Курстық жұмыс: Экономика | Дебиторлық кредиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

0

Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
• Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
• Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
• Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
• Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
• Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
• Басқадай дебиторлық борыштар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кірісті алынған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардаң мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кейбір жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісіт табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:
Дт: 6030 баға шегерімі – шоты
Кт: 1210 алынуға тиісті борыштар – шоты
Түріндегі бухгатлтерлік жазуы жэазылады.
Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Дт: 6020 Сатылған тауралардың қайтарылымы – шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар – шоты
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
Нөмірі 7 Журнал-ордер – 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;
Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;
Нөмірі 10 Журнал-ордер – 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв», 1620«Алдағы кезең шығындлары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;
Нөмірі 11 Журнал-ордер – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».
1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».
1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».
1280 «Басқадай дебиторлық борыштар».
1620 «Алдағы кезең шығындары».
1630 «Берілген аванстар».
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады.
1.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
1210 «Алынуға тиісті шоттар»
1210«Алынған вексельдер»
1210«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары»
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
«Алынуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжататары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда боатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар болатындығын бақылау шараларын жүргізілулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы, жеке және заңды тұлғалардың немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керкті ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды. (соның ішінде 80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Дт: 7010 Сатылған өнімдердің
өзіндік құны 300000 тг
Кт: 1320 Дайын өнімдер 300000 тг
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 420000 тг
Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 420000 тг
Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 80000 тг
Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы 80000 тг
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» 500000тг
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 500000 тг
Жоғарыда екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпоырндар мен ұйымдардың тарлары, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған құн салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар» шоты дебиттелініп,1320«Қосылған құн салығы»шоты кредиттелінеді.
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210 «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес 6210 «Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілер дебиттеліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, 6010, 6280 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде 1000 «Ақшалар» бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы» деп аталатын шот дебиттеліп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына 6030 «Сату шегерімі» немесе 6030 «Баға шегерімі» шоттардың тиістілері дебиттелініп, 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210«Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, 3130 «Қосылған құн салығы» шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталынады).
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағдарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатлыған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 Журнал-ордер қолданылады.
Тауралрды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітіген болып көрсетілуі мүмкін.
Тұрақты баға келісімшартта көрсетліп, тауарларды төлеу кезінде қадағалаанды және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында (ақшаның құнсыздануы), әсіресе келісімшартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланған жағдайда теғңге құнының (бағамның) өзгеруіне байланысты тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақьар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталық эквиваленті қайта санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әр түрлі банктердегі бағамдар әр түрлі болғандықтан, бағам тауардың жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір банктегі оның төлемі жүргізілген күніне таңдап алынуы мүмкін. Осындай кезде сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесе100% сомасының төлегендігі тиімді болады.
Тұрақсыз баға келісімшартқа отыру барысында тұрақты бағаны анықтау қиын болған жағдайда белгіленеді.
Мысалы: бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытта (кезде). Бұл жағдайда базистік (бастапқы) бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістері мен жағдайлары қарастырылады. Келісімшартта қосылған құн салығы көрсетілмейді, алайда шот-фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті. Келісімшарттың басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдай есептеудің түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды.
Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін весель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.
Вексель дегеніміз – ооынң иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялауқұралы болаотырып, вексель бағалы қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.
Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетліген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады. Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады:
ВЕКСЕЛЬ
100000 (жүз мың) теңге 25.03.2004 жыл
Төленуге тиісті сома мөлшері Вексельдің берілген уақыты
«ККК» фирмасы
Вексель бойынша ақша алушы ұйымның аты
13.12.2004 жыл
Төлену серзімі
«НҰР» акционерлік қоғамы
Вексель беруші ұйымның аты
Нұрхан_______________________________МО
Тиісті адамдардың қолдары және ұйымның мөр таңбасы

Егер вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында (ішінде) жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып весельбойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни весель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді. Әдетте вексельдер пайдалануы барысында бір немесе бірнеше міндетті орындайды. Бұндай міндеттерге мыналарды жатқызуға болады:
• Дебиторлық қарыздың өтелу серзімін белгіді бір уақытқа ұзарту;
• Шот-фактураға немесе басқа да құжаттарға қарағанда дебиторлық қарыздарды нақты дәлелдеу;
• Пайыз түрінде төлем алу үшін негіз;
• Айналымға жіберу мүмкіндігі.
Бухгалтерлік есепте весельдер сатлыған, вексельге айырбасталған тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақашалай баламасымен немесе барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құнымен есептелінеді. Жалпы сомасы дегенміз бұл пайыз есептелінетін сомасы болып табылады. Ал вексель бойынша алынған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы болып есептелінеді. Вексельдің атаулы құны вексельде көрсетліген пайыз сомаларын қоспағандағы вексель айналымы мерзімінң соңындағы төленуге тиісіт ақшалардың сомасы болып табылады. Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің сомасы, төленетін …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!