Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері

0
291


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ

Кафедра _______________________

Реферат
Тақырыбы: Халықаралық валюта жүйесі

Орындаған:________________
Тексерген:_________________

Орал қаласы, 201_ж

Мазмұны

1. Кіріспе
2. Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
3. Халықаралық валюталық қор
4. Валюта бағамы: негізгі түсініктер
5. Валюта бағамын реттеу құралдары
6. Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық
шараларды талдау
7. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық
операциялардың заңды анықтамасы
8. Қорытынды
9. Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі
макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас
барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын
әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен
ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық
саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына
Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-
несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас
бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының
айғағы.
Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру
және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді
валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы
оның ерекшелігі болып саналады.
Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және
көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу
пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және
ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте
өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және
оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды
қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Курстық жұмысының мақсаты:
Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы,
қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы
құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді
қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған
ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа
қол жеткізу үшін, курстық жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін
анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:
• ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның тұрақтануына
ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
• сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқа да экономикалық
салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама беру;
• ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін
экономикалық шараларды айқындау;
• валюталық тәртіптемені ырықтандыруға Қазақстандағы қаржы нарығының ықпал
ету мүмкіндіктерін айқындау;
• экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында валюталық саясат
механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі ұлттық валюта нарығы дамуының тереңдеуі жағдайында
ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның
валюталық реттеуі.

Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзәләк нарықтың маңызды элементі болып
табылады. Валюта жүйесін ұлттық және халықаралық валюта жүйелері деп
ажыратады.
¥лттық валюта жүйесі – белгілі бір елдегі,сол елдің заңдарымен
анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.
Әлемдік валюта жүйесі – мемлекет аралық келісімдермен бекітілген,
тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы
болып табылады. Оның пайда болуы және дамуы халықаралық ақша саласында
парапар шарттарды талап етуші капиталдың интернационализацияндырудың
дамуының обьективті көрінісі ретінде қарастыруға болады.
Әлемдік шаруашылық байланыстар – валюталық қатынастарды тұрақты
жүйесіз елестету қиын. Валюталық қатынастар шаруашылық байланыстардың әр
түрлі салаларында қызмет етеді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік ақшалардың функциясын
орындайды, атап айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы, төлем құралы ,
байлық қорлану құралы ретінде қолданылады.
Халықаралық валюта жүйесіне бірқатар құрылымдық элементтер тән,
олардың ішінде аса маңыздылары :
– халықаралық ақшалай тауар ;
– халықаралық өтемпаздық;
– валюта бағамы ;
– валюталық нарықтар ;
– халықаралық қаржы-валюталық ұйымдар ;
– халықаралық келісім шарттар.
Халықаралық ақшалай тауар – әрбір елмен, оның аумағынан әкетілген
байлықтың эквиваленті ретінде қабылданады. Алғашқы халықаралық ақшалай
тауар ретінде алтын болды. Кейіннен экономикасы жоғарғы дамыған елдердің
валюталары әлемдік ақша болып қабылданды .
Валюта – бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша.
Оның негізгі екі түрі бар:
– халықаралық сауда валютасы ;
– халықаралық резервтік валюта .
Халықаралық сауда валютасы – халықаралық сауда операциялардың бағалауы
үшін қызмет етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты және импорты), ол
өзі сату – сатып алу объектісі бола алады.
Халықаралық резервтік валюта елдер арасындағы қатынастардағы
халықаралық ақша айналымымен байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне қажетті
жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын мемлекеттің валюта резерві.Сонымен
қатар валюта белгілі бір критерийлер бойынша жіктеледі.
Негізгілеріне назар аударсақ. Ұлттық валюта дегеніміз мемлекеттің
заңымен тағайындалған сол мемлекеттің ақша бірлігі.
Шетелдік валютаға шетелдік банкноталар мен монеталар және банктік
вексельдер мен чектер түрінде көрсетілген талаптар жатады
Осыған қоса, резервтік валюта ұғымы аса маңызды.Резервтік валюта
дегеніміз бұл мемлекеттің орталық банктері жинақтайтын және сыртқы сауда
операциялар мен шетелдік инвестициялар үшін халықаралық есеп айырысуға
сақталатын шетелдік валюта. Сондай валюталарға АҚШ доллары , неміс маркасы
, жапон иенасы , фунт стерлингі жэне швейцария франкісі жатады .Сонымен
қатар валютаның маңызды үш түрі бар:
1 Еркін – айырбасталатын валюта – елдердің әлемде өз валютасының
айналысына шектеулер қойылмайтын сол елдердің валютасы
2 Жартылай айырбасталатын валюта – елдердің белгілі бір шеңбер
ауқымында халықаралық операциялар
З Айырбасталмайтын – бұл елдердегі ерекше немесе әр түрлі
шектеуліктерді іс-жүзінде қолданылатын сол елдердің валютасы.Мысалы: қандай
да бір мемлекет валютаның әкеліп-әкетуге қарсы болуы.
Халықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығы оның дүниежүзілік
шаруашылқтың құрылымына сай болуына тәуелді. Егерде дүниежүзілік
шаруашылығының құрылымы өзгерсе, сонымен қатар халықаралық валюта жүйесінің
формасы жаңаға ауысуы тиіс. 19 ғасырда пайда болып, халықаралық валюта
жүйесі эволюцияның үш сатысынан өткен.
Алғашқы халықаралық валюта жүйесі алтын стандарт жүйесі болған. Алтын
стандарт жүйесі 1879 – 1934 жылдар аралығында әлемдік валюта жүйесінде
қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта бағамының
барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді. Ақшаның алтын стандартталуы
болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналды :
– ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет ;
– алтың қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе-теңдік қажет ;
– алтынның экспорты мен импортына кедергілердің болмауы қажет.
Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайты және алтын
салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы, АҚШ доллары = 25
грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.
Бұл жердегі алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын,
тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл
шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға мүндай шығындарды 3 цент деп
есептейік. Бұндай жағдайда американдықтар бір фунт үшін 2,03 доллар
төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы
басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.

Халықаралық валюталық қор

Халықаралық валюталық қор дегеніміз ұйым мүше-елдері арасындағы
валюталық-несиелік қатынастарды реттеуге және оларға валюталық,қаржылык
қиындықтар жағдайында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер беру арқылы
қаржылық көмек көрсетуге арналған халықаралық ұйым. Қор БҰҰ-ның арнайы
ұйымы. Халықаралық валюталық қор 1944 жылы 1 шілде мен 22 шілде аралығында
Бреттон-Вуд қаласында БҰҰ-ның өткен конференциясында құрылды.
Халықаралық валюталық қордың басқару жүйесіне тоқтала кетсек,
Халықаралық валюталық қордың басқару жүйесі Басқарушылар кеңесі, уақытша
комитет, даму комитеті, атқарушы кеңес, басқарушы, персонал кіреді:
– басқарушылар кеңесі – әрбір мүше-елдің бес жылға тағайындалатын
өзінің басқарушысы мен оның орынбасарынан құралатын Халықаралық валюталық
қордың жоғарғы басқару органы.Әдетте оларға қаржы министрлері немесе
орталық банктердің басқарушылары жатады және олар сессияға жылына бір рет
жиналады.
– уақытша комитет. Атқарушы кеңестің шешімдерін іске асыру қызметін
атқарады. Халықаралық валюталық қордың 24 басқарушысынан тұрады. Уақытша
комитет жылына 2 рет жиналып, Басқарушылар кеңесінің алдында істелінген
жұмыс нәтижелері мен болашақ жоспарлар туралы жауап ұстайды.
– даму комитеті. Уақытша комитет сияқты Халықаралық валюталық қордың
24 басқарушысынан тұрады және Халықаралық валюталық қордың Басқарушылар
кеңесінің алдында жауап ұстайды.
– атқарушы кеңес. Басқарушылар кеңесінің өкілеттіліктерінің едәуір
бөлігін атқарады. Сонымен қатар Халықаралық валюталық қордың мүше-ел
қатынасында саясаттың кандай да бір мәселелерін шешумен айналысады.
– басқарушы. Атқарушы кеңеспен ұйымның персоналына басшылық етеді.
Басқарушы Халықаралық валюталық қордың күнделікті жұмысына жауапты.
Басқарушы Атқарушы кеңеспен бес жылға тағайындалып,содан кейін қайтадан
келесі мерзімге тағайындалуы мүмкін. Халықаралық валюталық қордың әр мүшесі
СДР түрінде көрсетілген, квотаға ие. Квота мүше-елдер мен Қор арасындағы
қаржылық және ұйымдастырушылық сипаттағы қарым-қатынастардың негізгі
элементі болып табылады. Сонымен қатар ол ХВҚ мүшелерінің дауыс саның
анықтайды және әрбір елге 250 базистік дауыс беріледі. Әрбір елге 1 млн.
СДР үшін 1 дауыс қосылып отырады.
2008 жылдың 1 қаңтарына ХВҚ-дың капиталы 217 млрд. СДР-ға тең болды.
Ол қордың мүшелерінің жарналарынан құралады. Әдетте, әрқайсысы өз
квотасының 25%-ын СДР-да немесе басқа мүшелердің валютасында, ал қалған 75%-
ын өзінің ұлттық валютасында төлейді. Қор мүшелері арасындағы дауыстар
әрбір мүшенің квотасының мөлшеріне байланысты бөлінеді. 2006 жылдың 16
маусымына дейінгі мәлеметтер бойынша ең көп дауыс иеленушілер:
1 США-17.8%;
2 Германия – 6.99% ;
З Жапония-6.13%;
4 Ұлыбритания – 4.95% ;
5 Франция – 4.95% ;
6 Италия-4.18%;
7 Сауд Арабиясы – 3.22% ;
8 Ресей – 2.74% .
ХВҚ-дың негізгі функциялары:
– халықаралық сауданы кеңейту;
– несиелендіру;
– ақша айырбастау бағамдарын тұрақтандыру;
– дебитор елдерге кеңес беру.
Қазақстан Республикасы мен Халыкаралық Валюта Қорының арасындағы
кредиттік келісімдерге тоқталуын маңызды деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қорының арасында мынадай
кредиттік келісімдер жасалды:
1 1993 жылғы 2 ақпанда макроэкономикалық тұрақтылық және жүйелі қайта
құру (SТF) үшін Қазақстан Республикасында 123.75 млн. СДР сомасына
ресурстар беру бағдарламасы қабылданды.
2 1994 жылғы 26 қаңтарда ХВҚ Қазақстандағы макроэкономикалық
тұрақтылық және құрылымдық реформалар бағдарламасын мақұлдады және осы
бағдарламаны қолдау үшін резервтік капитал (Stand-by) туралы алғашқы
Келісімді жасады. 185.6 млн. СДР сомасына 1995-1996 жылдарға жаңа
Келісімге қол қойып, Stand-by бағдарламасын кеңейту туралы шешім қабылдады.
3 1996 жылғы 17 шілдеде EFF Келісіміне қол қойылды, осыған сәйкес
Қазақстан EFF бағдарламасының іс-әрекет ету кезеңі ішінде Үкімет пен ҚҰБ
қандай да бір валюталық шектеуліктерді енгізуге немесе күшейтуге, қандай да
бір болмасын көптеген валюталық бағамдарды қолдануды тәжірибеге енгізуге
немесе модификациялауға, Келісім Баптарындағы VIII Бапқа қайшы келетін. кез
келген екіжақты төлем келісімдерін жасауға немесе төлем балансына
байланысты себептер бойынша импортқа шектеулер енгізуге немесе күшеитуге
тиіс емес деген міндеттеме алады.
4 1999 жылғы 13 желтоқсанда 329,10 млн. СДР сомасына EFF -2 Келісіміне
қол қойылды. Оның мақсаты мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту және
халықаралық резервтерді жинақтау болып табылады.

Валюта бағамы: негізгі түсініктер

Валюта – бұл тауар жэне эрбір тауардың бағасы болады .Влюта тауарының
бағасы – валюта бағамы . Валюта бағамы белгілі бір елдің ақша бійлігін
қандай да бір басқа елдің ақша бірлігімен салыстырғанда онын қжа;ылығы.
Валюта бағамының негізгі рөлі:
1 Халықаралық операциялар жүргізген кезде белгілі бір ақша бірліктерін
баскшварға айырбасталу кажеттілігімен ;
2 Халықаралык тауар нарығындағы бағалардың салыстыруымен, сонымен
қатар әр түрлі елдердің көрсеткіштерімен ;
Фирмалардың,банктердің, үкіметтердің есеп шотының шетелдік валютаға
кезеңдік қайта бағалауымен байланысты.
Валюта бағамына келесі факторлар әсер етеді :
– валюта нарығындағы сүраным жэне ұсыным;
– елдің төлеу қабілеттілігі;
– төлем балансының сальдосы ;
– инфляция.
Бұлардың ішіндегі маңыздылары:
– инфляция екпіні;
– пайыздық қойылымның өзгеруі ;
– елдің төлем балансы ;
– ұлттық табыс ;
– жағдаятты факторлар .
Инфляция екпіні және валюта бағамы. Басқа шарттар тең жағдайында
инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды
эсер етеді.Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта
бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керіснше үлттық валюта
бағамының жоғарлауына экеліп соқтырады.
Пайыздық қойылымның өзгеруі жэне валюта бағамы. Пайыздык қойылымның
өзгеруі валюта бағамына екі түрлі эсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды
өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сүранымнын азаюына экеледі. Себебі
кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады.Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер
өз өнімінің өзіндік қүнын көбейтеді жэне ол өз кезегінде ел ішіндегі
тауарлар бағасының өсуіне экеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға
деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.
Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі
пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын үстауь^өте
табысты болады. Екі түрлі пайызды үтыс тігулердің өзгертуі валюталык
бағытқа әсер етеді.
Сондықтан пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей жэне
кері пропорционлды эсер етеді. Елдің төлем балансы жэне валюта бағамы.
Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей эсер етеді. Оң немесе активті
төлем баланс үлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі
шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс
немесе пассивті төлем баланс керісінше үлттық валюта бағамының төмендеуін
туындатады.Төлем балансының валюта бағамына эсерінің көлемі елдің
экономикасының ашықтылығының дэрежесімен анықталады. Неғұрлым ЖҰӨ-де
экспорт үлесі жоғары (неғүрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғүрлым
төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.
Ұлттық табыс жэне валюта бағамы. ¥лттық табыс өзі-өзінен өзгеретін
тэуелсіз құрылым емес. Алайда үлттық табыстың өзгеруіне эсер ететін
факторлар, сонымен қатар валюта бағамына да эсер етеді. Демек тауарлар
үсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады, ал ішкі сүранымның өсуі
валюта бағамын төмендетеді. Үзақ мерзімді кезеңде үлттық табыс неғүрлым
жоғарғы болса, соғүрлым елдің валютасының құны жоғарғы болады. Қысқа
мерзімде бүл үрдіс кері жүреді.
Жағдаятты факторлар және валюта бағамы. Жағдаятты факторлар қысқа
мерзім уақыт кезеңінде үлттық валюта бағамынын көлемін едәуір өзгерте
алады. Демек экономиканың дамуының перспективасы қатынасындағы күтулер,
бюджеттік жэне ішкі саудалық дефициттердің өзгеруі валюта бағамына тікелей
әсер етеді.

Валюта бағамын реттеу құралдары

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі
эдіс бар :
– валютаның еркін айналымдағы бағамы ;
– тағайындалатын валюта бағамы.
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам үсыныс пен сүраныстың
эсерінен қалыптасады.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді.
Олар :
– түтынушы талғамының өзгеруі. Басқа … жалғасы