Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Ресей экономикалық қатынастары
Мазмұны
Кіріспе
1 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына экономикалық-географиялық сипаттама және халықаралық экономикалық қатынастар
1.1 Халықаралық қатынастардың жалпы түсінігі ……………………………….9
1.2 ҚР мен РФ арасындағы экономикалық қарым-қатынастың даму кезеңдері …….10-14
2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей экономикалық қатынастарының өзекті салалары мен бағыттары
2.1 Экономикалық интеграция шеңберіндегі Қазақстан – Ресей қатынастары …………….15-16
2.2 Отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық ……………………..16-18
2.3 Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қатынастары байланыстың басқа да салалары ………….18-26
Қорытынды ……………………………..………………………………………………27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………..………………….………………….28
Қосымша ……………………………………………………………………………………………29-36
Кіріспе
Қазіргі Қазақстан-Ресей қатынастары Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, ғасырлар бойы адамзат қызметінің барлық салаларында өзара байланысқан қазақ және орыс халықтарының қатынастарынан бастау алады. Екі елде ортақ тарих, жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан кең аумақ біріктіреді.
Екі елдің тығыз байланысының тұтас бір кезеңді қамтыған тарихы, бір мемелекет құрамындағы өзара байланысы жаңа егеменді мемлекеттер-Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең дәрежелі әріптестік пен достық қатынастарының қалыптасуына негіз болды.
Курстық жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екі жақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының мәліметтері, екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес қосты. Сонымен қатар, екі жақты қатынастардың қазіргі сипаты мен келшегі екі ел басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.
Негізгі әдебиеттер қатарында Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004 жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің құндылығы белгіленген уақыт аралығында екі жақты деңгейде қабылданған құжаттар мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған.
Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты алдындағы басымдылықтар, ондағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орны мен Ресей бағыты қарастырылған Қ.Тоқаевтың «Ресей мен Қазақстан» атты монографиялық еңбектері мен әр жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі бастамасымен жарық көрген мақалалар жинағын ерекше атап өткен жөн.
Тақырыпты зерттеу барысында негізге алынған әдебиет көзінің бірі Т.Мансұровтың «Өзгерістер кезеңіндегі Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001 жылдар» атты еңбегі. Жұмыста Қазақстан-Ресей қатынастары құжаттық-құқықтық негізде кезеңдестіріліп, әрбір кезеңге талдау жасалады. Екі жақты байланытың өзекті саласы ретінде Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығы жеке қарастырылған. Осы ынтымақтастықтың жай-күйі Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар және оның алғашқы қорытындыларымен қатар талданады. Экономикалық ынтымақтастықтың өзекті салалары ретінде отын-энергетика, қаржы-несие және банк салаларындағы алғашқы байланыстар аталып өтеді. Авторлар тобымен жазылған «Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық басымдылықтары» атты еңбек курстық жұмысын жазуға үлкен үлес қосты. Кітапта Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарының жекелеген салалары: сауда қатынастары, энергетика саласындағы ынтымақтастық, көлік-коммуникациялық байланыстар және ынтымақтастықтың өзге де салалары қарастырылады. Еңбектің құндылығы экономикалық байланыстарда екі ел арасында қол жеткізілген нәтижелермен қатар, кейбір кемшіліктер мен оларды шешу жолдары, өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту әдістері келтіріледі. Посткеңестік аумақтағы интеграциялық үрдістер Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Мәселен, Кеден одағы, ЕурАзЭҚ шеңберінде қабылданып жатқан құжаттар екі ел арасындағы кейбір экономикалық, кеден мәселелерін шешуге септігін тигізуде. Өз кезегінде, Қазақстан мен Ресей тарапынан көтерілген бастамалар интеграцияның тереңдеуіне үлес қосып келеді. Тіпті, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей интеграцияның қозғаушы күші ретінде танылады. Қазақстан-Ресей байланыстары қарастырылған ресейлік авторларының еңбектері қатарынан «Внешняя политика и безопасность современной России — 1991-2002 годы» атты төрт томдық хрестоматиясын атап өтуге болады. Кітаптың негізгі бөлімі Ресей Федерациясының халықаралық және аймақтық деңгейдегі саясаты, екінші кітапта ТМД елдерімен байланысы қарастырылады. Арнаулы бөлімде Қазақстанмен экономикалық байланысы талданады.
Ресей стратегиялық зерттеу институтының авторлары тобымен жазылған «Қазақстан: тәуелсіз дамудың бүгінгі жағдайы мен келешегі» атты кітабы тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық дамуын зерттеген алғашқы еңбегі болып табылады. Жұмыста нарықтық қатынастардың дамуы негізінде Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары да қарастырылады.
Кейбір мақалаларда Ресей мен Қазақстан арасындағы тең құқықты және өзара тиімді байланыстары жөнінде айтыла келіп, Орталық Азия аймағындағы көп жағдайда бір жақты пайда алып келетін Ресей мүдделері және оны жүзеге асыру жолдары ашық көрсетіледі.
Жалпы, Қазақстан-Ресей қатынастары тақырыбында жарық көрген әдебиеттердің көп болумен қатар, екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың жекелеген салалары жете қарастырылмағанын аңғаруға болады. Мәселен, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласы екі жақты байланыстың басты бағыты саналатын отын-энергетика кешенімен саластыра алғанда зерттелу деңгейі төмен. Осы орайда, екі ел саясатын ДСҰ кіру ниеті аясында қарастырсақ, дайын өнім түрлерін өндіру мақсатында екі елдің өндірістік потенциялын дамыту өзектілігі туындайды. Бұл жағдайда бастамалық роль сала мамандарына берілуі тиіс.
Жұмыстың әдістемелік негізін халықаралық қатынастарды сараптаудың дәстүрлі теориялары либерализм және саяси реализм бағыттары негізге алынды. Либералды идеалистік көзқараста тұжырымдалған мемлекетаралық қатынастардағы халықаралық құқық нормаларының жетекшілік ролі, яғни ондағы демократиялық, әділеттілік принциптері мен жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті, егемендікті құрметтеу және өзара тиімді ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей қатынастарының қазіргі сипаты болып табылады.
Ұлттық мүдде, күштер тепетеңдігі, басымдылық ұғымдарын негізге алған саяси реализм бағыты мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық байланыстарын зерттеуге үлкен үлес қосты. Бұнда ынтымақтастық мәселелері мемлекеттің ұлттық мүддесі шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттер арасындағы ынытамқтастық қолайлы халықаралық орта құру қажеттілігінен туып, өзге елдермен достық, татулық қатынастар орнатуды көздейді. Саяси реализмнің көрнекті қайраткерлерінің бірі А.Уолферстің белгілеуінше, мемлекетаралық ынтымақтастықтың ішкі және сыртқы қозғаушы күші болады. Бірімемлекеттің өз ішіндегі жағдайын жақсартуға деген ұмтылысы болса, екіншісісыртқы қауіпке бірлесе қарсылық көрсету. Жоғарыда аталып өткен екі стимул Қазақстан-Ресей қатынастарынан да байқалады.
Сондай-ақ, өзара байланыстылық теориясын ерекше атап өтуге болады. Бұл бағыт мемлекетаралық қатынастар кеңістігін ресми байланыстар, өзара әріптестік жиынтығымен қатар, бейресми қатынастар тұрғысынан да қарастырады. Бейресми қатынастарға сыртқы саяси элиталардың, үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдар арасындағы тығыз байланыстармен сипатталады.
Курстық жұмысымның мақсаты – стратегиялық әріптестік шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы және қазіргі жағдайына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарының құқықтық-келісімдік негізін қарастыру;
— интеграциялық бірлестіктер қызметінде Қазақстан мен Ресей орнын анықтау;
— екі жақты экономикалық байланыстарды жекелеген салалар мен бағыттарға бөліп қарастару;
— отын-энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар және оның қазіргі жағдайын сипаттау;
— сауда қатынастарының қазіргі жағдайын талдау;
— екі жақты экономикалық қатынастардың басқа да өзекті салалары мен бағыттарын қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспе, қорытынды бөлімдері мен екі тараудан, қосымшадан тұрады.
1 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына экономикалық-географиялық сипаттама және халықаралық экономикалық қатынастар
1.1 Халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы түсінігі
Қазіргі заманда халықаралық экономикалық қатынастар адам өмірінде ерекше зор рөл атқарады. Ешқандай тұйық құрылымдардың, аймақтық интеграциялық топтардың халықаралық, дүниежүзілік қатынастарды алмастыра алмайтынын тәжірибелер көрсетуде.
Батыстың экономикасы дамыған елдері мұны өзгелерден ерте түсінді. Олар халықаралық экономикалық байланыстарда жетекші орындарды ұстап отыр: мұндай байланыстардың барлық түрлерінің ⅔-сінен ¾-іне дейіні осылардың үлесіне тиеді. Тауарлар мен қызмет көрсетуді экспорттаудың арқасында олардың көпшілігі өз табыстарының айтарлықтай, кейде тіпті басым бөлігін қамтамасыз етеді. Нақ осындай елдерді экономикасы ашық елдер деп атауға болады.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді экономикалық қатынастардың жандануы бірқатар факторлармен шартталады. Біріншіден, екі ел экономикаларының құрылымдық ұқсастығы мен өзара тәуелділігі. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей иелігіндегі бай табиғи ресурстарының ұқсастығы. Үшіншіден, екі ел арасындағы сауда көлемінің үлкендігі. Сондай ақ, ерекше атап өтетіні, әлемдік экономикалық жүйеге ену шарттарының ұқсастығы. Осы бағыттағы Қазақстан мен Ресей алдындағы негізгі басымдылық әлемнің 150 елін біріктірген беделді Дүниежүзілік сауда Ұйымына мүше болу ниеті. Қазақстан ұйымға ену жөніндегі келіссөздерді 1996 жылы, ал Ресей 1993 жылдан жүргізіп келеді. Қазіргі таңда Қазақстан келіссөздерді аяқтауға таяп, ішкі заңнамалық негізді жетілдіруді жүзеге асырып келеді. Дегенімен, Қазақстан мен Ресей ұстанымы ұйымға бірлесе ену. Өйткені қазақстандық және ресейлік мамандардың белгілеуінше, Қазақстанның шет елдермен тауарайналым көрсеткішін алғанда, еліміздің басты сауда серіктері ДСҰ мүшелері емес, бұрынғы кеңес мемлекеттері. Ресей көрсеткішінде де Қазақстан Украина және Беларусь Республикасымен қатар алдыңғы орынға шығады. Яғни, Қазақстан мен Ресей екі елдің көлік-коммуникациялық мүмкіндіктерін және тығыз байланысқан жүйені дайын тауар өндіретін біртұтас өндіріс орны ретінде тиімді пайдалануы қажет.
Қазақстан мен Ресей байланыстарына талдау жасай отырып, посткеңестік аумақта интеграциялық үрдістерді дамытуға деген екі ел ұстанымының ортақ болуын ерекше атап өткен жөн. Жалпы, Еуразия кеңістігіндегі геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделер Қазақстан мен Ресейді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, территориялық тұтастық және егемендікті құрметтеу принциптері негізінде өздерінің айналасында тату көршілік аумағын құруға мүдделі мемлекеттер етінде ерекше ролін анықтап берді. Осы бағытта Қазақстан мен Ресей бірінің көтерген бастамасын екіншісі қолдап келеді[1].
1.2 ҚР мен РФ арасындағы экономикалық қарым-қатынастың даму кезеңдері
1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды. КСРО Одағы тарағаннан кейін Қазақстан мен Ресей саяси-экономикалық қатынастарды жаңғыртты.
1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды. 1992 жылы — Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасының Бас Консулдығы және Астрахань қаласы мен Омск қаласында Консулдықтары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Ресей Федерациясының Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды.
Әскери және әскери-техникалық сала бойынша ынтымақтастықтың негізі болып 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады.
Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресейде жеңілдік жағдайларында оқиды. Қазақстан тарапы өзіне тыңдаушылар мен курсанттарды қамтамасыздандыруды алады, ал Ресей тарапы олардың оқуына өз қаражаттары есебінен төлейді.
Қазақстан мен Ресей арасында 1999 жылдан бастап Үкіметаралық комиссия жұмыс жасайды, оның шеңберінде екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері шешіледі.
2006 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше жән Өкілетті Елшісі Михаил Николаевич Бочарников. Екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар болып табылады. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Екі жақты сауда айналымының үлесі Қазақстан Республикасының бүкіл сыртқы сауда көлемінің 18 пайыздан астамын құрайды.
2007 жылдың желтоқсанында Қазақстан, Ресей және Түрікменстан Үкіметтері арасында Каспий маңында газ желісін құру ынтымақтастығы туралы келісім жасалды. Ол бойынша тараптар, түркмен және қазақстан табиғи газын Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан аймақтарына тасымалдау үшін «Окарем-Бейнеу» және «Орталық Азия-Орталық» газ желісін қайта құруды есепке алып, «Белек» (Түркменістан) компрессорлық бекетінен бастап «Александров Гай» (Ресей) газ өлшейтін бекетке дейін Каспиймаңы газ желісі құрылысын жүзеге асыруды қаматамасыз етеді[2].
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласы бойынша ынтымақтастық қарқынды дамуда. МАГАТЭ-ның бақылауымен Ресей аумағында ядралық отын цикл қызметін көрсететін, соның ішінде уранды байыту, басқа елдер қатысуы үшін Халықаралық орталық құрылып ашылды.
Ғарыш саласы бойынша ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда. «Байқоңыр» кешенін бірігіп қолдану саласында Қазақстан мен Ресей маңызды жұмыстар атқарды.
Дәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыс мұнан әрі дамуда.
2007 жылы қазан айында білім, гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), туризм және спорт, денсаулық сақтау, жастар ұйымдарының қызметтері және тағы басқа салаларға арналған нақты шараларды жүзеге асыру жөнінде 2007-2010 жылдар аралығында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласы бойынша Мемлекетаралық бағдарламаға қол қойылды.
Екі мемлекет азаматтарының құқықтық теңдігін, халықтардың мәдениетін дамытуды, білім алу, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерді сақтау және дамыту, діни-рухани қажеттіліктері және ана тілінде оқытуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды.
2008 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналым 19,9млрд. АҚШ доллларын құрады, 2007 жылмен салыстырғанда
22 пайызға жоғарлаған.
2008 жылы Ресейдің құбыр желісі жүйесі арқылы жақын елдер мен алыс шетелге Қазақстан мұнайының 60 млн. тоннадан астамы тасымалданды.
Қазақстан мен Ресей екі жақты ауқымда Каспий теңізінің қайраңын бөлу туралы сұрақты шешті. Жер қойнауын қолдану мақсатында Каспий теңізінің түбінде біздің елдерді бөліп тұратын түрлендірілген орта сызық жүргізілгендігі, сонымен қатар «Құрманғазы», «Орталық» және «Хвалынское» кен орны құрылысын өңдеуде бірлескен іс-қимыл ұйымдары белгіленді.
Біздің елдер, сонымен қатар, Каспий құрбыр желісі консорциуімінің негізгі акционерлері болып табылады. Бүгінгі күнде Қазақстан ОПЕК мүшесіне жатпайтын елдер арасынан ЕО нарығындағы мұнай экспортерлері арасында үшінші орында (Ресей мен Норвегиядан кейін).
Қазақстан газын өндірудің өсуі және жүзеге асырылуына байланысты Ресейде газ өңдеуде әрекеттестік және оны экспортқа шығару үшін ресей көлік инфрақұрылымын пайдалану қарқынды арттырылды. Одан басқа, екі жақты қатынастардың маңызды құрайтынының бірі өзбек және түрікмен табиғи газын Ресейге кейін Украина мен Еуропаға тасымалдау болып табылады. (2008 жылдың қорытындысы бойынша газ тасымалының жалпы көлемі 97 млрд. кубметрді құрады.
Жаңа Қазіргі заманға лайық зымыран-ғарыштық кешен «Бәйтерек» жасауда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде[3].
2008 жылғы мамыр айында Спутниктік навигацияның Ғаламдық жүйесінің (ГЛОНАСС) жобасы бойынша өзара бірлескен жұмыс туралы, және де ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта зерттеу саласында үкіметаралық келісімдерге қол қойылған.
Бұл Қазақстанның жаңа ғылымды көп қажетсінетін өндірістің дамуында қуатты түрткі болатындығына және екі елге ғылыми-техникалық және интеллектуалдық күш-қуатын толық іске асыруға мүмкіндік береді.
Автожол және коммуникация жолдары құрылысы саласысында Қазақстан және Ресей арасындағы ынтымақтастық дамуда.
Қазақстан және Ресей аумағы арқылы Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен біріктіретін жоба бойынша сарапшылар белсенді жұмыс атқаруда. «Санк-Петербург – Мәскеу – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Хоргос – Ляньюньгань кемежайы» сапар желісі құрылуының маңыздылығы біздің елдерді әлемдік жүк тасымалдау жүйесіне біріктіруге және транзиттік операциялардан түсетін табысты өсіруге мүмкіндік береді.
Трансазиаттық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізді желі болып табылатын Еуроазиаялық транзиттік дәлізді дамытуда белсенді шаралар қабылдануда.
Су көлік саласы бойынша ынтымақтастықтың үлкен болашағы бар. Оның ішінде, Қазақстанның Каспий және Азов-Қара теңіз айлағын біріктіретін су көлік құрылысына қатысу мүмкіндігі қарастырылуда. Ақтау-Астрахань, Ақтау-Махачкала паромды желісі ашылды.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Қарулы күштері мүддесіне сай әскери-техникалық сала ынтымақтастығы бойынша біріккен жұмыстар бағдарламасын іске асыру туралы үкіметаралық келісім жобасына қол қою үшін, сонымен қатар 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қарулы күштері мүддесіне сай әскери міндет жүктелген өнім тапсырысы бойынша Үкіметаралық Бағдарламаны дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан-ресей қатынастарында шекара маңы ынтымақтастығы маңызды орын алады.
Әр жыл сайын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекет басшылары қатысуымен шекара маңы аймақтары жетекшілерінің Форумы өткізіледі. Онда екі жақты ынтымақтастықтың өзекті деген мәселелері, сондай-ақ табиғатты, өзендерді бірлес қолдану, су қоймаларын және басқа да табиғи ресурстарын пайдалануда бірдей стандарттарды қолдану туралы талқыланды.
2008 жылғы 22 қыркүйектегі өткен шекара маңы аймақтарының жетекшілерінің бесінші Форумы ерекше орын алады. Белгілі болғандай, оны мемлекет басшылары Өңіраралық ынтымақтастық Форумы етіп кейпін өзгерту туралы шешімді қабылдады, ол мәжіліс Орынбор қаласында 2009 жылғы 11 қыркүйегінде өтті. Кезекті 12-ші ҮАК отырысы 2008 жылдың 26 қарашасында Мәскеу қаласында өткен.( 13-ші отырысты Астана қаласында 2009 жылдың қазан айының бас кезеңінде өткізу жоспарлануда). Сонымен қатар, 2008 жылдың 19-21 желтоқсанда Бурабайда
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясы Президенті
Д.А. Медведевтің екі жақты кездесу барысында 2009 — 2010 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимылы туралы жоспар қабылданды. 2008 жылғы 4-5 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің Ресей Федерациясына ресми сапары болды. 2008 жылғы 22-23 мамырда Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің Қазақстан Республикасына мемлекетік сапары болды. 2008 жылғы 5-6 шілдеде Ресей Федерациясының Президенті Д. Медведев астананың мерейтойын тойлауға орай мемлекет Басшыларының бейресми басқосуына қатысты. 2008 жылғы 16-17 қазанда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі С.В. Лавровтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 29-30 қазанында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтың Ресейге жұмыс сапары болды. 2008 жылғы 19-21 желтоқсанда Бурабайда Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттері басшыларының бейресми басқосуы өтті[4].
2009 жылғы 4 ақпанда Мәскеуде ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік ұжымы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы мен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңес отырысы барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті Д.А. Медведевтің екі жақты кездесуі болды, сонымен қатар Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путинмен келісөздер өтті.
2009 жылғы 13-14 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі
М.М. Тәжиннің Ресей Федерациясына жұмыс сапары болды. 2009 жылғы 21 мамырда Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. 2009 жылдың 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің шақыруымен Орталық Мәскеу Ипподромының 175-жылдығын тойлауына орай Ресейге сапары болды. 2009 жылғы 11 қыркүйекте Орынбор қаласында Мемлекет Басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастықтың VI Форумы болды. 2009 жылғы 11 қыркүйегінде Ақтау қаласында Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түркменістан басшыларының бейресми басқосуы өтті. 2009 жылдың 14 тамызынан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше жән Өкілетті Елшісі Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков. 2009 — 2010 жылдарға арналған Қазақстан және Ресейдің Бірлескен іс-қимыл Жоспары ойдағыдай жүзеге асырылуда, оны өткен жылдың желтоқсан айында Бурабайда Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің бейресми кездесуі барысында екі мемлекеттің Басшылары арасында қабылдаған. Аталған Жоспар қысқа мерзімді перспективада екі жақты ынтымақтастықтың барлық саласындағы мәселелерді шешуді қарастырады.
Қазақстан және Ресейдің магистральді құбыр желісін қолдану арқылы қазақстандық көмірсутекті шикізатты әлемдік нарыққа тасымалдау мәселелерінде өзара ықпалдасуында, мұнай-газ өндіруші өндірісті бірлесіп жаңартуда…….