Курстық жұмыс: Педагогика | Дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу түрлерінің қалыптасуының психологиялық негіздерін анықтау

0

Мазмұны

Кіріспе
І. Дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері.
1.1 Дамуында ауытқуы бар балаларға жалпы сипаттама.
1.2. Балалардың дамуында пайда болатын ауытқулардың себептері.

ІІ Дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу түрлерінің қалыптасуының психологиялық негіздерін анықтау.
2.1. Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы мен түрлері.
2.2. Сөйлеу процесінің анатомия – физиологиялық механизмі.
2.3. Сөйлеу түрлерінің қалыптасу ерекшеліктері.

1.1 Дамуында ауытқуы бар балаларға жалпы сипаттама.
Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді.
Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе — бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді.
Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады.
Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар:
1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар);
2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін);
3. сөйлеу қабілеті бұзылған — логопаттар;
4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер);
5.психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.);
6.тірек-қимыл аппаратыныд қызметі бүзылған;
7. нсихопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-қүлығы бұзылған балалар жатады.
Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру — күрделі әлеуметтік және педагогикалық моселе болып отыр.
Кеміс балалар — күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толыгымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі.
Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануьша әсерін шгізеді. Кеміс балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім берүді тез менгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгерүі де оқушылардьщ арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуьша кері әсерін іигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулсрінің меңгеру қабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы үйымдастыруды талап етеді.
Медицииалық және психологиялық ғылымдардың дамуы кеміс балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге себебін тигізеді. Кемістіктерді және олардың себептерін жіктеуге әрекеттер жасалады.

1.2. Балалардың дамуында пайда болған ауытқулардың себептері.

Баланың дамуындағы негізгі заңдылықтарда биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерін дұрыс түсіну мәселесі жатыр. Биологияда ұзақ уақыт бойы механикалық қағида орын алған. Бұл қағида бойынша баланың дүниеге келгеннен кейінгі даму процессі тек мөлшерлік, немесе сандық өсуі мен дамуы деп саналатын.
Бүкіл организмнің қасиеттері, ерекшеліктері құрсақтың ішіндегі ұрықта қалыптасқан дейді. Бүл қағида сыртқы факторлардың, әлеуметтік ортаның әсерін мойындамай терістейді, педагогикалык септігін, мағынасын бағалап құндамайды. Алайда, генетикалық бағдарламасының қандайда ерекше, бірегей (уникалды) болғаныменде әлеуметтік факторлардың әсерін есте сақтамауға болмайды.
Әр бір адамдағы биологиялық ерекшеліктерін, жеке тұлғаның дамуын әлеуметтік факторлар анықтайды, қоғамдық орта оның ішінде балалық іс-әрекетті (ойын, оку, еңбек әрекеті) бала біртіндеп меңгереді, мысалы, қоршаған адамдардың тілін үйренеді, тәжірибесін игереді, үлкендердің мінез-құлылығына еліктейді. Зат пен тәжірибені келе-келе меңгеріп, бала өзінің ойлау процесін, есте сақтау қабілетін дамытады.
Сонымен, жеке тұлға ретінде даму процессі биологиялық әлеуметтік факторлар жүйесінің өзара әрекетімен сипатталады. Осы екі фактор — бір ғана мақсатқа бағыттайды, яғни жеке адам, тұлға болып дамып қалыптасуына әкеледі. Әрбір балада өзінің туа біткен нерв жүйесінің қасиеттері болады (күш, тепе-тендік, нервтік процестердің беріктігі мен қозғалғьшггығы, білімді тез меңгеру т.б.). Нерв жүйесінің осы жеке ерекшеліктеріне байланысты меңгеру кабілеті, танымдық қызметі, жалпы айтқанда биологиялық факторлар адамның психологиялық дамуына жол көрсетеді.
Соқырлық пен саныраулық — әлеуметтік емес биологиялық факторлар болып саналады, бірақ педагог биологиялық факторлармен емес, олардан туындаған әлеуметтік салдарымен жұмыс жасайды,- деп көрсеткен Л.С.Выготский.
Егер биологиялык ауытқулар неғұрлым ауыр, тереңірек болса, онда педагогикалық әсерлердің тиімділігі аз болады, үнемі қажетті түзету, тәрбиелеу және компесаторлық мүмкіншіліктерді қарастырып іздеп, қолдануды қажет етеді.
Анализатролардағы немесе интеллектілерді дефект әр түрлі ауытқуларға әкеледі.

ІІ Дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу түрлерінің қалыптасуының психологиялық негіздерін анықтау.

2.1. Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы мен түрлері.
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар түрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі тоика жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең кеп және кең тараған түрі) жоне жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудін өзі диалог және монолог69
Ауызша сөйлеу — сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне қүрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі оріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөйлеук Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
1) Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең
жайып жатуды тілейді;
2) Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді,
тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті
болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемді осындай нөмірлі автобусты күтіп түрған адамдар ғана түсіне алады.
3) Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дә-
лелділігі т. б.) кемдеу болады;
4) Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі
қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтын
қозғалысы т. б.) толықтырылады;
Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тон кейбір психологиялык ерекшеліктері төмендегідей:
1) Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес
қүрылады, бүл алдын ала даярлықты тілейді;
2) Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң
талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
3) Монолог сөз монерлі, адамға осер ететін моменттерді
(сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мүны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады.
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пасив сөздер тілімізде сирек пайдаланатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мүндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу өрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты, Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000—7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000—13000 сөзге жетіп отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000 дай болған.
Сейлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам
болмағандықтан, мүңда ешбір ым-ишара қолданылмайды.
2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса катаң талап қойылады. Мәселсн, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше, бүдан нәтиже шығару киын.
3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап
құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой
жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқанда-
рына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы
жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-қағаздық т. б. сөздер.
Сөйлеудің жеке бір түрі — ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жүмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай туып отыратындығы анықталған. Ішкі сөйлеу жөнінде И. М. Сеченов былай дейді: «Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады, мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бүлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлык жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын». Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сөйлеуге ұзак тұжырым жасап жатудың қажеті де болмайды.
Сөйлеу тілі құрамының негізгі беліктері дыбыстары, сөздіктер және грамматикалық қүрылысы болады. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогиялық және мотюлогияллық деген екі тұлғасы кіреді. Диалогиялық сейлеу тілі екі немесе бірнеше әңгімелесушілердін тікелей катысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден кұралатьш сөйлеу тілінің ең қарапайым түлғасы. Монологиялық сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйенің дәйектілігінпен бір кісінің байлағіыстыра баяндауы. Моногиялық сөйлеу тілінің ерекшелігі жүйелікпен ене дәлеледеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіре орналастыру болады. Кемістігі бар тілде диалогиялыққа қарағанда монологиялық сөйлеу тілі көбірек бұзылады.
Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың бейнелеуі негізінде графикалық безендірілуі. Толық дамымаған сөйлеу тілінде дағдыдағыдай әртүрлі мөлшерде жазудың бұзылуы кездеседі.
Сөйлеу тілінің ішкі тұлғалары — бұл үнсіз тіл, адам бір нәрсе туралы ойлап, оған жоспар қүрғанда пайда болады. Баланың ішкі сөйлеу тілі негізінде сыртқы және ішкі құрылыстарының негізігі бір бөлігінің ойлауынан қалыптасады.
Сыртқы сөйлеу тілінен ішкі сөйлеу тіліне көшуі баланың 3 жасқа дейінгі шамасында, өзінің істеген әрекеттерін естіртіп сөйлеп және оған жоспар жасай білетіндігінен байқалады. Ішкі сөйлеу тілінің жәрдемімен ойдың сөзге айналу барысы және сөз сөйлеуге дайындығы толық грамматикалық кұрылыстың монологиялық және фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.
Тілді біртіндеп меңгеруіне байланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы бірнеше жайды көрсетуі мүмкін.
Бірінші жай — фонсматикалық есіту қабілетінің дамуы және ана тілі фонемасын сойлеуде дағдылануы.
Екінші жай — сөздік қорын және синтаксистік дұрыстығын меңгеру. Үшінші жай — сөйлеу тілінің мағыналық жағын игеру.
Баланың барлық сөйлеу тілі дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: мектеп жасына дейінгінің алдындағы, мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы.
Мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезең шамамен 3 жасқа дейін созылады. Бүл кезеңде сөйлеу тілін меңгеруге есіту және сөйлеу аппараттарының қалыптасуы және дайындығы жүріп жатады, оңай сөздерді түсіне бастайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы сөйлеу ортасы маңызды роль атқарады. Баламен неғұрлым көбірек сойлессе, оның сөйлеу тілі соғұрлым тезірек және жақсырақ дамиды. Лисинаның, Акеаринаның зерттеулері бұл кезеңде айналасындағыларымен қатынасы болмаған баланың сөйлеу тілінің тоқырағаны байқалатындығын дәлелдейді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте-мөте қарқынды дамиды. Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматакалық қүрылымдағы сөйлемдерді меңгереді. Баланың белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Жасының екінші жыльшың соңында шамамен 300 сөзге дейік, 3 жасқа қараған шағында 1000 сөзді, 5-6 жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді.
Бала ең алдымен дұрыс айтуға оңай жеңіл дыбыстарды — дауысты және ерінді, ерінді — тіс аралық дауыссыз п,б,м,ф,в,т,б дыбыстарды меңгереді. Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып сстілетін дыбыстарды, сонымен бірге Р-Л дыбыстарын айту өте киынға түседі. Бала бұл дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Сондықтан ол оларды кейде нашар ажыратады. …..