басқа қалыпқа ауыстырғанда, транспортпен тасымалдағанда, тиеп түсіргенде, көп малды эпизоотияға қарсы дәрілегенде, тоғыртқанда тағы сол сияқты жағдайларда пайда болып, организмнің бейімделу табиғатын айрықша төмендетеді, әлсіреп қажыған малдар естен танып өліп кетуі мүмін. Көбінесе бұзаулар мен шошқаларда көп кездеседі. (Г.А. Абишев, 1975)
Ауыр механикалық жарақаттар электр, ыстық-суықтық және химиялық заттардың әсерінен жарақаттанған мал бас кезде естен танады. (коллапс, шок, салдану.)
Салдануға, шалдығуға апаруы мүмкін кейде мал өліп те қалады. Мал терісінің бүтіндігі бұзылып жара пайда болады, егер жарадан көп қан кетсе мал қансырайды, жара арқылы организмге микробтар еніп жара асқынуы мүмік. Көлемі үлкен жабық жарақаттарда сол жерде пайда болған өлі ұлпалардың уыты организмді уландырады (травматич, токсикоз). (Б.А. Петров, В.И. Дорофеев, 1953)
Жарақаттану туралы түсінік
Күтімі тіршілік жағдайы бірдей жануарлардың зақымдалуын тудыратын жарақаттар қосымдылығын жарақаттанулар дейміз. Олар бірнеше түрге бөлінеді. Өнеркәсіптік – механикалық, малды пайдаланудағы спорттық, транспорттық, соғыс азықтандырудағы және жыныс жарақаттанулары (Т.С. Касенов,1992)
1. Өнеркәсіптік-технологиялық жарақаттану малға дұрыс жағдай жасалмағаннан, зоогигиеналық талаптар орындалмағандықтан туады. Мысалы: мал тұрған қора өте дымқыл, лас болса, едені тегіс емес тесік саңылаулар болса, желдету жүйесі жоқ болса т.б. қажет емес заттар жатады. (Карий, 1980)
2. Малды пайдаланғандағы жарақаттану малды дұрыс пайдаланбаған болады. Мысалы: жылқыны дұрыс ерттемесе аныттың өлшемі дұрыс болсамаса сиыр сауу машиналарының кемістігі, сауу талап-ережелерін қадағаламау.
3. Атты спорт жарақаттануы. Жылқыларды дұрыс жаттықтырмағанда және спорттық дұрыс орындарында жарыс орындарында кездеседі.
4. Транспорттық жарақаттану. Малды машинамен, пойызбен, су және әуе транспортымен тасымалдағанда пайда болады. Мұнда негізінен малдың статодинамикалық аппараты зақымдалады.
5. Соғыс жарақаттануы соғыс кезінде малға қарсы қару жарақ қолдағаннан пайда болады.
6. Азықтандырудағы жарақаттану негізінен мал азығын дұрыс дайындамағандығынан, азықтың сапасының төмендігінен, жайылымның жағдайының (темір-терсек, шегемен ластану, улы шөптердің өсіп өнуі) жамандығынан пайда болады.
Сонымен қатар малды ірі кесекті, тоңазып қалған түбір тамырлы (қызылша, картоп) азықпен қоректендіргенде кездеседі. Мұндай азық көбінесе малдың өңешінде тұрып қалады. Мал далада елеусіз қалған ауыл-шаруашылығында пайдаланатын улы химикаттар және дәрілермен уланып қалуы да мүмкін.
7. Жыныс жолдарының жарақаттануы мал қораларда бұқа қашардың бір-бірінің үстіне секіріп жыныс мүшелеріне және анустың аумағын зақымдануынан туады. (Кабыш А.А. 1986)
Организмнің жарақатқа жауабы жергілікті және жалпы түрінде өтеді. Жергілікті реакциясы қабыну түрінде болады. қабыну организмнің зиянды огенттерге деген күрделі реакциясы. Ол қан тамырларының дәнекер ұлпалардың жүйке жүйелерінің жеке дара зақымдану реакциясы (З.К. Қожабеков және Ә.М. Өтеновтен, 1992) болады.
Қабыну сыртқы әсерлерге (механикалық, физикалық, химиялық, физиологиялық) жергілікті қарсы қорғаныс – бейімделу реакциясы.
Қабынудың асептикалық және инфекциялық түрлерін айырады. Асептикалық қабыну көбінесе жабық жарақаттарды дер кезінде емделіп жаңадан пайда болған жараларда кездеседі. (Т.С. Сайдулин 1992)
Инфекциялық қабыну ұлпаларға әр түрлі ауру тудыратын қоздырғыштарының енуінен пайда болып жіті және ауыр түрде өтеді.
Қабыну процесі екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде гидратация құбылыстары пайда болады, яғни ұлпалар ісінеді және эксудат жиналады. Бұл өзгерістер қабыну аумағында және патогендік агенттердің зиянды әрекеттерінен пайда болады. Қабынудың клиникалық белгілері: ауырсыну, қызару, домбығу, жергілікті қызуының көтерілуі, функциясының бұзылуы.
Екінші кезеңде – дегидротация яғни қан айналымын реттеу, біртіндеп тамырдың жиырылуы, зардап шеккен аумақтың қайта құрылуы. Қабынудың нормаэлгиялық, гиперэргиялық және гипоэргиялық түрлерін айырды.
Олар организмге патегендік фактордың өзара қатынасы, себебі арқылы, макрооргонизм мен микроорганизмдер арқылы анықталады. Егер организмнің қорғаныс күштері басым болса, қабыну жазылуымен аяқталады, ал егер керісінше болса, онда процесс созылмалы немесе септикалық түрге айналады. (Г.С. Кузнецов, 1980)
Организмнің жарақаттық жалпы әрекеті
1. Коллапс – уақытша, кенеттен пайда болатын жүрек қызметінің бәсеңдеуі және қан тамырының қысымының төмендеуі.
Мұнда артериялық қысым бір төмендеп, бүкіл организмнің өмірлік қызметтері бәсеңдейді. (А.В. Вишневский, 1929)
Коллапс пайда болу себептеріне жарақаттанған малдың көп қан кетіп қансырауы, қатты ауырып тітіркенуі жатады. Кейде ол ұлпалардың ыдырауынан пайда болған уыт денеге тарағанда, қатты қорыққанына, бұлшық еттердің қажығанында пайда болады. (А.А. Веллер, 1933ж.)
Клиникалық белгілері организмнің кенеттен туатын жалпы әлсіздігі (қоректігі) малдар көбінесе жатып алады, қан тамырдың соғысы әлсез, жиі, болар-болмас білінеді, дем алысы сирек, үстіртін көз шырышты қабығы (слиз оболочка) ағарыңқы көкшіл болады. жалпы дене қызуы төмендеп сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне әрекеті бәсеңдейді. Аяқтары салқындап, бұлшық еттері босаңсиды. (Поваженко И.Е, 1955ж.)
Шок естен тану басында қысқа уақыт қоздырып, кейіннен жүйке жүйесі мен бүкіл организмнің терең қиналуға ауысатын малдың жалпы ауыр күйі.
Шок деген сөзді (ағылшын сөзі) ХҮІІІ ғасырдың басында француз дәрігері Ле –Дран енгізген және шоктың негізгі ауру белгілерін (симптом) анықтаған. Терагоз дүниеде бірінші болып (потогенезіне) аурудың даму барысына түсінік беріп, оның емі мен алдын алу шараларын ашты. Естен танудың жіктеулі себептеріне байланысты:
1. Жарақаттан пайда болған әр түрлі зақымдалудан туатын.
2. Операциялық естен тану-шала немесе жансыздандырудан туатын түрі.
3. Гемотрансузиялық – сәйкес емес қан құйғанда, сәйкессіз белок еккенде болады.
4. Анафилактикалық – алдын ала бөгде белокпен немесе бактерия уытымен (сенсибилизацияланған) сезімдендіру кезінде болады.
Бұлардың ішінде жарақаттың әсерінен туатын естен тану өте жиі кездеседі. Белгілері пайда болатын уақытына байланысты., естен танудың алғашқы және кеш пайда болатын түрлері болады.
Алғашқы естен тану мал жарақаттанған кезде мезгілде немесе жарақаттанғаннан кейін бірнеше минут пен бірнеше сағаттың ішінде пайда болады.
Алғашқы естен тану 3 кезеңде болады
1. Кенет қозумен сипатталып электальды деп аталады
2. Топрпидті кезең қатты тежелу
3. Салдану өліммен айқындалады.
Мұндай малдарға операцияны жергілікті немесе жалпы жасыздандыратын жасау қажет. (А.А.Вишневский 1933ж.)
Этиологиясы (себебі) – естен тану мына жағдайларда кездеседі: бұлшық еттердің, көлемді, жарақаты, оған қоса сүйектің сынуы, жүйке бағанасының (стволы) қосылып қалуы ішкі ағзаларға операция жасағанда шажырқайдың (брыжейка) қатты соғылуы.
Кеуде қуысы жарақаттанғанда, әсіресе сол қуысқа ауа енгенде (пневмоторакс) мал туғанда дұрыс көмек жасамағанда күюдің 2,3,4,5 – дәрежесінде және т.б.
Жарақат осындай күрделі дамумен өтеді және көп түрде малда кездездеседі, зияндық әсерін тигізеді, сондықтан жарақаттануды көптеген ғылымдар зерттеген. (Г.А. Абишев 1975ж.) Ақтөбе мен Семей облыстарындағы колхоздарда ірі қара мал жарақаттануын зерттеп, жарақат алған жануарлар 3,7,8 пайызы оның жабық , ал оның ішінде 64,2 пайызы ашық жарақаттар – жаралар деп жазады.
Л.И. Целишев 1965 жылы Ставрополь өлкесінде қой жарақаттануын анықтады. Ол соны хирургиялық ауруларды ішінен бірнші орын алатын қой жарақаты екенін көрсетеді. Мысал ретінде басқа шаруашылықтағы жануарларды алады. Қойда арықтауы байқалады, жүн өсуі бәсеңдейді, организмнің инфекцияға деген қарсылығы төмендейді және келтірілген зардаптарын көрсетеді. Көптеген жарақат қойларда қырқу кезінде кездеседі. Жарақат 90 пайызға дейін жетеді. Сонымен қатар қырқу кезінде сүйек сынуы, ішкі мүшелердің жарылуы бастың миына қан кетуі де анықталып жатады. Тері жарақатына көп мөлшерде шыбын қонады, олар тек жараға инфекция алып келіп қана қоймай, сол жараның көлемін үлкейтеді. (Ф.З. Бесков 1938, В.Г. Бранцев 1929ж., С.С. Григолов 1928, а.А. Гусев 1953ж.) Мұндай жарақат баяу жазылады, ол іріңдейді сепсис туғызады және жануарлар өліп кетуі де мүмкін. (А.А. Кабыш, н.Н. Бурденнок 1968ж.).Ең жеңіл зақымданудан күрделі процесі туады. Ол организмдегінің хәліне әсер етеді деп белгіленеді. Е.Н. Абсатаров 2001, Е. Абдрахманов 2000 терінің іріңдеп асқынуы, оған инфекция түскеннен кейін болатынын белгіледі. Инфекция тері ішінде немесе тұяқтың зақым алғаннан кейін ішінде дамиды. Мысалы: шегені немесе темірдің басып кетуінен, тағаны тазалағанда табандағы мүйіздің сынуынан және оның түсіп қалуынан және де ұлпалардың жақын орналасуынан болады мысалы: оның ішіндегі ірің тез жиналады. (И.А. Ленец, 1986)
Л.А. Лосев (1935) жылы барлық іріңді қой бақайларындағы инфекциялы табиғи зақымдану некробактериозды немесе тұяқтың іріңдеуін туғызады деп есептейді. Мутовин В.И. (1958) өзінің тазалы емес жерлерде тұратын жануарлардың сан алғандағы тұяқтарының тазаланбайтындығына, таң қалатынын хабарлайды. Сонымен қатар аурудың маңызды себебі ол инфекция және аурудың таралуы. Ақ сызық бойынша мүйіздің бұзылуы көбінесе үлкен енділеу келген тұяқтағы сызық яғни мүйізді дефекті болады. ақ сызықта болатын саңылау іріңге, құмға және кірге толады. Ең қатаң жағдайда осы саңылаудың тереңдігі соншалық тері негізінде жетеді (А. Бурденнок). Б.К. Ильясов 2001 ж. бойынша мал организмінде жарақаттанушы факторлардың әсерінен ұлпалармен мал мөлшерінде кешенді түрде морфологиялық және функционалды болуымен өтетін патологиялық процесті жарақат табылады. Жарақаттанушы факторлар мал организміне әсер еткеннен кейінгі белгілі уақыттан кейін болады…..