Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасында жанама салықтардың салық жүйесі
Мазмұны
I Кіріспе…………………………………………………………3
1.Салықтардың экономикалық мазмүны ……………………………………………………4
1.1Қазақстан Республикасындағы салық ұғымы және оның экономикалық — әлеуметтік мәні………………………4
II Негізгі бөлім
2. Қазақстан Республикасында жанама салықтардың салық жүйесінде алатын орны…………. ……………….8
2.1. Қосылған құн салығының есебі……………………………………………………………8
2.2 .Акциз салығының есебі……………………………………………………………………..12
3.Жанама салықтар мемлекеттің негізгі көзі ретінде ………………………………..18
3.1.Жанама салықтарды қолданудағы шетелдік тәжірибе………………………….18
3.2.Жанама салықтардың қызмет ету механизмінде кездесетін проблемалар……………………………………..24
III Қорытынды …………………………………………………………………..29
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………..30
Кіріспе
Қазақстан экономикасының оңтайлы және табысты жағдайларға қол жеткізу үшін көптеген қызметтер атқаруда . Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Соның нәтижесінде біздің республикамызда саяси тұрақтылық ,колоссалді табиғи байлық , оңтайлы геосаяси жағдай қалыптасты деп ойлаймын Мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі мемлекеттік кірісті оңтайлы қалыптастыру .Қазақстан егеменді ел болып қалыптасқаннан бері республикамыздың салық жүйесінде біраз өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабыл-данған « Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатыстардың құқықтық негізінде жүргізілуі т.б.
Қазіргі кезде Қазақстанда Салық Кодексі жасалып ,соның нәтижесінде салық салу негіздерін ,құқықтық қатынастарды айқындады .
«Қазақстанда қазіргі ТМД елдерінің ішіндегі ең жақсы, жетілген Салық Кодексі»,бар деп елбасымыз Н.А.Назарбаев тегін айтқан жоқ.
Салыққа қатысты заң актілеріне ортақ методалогиялық және тұжырымдамалық негіздері еліміздің аумағын да берегей салық тәртібін қолдануды және барлық салық қатынастарын реттеуді қамтамасыз етуде. Әлемдік тәжірбиеде қолданылып жүрген салық салу принциптеріне және республика экономикасының даму деңгейіне жете назар аударылды. Салықтардың саны қысқартылды, салықтың анағұрлым маңызды түрлеріне бірегей ставка белгіленді, бюджетпен есеп айырысу жеңілдетілді.
Жалпы салықтар мемлекет кіріс көздерінің бірі .Сол мемлекет кірістерінің негізгі көзі ретінде жанама салықтар айтпай кетпеуге болмайды .
Сонымен бірге жанама салықтар болып табылатын акциздерді, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені: олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандыруларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдай-ында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса тұтынушыға таңдау құқығын салықтап қалады; салықтың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с.
1.Салықтардың экономикалық мазмұны
1.1.Қазақстан Республикасындағы салық ұғымы және оның экономикалық — әлеуметтік мәні
Салықтар- тауарлы өндіріспен бірге қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттәң пайда болуымен,оған әскер,сот,қызметкерлер ұстауға қажет болуынан пайда болды .
Салықтардың экономикалық мәні- шаруашылық субьектілердің азаматтардың ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтардың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады .
Салықтар мемлекет өмір сүруінің негізі болып саналады .Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.Адамзаттың даму тарихында салықтардың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп ,өзгеріске ұшырап отырды .
Салықтар тауар –ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған .
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе,жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады,болмаса белгілі мөлшерде салық салып отырған .
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген.Мәселен,Салық кодексінде «Салықтар–мемлекет мөлшерде жүргізетін,қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар»деп атап көрсетілген.
Ал Ілиясов пен Құлпыбаевтың «Қаржы »кітабында былай деп жазылған: Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кіріс-терін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып та-былады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні,олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салық-тарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ша бабында:заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1)пайда (алынған игіліктер) қағидаты.
2) «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын
А. Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1)салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2)салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықтауы керек (анықтылық қағидаты);
3)әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс(қолайлылық қағидаты);
4)салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ ет-ті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А.Смитке «салықтар- оны төлей-тіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны»деп қорытын-ды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағи-даттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.
Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық деңгейде салық са-лудың қағидаттары баянды етілген.Қазақстанның салық заңнамасында соны-мен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төле-удің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізде-леді
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың міндеттемелерін то-лық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетка төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуы тиіс.Салық салудың айқындығы салық төлешінің салықтық міндеттеме-лері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Қазақсан Республикасының мемлекттік бюджетінде салықтардың меншікті с Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категория-сының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция -барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Өйткені салықтар мемлекеттік бюд-жеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік –мәдени шар-аларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді.Бұл орада салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайданылады. Бұл реттеушілер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлемі ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімді салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы – 19,7% ,1998жылы -16,6%, 1999 жылы – 17,4% , 2000 жылы – 22,6%, 2001жылы -22,2% болды(салыстыру үшін Украинада -29%, Ресейде – 33,3%).
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақта-маған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мү-шелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі.
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемле-кетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991жылғы дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономи-каны басқарудың әміршіл- әкімшіл жүйесіне , бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті.Бюджеттің басты кіріс көз-дерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағыттал-ған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалып-тасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидатта-рын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жаплы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық рефо-рмасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте- бірте халықаралық салық салу қағидат-тарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты « Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24- інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар меғн алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтар-ында Президент жалықтарымен және толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, олардың төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, сал-ық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжеп-теуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағи-даттар бойынша жіктеледі:
салық салу объектілері бойынша;
салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
пайдалану тәртібі бойынша;
объектінің экономикалық белгісі бойынша;
2. Қазақстан Республикасында жанама салықтардың салық жүйесінде алатын орны
2.1.Қосылған құн салығының есебі
Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сәйкес салықтарды салу объектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Жанама салықтардың ең негізгі түрі — Қосылған құнға салынатын салық
Қосылған құнға салынатын салықты 1954 жылы М.Лоре (Франция ) енгізіп,айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеледі.Бұл салық Франция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды.Кейін келе Еуропалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғышарттардың бірі болып саналады .
Қосылған құнға салынатын салықты есептеу барысында негізінен төрт әдіс қолданылады :
-тікелей аддитивті немесе бухгалтерлік ;
-жанама аддитивті;
-тікелей шегерім жасау әдісі;
-жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу ;
Жанама салықтардың ішіндегі ең күрделісі -1992 жылы енгізілген қосылған құн салығы .Қазіргі кезде қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің ең негізгі көздерінің қатарынан саналады .Мемлекет бюджет кірістерінің 27.1пайызын құрайды .
Салық төлеуші мемлекетке осы салықты төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді сатып алушыға аударады .
Бұл салықтың ерекшелігі мынада –оның салық салынатын обьектісісатудан түскен бүкіл түсім –сома емес,тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып саналады.
Қосылған құн салығы дүние жүзінің 40-астам елдерінде,соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17мемлекетінде қолданылады .Бұл салықтың артықшылығы :
-біріншіден ,ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады;
-екіншіден ,төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшелінеді ;
-үшіншіден ,бағалардың өзгеруіне,төлеушінің қаржылық ахуалына,инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерінің қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.
Салық Кодексінің 205-бабына сәйкес қосылған құн салығы дегеніміз –тауарларды (жұмыстарды ,қызмет көрсетулерді ) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған ,оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды ,сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
Салық салу обьектілері болып салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу обьектілері болып табылады.
Ал төлеушілері болып сәйкес Қазақстан Республикасының қосылған құнға салығы бойынша есепке тұрған тұлғалар және т.б. Қосылған құн салығын төлеушілер соңғы айдағы айналым 15000 есе айлық есептік көрсеткіштен асқан кезде салық органында тіркеліп ,салық төлеуші ретінде тіркелуі керек.
Кәсіпорынға салынатын қосылған құн салығының екі түрі бар :
1.Пассивті сатып өткізілген ,тауарлар мен қызметтер бойынша пайда болатын қосылған құн салығы.Бұл- міндеттеме (3130)
2.Кәсіпорындар жабдықтаушылардан немесе басқа мердігерлерден тауардарды ,жұмыстарды сатып алған кезде төленген қосылған құн салығы. Бұл орны толтырылмайтын қосылған құн салығы активті(1420)
Тауарларды материалдарды сатқан кездегі міндеттеме :
ДТ Алынуға тиісті шот 1210
Кт Қосылған құн салығы 3130
Тауарларды материалдарды сатып алған кезде
Салық активі 1420
Дт Салық активі 1420
Кт Төленуге тиісті шот 3310
Қосылған құнға салынатын салығы бойынша міндеттеме төленбей тұрып,орны толтырылатын салықтар зачетқа алынады,яғни бұл сомалардың есебінен қосылған құнға салынатын салығы бойынша міндеттеме азаяды
Зачетқа алынған кезде
Дт Қосылған құн салығы бойынша міндеттеме 3130
Кт Салық активі 1420
Қалған сома ,яғни сатып өткізу бойынша пайда болатын қосылған құн салығы сомасымен орны толтыруға тиісті қосылған құн салығы сомасымен орны толтыруға тиісті қосылған құн салығының айырмасы бюджетке төленеді .
Қосылған құн салығы бюджетке төленген кезде
Дт Қосылған құн салығы бойынша міндеттеме 3130
Кт Ақша қаражаттары 1030
Қосылған құнға салынатын салық – көп дүркінді, тауарды өндіру мен өт-кізудің әрбір сатысында өндіріп алынатын салық, ол өзіне тауар қозғалысы-ның өткен стадияларындағы барлық алымдарды қосып алады, бірақ мемле-кетке тек осы тауардың өндірушісі тауарды өндіру мен өткізу стадиясында алынған қосылған құнға салынатын салық түседі.Сөйтіп, салықты өндіріп алу механизмі баға құрамындағы салықты дәйекті және тұрақты қордалану есебінен баға өсуінің нәтижесін бермейді:баға салық салудың бір дүркіндігі…..