Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның элементтері

0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның элементтері казакша Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның элементтері на казахском языке

Кіріспе
Курстық жұысқа кіріспес бұрын біз алдымен салық дегеніміз не? соған
Салықтар — мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер.
Қазақстан Республикасында салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері пакеті қабылданды.
Екінші кезең 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Қосылған құн салығы енгізілді.
Үшінші кезең 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі қабылданғаннан бері бірнеше толықтырулар мен өзгерістер жасалды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.
Салықтар және салық салу пәнін оқып меңгеру заман талабы, себебі салықтар мемлекеттің экономикалық, есептік саясатына ықпал етеді. Сондықтан да студенттерге нормативтік актілерді өз бетінше оқып, оларды салыстыруға, кемшіліктерін тауып, жетілдіру жолдарын айқындауға үйрету сияқты талап қойылады. Аталған талаптарға сәйкес болудың негізгі жолы «Салықтар және салық салу» пәні бойынша негізгі тақырыптарды оқып үйрену, салық жүйесін толық меңгеру, салықтардың түрлері бойынша есептер шығару.
Астанадағы Конгресс-хол ғимаратында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің басшылық құрамының Астана қаласының салық төлеушілермен кездесуі болып өтті. Кездесуге Қазақстан кәсіпкерлері ассоцициясының мүшелері, салық комитетінің қызметкерлері де қатысты.
Кездесу салық заңдары мен салықтық әкімшіліктендірудің нормаларын қолдануға байланысты мәселелерді салық төлеушілерге түсіндіру, салық төлеушілер мен салық қызметкерлерінің арасында дұрыс түсінік қалыптастыру, салық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.
Салық комитетінің басшылары кездесуге қатысушыларды Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында атқарып жатқан істерімен таныстыра келе, соған сәйкес салық заңдарына төмендегідей өзгерістер енгізудің ұсынылатындығы туралы хабардар етті, оның ішінде:
2007 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасын 1 пайызға, ал 2008-2009 жылдарда тағыда 1-2 пайызға төмендету;
2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 пайыздық бекітілген ставкасын енгізу;
2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес субьектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай салық ставкасын енгізу;
2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орта есеппен 30 пайызға төмендету және басқалар.
Жиында сөз алған Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов жыл сайын салық заңнамасына өзгертулер енгізу және жыл басында салық төлеушілермен кездесу өткізіп, бухгалтерлер мен қаржы қызметі басшыларына, кәсіпкерлерге сол өзгерістер жайында түсінік беріп отыру Салық комитетінің жақыс дәстүріне айналғандығын атап өтті. Демек мұндай кездесулер Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарында өту үстінде.
Сондай-ақ комитет төрағасы қазіргі күні камералдық бақылау тек қосымша құн салығы бойынша іске асырылып отырғандығын және соның өзінде елеулі нәтиже бере бастағандығын, мәселен, бюджетке түсетін түсімдер 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда – 153 пайызға, ал 2006 жылдың 2 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 166 пайызға орындалғандығын атап өтті. Ал енді осы жоғарыда аталып кеткен мәселелерге толығырақ тоқтола кетейік.
1 Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның элементтері
1.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіннің қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.
Нарықты экономика мен мемлекеттiң салық саясатының негiзгi мақсаты — бюджеттiң кіріс бөлiгiн қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты — салық жүйесiн құру және оның тиiмді қызмет етуiне мүмкiндiк беретiн салық механизмiн iске асыру.
Мемлекеттiң салық қызметi келесi бағыттардан тұрады:
• мемлекеттiң салық жүйесiнiң қалыптасуы;
• салық салу саласында мемлекет органдарының мiндетiн анықтау;
• арнайы салық органдарының жүйесiн қалыптастыру;
• салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең
1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері пакеті қабылданды.
1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңына сәйкес сол кездегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.
І. Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:
Қосылған құнға салынатын салық.
Пайдаға салынатын салық.
Акциздер.
Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.
Экспорт пен импортқа салынатын салық.
Кеден тарифі және баж салығы.
Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым.
Тіркелген (ренталық) төлемдер.
Транспорт құралдарына салынатын салық.
Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.
Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы.
Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.
Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.
Мемлекеттік баж салығы.
Табиғат ресурстарына салынатын салық.
Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.
ІІ. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:
Жер салығы.
Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
Орман табысы.
Су үшін төленетін ақы.
Табысқа салынатын салық.
Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
Кәсіпкерлік қызметтің субьектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.
Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.
Елтаңбалық алым.
Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық.
ІІІ. Жергілікті салықтар мен алымдар:
Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы обьектілер құрылысына салынатын салық.
Курорттық алым.
Азаматтардан алынатын мақсатты алым.
Жарнамаға салынатын салық.
Автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы және жеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.
Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.
Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым.
Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.
Аукциондық сатудан алынатын алым.
Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.
Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз (ордер) үшін алынатын алым.
Ит иелерінен алынатын алым.
Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.
Жергілікті аукциондар өткізу және лотереялар ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.
Екінші кезең
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.
Жалпы мемлекеттік салықтар:
Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
Қосылған құнға салынатын салық.
Акциздер.
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.
Жергілікті салықтар мен алымдар:
Жер салығы.
Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
Көлік құралдарына салынатын салық.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.
Аукциондардан алынатын алым.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдеде ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.
Осы кезде Қазақстан Республикасында салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлері қолданылды:
1) заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2) қосылған құнға салынатын салық;
3) акциздер;
4) бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бірыңғайландыру нөмірін бергені үшін алынатын алымдар;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
6) әлеуметтік салық;
7) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымдар;
8) жер салығы;
9) заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
10) көлік құралдарына салынатын салық;
10-1) бірыңғай жер салығы;
11) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
12) қызметтің жекеленген түрлерімен айналысу құқығын бергені үшін алынатын лицензиялық алым;
13) аукциондық сатудан алынатын алым;
14) Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығын бергені үшін алынатын алым;
15) Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
16) заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алынатын алым;
16-1) заңды (мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың “Қазақстан,” “Республика”, “Ұлттық” деген сөздерді (түбір сөз, сондай-ақ олардың кез-келген туынды сөзі түрінде) өздерінің фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алым;
17) жеке тұлғалардың ставкасы есептеу базасының 1 пайызынан жоғары белгіленбейтін қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алым.
Үшінші кезең
2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық кодексінен, сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Салық кодексінде белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.
Салық кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында Салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгiзуге тыйым салынады.
Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi қолданады.
Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер белгiлеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар. 2005 жылы акциз салығына қосымша ретінде “экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы” қосылды.
Салықтың түрлері:
Корпорациялық табыс салығы.
Жеке табыс салығы.
Қосылған құн салығы.
Акциздер.
Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
Әлеуметтік салық.
Жер салығы.
Көлік салығы.
Мүлік салығы.
Алым дегеніміз белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
Алым — анықталған құқықтық мәртебенi бергенi үшiн төлем болып саналады.
Алым — белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыру құқығын бергені үшiн алынған төлем.
2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап “елтаңбалық алым ”алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: “жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым” және “кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін” және «туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн» алымдары қосылды.
Алымдардың түрлері:
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым…..

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!