Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

0

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………… 3
Ι КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1. Кәсіпорын-шаруашылық субъект ретінде ………………………………………… 6
1.2. ҚР ұдайы өндірістік құрылымдарда кәсіпкерліктің корпоративтік және ұсақ формаларын дамыту проблемалары ……………………………………………………….. 13
1.3. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері………………………………………………………………………………………… .38
1.4. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырылуы және оны дамыту жөнімдегі мемлекет саясаты …………………………………………………………41

ΙΙ «ТУРАН ӘЛЕМ БАНК» ААҚ
2.1.»Туран Алем банк» ААҚ жалпы сипаттама………………..……………….48
2.2.»Туран Алем банктің» әлемдік қаржы нарығындағы орны..………………53

ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі…..

Ι КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1.Кәсіпорын — шаруашылық субъект ретінде.
Фирма — кез-келген шаруашылық кәсіпорынға қатынасы бар ортақ атау. Бұл ұғым тек кәсіпорындарда заңды тұлға құқығы бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, фирма- бұл өнеркәсіптік, инновациялық, сервистік, саудалық кәсіпорын немесе заңды тұлға құқығынан қолданатын бизнесмен. Фирманың өзінің фирмалық белгісі мен атауы болады. Олар жалғыз ( «Мариар» маркетингтік фирмасы) .аралас (» Стерлинев және КО » фирмасы )1
Фирманың атауы «Фирма» ұғымы тәрізді кәсіпорынның ұйымдық-құқығының мәртебесін бейнелейді, керісінше бұл мәртебе сізді өзіндік кәсіпорынды ұйымдастыруда әріптеспен сөйлесу кезінде қызықтыруы мүмкін.
Тура осы сипаттама әріптеске де қатысты. Компания мұнда кез келген сауда, өндіріс, транспорттық т.б. іскер адамдардың жиналған тобына беретін кез келген кәсіпорын. Олардың ерекшелігі біріккен іс әрекет атқаруы. Бұл екі ұғымның арасындағы ерекшелік жеке дара меншік өзінің кәсіпорнының фирмасы деп атауға болады. Ал кәсіпорында бірнеше иегерлер «КО» атауы кәсіпорынға заңды тұлға деген мәртебе бере алмайды. «Кәсіпорын» терминінің бірнеше түсініктері кездеседі. Ресейлік құқық бойынша кәсіпкерлік -жеке шаруашыпық субъект. Басқа жағдайларда кәсіпкерлік — дегеніміз белгілі бір элементтерден тұратын өндірістік шаруашьшық кешен ,Ең алдымен материалды және еңбек, Бұл «компания» термині -зауыт .фабрика сауда ұйымы. Тағы басқалардың орнына да қолданыла береді.
Кәсіпкерлік қызметі жеке кәсіпорын құру немесе серіктестік нысанын да құруға болады.
Жеке кәсіпорын — бұл бір ғана адамдардың меншігіндегі кәсіпорын. Ол адам сол бизнестің қызметіне, барыеына толығымен өзі жауап береді. Кәсіпкерліктің бұл нысаны заңды тұлға мәртебесі бар және заңды тұлға емес кәсіпорын негізінде де жүзеге аса береді.
Көптеген елдерде кәсіпорынды сауда реестріне көшіру үшін міндетті түрде заңның талаптарын сақтау қажет. Негізінде бұл кесіпорын көлемі мен оның қызметтерінің түріне де байланысты. Заңды тұлға ретінде өзіндік жеке жарғысы бар, банктік есебі және мемлекеттік сауда реестріне енген іскер кәсіпорындар ғана бола алады. Кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асуы үшін заңды тұлға мәртебесі жоқ кәсіпорын қандай да бір кез-келген қызметпен айналысуы керек.
Батыс елдерде кәсіпкерлік ұйымда кәсіптік құқық бар. Бұл құқық шаруашылық кәсіптік еріктілік принципіне негізделген. Яғни әр индивид үшін жеке шаруашылықтың қызметпен айналысу заңының болуы. Кәсіптік құқық бұл мерзімдер олардың эконикалық жүйесінің бөлінбейтін құрамын құрайды. Шаруашылық қызмет бойынша шектеулер кез-келген елде бар. Бір елде банкілік сфера қызметін жоспарлауда оған келісім алуы міндетті болуы керек, Ал басқаларда ешқандай да шектеу жоқ болады.
Ресейде кәсіпкерлік қызметің заңына сәйкес заңсыз шешім қабылдауға қатаң жаза қолданылады.Егер кәсіпкерлік қызмет ешқандай адамдарды жалдамаса, онда индивидуалды еңбек қызметі ретінде тіркеледі.Кэсіпкерлік егер адамдар жалдайтын болса ,онда кәсіпорын деп тіркеледі.
Ресейде кәсіпорын — дегеніміз бұл белгілі бір заң бойынша пайда болатын шаруашылық субьект және де олар қоғамның тұтынушылар мен пайда алу мақсатында өнім өндіруі қажет.Кәсіпорын өзінің қызметін еркін түрде жүзеге асырады, өзінің шығарған өнімінен түскен пайданы өзі қолданады. Бірақ міндетті түрде салық пен басқа да міндетті төлемдерді өз уақытында жүзеге асыруы қажет
Кәсіпорынды сипаттау кезінде оның келесі қасиеттөрін бөліп шығарады:
— белгілі бір негізділік: мүліктік немесе мүліктік емес.
— Заңды мәртебе, бұл кәсіпорынға белгілі бір құқық пен міндеттерді бекітеді.
— Кәсіпорынның атауы мен оның ұйымдық -құқықтық нысаны .Бұл арқылы кәсіпорынға жауапкершілік жүктеледі.
Кәсіпорын сонымен -өзіндік заңды тұлға және мүліктік құқығы бар еркін .шаруашылық субъект.
Кәсіпорын жөнінде қажеткер тутынушы оның атауына мән береді. Кәсіпорынның атауы- бұл кез-келген кәсіпкерлердің қандай да бір істі бастауына әсер етуші фактор. Атауды ұзақ уақытқа таңдайды. Атау фирманың болашағы және ол бойынша оның қызмет сферасын біле алады.
Пайданы жоғарылату (максималдау) мақсатында кәсіпкерлік сектор, капиталды бөлу жағымен қатар, оларды біріктіру жағына да бағыттауын күшейтеді. Капиталды қызмет етуші — өндірістік және ақшалық деп бөлу нәтижесінде акционерлік қоғамдар құрылып, кең өріс алды.
Акционерлік қоғам – бағалы қағаздар мен акцияларды сату жолымен құрылатын капиталды бірлестік. Алғашқы акционерлік қоғамдар Англияда (1600ж. ағылшын Ост Инд компаниясы) пайда болған. Акционерлік капитал капитализмнің экономикалық құрылымының маңызды құрамына айналып, капиталды жинақтау болып табылады. Олар өндірісті шоғырландыру және орталықтандыру процестерін жүргізудегі тұтынумен тікелей байланысты. Акционерлік кәсіпорындар пайда болуының материалды негізі – капиталды қоғамдастыру (ортақтастыру) процесі. Дамудың заңдылықты нәтижесі ретінде акционерлік капиталды анықтауда К.Маркс: “капиталдың өндірушілер меншігіне қайта айналатын, бірақ, енді бөлінген өндірушілердің жеке меншігіне емес, өндірушілердің ассоциацияланған меншігіне өтетін, яғни, тікелей қоғамдық меншікке өтетін өтпелі қажетті шарты” ретінде тұжырымдап өткен. Ал, қоғамдық кәсіпорындар сияқты, акционерлік қоғамдарда өндірушілер мен меншік иелерінің бірігуі болғандықтан, капитал жеке меншік капиталына қарама — қарсы “қоғамдық капитал” формасына ие болады (тікелей ассоциацияланатын тұлғалар капиталы). К.Маркс пайда болған (туындаған) меншіктің қоғамдық формасының жетілмегендігін айтып өткен. Сонымен қатар, капиталистік акционерлік қоғамдар мен кооперативті фабрикаларды капиталистік өндіріс тәсілінен ассоциацияланған өндіріс тәсіліне өту формасы ретінде қарастырған. Акционерлік меншіктің мұндай сипаты оны әрқалай түсіндіріліп – талдауға мүмкіндік береді, бірақ, бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, келесісі мәнді болып көрінеді.
Акционерлік меншік жоғары икемділікпен сипатталады. Экономикалық теория акционерлік қоғамдардың дамуы ағымындағы жағдайларға және қазіргі шаруашылық қызметінің болашағына оң әсер береді. Біріншіден, уақытша бос құралдарды шаруашылыққа кең қолдану және екіншіден, жұмысшының қоғамдық шеттетуін реттеу, ішкі өндірістік процестегі экономикалық қатынастарды үйлестіруге себеп. Акционерлік қоғамның спецификалық ерекшелігінің мәні – жұмысшылар арасында акцияларды тарату, компания ісіне жеке қатысуының деңгейі аз болғанына қарамастан, біріге иемденушілік сезімін тудыру.
Осындай жабық акционерлік қоғамдар сияқты, яғни, акцияға кәсіпорын жұмысшылары ие болатын жағдайдағы ұйымдық форманың артықшылықтарын талдай отырып, оларға өте мән бермеу керек. Кезінде А.Маршалл: “кәсіпорын жұмысшылары өздерінің жеке ұсталары мен менеджерлерінен жақсы ие бола алмайды” деген. Кәсіпорынды басқарудағы ең қиын жұмыс – бұл білінбейтін жұмыс, ал физикалық еңбекпен айналысатын қызметкерлер кәсіпорынды басқарудағы еңбектің жоғары формасымен айналысатындарға және осындай еңбекке төленетін жалақысына қызғана қарауына бейім болады”. Сонымен қатар, мұндай қоғамдар кәсіпорын ірі болғанда қатерлі болатын топтық эгоизмді туындатады. Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасы капитал ресурстарын жинақтауды жылдамдатады, приоритетті дамуын қажет ететін салаларды шоғырландыру мүмкіндігін ұлғайтады.
Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасының ары қарай дамуы, меншіктің жаңа үлесіне негізделетін: шектеулі жауапкершілікті қоғамдар, әр түрлі серіктестіктер, яғни компанияның жаңа ұйымдық — құқықтық формасының құрылуынан көрінеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – тек мүліктік емес, өз салымдары бойынша ғана жауапкершілігі болатын қоғам қатысушыларының капиталын біріктіру формасы. Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасындағы негізгі айырмашылықтар төмендегіше:
— біріншіден, акционерлік капиталдың жарғылық қоры тек құрылтайшылар құралдарының құрылтайшы компанияның (құрылтайшы инкорпорация) акцияларына айырбас есебінен ғана құрылмайды, ол сонымен қатар, жазылым инкорпорациясы процесінде барлық тілектестерге компания акцияларын еркін сату есебінен де құрыла алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық қоры, мүлікті түрде салынады, оның құрылтайшыларының пайлық салымдары есебінен де құрыла алады;
— екіншіден, акционерлік қоғамды құру үшін, жарғылық капиталдың ең аз мөлшері (минимумы) және бір акцияның ең аз мөлшері (минималды) анықталуы қажет. Жауапкершілігі шектеулі қоғам құру үшін жарғылық қор мөлшері аз болады;
— үшіншіден, акционерлік қоғамды құру үшін — қатысушылардың белгілі бір мөлшері (минимумы) қажет, әдетте, акционерлердің жоғарғы шегі орнатылмайды. Әдетте, жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы пайшылардың саны, компаниядағы акционерлер санына қарағанда, өте аз мөлшерлі болады, ал кейбір мемлекеттерде жауапкершілігі шектеулі қоғамды бір адам да (мысалы, Жапония мен Германия Федеративті Республикасы мемлекеттерінде) құра алады;
— төртіншіден, егер антимонополиялық заңдылықты бұзбаса, акцияның бір меншік иесінен екіншісіне өтуі шектелмейді. Акциялар қор биржаларында рыноктық бағамен еркін сатылып және сатып алынады. Жауапкершілігі шектеулі қоғамда пайды беру серіктестердің көбісінің немесе барлығының қолдауы арқылы жүргізіледі;
— бесіншіден, жауапкершілігі шектеулі қоғамды құру тәртібі акционерлік қоғамға қарағанда жеңіл, ал оған кеткен уақыт пен құралдардың шығынында төмен;
Қазіргі экономикадағы өте ірі фирмалар көп қаржыны және өндірістік ресурстарды, ұзақ мерзімді инвестицияларды, старттық капиталды талап ететін бизнес, тап осы екі құқықтық формада қызмет етеді. Сондықтан қазіргі кезеңгі корпорациялар осы құқықтық формаларда болады.
Өндіріс дамуының мақсаты – ресурстарды рационалды қолдану принципі. Фирманың өндірістік қызметі: максималды арнайылылық, монополизацияға әкелетін факторларды ескермеу, шығындарды минимизациялау (үнемдеу) сияқты элементтермен сипатталды. Болашақта мақсатты қойылымға ілесу фирмааралық өзара қатынастарды дамытып, онан әрі “бәсеке — монополия” байланыстарының қайшылығын күшейтеді. Осы қарама — қайшы бірлікті шешу әдістерінің бірі — корпоративті кәсіпкерлікті құру. Осындай жағдайларда дамитын орта — корпоративті бизнес секторы. “Жетілген бәсекемен” қатар, рынокқа жат монополизмнен кетуге ұмтылады. Осы корпоративті бизнестің мәні – рыноктық жүйеде олигополиялы ұйымына сәйкес. Ұдайы өндірістік аспектіде бұл порцесс келесідей: өндірістің вертикалды интеграциясы, өзін — өзі инвестициялау мүмкіндігі, фирманың өндірістік, инновациялық және технологиялық мүдделері нәтижелеріне ие болуы.
Постиндустриалдық қоғам теоретикалық көріністі институционалды идеологиясынан тапты. Институционалды концепцияның негізін қалаушы болып Т.Веблен саналады. Ол, институционализмнің технологиялық вариантын ашты. Т.Веблен ХХ ғасыр капитализмінің басты экономикалық институты деп ірі өнеркәсіптік корпорацияны санады. Оның ойынша, өткен ғасыр басындағы капитализмнің негізгі қарама — қайшылығы – бұл өндірісті өзінің қаржылық мүмкіндіктеріне бағындырған “индустрия” және “бизнес” арасындағы қайшылық. Т.Вебленнің көзқарасы бойынша қоғамның коллективті мүдделері еңбек өнімділігінің жоғарылауының кедергісіз болып және оның тиімділігін көрсетеді. Нәтижесінде қоғамдық мүдделерді тікелей қолдаушылар – өнеркәсіптегі инженерлер болып табылады. Соңғыларын ол, әлеуметтік түсінігі ысырапшылыққа шыдамсыз, техника мүмкіндіктерін шектеулі және кейіпсіз (кемтар) қолдануымен көрінетін біртекті класс деп санады.
Технологиялық детерменизм әдісіне сүйене отырып, келешекте, Дж.Гэлбрэйт өмір сүру қызметінің негіздері мен қазіргі технология арнайылығынан, ірі ұйымның осы технологиямен шығарған қажеттілігінен ірі фирмалардың сипатын ашып шығарады. Осылайша, постиндустриалды кезеңдегі фирманың негізгі түрі ретіндегі корпорацияның дамуы – алғашында институционализм шеңберінде оң бағамен бағаланды. Сонымен қатар, шоғырланған ірі кәсіпорын ретінде корпорация артықшылығы постиндустриализмнің жандануына алып келді. Экономикалық теорияның еркін бәсекелі механизм негізінде ресурстарды индустриалды өндіру–бөлу мәселелерінен алшақалуы, шаруашылық агент формаларының арасындағы өзара қарым-қатынастар тиімділігі мәселерінің мәніне ие болып отыр. Мысал ретінде, бірінші кезекте, өндіріс және трансакция саласын атап кетуге болады. Бұл қатынастар жүйесі жаңа институционализмнің талдау нысаны болды.
Институционализм теориясына негізгі еңбегі сіңген Р.Коуз, О.Уильямсон, К.Эрроу болып саналады.
Рынок сұраныс пен ұсынысты белгілі бір деңгейде теңестіруге көмектесетін қоғамдық қатынастар жүйесі ретінде анықтайды. Осы жағдайды негізге ала отырып, рыноктық шаруашылықтың механизмін жеткілікті деңгейде кестелі түрде (схемалы) көрсетуге болады: бәрі де екі шаруашылықты субъект арасындағы келісім–шартқа, яғни сатушы және сатып алушыға келіп тіреледі, олар сұраныс және ұсыныс ара қатынасымен анықталатын кейбір құндылық пропорцияларымен айырбасталынады. Бірақ, институционалды орта және нормалар, ережелер, формалар, құралдарсыз қарапайым келісім–шарт жасау мүмкін емес. Осы жерден, қазіргі рынок, шаруашылық формасы ретінде ұйымдастыру процесінде ғана емес, сонымен қатар, институттар құрылуы және дамуы ретінде ерекшеленеді. Шаруашылық институттардың кешендік және өзара байланыстылығы, олардың тұтастай алғандағы рыноктық және қоғамдық теңдей ерекше мәнге ие.
Осылайша, институционалды теорияны жақтаушылар рыноктық институционализация мәселелерін зерттеу жолымен неоклассикалық экономикалық талдау мүмкіндіктерін кеңейтуге тырысуда. Сонымен қатар, олардың ойынша, маңызды институттар – рыноктар, фирмалар, және ең маңыздысы, рыноктық қатынастар, қатысушылар арасындағы келісімдік байланыстар жүйесі болып табылады. Яғни, бір жағынан, рыноктық институттарға ұйымдық формалар жатқызылса, екінші жағынан келісім – шарттармен көрсетілген шаруашылық субъектілердің өзара қызметінің ережелері, нормалары мен әдіс – тәсілдері жатады.
Институттар экономикалық жүйенің барлығында да, шешім қабылдау процесінің алдын алады. Сондықтан, бірінші кезекте, қазіргі экономикада қандай институттар басты ролді атқаратынын, олар қалай пайда болғанын және өзгертілгенін, бір – бірімен өзара байланыстылығын анықтау қажет. Өтпелі экономика жағдайында –фирманың өзінің даму барысында құрылатын ішкі институттары мен рыноктық шаруашылығының негізгі алғышарттары ретіндегі сыртқы институттардың әр түрлілігі ең маңызды. Сыртқы институттар рыноктық шаруашылықты жүргізе алатын, негіздеуші ережелер мен нормалар жиынтығын құрайды. Бұл, меншік құқығын қорғайтын және соған кепілдік беретін, жауапкершілікті, еркіндік және келісім – шарттар орындалуына міндеттілік пен еркіндік беретін, рыноктық экономиканың негізін құраушы еркін және жалпы құқықтық –демократиялық мемлекеттік тәртіптің бастапқы элементтері қызметін атқаратын институттар.
Осы берілген шеңберде субъектілер арасында байланыстарды мүмкін ететін, белгісіздік және тәуекел деңгейін төмендететін сыртқы институттарға шаруашылықты бейім формасын көрсететін көптеген тікелей рыноктық (сыртқы) институттар пайда болады. Олардың құрылуы төменнен жоғарыға, ұзақ мерзім бойы, жарамдылық, тиімділік және шаруашылық субъектілердің мүдделеріне сай әр түрлі көптеген сынаулардан өтті. Ішкі институттардың қызмет етуі әрдайым екі жақты бақылау арқылы жүзеге асып отырды: мемлекет тарапынан – құқықтық, рынок тарапынан – экономикалық. Барлық көрсетілген институттар ортақ сипаттармен ерекшелінеді: олар еңбек бөлінісі, меншік жүйесі және келісімдік қатынастар принципі негізінде жүзеге асырылады.
Меншік құқығының дұрыс қалыптасуы шығындардың төмендетілуіне және ресурстарды рационалды қолдануға ықпал етеді. Осыған орай, экономикалық элементтердің өзара келісімдік формасы жеке шаруашылық субъектілері үшін ақпараттық белгісіздік мәселесін шешеді, экономикада тұтастай мән береді. Бірақ, келісімдік форманы жүргізу үшін арнаулы бір экономикалық институттар құру қажет. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық теорияның жаңа ағымдары шеңберінде берілген фирма сипаттары — жаңа институционализм және эволюциялық концепция. Сондай – ақ, фирманың нақты тұлғасы- корпорация.
Жаңа институционалды теорияда корпорацияны зерттеуді екі бағытпен қарастырады: трансакциондық шығындар теориясы шеңберінде және агенттік қатынастар тұрғысында. Негізгі өкілдері А.Алчиан және Г.Демсец болып табылатын агенттік қатынастар теориясында қандай болмасын биліктік құрылымдардың болуы жоққа шығарылады. Сондықтан олар корпорацияны да рынок бейнесі (болашақ үлгісі) ретінде қарастырады. Осы жағдайларда басқарушы және орындаушы қатынастары қандай болмасын тауарлы рынокта сатушы мен сатып алушы қатынастарына ұқсас болатын келісім – шартты көрсетеді. Корпорация биліктік тұрғыдан мәселелерді шешу құралы емес, керісінше, кәдімгі рыноктық келісім – шарттың өзара қатынасының құралы болып табылады. Берілген көзқарас ішкі фирмалық қатынастарға назар аударады және рыноктық шаруашылық қатысушыларының әлеуметтік нейтралдылық тенденцияларының жүргізушісі болады. Агенттік қатынастар теориясында фирманың негізгі талдау мәселесінде келісім – шарт бағасы туралы сұрақ туындайды .
Осы теорияға сәйкес фирма жекешеленген рынок ресурстары ретінде қарастырылады да,интерналды (ішкі) рыноктың сыртқы рыноктан негізгі айырмашылығын соңғыға экономикалық агенттердің “кіру еркіндігімен” түсіндіреді. Іс жүзіндегі тәжірибеде, корпорацияның қызмет етуі, берілген концепцияның ішкі корпоративті байланыстарына, соның ішінде, ішкі корпоративтік бәсеке және оның шекараларына, меншік иелері мен менджерлер арасындағы келісім – шарттық қатынастарға назарын аударады.
Трансакциондық шығындар теориясында О. Уильямсон жұмыстарына ерекше орын берілген Ол фирманың жаңа интегралды теориясын ұсынады. Бұл тұжырымдамада горизонталды рыноктық қатынастардан иерархиялық тізбектелген фирмаларды бөліп көрсететін, үкімет қатынастары мен беделділік (авторитет) ескеріледі. Бұл жағдайларда, фирма барынша оң қызмет (миссия) атқарады. Оның көрінісі:
— біріншіден, жеке пайдасын көздейтін субьектілердің іс-әрекеттері сенімді тәртіп орнату құралы ретінде;
— екіншіден, рынок агенттерінің іс-әрекетіндегі шектеулі тиімділік фирма ролінің тұрақтанып келе жатқандығын дәлелдейді. Ұйымдық құрылым ретінде, тек фирма ғана тиімді іс-әрекеттік ауытқушылық, кездейсоқтық жағдайларға төтеп беруге көмектеседі. Фирма, сондай-ақ, біріккен корпоративті кәсіпорын түрінде ұйымдасқан.
О. Уильямсон айтқандай, “бірігудің артықшылығы топтаспаған фирмалардың технологиялық экономия мүмкіндігінен айрылғандығында емес, оның мүдделерді ортақтастыратындығында және шешім қабылдаудың тиімді процесін пайдалануға мүмкіндік беретіндігінде”.
О. Уильямсон, бұл жағдайда, трансакциондық шығындарды топтастыру – ex ante мен ex post шығындарына, яғни келісім жасасуға дейінгі және кейінгі шығындармен байланыстырады. Мәміле жасасуға дейінгі шығындарға:
— ақпарат іздеу шығындары (әлеуетті (потенциалды) әріптес және рыноктағы жағдай туралы ақпарат іздеуге кететін шығындар, сондай-ақ алынған ақпараттың толық еместігіне немесе жетілдірілмегендігіне байланысты зияндар);
— келіссөздер жүргізу шығындары;
— анықтау шығындары (мәміле жасалатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын анықтауға кететін шығындар);
— келісім-шарт жасасу шығындары жатады.
Ex post шығындарына мыналар кіреді:
• мониторинг және оппортунизмнің алдын алу шығындары (мәміле шарттары мен оппортунизмнің алдын алу шарттарының сақталуын, яғни осы шарттардан ауытқушылықты бақылау шығындары);
• арнайылық және меншік құқығын қорғау шығындары (келісім-шарт барысында бұзылған меншік құқығын қалпына келтіруге қажетті соттарды, төрелік соттарды, ресурстарды ұстауға шығатын шығындар);
• үшінші тұлғалардан қорғану шығындары (келісім¬-шартқа қатыспағандар мәміленің нәтижесінде алынған пайданың бір бөлігіне үміттенуінен қорғануға шығатын шығындар).
Келісім- шарт жасасу кезеңдерінің негізінде трансакциондық шығындарды топтастыру, олардың сандық бағасын микро-, және макроэкономикалық деңгейде нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл процесс корпорацияның шаруашылық жағдайын неғұрлым жоғары дәрежеде рационализациялайды.
Эволюциялық теория аталған концепцияларға қарамастан, талдау бірлігі – трансакциондық шығындар мен фирма түсетін келісім-шарттық қатынастар емес, фирманың өзі болып табылатынын қарастырады. Осы теория тұрғысынан қарағанда, негізгі назар фирманың өз ресурстарын қайта ұйымдастыру жолымен ауыспалы жағдайларға бейімделуінің динамикалық процесіне……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com