Медициналық қызметтердің сапасын көтеру | Скачать Реферат

0


МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Денсаулық сақтаудағы бірыңғай ұлттық жүйесі- ҚР денсаулық сақтаудың даму стратегиясы.
Кафедра: Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау
Пән: Стоматологиядағы қоғамдық денсаулық сақтау
Мамандығы: Стоматология
Курс: 3
Тобы: 305

Орындаған: Сайлау Алма Нұрлыбайқызы
Тексерген: Турдалина Кунзира Букейхановна

Ақтөбе 2019жыл
Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
Денсаулық сақтауда әкімшілік реформа жүргізу
Медициналық қызметтердің сапасын көтеру
Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Қазақстан Республикасында Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДЖ) жасаудағы мақсат, ол емделушінің өз еркімен дәрігерді және медициналық мекемені таңдауы, бәсекелестік орта туғызуды және медициналық қызмет көрсетуді ашық жасау болып табылады.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін мына мәселелерді шешу қарастырылған:
– кепілді ақысыз медициналық көмек көлемін (КАМКК) төлейтін бірегей төлеушіні жасау;
– ақырғы қорытындыға бейімделген көлемі кепілденген тегін медициналық көмекті (КТМК) қаржыландырудың жаңа үлгісін кіргізуді;
– басқарудың бүгінгі тұжырымдамаларын, электронды ақпа-раттық жүйені және салалық статистиканы кіргізуді;
– аккредитациялауды жүргізуді, денсаулық сақтау субъекті-лерінде ішкі аудит жүйесін және медициналық қызметтің сапасын тәуелсіз сараптауды дамытуды;
– ақырғы қорытындыға бейімделген еңбек ақы төлеуді жетіл-діруді.
Қойылған мәселелерді шешу үшін Бірегей Ұлттық денсаулық сақтау Жүйесін (БҰДЖ) жүзеге асыру үшін заңнамалық және нормативтік базаны дайындау керек болады.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
БҰДЖ төңірегінде алғашқы нормативті-құқықтық акті болып, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылдың 24 қараша айында шыққан Медициналық, коммуналдық жене басқа шығындардың тарифін бекіту тіралы № 773 Бұйрығы болды. Бұл бұйрықта медицина-экономикалық тарифтері, медициналық ұйымдардың тізімі бойынша бір емделіп шыққан жағдайға төленетін базалық орташа еңбек ақы мөлшері, сондай-ақ коммуналдық және басқа шығындардың тарифі сияқты негізгі қаржылық өлшемдер бекітілген болатын.
2009 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі Заңнамасына сәйкес 2009 жылдың 7 желтоқсанында Үкіметтің денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жабатын тәртіпті реттейтін Бюджеттік қаржылар есебінен төленетін денсаулық сақтау ұйымдары шығынын өтеу Ережесін бекіту туралы № 2030 Қаулысы шықты.
Ережеде денсаулық сақтау ұйымдарының КАМКК жасауға кететін шығындарын өтеу принциптері реттеледі, Қазақстан Республикасының заңнамасы анықтаған КТМК жасауға кеткен шығындарды, күрделі шығындардан басқасын, келісім-шарт бойынша барлығы да өтеледі. БҰДЖ іске кіргізілген алғашқа жылдары денсаулық мекелерінің күрделі шығындары тиісті экономикалық сыныптау ерекшелігі бойынша Қазақстан Респуб-ликасы бюджетін шығысынан өтеледі.
БҰДЖ сыныптаған кезде оны үш негізгі бағытта жүргізу қажет:
– денсаулық сақтауда әкімшілік жүргізу;
– медициналық қызмет сапасын үздіксіз көтеріп отыру;
– денсаулық сақтауды қаржыландыру жолдарын жетілдіру;
Бұл бағыттың өзі екі кезеңде жүргізіледі:
1-ші кезең – – 2010 – – 2015 жылдар арасы – ауруларды стационарлы және стационар тектес көмек аясында, психатриялық, инфекциялық және туберкулездік аурулардан басқасын, кепілденген тегін медициналық көмек көлемін біріңғай төлеушілерді жасау.
2-ші кезең – – 2016 – – 2020 жылдар арасы – жекеше және қоғамдық денсаулыққа мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ынтымақты жауапкершіліктерінің балансты болуын құру.

Денсаулық сақтауда әкімшілік реформа жүргізу

Мемлекеттік басқаруды орталықтандырудан айыру кезінде атқарушылық және реттеушілік қызметтердің сәйкес келмеуін туғызды, ақыр соңында бұл мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын иемдену мен басқару қызметтерінің жергілікті деңгейде бірігіп, ал оның КАМКК сатып алуы кезінде осы саланың аясында бәсекелестіктің ығыстырып шығуына әкелді. Басқару қызметі орындарында дәрілік заттар мен медициналық жабдықтарды сатып алуды қажетсіз шоғырландыру, сондай-ақ кәсіби менеджерлердің болмауы және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мемлекеттік органдардан өте-мөте тәуелді болуы, осы салада жемқорлықтың және мемлекеттік саясаттың орындалуын тиімсіз болуына жағдай қалыптастырды.
Сөйтіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің әр қарай дамуы әкімшілік реформа жүргізуінсіз болмайтын болды. Осы тұрғыда, орталықты және жергілікті деңгейде мемлекеттік ұйымдарды басқару мен иелену жұмыстарын және КАМКК қызметтерін сатып алуын айыру керек болды, бұл үшін КАМКК Бірегей төлеушісін жасау керек еді. Мұндай төлеуші Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметіерін өтеуші комитеті (МҚӨК) болып шықты. Бюджеттік заңның мемлекеттік қызметтерді барынша оны алушыларға жақындату талабын ескере отырып және Министрлікте өз аймақтарының болмауын ескеріп, әрбір облыста КАМКК өтеуші өкілетілігі Медициналық қызметтерін өтеуші комитеттің аймақтық департаментіне (МҚӨК АД) берілді. Кезінде Комитет қайта құрылған Медициналық қызмет көрсетуді және фармацевтикалық тексеруді бақылау комитетінің негізінде құрылған болатын.
Бұндай жүйе жергілікті деңгейдің қызметінің 3% ғана орталық деңгейге береді. Бірақ азаматтардың денсаулығын сақтау қызметі жергілікті атқарушы билікте қалады. Жалпы денеге қатысты ауруға байланысты аймақтық емдеу-профилактикалық ұйымдар желісі жергілікті атқарушы биліктің коммуналды меншігінде сақталып қалады, ал ҚР Денсалық сақтау министрлігінің МҚӨК атынан мемлекет медициналық қызметті біріңғай алушы да өтеуші де болып қалады.
Мелекеттік мекемелерді – қазыналық кәсіпорынға, ал қазына-лық кәсіпорынды шаруашылық жүргізуге құқық беру арқылы денсаулық сақтау субъектілері басқарушылық шешімдерді қабылдауға дербестік алуына мүмкіншілік туады. Денсаулық сақтау субъек-тілерінің дербестігін көтеру, ұйымдар басшыларын бір мезгілде менеджмент мәселесі бойынша қайта оқыту жоспарланып отыр. Бұл мәселені шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау субъектілерін бірнеше кезеңдер арқылы қайта ұйымдастыру және басшыларды қайта оқыту арқылы көшу келісіліп отыр (менеджерлерді дайындау).
Сөйтіп, әкімшілік реформа жүргізу денсаулық сақтаудың басқару жүйесін тиімді де ашық жолға салуға, мемлекеттік нормативтер арқылы желіні қайта құрамдауға, кәсіби менеджмент институтын құруға және жемқорлықты төмендетуге тиіс.

Медициналық қызметтердің сапасын көтеру

Бұл үшін бақылау қызметінің әдістемесін қайта қарау көзделіп отыр, соның салдарынан бақылау-қадағалау шараларының екпіні азайып, екпінділік сапа индикаторлары мен медициналық көмек беруге қорытындыларына тұрақты мониторинг жүйесін жүргізуге көшеді. Бұл денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бақылаудың ашық болуын жақсартуға, оның ішінде ақпараттық жүйенің көпшілікке есеп беруді, жұртты сұрау арқылы байқауды және рейтинг жүйесі арқылы бағалауды іске кіргізу жатады. Сол үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармациялық қызметті бақылау комитеті, соған сәйкес аймақтық бөлімшелері құрылды.
Сапаны бақылау көрсетілетін медициналық қыметтердің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, нормативті құқық актілеріне қаншалықты сай екенін байқау үшін жүргізіледі және де ол медициналық қызет көрсетуде мемлекеттік бақылау аясында … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз