Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Жайсаным – әнім)

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Жайсаным – әнім) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Жайсаным – әнім) на казахском языке

Қасиеттім,
Жайсаным,
асқаралым,
кеудемдегі сылдырлап бастау ағын.
Кетсем шалғай жаныңнан жыр төгіліп,
көңілімде іңгәсі жас баланың.

Жайсаным – әнім жырлаған,
Жинадың талай сыр маған.
Жүрегім жалғыз сендік,
Жанымды жарқын күн нұрлаған.

Сауыр,
Сайхан,
Маңырақ бөктерлерін
саялаған көгілдір көктем керім.
Самғап ұшты ақындар, батырларың,
сәулесінен күнімнің көктеді елім.

Күмбірлетіп күй төктім жүрегімнен,
қуанышқа шаттанып күле білген.
Қастерлісің мекені бал күнімнің,
қадіріңді, Жайсаным, білемін мен.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...