Курстық жұмыс: Саясаттану | Азаматтық қоғам-мемлекеттің әлеуметтік негізі
Мазмұны
.Азаматтық қоғамның қалыптасуының теориялық кезеңдері.
1.1.Азаматтық қоғам құрудың алғышарттары.
1.2.Азаматтық қоғам-қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық
және саяси құқықтық негізі ретінде.
II.Азаматтық қоғам-мемлекеттің әлеуметтік негізі.
2.1.Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы және азаматтық қоғам
институттарының құрылуы.
2.2.Үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы.
ІІІ. Азаматтық қоғамның қалыптасуының мәні мен модельдері.
Қорытынды.
І. Азаматтық қоғамның қалыптасуының теориялық кезеңдері
1.1.Азаматтық қоғам құрудың алғышарттары.
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада тарихта болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адам-гершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Мон-тескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлса-фашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорация-ларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өмір-шеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастар-дың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтама-сыз етуге зор мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.
Бүгінгі саяси салада маңызды сипат алып,қолданыс аясы кеңілген. «Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет» ұғымдарының теориялық негіздеріне толық анықтама беріп көрелік.
Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандық-тарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен аза-маттарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалып-тастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мем-лекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терми-нінің семантикасын да береді.
Сондықтан полис ұғымы «азаматтық қоғам» және «мемлекет» де-генді білдіретін антикалық терминді біріктіреді.
ХVIII ғасырға дейін Еуропалық әлеуметтік-саяси трактаттарда, оның ішінде Ж.Ж.Руссо және И.Кант еңбектерінде «азаматтық қоғам» және «саяси мемлекет» терминдері бірін-бірі толықтырушы ретінде қолданылып келген. Стратификацияның саяси және әлеуметтік форма-сынан жеке өмірдің мемлекеттік-саяси бақылау саласының эмансипа-цияға өте бастауы, ерте буржуазиялық ревалюция дәуіріне жатады, бірақ жаңа тәртіптің концептуалды-терминалогиялық бекітілуі кейінірек қа-былданады.
Жаңа дәуірдің ойшылары азаматтық қоғам мен саяси қоғамды анығырақ ажыратты. Антикалық «азамат», «азаматтық» деген сөздер олардың еңбектерінде жаңа мәнге ие болды. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында теңдік пен еркіндіктің тарихи белгілері қойылды. Олардың кейбіреулері (Н.Макиавелли, Г.Гоббс, Г.Гегель және т.б.) «де-мократиялық қоғамдық ұйымдар-мемлекет» деп мемлекетке көңілге бөле, этатистік позицияны ала отырып, азаматтық қоғамның болашағын мемлекетпен байланыстырды.
Азаматтық қоғам концепциясын, оның мемлекетпен өзара тәуел-ділігін зерттеуде Г.Гегель еңбектері зор мәнге ие. Француз, англо-сак-сондық және неміс қоғамдық-саяси ойшылдарының барлық шығар-маларын жүйелеу негізінде Г.Гегель азаматтық қоғамның орта ғасырдан жаңа кезеңге дейінгі ұзақ та, күрделі тарихи трансформациялау процесінде отбасыдан мемлекетке дейінгі диалектикалық қозғалыстың ерекше даму сатысын білдіреді,-деген шешімге келген. Азаматтық қо-ғам-отбасы мен мемлекет арасында болатын дифференциация, әйтсе де азаматтық қоғамның дамуы мемлекет дамуынан кейін жүреді.
Гегель бойынша әлеуметтік өмір-отбасының этикалық дүниесінен және мемлекеттің көпшілік өмірінен радикалды түрде ерекшеленеді. Азаматтық қоғам нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, кор-порацияларды, институттарды біріктіреді. Олардың негізгі міндеттеріне қоғамдық өмірдің қажеттілігі мен азаматтық құқықтың жүзеге асы-рылуын қамтамасыз ету жатады.
Азаматтық қоғам-азаматтық құқықтармен реттелетін және саяси мемлекетке тікелей тәуелді емес жеке тұлғалар, таптар, топтар және институттар комплексін құрайды.
Осылайша Гегель, «жалпы» және саяси мүдделер ғана емес, соны-мен бірге жеке, нақтырақ, жеке меншікті мүдделер саласы да бар деген тоқтамға келді. Бұл саланы ол «азаматтық қоғамның» бөлігі ретінде анықтады.
Ол азаматтық қоғамның төмендегі үш компонентін көрсетеді:
1)индивидтің қажеттіліктері мен оның еңбегі арқылы қамта-масыз ету және қанағаттандыру;
2)мұнда жалпы еркіндіктің болуы және заң арқылы меншіктің қорғалуы;
3)полиция және корпорация көмегімен бір мүддеге жалпы мүдде ретінде қамқор болу.
Азаматтық қоғамның әрбір мүшесі сотқа баруға және сот алдында міндетті болуға, сондай-ақ тек сот арқылы оған берілген құқықтарды алуға құқығы бар. Бұл үшін әрбір индивид заңды білуі қажет, ал басқа жағдайда бұл құқықтар оған көмек бола алмайды.
Отбасы өзінің мүшелеріне қамқор болу керек, әйтсе де азаматтық қоғамда ол-бағынышты, керісінше азаматтық, қоғам-адамды өзіне бірік-тіріп, адам өзі арқылы өзіне ғана қызмет етуді талап ететін алып күш иесі. Егер адам азаматтық қоғамның осындай мүшесі болса, онда ол от-басында не болатындай құқықтар мен міндеттерін сақтайды. Азаматтық қоғамның өз мүшесін қорғауы,оның құқықтарын жүзеге асу тиіс, ал индивид өз кезегінде азаматтық қоғамның құқықтарын сақтауға міндетті.
Гегель көрсеткендей отбасына қарағанда, азаматтық қоғамды құ-райтындар көбінесе тұрақсыз және шиеленістерге бейім болады. Олар жеке мүдденің басқа бір жеке мүдделермен қақтығысатын күрестің тынымсыз алаңын еске түсіреді. Азаматтық қоғамның бір элементінің шектен тыс дамуы оның басқа элементтерінің жойылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан азаматтық қоғам мемлекеттің аясында саяси басқарыл-майынша «азаматтық» болып қала алмайды. Тек жоғарғы көпшілік би-лігі – конституциялық мемлекет қана әмбебап саяси қауымдастықта оның әділетсіздігімен нәтижелі күресін, нақты мүдделерін жинақтай алады. Осы позицияда Гегель азаматтық қоғам мен мемлекетті арала-стырғаны үшін табиғи құқықтың қазіргі теориясын сынға алады.
Азаматтық қоғам Гегель бойынша жеке мүдделер әлемі және сол сияқты, әлеуметтік дифференциацияның жоғары деңгейін білдіретін қазіргі әлемнің феномені және әлеуметтік институттардың дамыған жүйесі.
Жоғарыда айтып өткендей тарихи буржуазиялық қоғамда көрініс тапқан, сондықтан гегельдік «burgerlische Gesselschaft» түсінігі де осы ойды білдіреді.
Азаматтық қоғамның XVII-XVIII ғасырдағы ұғымына өзін-өзі бас-қаратын мемлекеттік емес ұйымдарды, ассоциацияларды, адам құқығын, қоғамдық келісімді, халық егемендігін, азаматтардың мүдделерін жүзеге асырушы және бақылаушы негізгі элементтер кірді.
XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың алғашқы жартысында еуропалық және американдық қоғамтанушылар арасында «азаматтық қо-ғам мемлекетке қарсы» тақырыбы қызықтыра бастады. Неміс ағартушы-лығының көрнекті өкілі Вильгельм Гумбольдт өзінің «мемлекет қызме-тіне шекара орнату тәжірибесі» еңбегінде азаматтық қоғам мен мемле-кеттердің арасындағы үш айырмашылықты көрсетеді:
Біріншіден, индивидтерді өздері арқылы «төменнен» жасалатын және азаматтық қоғамның спецификасын құрайтын ұлттық қоғамдық мекемелер жүйесіне мемлекеттік институттар жүйесі қарсы тұра алады;
Екіншіден, азаматтық қоғам «табиғи және жалпы құқыққа», ал мемлекет – «позитивтік» құқыққа сүйенеді;
Үшіншіден, әрқайсысының субъектісі сәйкесінше «адам» және «азамат» болып табылады. В.Гумбольдт, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо сияқты ойшылдар пікірінше азаматтық қоғам субъектісі – адамның мүддесі мен қажеттілігіне қанағаттандыруына құрал болу керек.
Американың атақты қоғамтанушысы Т.Пейн өзінің «Адам құ-қықтары» памфлетінде, егер табиғи құқықтар адамдарға табиғатынан берілген болса, ал азаматтық құқық ру-тайпалық қоғамнан мемлекетке өту процесінде жасалды. Бұл адамның өзінің күшімен қорғауға қабілеті жоқ құқықтары. Пейн заңды деп, жалпылама қабылданған конституция негізінде қалыптасқан мемлекетті ғана есептеді. Мұндай мемлекеттік басқару жүйесін ол құқықтық, өркениетті деп атайды.
Азаматтық қоғам мәселесіне К.Маркс еңбектерінде де ерекше мән берілді. К.Маркс азаматтық қоғамның гегельдік моделінің күрделі құры-лымын жеңілдетті. Ол бойынша, азаматтық қоғам жеке меншікке негіз-делген буржуазиялық мемлекет қалыптасатын және қызмет атқаратын өзіндік форманы білдіреді.
Бұл қоғамда адам құқығы жеке эгоистік тұрғыдан емес, қоғамдық тұрғыдан қаралу керек, мұнда әрбір адам азаматтық қоғамның белсенді мүшесі, оның талап-тілектері қоғамнан тыс қарастырылмауы керек. Адамдар қызығушылығы мен құндылықтары қоғамның мүддесімен сәй-кес келуге тиіс.
Шынында да, азаматтық қоғам идеясы буржуазиялық қатынас-тардың қалыптасуына және дамуына байланысты пайда болады және дамиды. Ол буржуазиялық қоғамдық құрылысқа «жол салушы» теория-лық құралдардың қажеттілігінен туады.
Дегенмен, XX ғасырдың оқиғалары көрсеткендей, азаматтық қоғам идеясы ескірген жоқ, керісінше анағұрлым өзектілік алды XX ғасырда тұлғаны тотальды –езіп жаншу қауіп пайда болды.
Бұл қауіптің негізгі көзі-саяси мемлекеттің құрылым билігінің шектен тыс өсуі, олардың тек экономикалық қатынастарды ғана емес, со-нымен бірге рухани- мәдениет саласымен қоса, адам өмірінің барлық саласын жаулап алуға әрекеттенуі болды. Мұндай құрылымдардың аг-рессиялылығы тоталитарлық тәртіп, әкімшілдік бұйрықтық тәртіп, билікті жүзеге асырушылар мен қатардағы азаматтар арасындағы қаты-насты авторитарлық стилі болған елдердегі адам өмірінен айқын көрініс тапты. Сондықтан ⅩⅩ ғасырда азаматтық қоғамның концепциясын тал-дау тоталитарлық тәртіпті, тұлғаның құқығы мен бостандығын сақтауды сынау арқылы жүрді. Қазіргі саяси теорияда азаматтық қоғам идеясы саяси плюрализмге, бәсекелес әлеуметтік топтардың ортақ консенсусы мен әріптестігіне негізделген демократия идеясымен топтастырылды; қазіргі демократиялық қоғамның негізгі міндеті-халықтың әр түрлі топ-тарының көптеген мүдделерін есепке алу және үйлестіру жолымен жал-пы азаматтық консенсусқа жеткізу, қарама-қайшылықтарды жою және жеңілдету, интеграциялық қоғамға бағытталған азаматтық келісімді қалыптастыру.
Әрбір қоғамда азаматтық қоғам тұжырымдамасының әр түрлі болуы индивидтің жеке еркіндігі, әрбір тұлғаның өзіндік құндылығы идеясының қалыптасуымен байланысты.
Жоғарыда азаматтық қоғамға берілген әр түрлі ойшылдардың көз-қарастарынан азаматтық қоғамға төмендегіше тұжырым жасалады:
Біріншіден, азаматтық қоғам-жеке меншік, жұмысшы күшінің және еркін кәсіпкерлік нарқының енуі негізінде адамның монарх езгісінен бо-сап, өзі басқа да азаматтар сияқты заңды құқықтары тең азаматқа айнал-ған ерте буржуазиялық құрылыс өкілі.
Басқаша айтсақ, өзгелермен тең азаматтық құқық және өзіндік азаматтық құндылықтары жоғары қаралған жаңа индивид-азаматтар бол-майынша азаматтық қоғам болуы мүмкін емес.
Екіншіден, азаматтық қоғам-отбасы, білім беру жүйесі, ғылыми жә-не рухани бірлестіктер, кәсіби, әйелдер, жастардың қоғамдық ұйымдары, әр түрлі кәсіптердің (студенттер, инженерлер, адвокаттар және т.б.) өкіл-дері және ассоциациялары сияқты мемлекеттік емес институттар арқылы жүзеге асырылатын жеке мүдделер мен адамдар қажеттілігі саласы бо-лып табылады.
Үшіншіден, азаматтық қоғам- мемлекеттік институттармен үнемі қарама-қайшылықта болатын саяси емес ұйымдар жүйесі. Азаматтық қо-ғамның құрылымы мемлекеттің бұйрығымен қалыптаспайды, ол ішкі се-бептерге байланысты төменнен құрылады. Мұндай әлеуметтік салаға кі-ретін субъектілер бір-біріне тәуелсіз, еркін және тең бәсекелестер сияқты өзара қызмет жасайды.
Төртіншіден, ХХ ғасырдың басына қарай Батыстың көптеген елде-рінде халықты билікке араластырудың қосымша механизмі ретінде аза-маттық қоғамның нақты түрі жасалды.
Азаматтық қоғам- индивидтерді қалыптасуының жоғары формасы, заңды кезең. Ол елдердің экономикалық, саяси дамуының, халықтың әл-ауқатының, мәдениетінің және рухани санасының өсуі нәтижесінде пі-сіп, жетіледі. Азаматтық тарихының өнімі ретінде азаматтық қоғам сос-ловиелі-феодалдық құрылыстың қатал дәуірінде, құқықтық мемлекеттің қалыптаса бастаған кезеңінде пайда болады. Азаматтық қоғамның пайда болуының басты шарты- барлық азаматтарда жеке меншік базасында экономикалық жекелік мүмкіндігінің болуы қажет.
Азаматтық қоғамның саяси негізі ретінде тұлғаның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін құқықтық мемлекет қызмет етеді. Мұн-дай жағдайда адамдардың мінез- құлқы өзінің жеке мүдделерімен анық-талады және онда барлық әрекеттеріне жауапкершілікте болады. Мұндай тұлға басқа адамдардың заңды мүддесін сыйлай келе,өзінің жеке бостан-дығын барлығынан жоғары қояды.
Азаматтық қоғамның классикалық моделі Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде және АҚШ-та XVIII-XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады. Буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде сословиелік сарқыншақтардың жойылып,билік бұтақтарының бөлінуі, сөз, ождан, ұйымдар бостандығының құқықтық кепілінің құрылып, заң алдында аза-маттардың теңдігі қамтамасыз етіледі. Батыс елдерінде азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауына, олардың ар-намысын сыйлауға, экономикалық еркіндікке және тағы басқаларға кепілдік конституциямен бекітіледі.
Азаматтық қоғамның шын мәнінде жұмыс істеуі Англияда және АҚШ-тағы адам құқы туралы биллдің және Франциядағы адам және аза-мат құқықтарының Декларациясының қабылдауынан басталады. Осыған орай, қалыптасқан азаматтық қоғамның негізгі белгісіне құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негізделген адамдардың теңдігінің заңды түр-де бекітілуі жатады. Азаматтық қоғам жетілуінің критериі-мемлекет та-рапынан адам және азамат құқығының жүзеге асырылып,оған кепіл болу деңгейі болып табылады.
Тарихқа көз жүгіртсек, буржуазиялық мемлекеттерде XVIII-XIX ға-сырлардың ортасында азаматтардың құқығы мен бостандығы кең ау-қымды формальды сипат алды. Халықтың бұқара бөлігі экономикалық байлықтан және қоғамның саяси өмірімен шеттетілді. Мұндай жағдайда XIX ғасырдың ортасында Еуропада солшыл қоғамдық-саяси қозға-лыстар, ең алдымен бұқара халықты байлыққа және қоғамды басқаруға қатыстыруды өздерінің мақсаты етіп қойған социал-демократиялық ба-ғыттар пайда болды. Социал- демократтар тек конституциялық бекі-тулер ғана емес, сонымен қатар шынайы түрде негізгі жалпыазаматтық құндылықтар қамтамасыз етілген қоғам құру идеясын алға тартты. Олар-дың пікірінше, бұл қоғам бостандық, бірдейлік, әділеттілік, әлеуметтік теңдікке және ұжымдастыру принциптеріне негізделуі тиіс. Социал-де-мократтардың көзқарастары бойынша, жеке меншік, көпқырлы эконо-мика азаматтық қоғамның экономикалық негізіне қызмет ету қажет.
Басты азаматтық қоғам проблемасына қызығушылықтың туындауы 70- жылдардың II жартысы мен 80 жылдарда жүрді. Бұл мәселенің не-гізгі өзектілік және мәнділік алуы жаңа елдер мен аймақтардағы либералды демократия ареалының кеңеюі, демократиялық құндылық-тардың таралуы, институттардың принциптері сияқты тарихи процестер-мен байланысты. (Бұл жерде 70- жылдардың II жартысынын бастап, Греция, Испания, Португалия халықтары авторитарлық тәртіптен демок-ратиялық қайта құрулар жолына өту кезеңімен, ал 80-жылдардың соны 90-жылдардың басында Шығыс Еуропа елдері мен КСРО-да тотари-тарлық тәртіптің құлау кезеңі болған Еуропалық континент туралы сөз болып отыр).
Сонымен азаматтық қоғам ұғымы өзіне: адам құқығын қорғауды, демократиялық, құқықтық, жоғары дамыған қоғам қалыптастыруды бі-ріктіреді. Азаматтық қоғамның даму субъектісі адам болып табылады. Мемлекеттік мүдденің орнына қоғамдық, жеке мүдделер қойылады. Аталған жүйеге өту тек экономикалық саланы (коммерциялық емес ұйымдар, Үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз кәсіпкерліктер және жеке шаруашылық сектор) мемлекеттік аппарат негізінен бөліп алу жолымен ғана жүреді. Мұндай жағдайлар модернизация арқылы жүзеге асы-рылады.
Франкфурт мектебінің белгілі өкілі Юрген Хабермас модерниза-цияны бір жағынан, саяси мемлекет тәртібінен нарықпен басқарылатын шаруашылық жүйесін бөлу ретінде қараса, екінші жағынан, азаматтық қоғам қалыптастырудың негізгі факторының бірі болып табылатын экономикалық тәуелсіздік деп қарады. Негізгі критериі-жеке меншіктің болуы. Азаматтық қоғам бұл меншік қатынастарынан өрістейтін қоғам-дық-саяси бағдарлар мен нормалар жүйесі. Жоғарыда көрсетілгендей азаматтық қоғамның тарихи негізі-өз кезегінде әлеуметтік құрылымдарға (сословие, әлеуметтік топ, тап) бөлінетін азамат қауымы болып табыла-ды.
Азаматтық қоғам тұжырымдамасы азаматтық қоғамды өз мүдде-лерін қорғай алатын еркін және жауапкершілікті адамдармен құрылған мемлекетке, оның институттары мен ұйымдарға тәуелсіз көлденең әлеу-меттік қатынастар жиынтығы ретінде қарауды ұсынады.
Азаматтық қоғам кең мағынада мемлекетпен, оның құрылым-дарымен қамтылмайтын қоғамның бөлігі. Ал тар мағынада тұлғаның көп жақты мүдделерін білдіретін мемлекетке тәуелсіз ұйымдар және құқық-тық мемлекет.
Сонымен азаматтық қоғам дегеніміз-мемлекет тарапынан қамта-масыз етілетін, құқықтар мен бостандықтарға ие болған азаматтардың арасында пайда болған қатынастардан туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Азаматтық қоғам мемлекеттік құрылымнан тыс тұратын әлеу-меттік, экономикалық, рухани-қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Азаматтық қоғам жеке тұрғыдан қарастырғанда тұлғалардың аза-маттық және жеке құқықтарының басқарылуы нәтижесіндегі қатынастар. Жалпы айтқанда, азаматтық қоғамда тұлға жеке, дербес құқықтар мен бостандықтарға ие. Бұл дегеніміз азаматтық қоғамда ғана азамат өз еркін экономикалық-саяси және мәдени ортада өмір сүре алады.
Қазіргі азаматтық қоғамның негізгі белгілері ретінде төмендегілерді айтуға болады:
-бұл ең алдымен индустриалдық қоғам;
-экономикалық қатынаста-бұл нарықтық,типтің қоғамдық жүйесі;
-саяси азаматтық қоғам-билік механизмдерінің бөлінуін, жалпы және тең сайлаулары, құқықтық, жергілікті өзін-өзі басқаруды және тағы басқаларды қамтамасыз ететін демократиялық жүйе;
-әлеуметтік құрылым бойынша-күрделі дифференциялық саяси әлеуметтендірілген жүйе;
-рухани-идеологиялық салада ойдың және пікірдің көптүрлілігімен, саяси қатынастармен, рационализм және гуманизм ерекшеленетін ашық және зайырлы қоғам болып табылады.
Азаматтық қоғамның мәні -мемлекет тарапынан ішкі қысым мен әділетсіздіктен қорғайтын бостандық идеясынан тұрады. Өзін-өзі басқа-ру жүйесі және саяси демократия бұл контекст азаматтарды тирания мүмкіндіктерінен қорғауға негізделеді.
Азаматтық қоғам көппікірлі және әржақты. Мұнда азаматтардың әрқайсысы өзінің мүдделерін мақсаттарын, ойын білдіре алу мүмкіндік-терін ашық айта алады. Жеке салада көпшілікке бағынушы азшылықты көрсетеді.
Азаматтық қоғамның төмендегідей құрылымы бар:
-ерікті түрде құрылған адамдардың алғашқы қауымы (отбасы, ас-социация, шаруашылық корпорациялары, қоғамдық ұйымдар, түрлі бір-лестіктер және т.б.);
-қоғамдағы мемлекеттік және саяси емес қатынастардың: эконо-микалық, әлеуметтік, отбасылық, рухани, діни және т.б. жиынтығы; бұл адамдардың жеке өмірі, олардың ….