Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталады

0

9 маусымда Қазақстанда өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуір Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18.00-де аяқталады. Бұл туралы 10 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткен жиында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Петровтың сөзінше, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлау барлық заңдарға сай жарияланған.

«Кандидаттардың сайлау жарнасы (2 млн 125 мың теңге) сайлауда жеңіске жеткен жағдайда және сайлаушылардың бес пайыз дауысын алған жағдайда қайтарылады» деді Петров.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін жариялады.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.​

Azattyq