Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция түсінігі түрлері мен туындау себептері
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..3
І. Инфляция — әлеуметтік – экономикалық құбылыс
1.1 Инфляция түсінігі және экономикалық мәні…………………………………………..5
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері……………………………………………………….6
1.3 Инфляция түрлері мен әсер ететін факторлары………………………………………8
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасының инфляциялық
жағдайын талдау
2.1 Қазақстандағы инфляцияның даму ерекшеліктері…………………………………13
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі
даму қарқыны……………………………………………………………………………………………14
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемалар………………………………..18
ІІІ бөлім. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар
3.1 Инфляцияның 2010 жылға дейінгі даму барысы…………………………………..22
3.2 Ұлттық Банктің мемлекеттік тұрақтандырудағы рөлі……………………………26
3.3 Инфляцияға қарсы шараларды жетілдіру жолдары……………………………….30
Қорытынды………………………………………………………………………………………………36
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….38
Қосымшалар
І. Инфляция — әлеуметтік – экономикалық құбылыс
1.1 Инфляция түсінігі және экономикалық мәні
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды. /2, 287б./
Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс – шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне мыналар жатады.
Мысалы, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі. /2, 288б./
Қорыта айтар болсақ, инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.
Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. /10,110б./
«Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселен мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.
Қорыта келе, инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға — еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.
1.3 Инфляция түрлері мен әсер ететін факторлары
Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20% — 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі. /3, 105б./
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.
Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, «Пигу әсері» экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді. /3, 106б./
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай — монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік — саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай — ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция — бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс — әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:
— белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
— мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді ( инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).
Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор — табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор — бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді. /4, 219б./
Сөйтіп, 1-суреттен көріп отырғанымыздай қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады. /5, 504б./ (Қосымша А)
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді үқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші — 16 пайдаланылады . Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің («нарық себеті») белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың баға-лары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі.
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе):
1990 — 1; 1992- 2,5; 1993- 30,6; 1994- 22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998- 1,07; 1999- 1,18; 2000- 1,13. /16, 500б./
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан басқа жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей әсіре инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992 -1995 жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:
бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
баяу — баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
өршімелі — баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
әсіреинфляция — баға жүздеген пайызға ескенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;
бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде — олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;
болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне қарай:
— күтілген, болжалды және күтілмеген;
— шығу немесе пайда болу орнына қарай:
— импортталынған жене экспортталынған;
— сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толық-тырады, бұл инфляциялык, шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өні…….