Реферат: Қазақ әдебиеті | Жарылғап батыр

0
161

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жарылғап батыр казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Жарылғап батыр на казахском языке

Жарылғап батыр (шамамен 1733 — өлген жылы белгісіз) — батыр, би, шешен. Бұқар жырау «Қарашорда Сәңкібай, Алтекеде — Жидебай, Тобықтыда — Қараменде, Кернейде — Жарылғап” деп, Жарылғап батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған батырлар қатарында мадақтайды. Жарылғап батырдың әкесі Түйте 18 ғ-дың басында ноғайлармен бірге Ресей отаршыларына қарсы күрескен. Жарылғап батыр 16 жасында Қаз дауысты Қазыбек биден бата алып, жорыққа аттанған. 1748 жылы Қалба — Шаған шайқасында Кебін қалмақты жеңіп, ерлігімен көзге түскен. Бөгембай батыр бірнеше шайқастарды басынан бірге кешірген үзеңгілес серігі Жарылғап батырдың баласына қызын ұзатып, құда болған. Жарылғап батыр ел билеген көсем, дауға түскен шешен ретінде де танылған. Абылай ханмен, Қаз дауысты Қазыбек бимен, Бөгембай батырмен сөз қағыстырып, артында тағылымды, шешендік сөздер қалдырған. Түркістанда жерленген. 1993 жылы қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданында Жарылғап батырға арнап ас беріліп, Ақшатау кентіндегі орталық алаңға батыр есімі берілді.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!