Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда, КазГУ — 2019 | курстык жумыс Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда, КазГУ

0

Мазмұны

Кіріспе …………………………………………………………………………………………………..
Тарау 1. Біріккен Ұлттар Ұйымы:халықаралық тұрақтандыру мен бейбітшілік
жетістіктерін қолдауда негізгі механизм (тетік) ретінде …….………………
БҰҰ-ның құрылу және даму тарихы ……….. ……………………………
БҰҰ-ның мақсаты мен принциптері…………………………………….
БҰҰ-ның бітімгерлік міндеті (миссиясы) және оның аймақтық қауіпсіздік мәселелерді реттеудегі рөлі ………………………………………..
Тарау 2. Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда …………………..
2.1 Араб-Израиль жанжалы ……………………………………………………………….
2.2 Балқан жанжалы …………………………………………………………………………
2.3 Пакистан-Үндістан жанжалы. Кашмир мәселесі …………………………..
Қорытынды ……………………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………………………………………

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әр ғасыр адамзат тарихында өзіне ғана тән ерекшеліктерімен із қалдырып келген. XX ғасыр әлемде бейбітшілікті сақтау және қауіпсіздік туралы жаңалықтар енгізді. Ғылым мен техника, мәдениет пен рухани саласындағы жетістіктерден тыс халықтардың әлеуметтік, саяси, экономикалық, денсаулық жағдайындағы өзгерістерді және ғаламдастыру, оның әлемге енген бағыттары туралы атаған дұрыс.
Соңғы жылдары ғаламдастыру термині адамның күнделікті тұрмысына тез қарқынмен еніп, бұқаралық ақпараттар құралдарында жиі қолданылып жүр.
Ғаламдану – ұлттық экономикалардың бүкіл әлемдік жүйеге бірігуі.ол соңғы онжылдығында пайда болған капиталдың еркін қозғалысына,әлемнің ақпараттық жаңалықтарға ашытылығына,те [1].
Ғаламдану – бірмезгілде мемлекетаралық және трансұлттық формаларды дамытатын екі жақты процесс. Ғаламдастырудың бағыттары: мемлекеттер, мемлекеттік одақтар, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар. Бұлар олигополистикалық бағыттар.
Ғаламдану – бұл нарықтық процесс, өмірді гомонегизациялау [2]. Оның жүйесіне азық-түлік, оның бағасы, денсаулықты сақтау деңгейі, нарықтық табыстардың деңгейі, банктік проценттік баға жатады. Бұл принциптер әлем деңгейіндегі беталысты теңдестіруге және әлемдік экономика процесінің құрылымына өзгерістер еңгізуге бағытталған.
Тақырыптың өзектілігі ғаламдастыру процессінде халықаралық қарым-қатынастардағы акторлар мен субъектілердің Біріккен Ұлттар Ұйым (БҰҰ)–ның қызметімен байланысты болуында. Себебі БҰҰ дербес мемлекеттердің ерікті түрде бірігуі арқасында құрылған халықаралық ұйымы ретінде мәртебесі ауқымды және аймақтық жанжалды реттеуде ұлттық жағдайларды үйлестіруде әлемдегі барлық аспектілерді қауіпсіздіқ пен тұрақтылықты және бейбітшілікті қамтамасыз етуде ұжымдық бастамаларды дамытуда ерекше рөл атқарады.
Тақырыптың өзектілігі БҰҰ-ның әлемдік рөлін нығайтуда саммиттердің, форумдардың, кездесулердің, құжаттардың ерекшелігімен де байланысты. Осыған байланысты XXI ғасырда БҰҰ халықаралық қарым-қатынастарда – ұжымды реттеуде жетекші механизм (тетік) ретінде БҰҰ Уставы мен принциптері халықаралық құқықтың нормаларына сүйенуі тиіс. Мемлекеттердің суверенттік және аудандық тұтастығының базалық принциптерінің тұрақтылығы мен өміршеңдігі императивтік маңызын сақтайды.
БҰҰ-ның көпшілік мемлекеттері және оның мұшелері осы шараларды қолдайды. Себебі, БҰҰ қызметінің ауқымды және әлемдік сипаты халықаралық масштабта оның беделінің артуын және оның атқаратын рөлінің жоғарлауын көрсетеді. Бұқаралық хабарландыру құралдарында ғаламдастырудың қолдануы, оның әлемдік жағдайда бейбітшілікті сақтау және қауіпсіздікті тұрақтандыруға байланысты БҰҰ-ның және ұлттық – экономиканың жалпы әлем жүйесіне енуі қызметінің әртүрлі саласында қолданыла бастауы диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуға септігін тигізді. Тақырыптың маңыздылығы, оның айқындылығы және өзектілігі осыдан сезінеді. Осыған орай диплом жұмысының тақырыбы «Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда» деп аталды.
Жұмыстың дереккөздері. Тақырып бойынша дерек көздерін шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады
Деректердің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар мен БҰҰ-ның құжаттары қалыптастырады. Олардың қатарында:
• БҰҰ Бас Хатшыларының қорытынды баяндамалары,
• БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессияндағы Хатшылардың бағдарламалық баяндамалары,
• БҰҰ-ның резолюциялары мен қаулылары.
БҰҰ-ның Бас Хатшыларының қорытынды баяндамаларын талдағанда БҰҰ-ның соңғы жылдардағы құжаттары қарастырылды. Себебі бұл құжаттарда қазіргі кезеңдегі ғаламдану процесі негізгі мәселелердің бірінен саналады. Мұндай дереккөздердің бірінші типі БҰҰ Бас Хатшыларының жылсайынғы қорытынды баяндамалары. Бұл баяндамалар БҰҰ қызметін қорытындылауда аса маңызды құжаттар. Мәселен, 1995 – 2000 жылдардағы қорытынды баяндамаларда БҰҰ қызметінің әртұрлі аспектілірі саласында: аймақтық және ауқымдық істері, шешімдерінің нақтылы жолдары белгіленген.
БҰҰ Бас Хатшыларының баяндамалары бағдарламалық құжат, олар қорытынды баяндамалардан тұжырымдылығымен, пікірталастығымен ерекшеленеді. Олар сөз дереккөздерінің түріне жатады.
1997 жылғы есепте БҰҰ жетекшісінің мирасқоры Б. Гали болған кезде К. Аннан БҰҰ-ның құрылымын және оның Уставын реформалау жөнінде ұсыныс түсірді. К. Аннанның реформасы БҰҰ қызметін, оның Бас Ассамблея мен Қауіпсіздіқ Кеңесінің арасындағы алшақтықты ретке келтіру еді. 2000 жылғы 55-ші саммиттегі БҰҰ-ның Бас Хатшысы К. Аннанның есепті баяндамасына әлемнің әртүрлі мемлекеттерінен 189 басшылар қатысты. «Біз халықпыз: XXI ғасырдағы БҰҰ-ның рөлі» атты бағдарламалық баяндамада К. Аннан жаңа әлемдік идеологияны – ғаламдастыруды бекітті. Әрине, ғаламданудың мәнін жеке мемлекеттер өздерінше пайымдайды.
К. Аннанның баяндамасында мемлекет ішіндегі зорлық, озбырлық әрекеттерінен халықты және нақты адамдарды жалпы қорғау ісінде кауіпсіздіқ концепциясы белгіленді. Ядролық қарусыздандыру саласында ірі халықаралық конференция шақыруды ұсынды. Ядролық қарусыздандыру жөнінде К. Аннан Консультативтік Кеңестің делегаттары алдында жасаған баяндамасында (2 ақпан 2001 жыл) ядролық қаруды жоюдың қажеттілігін атады.
Мемлекет басшыларының саммиттегі баяндамалары ғаламдастыруға байланысты БҰҰ рөлін жоғары бағалауда және әлемдегі елдердің моральдық қүндылықтарының басымдылығын биікке көтеруде жемісті болатыны күмән туғызбайды. Бұл жөнінде Ұлыбританияның премьер-министрі Т. Блэрдің «Африка үшін біз не істей аламыз» деген сұрағының дамушы елдерге британ бюджетінің 70% бұл көрсетілген қаражаттардың жартысынан астамы Африкаға жәрдемге берілуі тәжірибе болуы тиіс.
Деректердің екінші тобына халықаралық мемлекет емес ұйымдардың құжаттары енген. Олардың қатарында…………………………….
Деректердің үшінші тобына мемуарлар мен мемлекет басшыларының сөздерін жатқызуға болады. Бұл деректердің қатарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаетың сөздеріде кіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев БҰҰ мінберінен ғаламдастыру жөнінде құнды пікірлер айтты. 1992 жылы Азияда (СВМДА) өзара көмек және сенім білдіру мәслихатын шақыру, ал БҰҰ-ның Бас Ассамблеясінің 50-ші юбилейлік сессиясында (1995 жылы) Орталық – Азия аймағының ғаламдық маңызын мәлімдеді, Орталық – Азия үшін БҰҰ-ның комиссиясын құрудың бастамашылығын атады.
Мемлекет басшыларының саммиттегі баяндамалары және олардан туындайтын шешімдер, БҰҰ қызметін жоғары деңгейге көтеру проблемалары тақырыптың өзектілігінің маңызын кұшейте түсетіні сөзсіз.
Диплом жұмысының тақырыбын іріктеуде және оның өзектілігін айқындауда мемуарлар және авторлардың субъективтік пікірлері мәселенің спектрін танып білуге көмектеседі .
Сонымен, БҰҰ-ның қызметіне, оның бейбітшілікті сақтау, қауіпсіздіқті тұрақтандыру, ғаламдастыру дереккөздеріне шолу жасап, оларды талдап диплом жұмысының негізі етіп алдық. Бұл тарихи деректер және ғаламдық БҰҰ-ның әлемдік рөлі процесте ой пікірімізді тереңдетіп тақырыпқа танымымды, қызығушылығымды арттырды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысына байланысты зерттеулерді батыстық, ресейлік және отандық деп үшке бөлуге болады.
Батыс зерттеушілері, солардың ішінде, американдықтар мен британдықтар ғаламдастарумен шұғылданғанда бұл проблеманың концептуальдык және вестернизация жағына мән берген. Тақырыптың зерттелу деңгейіне қарай ғаламдастыруға арналған авторлардың еңбектері топтастырылды, оларға шолу жасалды. Ғаламдастаруға арналған еңбектердің ішінен ағылшын Р. Робертсонның теорияның терминологиялық аспектілерінің әдісіне шолу жасаудан басталды [3]. Ол 1983 жылы өзінің зерттеулерінде ғаламдану ұғымын алғаш рет қолданған, оны 1985 жылы ғаламдастыру термині деп атап, 1992 жылы арнайы зерттеулерінде концепциясының негізі етіп қарастырады. Р. Робертсонның концепциясы екіжақты дефиницияны қамтиды. Біріншісі, әлеуметтік жүйелерге сәйкес сауданың, әскери бірлестіктердің және мәдени мәселелердің ара-қатынасын нығайту. Бұл капиталистік дәуірге түбірімен сәйкес кететін көне процесс. Екіншісі, ғаламдану сананы күшейтетін – жаңа феномен. Робертсонның түсінігінше, жеке феноменологияны, адамдардың мінез-құлқын анықтайтын әлеммен біртұтас байланыста болатын құбылыс, ал оның аймақтық және ұлттық сектормен ешқандай байланысы жоқ.
Екіншіден, ғаламдастыру ісіне үлкен мән берген Гарвар бизнес мектебі. Ғаламдастыру термині жөнінде жапондық Омэ 1990 жылы «Мир без границ» («Әлем шеқарасыз») [4] атты кітабын жарыққа шығарумен белгілі. Оның пікірінше әлемдік экономика үш орталықтың «Триада» (ЕС, АҚШ, Жапония) өзара әрекеттестігімен анықталады. Ол кейбір мемлекеттердің жеке экономикасының бәсеңдеу, экономикалық аренада ғаламдық фирмалардың ең күшті акторларының рөлі кұшейді деген тұжырымға келеді. Омэның ұстамы ғаламдастыруға пікірсайыз туғызыға жағдай жасайды.
Ғаламдастыру және БҰҰ-ның саналуан аспектілері жөнінде қазіргі заманның ғаламдық процестері және ғаламшардағы қоғамдық-саяси өмірінде түрлі өзгерістердің орын алуы жөнінде Ресей эксперттерінің И.А. Василенконің, А.Н. Чумаковтың, М.А. Чешкованың, М.И. Куликованың, Г.Х. Шахназаровтың еңбектері оқырмандар қарасында кең таратылған.
Ресей ғалымдарының зерттеулерінде ғаламдастыруға байланысты БҰҰ-ның халықаралық – құқықтык қызметі саласында жазылған еңбектердің қатарына С.С. Алексееваның, И.И. Лукашуканың, Г.И. Тункинаның, Н.А. Ушакованың зерттеулері жатады. БҰҰ-на мұше болып кіретін ұйымдармен мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары туралы ұсыныстар жасалған.
Қазақстан ғалымдарының да саяси ғылым саласында, әсіресе, БҰҰ-мы мен Қазақстанның өзара қарым-қатынастары жөнінде бұрынғы шетелдер министрі Қ.К. Тоқаевтың [5] үш монографиялық еңбектері атауға тұрарлық. Біріншісі — «Под стягом независимости» («Тәуелсіз туының астында»). Екіншісі — «Ғаламдастыру жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты». Үшіншісі — «ООН: полвека служения миру» деп аталады («Біріккен Ұлттық: бейбітшілікке жартығасыр қызмет ету»).
Сонымен қатар, А. Арыстанбекованың «Ұлттар Ұйымы және Қазақстан» [6] атты кітабын ерекше атауға болады. Кітап соңғы жылдардағы халықаралық қатынастар мен мемуарлар әдебиеті қатарындағы көрнекті құбылыс. Автор БҰҰ-ның және оның сан қилы мекемелерінің іс — әрекет тетіктерімен жете таныс. Сондықтан, А. Арыстанбекова өзінің кітабында БҰҰ-ның құрылу тарихы, оның саяси, әлуеметтік – экономикалық және гуманитарлық салаларындағы, қарусыздану, халықаралық қауіпсіздікті сақтау, бітімгерлік және ізгі ниетті дипломатия шеңберінде тіршілігі жайындағы деректер мен материалдар келтірілген.
Бүлардан басқа БҰҰ-ның қызметіне арнап жазылған Қазақстан ғалымдары Д. Коваленконың, Г. Кинязбаеваның, Б. Жүмахановтың ғылыми мақаларының мазмұны қоғамды жетілдеру және ғаламдастыру мәселесіне арналған. Ал Қазақстанның сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздіқ мәселесіне арналған Е.М. Абеннің, Л.К. Бакаевтің, Р.К. Жоламанның, Б.С. Жүсіповтің, Н.Т. Қасенованың еңбектері ең маңызды зерттеулер.
Жұмыстың мақсаты. Аймақтық және ұлттық жанжалды ретке келтіру және даулы мәселелерді орынды шешу саласында БҰҰ қызметінің кейбір аспектілерін зерттеу. БҰҰ қызметінің принциптерінің, формаларының әмбебаптылығын және әлемдік сипатын анықтау. БҰҰ әлемдегі басқа қоғамдық ұйымдарымен салыстыру, оның жетекшілік, халықаралық рөлін сипаттау. Диплом жұмысының мақсатынан төмендегі міндеттер туындайды:
• Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі БҰҰ халықаралық қатнастарды реттеудегі ролін көрсету
• аймақтық даулы жанжалдарды реттеу, оның себептерін аймақтық және ұлттық ерекшеліктерін көрсету;
• Аймақтық қақтығыстарды реттеудегі БҰҰ ролін анықтау;
• реформаланған БҰҰ –ның бітімгершілік оаерацияларының ролін сараптау
Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негізін – зерттеудің жалпыәмбебаптылық әдістер – синтез және анализ құрастырады. Жұмыста жұйелі тұрғы: көпфакторлық, құрымдылық, тарихи-салыстыру, логикалық әдістер қолданылды. Бұл ғылыми зерттеу әдістері БҰҰ қызметін халықаралық ұйым ретінде және оның сан қилы мекемелерінің іс-әрекет тетіктерінің қазіргі жағдайда рөлін пайымдауға мұмкіңдік береді.
Жұмыстың қурылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер және дипломдық жұмысқа сілтеме жасаған еңбектердің тізімдерінен тұрады.
Тарау 1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставы, қызмет аясы және органдары халықаралық тұрақтандыру мен бейбітшілік жетістіктерін қолдауда негізгі механизм (тетік) ретінде
1.1 БҰҰ-ның құрылу және даму тарихы
Соғысты болдырмау және бейбітшілікті сақтау үшін адамзат ерте кезден бастап ғаламдық мемлекетаралық ұйымдарды құру идеясын жақтады. Мұндай алғашқы құрылған ұйымдардың бірі Ұлттар Лигасы болды. 1919 жылы бұл ұйым саяси және халықаралық ынтымақтастық инструментін құру ретінде Версаль жүйесіне енді. 1939 жылы халықаралық жағдайдың шиеленісүне байланысты Әлемге Екінші Дүниежүзілік соғыстың қаупі төнді. Бұл агрессияға қарсы мемлекеттік және қоғамдық бастамашылықтың бірігуіне қуатты итеріс болды. Бейбітшілікті қорғау және соғыс әрекеттерін болдырмаудың кешендік халықаралық инструмент ретінде гитлеродағына қарсы елдер ұйымдық қауіпсіздікті дүниежүзілік ұйымды құруды қажет деп тапты.
1919 жылы АҚШ президенті Вудро Вильсон Ұлттар Лигасын құрудың басты талаптарының бірінен саналатын «14 пунктен» тұратын бағдарламасын Париж конференциясына өзімен бірге ала келді. Конференцияда жаңа ұйымның Уставы жасалып, бекітілді. Ұлттар Лигасының мақсаты Уставқа сәйкес «Халықтар арасындағы бастамашылықты дамыту және олардың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігіне кепілдік беру». Ұлттар Лигасының Уставы 1919 жылы Версаль бейбіт шартына кірістірілді, Уставқа 44 мемлекеттер қол қойды. Ұлттар Лигасын құру барысында Әлем қауымы болашақта жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмауға сенім білдірді. Өкінішке орай бұл үміт ақталмады. Устав қағидаларын жасаудың жүйесіндегі кемшіліктер ұйымның пәрменсіздігінің негізгі себептері болып табылды. 30-жылдардағы фашистік қауіптөнушіліктің күшейе түсін болдырмауға және Екінші дүниежүзілік соғысқа қарсы тұру мүмкіншіліктері әлсіз болды. Ұлттар Лигасы жалпы әлемдегі қауіпсіздікті қолдау мақсатында соғыстың алдында құрылған ұйым болды, бірақ өзінің іс-әрекетінде терең дағдарысқа ұшырады. Оның саяси қызметі қысқарып, конференциялар да шақырылмады. 1946 жылы 8 сәуірде Женевада ұйымның соңғы Ассамблеясы шақырылды. Ассамблеяда Ұлттар Лигасының өкілдігі мен функциясы БҰҰ-на берілсін деген қарар қабылданды. 1946 жылдың 18 сәуірінде Ассамблея Ұлттар Лигасының қызметін тоқтату жөнінде дауысқа салды. Ұлттар Лигасының орнына БҰҰ-мын құрудың қажеттілігі туды.
Декларация және Атлантикалық Хартия БҰҰ-ның және оның мемлекеттер жүйесінің құрылуына себепші болды. БҰҰ құрылу тарихы 1941 жылдың ортасынан бастау алады. Бұл жылдары Әлемді соғыс өрті жайлады. Мемлекеттердің ортақ күш біріктіруі қажет болды. Адамзат ойы болашақ әлемнің идеялары және барлық халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі жолында жұмыстар атқарылды [7].
Бұл бағыттағы алғашқы қадамның бірі 1941 жылғы 12 маусымда Лондонда қол қойылған «Одақтар арасындағы декларация» болды. Одақтар декларациясына қатысқан мемлекеттердің өкілдері, атап айтқанда, Ұлыбританияның, Канаданың, Австралияның, Бельгияның, Оңтүстік Африканың, Грецияның, Польшаның, Югославияның, генерал де Голльдің, бұл құжатта «соғыс кезінде де, бейбіт уақытта да басқа еркін халықтармен бірге жұмыс істеуге өз ниеттерін» білдірді. Батыс әлемде бұл құжат Атлантика хартиясы деп аталды.
1941 жылы 14 тамызда АҚШ пен Біріккен Корольдің басшылары – Президент Франклин Рузвельт пен Премьер-Министр Уинстон Черчилль бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін халықаралық ынтымақтастың жалпы принциптерін ұсынды. «Әлдебір теңіз төрінде» Арджентия шығанағында ағылшын-америка декларациясына қол қойлған бұл құжат «Атлантика Хартиясы» атымен мәлім болды. «Атлантика Хартиясында» соғыс аяқталған соң барлық мемлекеттердің өз шеқаралары шеңберінде бейбіт өмірін қамтамасыз ететін «жалпы қауіпсіздіктің өте кең және тұрақты жүйесін» құру туралы айтылды. 1942 жылы 1 қаңтарда Кеңес үкіметі Атлантика Хартиясының негізгі принциптеріне қосылатынын жариялады әрбір халықтың құқы және қоғамдық құрылыс орнату жөнінде түзетулер ендіріп, қол қойды. Осы бағдарламаны жетілдіре отырып Кеңес үкіметі жалпы халықаралық ұйым құруды ұсынды. 26 мемлекеттің өкілдері (фашистік басқыншылық блокына қарсы соғыс ашқан елдер) осы құжаттың соңына Вашингтонда қолдарын қойды. Бұл құжат «Біріккен ұлттар декларациясы» деп аталды. Декларацияға қол қойған 26 мемлекет Атлантика Хартиясына «мақсаттың ортақ бағдарламасы» ретінде өз қолдауларын көрсететінін мәлімдеді. Осындай шаралардың нәтижесінде, Президент Рузвельт ұсынған «Біріккен Ұлттар» термині алғаш ресми түрде қолданылды.
Сонымен, Біріккен Ұлттар декларациясының жариялануы КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның басшылығымен 26 мемлекеттің коалициясын құруы көрсетеді. Үш ұлы ірі мемлекеттердің басшыларының конференциялар шақыруы және олардың атқарған қызметі халықаралық жаңғыру саласында маңызы өте зор болып табылды.
Қауіпсіздік мәселесін шешу жөнінде Мәскеу конференциясының алатын орны ерекше. Себебі мұнда ірі мемлекеттердің өкілдері халықаралық ұйым құрылымы жөнінде мәселе талқыланды [8].
1943 жылы 1 қазанда Мәскеу конференциясында КСРО, Біріккен Корольдік, АҚШ пен Қытай үкіметтері «Жалпыға ортақ қауіпсіздік мәселелері жөніндегі төрт мемлекеттің декларациясына» қол қойды. Декларацияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі жалпыға ортақ халықаралық ұйым құруға шақыру болды. Бұл мемлекеттер бірлесіп мемлекеттердің теңдік принциптеріне негізделген ортақ халықаралық ұйым құру қажеттігін түсінетіндіктерін мәлімдеді [9]….