Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақстан Республикасында жас нашақорларды азайту мақсаты

0

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………… 3

1. Жастар ортасындағы нашақорлық, мәні, түрлері…………………………………………………………………7

2. Жастар ортасындағы нашақорлану факторлары…………….9

3. Жастар нашақорлығын профилактикалауда отбасының, оқу орындарының рөлі……………………………………………………………………13

4. Қазақстан Республикасында жас нашақорларды азайту мақсатындағы шаралар………………………………………………………………17

Қорытынды……………………………………………….. ………. 20

Қосымша……………………………………………………………….23

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………27

1. Жастар ортасындағы нашақорлық, мәні, түрлері

Нашақорлық – жастар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың ең қауіпті нысандарының бірі. Ғылыми деректердің қорытындысына қарағанда, адамдардың жұмыс қабілеті 110-120 жасқа дейін сақталып, жасы орта есеппен 140-160- қа жетуі керек екен. Өмірде аз да болса 110, 120, 140, 170 одан да көп жасап отырған адамдар бар екені барлығымызға да мәлім. Олай болса, адам баласының ұзақ өмір сүре алатынына бұл жағдайдың өзі де дәлел болады.
1795 жылы Токио қаласына, бірінші министірдің шақыруы бойынша Жапонияда ең ұзақ жасаған шаруа Мампэ келеді. Оның жасы 194- те екен, ал әйелі 173- те, баласы 153-те, немересі 105- те болған.
Англияда Фома Карне 207 жасқа келіп, он екі ағылшын королін көрген.
Әзірбайжанда өмір сүрген 168 жастағы Шерәлі баба Муслимов туралы газет журналдардың беттерінде жарияланғандағы мәлім.
Сондай-ақ, әлемге әйгілі ақын Жамбыл атамыз 100жыл өмір сүрген.
Жоғарыда айтқанымыздай, адам баласы ұзақ жасай алатынын дәлелдеп отырған болсақ, не себептен олар табиғи биологиялық 150 жасына жете алмайды ? Бұған көп жағдайда өзіміз кінәліміз. Өйткені бұған тұрмыс,әлеуметтік жағдай, табиғат апаттары, эпидемиялық аурулардан басқа, дене және мінез-құлық тәрбиелерінің дұрыс қалыптаспауы, сондай-ақ зиянды әдеттерге бой ұруымыз себепші болады.
Дұрыс өсіп, дамып келе жатқан ағзаның негізгі қасиеттерінің бірі-сыртқы және ішкі ортаға бейімделіп отыруы болып есептеледі. Сыртқы және ішкі ортаға ағза өз мүшелерінің қызметін жетілдіру кезінде белгілі шартты рефлекстерді қалыптастырып, бейімделіп отырады. Ағза бір жағдайға бейімделген соң сол ортаны қажет етіп тұрады. Мысалы, үнемі бір жерден сусын ішіп тұратын болса, о жерге келгенде шөлдемесе де су ішкісі келеді. Осындай әдеттену темекі мен шарапқа, көкнәр мен апиынға да пайда болады.
Ауғанстанда және Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы т.б. облыстарда және Орта Азия республикаларында тұратын азаматтар көкнәр мен апиынды шаймен ішуді әдетке айналдырған, оларды негізінен еркектер мен әйелдер ішеді екен. Көкнәр мен апиынға үйренген адамдарды көкнәрші немесе киавандар деп атайды. Нағыз

киавандардың маскүнемнен ешқандай айырмашылығы жоқ. Егер ол адамдардың көкнәр не апиын бір күн болмай қалса, ауырады да оны іздеп тапқанша, жұмыс орнын, үй-жайын , бала-шағасын ұмытып кетеді. Көкнәр шынымен қыштағанда, ондай адамдар бір жұтым көкнәр үшін бар дүниесін беруге және адамдық қасиетін де сатып жіберуге әзір.
Көкнәр (мак) қызғалдақтарға ұқсап өсетін, гүлдейтін және түйнектердің өсімдік. Бұл өсімдіктің үлкен түйнегі жұмыртқаның көлеміндей болады. Осы түйнектен көк кезінде жұқа пышақ арқылы тіліп, сүт түсті шырынын шығарады. Шырындары кепкен кезде, қоңыр тартып қалады. Бұны апиын дейді. Ал көкнәрдің түйнегі піскен уақытта оны үзіп, ішіндегі дәнін жарып алады. Қалған қабығының өзі де ащы болады. Көкнәршылар осы қабықты талқандап, майдалап, шүберек қалтаға салып, оны ыстық суға салып езеді. Одан шыққан қарақоңыр ерітіндіні ішеді. Бұл көкнәр ерітіндісі алкогольдің әсер етуіндей бірінші рет жүйке жүйеіне қатты әсер етеді. Оны ішкен адам еліріп, елітіп, есіріктеніп, ақырында ұйқыдан да айрылып қалады. Көкнәр ерітіндісінің әсері қаннан тазарғанша адам (24-48 сағатта) сыртқы дүниені онша сезбей, алданып, мең- зең болып жүреді.
Сонда көкнәрды аптасына 2-3 рет қабылдағанның өзінде де адам ағзасында оның уы сақталады. Бұл зиянды әдет келе-келе тұрақты ауруға айналады.
Героин – ақ түсті ұнтақ тәрізді химиялық зат.
1г героинді – 10-12 бөлшекке бөледі. Әрбір бөлекті, яғни чекті қағазға орап сатады. Көбіне «героин» сататын адамдар өздері оны қолданбайды. Себебі, өздері қолданса,былай айтқанда, тауары және ақшасы құриды.
Айта кететін бір жайт барлық наркотикалық заттар тек қана жасыл өсімдіктерден өндіріледі. Оларды көне заманнан бері қолдан өсіріліп келеді. Ал жабайы түрі де жеткілікті. Бір ғана Жамбыл облысының территориясында 500 мың гектар жерде конопля өседі.
Наркотикалық заттар үш жолмен пайдаланады.
1. Тарту;
2. ішу;
3. арнаулы инелер арқылы денеге инекция ретінде дарыту.
Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсер етеді. Мұндаймен шұғылданған адамдар ұзақ ғұмыр сүрмейді 25-

26 жасында өмірімен қоштаса береді. Ал бірінші және екінші тәсілмен айналысқан адамдарды емдеп жазуға болады. Ол үшін өте күшті ерік болуы тиіс.
Нашақорлардың өздерінің есірткі қолдануға деген қатынастары негізінде 5 түрлі нашақорлар анықталды:
1. « гедонис »-нашақор, ләззаттануды жақсы көруші. Ол үшін есірткі кайфка апаратын жол. Оның орналасқан жері- республиканың оңтүстігі ( Алматы, Тараз) . Оның жасы 16-18 жас ( 80,6%), негізінен еркек жынысты ( 66,7%). Оның ортасы – арнаулы және жоғарғы оқу орындарының оқушылары ( 33,3%) немесе заң бұзушы жастар (30,6%). Сұранған әрбір үшінші нашақор ( 29,5%) осы түрге сәйкес келеді;
2. экстраверт, шулы және көңілді сауықты жақсы көреді. Ол үшін есірткі-бос уақытты өткізудің атрибуты, көңілсіздіктен арылу, өзін ерікті сезінудің жолы. Мұндайлар көбі Қазақстанның мұнайының астанасы Атырауда орналасқан. Оның да жасы 16-18 жаста ( 71,4%) . Еркек жынысты (71,4 %) . Оның ортасы – арнаулы және жоғарғы оқу орындарының оқушылары ( 42 %) және мектеп оқушылары ( 28,6%). Нашақорлардың бұл түріне есірткі қолданатын 5,7% нашақор жатады;
3. жан дүниесі « мүгедек » адам, ол үшін есірткі тірек үшін керекті « сүйек», өмірлік қажеттілік: допинг алмаса ол « зомбиге» айналып кетеді. Оның жасы 16-18 жаста (100 %). Ол жігіт (50%) немесе қыз (50%). Мұндайлар көбі Орал қаласында орналасқан. Бұл тип зерттеушілер үшін жабық. Оны полициялық рейдтер немесе әлеуметтік сауалнамалардың көмектері де таба алмайды, бұл жасырын нашақорлық. Сұранған нашақорлардың бұл типі 1,6 %;
4. « адасқан», есірткі оны тұйыққа тіреді, одан шығатын жолды таба алмайды. Оған тек қалғаны есірткі татып көргеніне өкіну. Бұл жастар арасында ең көп тараған түрі. Оны барлық жерде кездестіруге болады, бірақ ең жиі кездесетін жер-Алматы қаласы. Ол 16-18 жаста ( 79,2%). Ол бозбала (75%), жастардың заң бұзушы типтік өкілі (33,3%), бірақ оны кез-келген әлеуметтік топтан табуға болады. Бұл сұранған әрбір 5-ші нашақор;
5. есірткелік суицидтің клиникалық жағдайы. Ол- аурудың, тәуелділіктің құрбаны және ол өзінің душарлығын түсінген. Ол 16-18 жаста ( 97,7%). Ол –

жігіт ( 66,7%). Оның мекен-жайы – барлық 8 қала, бірақ ең көп кездесетіні – астана қаласы.Бұл тип барлық әлеуметтік топтарда бар. Оның нашақорлар тобындағы басымдылығы — 98%.
2. Жастар ортасындағы нашақорлану факторлары

Нашақорлық – жастар ортасындағы девианттық мінез – құлықтың ең қауіпті нысандарының бірі.
Нашақорландыру – есірткілерді тарату процесі, жеке адамдарды, адамдар тобын психоактивті заттарды қолдануға тарту. Нашақорландыру салдары нашақорлыққа әкеліп соғады. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының анықтауынша – бұл организмге есіркіні, яғни өсімдік тектес немесе синтетикалық заттарды бірнеше рет енгізу арқылы ауық – ауық немесе созылмалы түрде уландыру жағдайы, ол организмнің қалыпты қызметін өзгертеді, ал көп қолданған жағдайда оны психикалық немесе физикалық тәуелділікке әкеп соғады. Есірткілікке тәуелділіктің белгілері:
• Ерік күшін жеңе алмай, әрі қарайғы қабылдау қажеттілігі (тәуелділіктің дағдыланудан айырмашылығы);
• Жақсы эмоцияларды есірткісіз бастан өткізудің мүмкін еместігі;
• Абстиненттік синдром («ломка»), яғни организмнің есірткі физиологиялық тәуелділігі (барлық есірткі заттарына тән емес);
Шынайы өмірде нашақорландыру мен нашақорлық бір – бірімен
өзара байланысты және жинақтала келіп жеке адамға және бүтіндей қоғамға үлкен зиян келтіреді.
Нашақорландыру-есірткілерді тарату процесі, жеке адамдарды, адамдар тобын психоактивті (есіркілік, таксикоманиялық) заттарды қолдануға тарату. Нашақорландырудың әлеуметтік салдары өте ауыр.
Есірткіге әуестіктің себебіне әр алуан жағдайларға: тұрмыстың жоқтығы; осы жағдайларды өзін көрсете алмау (жұмыстағы, оқудағы, шығармашылық немесе жеке өмірдегі келеңсіздіктер); жастарға бос уақытты өткізуде ең қажетті мүмкіндіктерді беретін әлеуметтік – мәдени салалардағы кемшіліктер; әлеуметтік әділетсіздіктер; адамдардан көңіл қалуға байланысты өмірге қанағаттанбау жатады.
Жастарды нашақорландырудың өзіне тән ерекшелігіне нашақорлардың тобын, бірлестігін қалыптастыру болып табылады. Олардың пайда болуы есірткілерді табу және қолданудың ерекше жағдайларына байланысты. Есірткілерді табу қиындығы мен оған төлейтін қаржыны табу қиындығына ұшыраған нашақор өзін алғаш бұған еліктіргендердің қасында жүруге және оған өз қоршағандарын да тәуелдеуге мәжбүр болады. Қазақстанда жүргізген зерттеулер нәтижесінде белгілі болғандай «Сені кім алғаш рет есірткі қабылдауды ұсынды, кімнен ең бірінші порцияны алдыңыз?» деген сұраққа сұранған нашақорлардың 53% өз достарын, жолдастарын, жақындары мен таныстарын көрсеткен, 26% -өзінің сыныптастарын және курстастарын көрсеткен, 11% ғана кездейсоқ адамдарды көрсеткен; сұранған нашақорлардың 57% оны жолдастарының. Таныстарының үйлерінде қабылдағанды жөн көреді екен.
Есірткі заттарды қолданатын жасөспірімдер мен жастар біраз уақыттан кейін белгілі-бір әлеуметтік топтарға айналады да, криминалдық мінез-

құлықты ортаны толтырады. Олар есірткіні сақтау және өткізу, оларды дайындауға байланысты қылмыстарға қатысушылар болды.
Өскелең ұрпақты нашақорландыру процесі қоғам мен мемлекет тарапынан, соның ішінде әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік педагогтардың адекватты жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Нашақорлыққа қарсы шараларды келесідей бөлуге болады:
1. Алдын –алу, ескерту;
2. Емдік – реабилитациялық;
3. Ұйымдастырушылық – басқарушылық;
4. Заңды.
Нашақорлықтың алдын – алу бүгіндері тереңінен бойлап кеткен
бірқатар теріс ұғымдармен кездесіп отыр.
Олардың біріншісі: егер баланы есірткінің зияны туралы қатты қорқытып тастаса, ол оны пайдалануға батылы бармайды. Мұндай қорқыту тиімсіздеу, тіпті бос сөз. Өйткені балаларда әлі де болса болашақты болжау туралы қалыптаспаған, дені сау немесе аз ауырған балалар аурудың не екенін білмейді және одан қорықпайды. Ауру мен өлім туралы қорқытуға жасөспірімнің қорғаныш механизмі бар: «менімен бұл ешқашан болмайды», «бұл менімен бүгін, не ертең болайын деп жатқан жоқ, әрі қарай не болатынын көрерміз», «әдетте үлкендер өсіріп айтады» және т.б.
Екіншісі теріс ұғым: балармен және жасөспірімдермен жұмыс істегенде есірткі туралы үндемеген дұрыс, өйткені ол турал білу олардың тартып көруге, эксперимент жасауға деген қызығушылықтарын оятады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай үндемей қалу ешқашан да проблеманы шешпейді, ол тек жауапкершілікті баланың өзіне артады да, оңтайлы жағдай туғанда оған өз бетімен әрекет етуге бостандық береді.
Үшінші теріс ұғым есіркі жеңуге келмейтін, қатерлі күш, ол кез – келгенді тәуелдеп алады деген. Бұл пікір аурудан шығудың жолы жоқ, ешкім көмектесе алмайды деген душар болу сезімін бетіте түседі.
Нашақорлықтың алдын – алу және нашақорлықтан емдеу салаларындағы әлеуметтік педагог пен әлеуметтік педагогтың әрекеттері қатал заң шеңберінде жүзеге асуы тиіс.
Бұл саладағы Қазақстан Республикасының заңдылықтарына 1998 жылы шілдеде қабылданған «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымға түсуі мен шектен тыс қолданылуына қарсы шаралар туралы» Заңы мен басқа да нормативтік, құқықтық актілер, сондай – ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісім – шарттар жатады.
Ұйымдастыра отырып басқаруды қамтамасыз ету жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы әлеуметтік жұмыстың бағыты ретінде мыналар тұрады:
 Жастардың салауатты өмір салтының бағдарламаларын құру және енгізу, оның негізіне жастардың сеніміне ие болудың нашақорландырудың зияндығы туралы ақпараттар беру жатса, мақсатына жастар арасында әлеуметтік тиімді және жас адамның өзін-өзі көрсетте алу мүмкіндігін туғызатын өмір салтының стильдері мен модельдерін қалыптастыру болып табылады;
 Жастарды нашақорландыру проблемаларын зерттеуде және шешуде кешенді тәртіп аралық тәсілді жүзеге асыру. Жастарды нашақорландырудың алдын алу мен оны жеңуге қатысы бар барлық: құқық қорғау, психологиялық, медициналық құрылымдарының күштерін біріктіру;
 Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықпен күресудің профилактикалық және реабилитациялық кезеңдерінде әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық құрылымдардың, жастарды әлеуметтік қолдау орталықтарының әлеуметтік педагогтары мен әлеуметтік қызметкерлерінің, психологтарының және т.б., мемлекет пен қоғам тарапынан жастарға арналған әлеуметтік-реабилитациялық мекемелер желісінің дамуына барлық жақтан көмек көрсетуінің артықшылығы мен рөлін мойындау;
 Есірткілерді жасөспірімдердің, жастардың қолдану проблемаларын жалпы мемлекеттік шаралары мен мемлекеттік жастар саясатының деңгейінде шешу: мемлекет тарапынан жастарды нашақорландыруды алдын-алу.
Есірткіге әуестенушілік себептерінің жастарға тәніне ВОЗ ( Әлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы) өзінің баяндамасында мыналарды көрсетеді:
1. есірткінің әсерін тексеруге деген қызығушылық;
2. белгілі бір топқа жататынын білдіретін белгі;
3. өзінің тәуелсіздігін, кейде қоршағандарға деген өшпенділігін білдіру;
4. жаңа, еліктендіретін, қауіп төндірумен қызықтыратын ләззат алуды сезіну;
5. ойлаудың анықтығын немесе «шығармашылық шарықтау»
6. түгелдей босаңсу сезіміне жету;
7. өзін толғандырып жүргендерден арылу.
Жастарға тән нашақорлық себептері барынша зерттелген. Батыстың дәрігерлері, психологтары мен социологтары оны екі топқа бөледі:
1. сана –сезімге жасалатын эксперимент, оның шегін кеңейтуге әрекет жасау;
2. өзінің ішкі проблемаларын шешуге әрекет жасау.
Бірінші себеп интелектуалды жастарға тән. Мұндай «эксперимент асаушылар» білімді адамдар, олар психоделикалық әдебиеттерді оқып зерттеген, психоделика туралы жаңалықтарды интернеттен тауып оқыған, олар тәуелділікке өту шегінен асып кетпеу үшін тиісті шаралар қолданады.
Бірақ бұл «қауісіздік техникасы » шартты ғана: сана-сезімге эксперимент жасай отырып жас «философтар» әлемдік дінде қабылданған рухани практикаларды да айырбастап алады. Ал бұл – ұшудың әртүрлі тәсілі сияқты: парапланды басқаруды ұзақ уақыт бойы үйрену немесе ұрланған парашютті пайдаланып шатырдан секіру ( оның ашылмауы да мүмкін).

Есірткіге елігудің екінші себебі одан да қауыпты. Жүйкесі тозған, өзіне сенімсіз жасөспірім немесе бозбала, «интеллектуалға » қарағанда, «косяк ұстайық» (анаша тарту) немесе «рахаттанайық » (тамырға есірткі салу) деген ұсыныстарды тез қабылдайды.
Әлеуметтік зерттеулер көрсетіп отырғандай, есірткі қабылдайтындарға тән ортақ белгілер болады екен, Олар :
1. өзін-өзі бақылаудың , өзіндік тәртіптіліктің нашар дамуы;
2. әр түрлі қолайсыз әсерлерге қарсы тұра алмаушылық;
3. қиындықтарды жеңе алмаушылық;
4. эмоционалды тұрақсыздық;
5. жағдайларға теріс баға беруге қабілеттілігі;
6. психиканы бұзатын жағдайлардан тиімді жол таба алмаушылық.
Нашақорлықтың таралуының факторларына талдау жасай отырып мыналарды еске сақтау керек:
• ондағы ешбір фактор шешуші, негізгі болмайды;
• факторлардың кейбір жиынтығы ештеңені де анықтамайды, өйткені бұл жағдайларды психотроптық заттардың қоданылуы да, қолданылмауы да мүмкін : күрделі өмірлік жағдайлар, отбасылық теріс тәрбие, қоршаған микросоциумның жалпы білім берудегі және мәдени деңгейінің төмен болуы сөз жоқ көп адамдарға әсер етеді, бірақ оның барлығы нашақор болмайды;
• қолайсыз психофизиологиялық алғы шарттар ( мінез- құлықтың басымдылығы, жеке бастың психоатологиялық дамуы, тұқым қуалаушылықтық салмақ салу ) негізі болып табылмайды және өзбеттерімен ( яғни, әлеуметтік факторларының үйлесімінсіз ) есірткіге тәуелділіктің негізгі детерминанты бола алмайды, өйткені фактілер көрсетіп отырғандай, көптеген жасөспірімдер, бозбалалар көрсетілген алғы шарттарға ие болғанымен кейіннен қалыпты түрде әлеуметтене алады екен
Бұл белгілер тек нашақорларға ғана емес, ол жалпы әлеуметтік бейімделе алмағандардың барлығына тән. Мұндай мінез-құлық көбіне жасөспірімдік шақта жиі кездеседі, әсірісе осы жас қиын, …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!