Оңғарбай Рза | өмірбаяны

0
161

Рза Оңғарбай Ахметұлы 09.09. 1949 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Таушық поселкесінде туған.

1966 жылы Таушықтағы Шахта орта мектебін, 1974 жылы Гурьев Мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1974- 2002 жылдар аралығында Гурьевте, Таушық ауылында, Ақтау қаласында әртүрлі басқармаларда, Кеңес және әкімшілік қызметтерінде болды. 2003 жылдан бері облыстық «Маңғыстау» газетінде қызмет етеді және жеке шығармашылығымен айналысады.

«Таушықтың сансыз таулары-ай», «Дәніспан», «Әзілдесейік әлеумет» атты кітаптары жарық көрді. Ол соңғы уақыттарда поэзия аудармасы, афоризм және әзіл әңгімелер жазумен айналысып жүр. Омар Һәйямның рубаяттарын аударып «Қандай нұрлы дидарың» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Сондай-ақ оның шығармалары бірнеше ұжымдық жинақтарға да енді.