Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық өсу жағдайы, үлгілері, көздері
Мазмұны
Кіріспе
I. Экономикалық өсу теориясы
I.1 Өлшем әдістері
I.2 Экономикалық өсудің қарқыны
II. Экономикалық өсудің факторлары
III.Экономикалық өсудің түрлері
III.1 Экстенсивті түрі
III.2 Интенсивті түрі
IV. Экономикалық өсуді мемлекет тарапынан реттеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық өсу өндірістің және экономикалық игіліктердің өсуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді.
Курстық жұмыста экономикалық өсу теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе өсуі үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы мен экономиканы тұрақтандыру саясаты статистикалық немесе қысқа мерзімді факторларға негізделген. Теорияға жүгінсек, толық жұмысбастылық пен ресурстың тұрақты көлемі бар кезде экономика өзін қажетті жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) қамтамасыз ете алады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық өсуне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді. Оның актуалдығы келесідей себептермен түсіндіріледі: Мемлекеттің экономикасының өсуіне талдау, болжау және жоспарлау жұмыстарын жасау арқылы оның себеп салдарын анықтауға болады. Экономика циклдық сипатта дамиды, яғни экономиканың құлдырауынан кейін әрқашанда өсу немесе өркендеу процесі орын алады. Сондықтан экономика үшін экономикалық өсудің мазмұны мен себептерін түсіну өте маңызды болып табылады.
Менің курс жұмысымның негізгі мақсаты экономикалық өсуді зерттеу және оның қарқындары мен факторларына талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында мен келесідей мәселелерді бөліп көрсеттім:
• Экономикалық өсу және оның даму қарқынын анықтау;
• Экономикалық өсудің факторларына сандық баға беру;
• Экономикалық өсудің түрлеріне сипаттама беру;
• Экономикалық өсуді ынталандыру үшін қолданылатын шараларға қысқаша шолу жасау;
Курстық жұмысты жазу барысында жоғарыда көрсетілген мәселелерге қоса экономикалық өсуді тежейтін факторлар, экономикалық өсудің фазаларына, экономикалық өсудің теориясына, экономикалық өсуді мемлекет тарапынан реттеу мәселелеріне де жалпы шолу жасап шықтым.
I.1 Өлшем әдістері
Экономикалық өсу қоғамдық өндіріс көлемінде өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің көлемімен анықталады. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде экономикалық өсудің негізгі көрсеткіші ретінде жалпы ұлттық өнімді жиі қарастырады. Оған қоса, бұл мақсатта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) динамикасы да қарастырылады. Жалпы ішкі өнімнің 2 түрі бар: нақты және номиналды. Нақты жалпы ішкі өнімді табу үшін номиналды жалпы ішкі өнімнен инфляция яғни бағаның өсуін өткен жылмен немесе базалық жылмен салыстыра отырып шегеріп тастаймыз. Экономикалық өсуді анықтау барысында тек нақты жалпы ішкі өнім көлемі ғана қарастырылады. Өйткені нақты жалпы ішкі өнім номиналдыға қарағанда бізді нақты ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мысалы, егер ағымдағы жыл ішінде өндіріс көлемі өзгермесе және өнім бағасы 4 есе қымбаттаса жалпы ішкі өнім көлемі де шамалап есе ұлғайяды, бірақ бұл экономикалық өсуге жатқызылмайды.
Халықаралық тәжірибеде экономикалық өсуді есептеуде көбінесе бір адам басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім көлемі есептеледі. Бұл көрсеткішті есептеу үшін белгілі бір мемлекеттегі бір жыл ішінде өндірілген жалпы ұлттық өнім көлемін сол мемлекеттегі адамның санына бөледі. Бұл көрсеткіш негізінен мемлекеттегі адамдардың өмір сүру жағдайын көрсетеді. Мысалы, Индияның жалпыұлттық өнімі Швейцариямен салыстырғанда шамалап 70 процентке көп, бірақ Индия азаматтарының өмір сүру жағдайы Швейцарияға қарағанда шамамен 60 есе төмен.
Көріп отырғанымыздай жалпы ұлттық өнім тек жалпы көрсеткіш ретінде қолданылыда. Эконгомикалық өсу туралы нақты ақпараттарды алу үшін халық санын да қарастыруымыз керек. Мысалы, бір жыл ішінде нақты жалпы ұлттық өнім 1,5 процентке ұлғайса, ал сол мемлекеттегі халық саны да 1,5 процентке ұлғайса бұл экономикалық өсу ретінде қарастырылмайды. Нақты экономикалық өсу болу үшін жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны халықтың өсу қарқынынан жоғары болу керек.
Экономикалық өсуді абсолютті және салыстырмаллы көрсеткіштермен сипаттауға болады. Абсолютті көрсеткіштерге нақты сандар жатқызылса, ал салыстырмалы көрсеткіке проценттік қатынастарды жатқызщуға болады. Мысалы, егер нақты жалпы ұлттық өнім өткен жылы 200 млрд. теңгеге тең болса, ал ағымдағы жылы 210 млрд. теңгеге тең болса, онда экономикалық өсудің абсолюттік көрсеткіші 10 млрд теңгеге тең (210 млрд – 200 млрд = 10 млрд) және салыстырмалы көрсеткіші 5 процентке тең ((210 — 200) / 200 = 0,05) болады.
I.2 Экономикалық өсудің қарқыны
Кейбір кездері экономисттердің экономикалық өсудің қарқындылығының елеулі өзгерістеріне көп көңіл аударуы әдеттен тыс болып көрінеді. Шын мәнінде экономикалық өсудегі төрт және үш процент арасындағы айырмашылық соншалықты маңызды ма? Ия, маңызды. Бүгінгі таңда Америка Құрама штаттарында нақты жалпы ұлттық өнімнің көлемі шамалап 3995 млрд. долларға тең және де олар үшін экономикалық өсудің қарқыны үш және төрт проценттің айырмасы 40 млрд. долларға тең болады. Экономикалық жағдайы өте нашар мемлекеттер үшін экономикалық өсудің қарқыны 0,5 процентке төмендесе ашаршылыққа және экономикалық құлдырауға да алып келуі мүмкін.
Бірнеше жылдар аралығындағы экономикалық өсудің кішкене өзгеруі үлкен мәндерге ие болуы мүмкін. Мысалы, А мемлекеті мен Б мемлекеттерінің жалпы ұлттық өнімдерінің көлемі бірдей, бірақ экономикалық өсу қарқындары әр түрлі деп алайық. А мемлекеті үшін бір жыл ішіндегі экономикалық өсу қарқыны – 4 процент, ал Б мемлекеті үшін бұл көрсеткіштің мәні небары 2 процентке тең. Осы екі мемлекеттердің жалпы ұлттық өнімдері екі есе көбейю үшін қанша жыл керек екенін есептеп шығару үшін біз «70 санының ережесін» қолданамыз (бұл әдіс негізінен бағаның екі есе өсуі үшін қажетті жылдардың санын анықтау үшін қолданылады; ол үшін 70 саны бір жылдағы инфляция қарқынына бөлінеді. Мен өз мысалымда бір жылдағы инфляция қарқынының орнына бір жылдағы экономикалық өсудің қарқынын, ал бағаның орнына жалпы ұлттық өнімнің көлемін аламын). Осы ережеге сәйкес А мемлекетінің жалпы ұлттық өнімінің көлемі 17,5 жылда (70/4), ал Б мемлекетінің жалпы ұлттық өнімінің көлемі 35 жылда (70/2) екі есе өседі.
Бір адамға шаққандағы нақты жалпы ұлттық өнімнің көлемінің өсу қарқыны экономикалық өсу қарқыны бірдей болған жағдайда да арасындағы айырма алшақтай береді. Мысалы, Г және Д мемлекеттеріндегі экономикалық өсу қарқыны бірдей деп алайық (жылына 5 процент); бірақ егер Г мемлекетіндегі бір адамға шаққандағы жалпы ұлттық өнімнің көлемі 10 мың теңгеге тең, ал Д мемлекетінде бұл көрсеткіш 500 теңгеге тең болса, онда 5 проценттік экономикалық өсу Г мемлекеті үшін 500 теңге өсім алып келеді, ал Д мемлекеті үшін мұндай өсім небары 25 теңгеге тең болады.
Сондай – ақ , экономикалық өсудің тұрақтылыққа қарағанда үлкен маңызы бар екені анық ақиқат. Мысалға , экономикалық құлдырауды тоқтата алсақ , онда ұлттық табысты да бір мезгілде үлкейтуіміз мүмкін , айталық 6 % — ке. Егер де экономикалық өсудің жылдық қарқындары 3 % — ті құраса , онда 2 жылдың ішінде-ақ ұлттық табыстың өсімі 6 % — ті құрайды; және де экономикалық өсудәің қарқындылығы алдағы уақытта ұлттық табыстың ұлғаюын екі жыл сайын 6 проценттік өсімді қамтамасыз етеді.
II Экономикалық өсудің факторлары
Кез келген мемлекеттің экономикалық өсімі негізгі алты фактормен анықталады, оның төртеуі экономикалық өсудің нақты мүмкіндігімен байланысты. Олар:
• мемлекеттегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы;
• мемлекеттегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы;
• негізгі капиталдың көлемі;
• технология.
Жоғарыда аталып өткен төрт факторды ұсыныс факторы деп топтауға болады. Осы факторлардың арқасында ғана өндірістің ұлғаюы нақты мүмкін болады. Нақты өндірілетін өнімнің көлемінің ұлғаюына сапасы жақсы ресурстар мен технологиялық потенциал қажет.
Дегенмен өсуге деген қабілеттілік пен нақты өсуді ажырата білу қажет. Бұған келесі екі пікірдің маңызы бар.
Біріншіден , экономикалық өсу сұраныс факторларына тікелей қатысты. Өсу барысындағы өндіріс процесін іске асыру үшін мемлекеттің экономикалық жағдайы ресурстардың көлемінің үнемі өсіп тұруын толық түрде қамтамасыз етуі керек. Ол үшін жиынтық шығындардың көлемін үлкейту қажет.
Екіншіден , экономикалық өсуге бөлу факторлары әсер етеді. Өндірістік потенциалды неғұрлым мақсатты қолданылу үшін тек қана ресурстарды түгелімен экономикалық айналымға бағыттау ғана емес , сонымен қатар оларды тиімдірек утилизациялау керек. Нақты өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайту үшін ресурстарды тиімді пайдалану қажет және көп өнім алатындай қайта бөлу керек.
Экономикалық өсімге әсерін тигізетін ұсыныс және сұраныс факторларының арасынды тығыз байланыс бар. Мысалы, жұмыссыздық капиталдың жинақталу дәрежесін төмендетеді және ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындардың көлемін азайтады. Және керісінше, жаңа технологияларды аз еңгізу және капиталды аз жұмсау өзкезегінде …..